Эссе – пайымдау
1. Қорқыт ата рухани мұрасы – бүкіл түркі халқының VІІ- VІІІ ғасырдан кейінгі мәдениетіне негіз
болған іргетас. Есімі мен мұрасы он ғасырдан артық халық аузында жүрген Қорқыт ата кім?
Сауал: Өз аңыздарында түркі жұртының арманы мен мұратын бейнелейтін Қорқыт ата
кім?
2. «Оғыз қаған» жыры ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІV ғасырдың басында хатқа түскен. Оған дейін
Орта Азия мен Сыр бойында ауызша айтылып келген жыр-аңыз.
Сауал: Олай болса, «Оғыз қаған» жырының идеясы неде?
Оқушылар екі тақырыптың біреуін таңдап, сауал негізінде өз пайымын қағаз бетіне түсіруі керек
болды. Рамазанова Ақторғын мынандай идеяны анықтаған: «Оғыз қаған жырында да түркі тілдес
елдердің батырлар жырындағыдай батырлардың тумысынан ерекше келбетке, тылсым күшке ие бо-
лады деген идея бар. Жырды жазған адам қандай да бір ерекше күшке ие пенде дүниеге келсе, жер
бетіндегі адамдардың басына қиыншылық, қауіп түсетінін де жазып кеткен сияқты» [4]. Сейтмуханова
Айдана идеяны басқа тұрғыда көреді: «Оғыз қаған» жырының басты идеясы – бүкіл түркі жұртын
бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы бірге күресу» [4]. Таңдаған
тақырыптары бірдей болғанымен, әр оқушы өзіндік идея табады. Менің ойымша, мұғалімнің мақсаты
да әр оқушыны өзінің деңгейінде дамуға бағыттау.
Жазба жұмыстары жемісті болуы үшін сынып ішінде ауызша тапсырмалардың да мазмұнды
болғаны жөн. Ауызша тапсырмалар орындау барысында мақалдар, нақыл сөздер, өлең шумақтары,
прозалық шығармалардың үзінділерін пайдаланып сөйлеуге мүмкіндік туады. Бірін – бірі тыңдау
арқылы тартымды сөйлесем деген мақсат туындайды. Пайымдау эсселерін тексеру барысында
185
сөздердің қайталанып қолданылмауына, көп сөзділік емес, аз сөзге ауқымды мағына сыйғыза алу-
ына, сөйлемнің стильдік жағынан дұрыс құрылуына ерекше мән беремін және оқушыларға ашық
түрде талдап түсіндіремін. Эссенің өн бойына қан беретін бір сөз кездессе де, сол үшін оқушыларды
марапаттаудың да маңызы жоғары. Өйткені ондай марапат сөзін барлығы да естігісі келеді.
Марапаттау (комплимент айту) [5] – біздің мектептің қазақ тілі пәні мұғалімдерінің «Тәжірибедегі
зерттеуге» (Action Research) алған тақырыбымыз. Сабақта қолданылатын әдістердің жігі білінбей,
сапалы қолданылса, сабақ мазмұны, оқушылардың қызығушылығы артады. Пайымдау эсселері –
қағазға түскен көрікті ойлар мен пікірлер. Оны жазуға қызықтыра алсақ, ойлауға да үйретіп жүрміз
деуге болады.
Әдебиеттер тізімі
1. Мақал-мәтелдер жинағы.
2. Бөкей О. «Кербұғы», Алматы: Атамұра. 2003.
3. Әбдезұлы Қ., Рыскелдиева Г., Тұрсынғалиева С. Қазақ әдебиеті 8 сынып.
«Арман-ПВ». 2011.
4. Оқушылардың эссе жазу дәптерлері. Орал: ФМБ НЗМ, 2013.
5. Тамберг Ю. «Как научиться говорить комплименты».
БІЛІМ БЕРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ТАЛДАУ
ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кабденова А. К., Калимова А. Г.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалың
«БЭСТ» гимназиясы Петропавл қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада мұғалім мен оқушының өзіндік талдау қасиетін дамыту баяндалады. Өзіндік талдау жасай білу,
өзінің іс-әрекеті бойынша зерттеушілік ұстанымды ұстану болып табылады. Тақырыптың мазмұнын ашу
үшін мұғалім мен оқушының санасындағы рефлексияның психологиялық мазмұны, оның қызметі, орны мен рөлі
қарастырылады. Сондай-ақ оқушылардың рефлексия жасай білу қабілеттерін дамыту аясында тәжірибе бары-
сында әрекеттерін бағалау бойынша жасалған қорытындылар ұсынылады.
Аннотация
В статье рассматриваются пути развития рефлексивных умений в мыслительной деятельности учителя и
учащихся. Умение проводить рефлексию рассматривается с точки зрения способности занять исследовательскую
позицию по отношению к своей деятельности и к самому себе, как субъекту рефлексии. Для раскрытия содер-
жания темы рассматривается психологическое содержание рефлексии, ее механизм, роль и место в сознании и
деятельности учителя и учащихся. Наряду с этим предлагаются заключения по проблеме развития рефлексивных
способностей учащихся.
Аbstract
The ways of development of reflexive abilities in cogitative activity of the teacher and pupils are considered in article.
Ability to carry out a reflection is considered from the point of view of ability to take a research position in relation to the
activity and to itself as to the subject of a reflection. For the disclosure of the maintenance of a subject the psychological
maintenance of a reflection, its mechanism, a role and a place in consciousness and activity of the teacher and pupils are
considered. Along with it the conclusions on a problem of development of reflexive abilities of pupils are offered.
Білім әлеміндегі оңтайлы өзгерістер сапалы білімге жетелейді. Тек сол өзгерістерді қабылдап,
өмірге жаңаша қарауды әр педагог ұғынуы керек. Өйткені осы оңтайлы өзгерістер білім сапасының
артуына, оқушылар мен біздің жаңа сапаға шығуымызға септігін тигізеді. Осы орайда мұғалімнің
білім беру үрдісі барысында шығармашылық жағдайда жұмыс жасап, нәтижелерге жету үшін
педагогикалық әрекеттің мәніне терең үңіліп өзіндік ой жүгіртуі маңызды болып табылады.
Педагогтің өзіндік әрекеті жайында ойлануы педагогикалық әрекеттің әр кезеңінде жүзеге асыры-
лып отыруы тиіс. Бұл педагогтердің өз ісінің нәтижесін мақсатқа сай орындалуын талдай білуге, әр
186
істі саналылықпен шығармашылық тұрғыда жүйелі орындау іскерлігін шыңдары сөзсіз. Әрине, ол
үшін педагог өзіндік даму диагностикасын жүргізуі тиіс деп есептейміз. Осы бағытта белгілі ғалым
В. П. Беспалько өзіндік диагностика жасаудың үлгілерін ұсынады: өзіндік әрекеттердің қиындықтарын
анықтай білу; өз әрекетін қайта құрудың мүмкіндіктерін анықтай білу; өз еңбегінің тиімділігін, оның
нәтижелілігін анықтай алу; өз әрекетін болжай алу [1]. Егер педагог өз әрекетіне өзіндік талдау жасай
алса ол өзіндік дамуының көкжиегін бағдарлай және өз тәжірибесін жақсарта алады.
Тәжірибе көрсеткендей мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың деңгейлік курстары
өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өз әрекетіне талдау жасап, білім беру үрдісін жаңаша бағытта
жүзеге асыруға жетелейді. Білім беру барысында оқушылардың психологиялық жағдайына, сы-
нып ішінде оқушылардың өзара қарым-қатынасына, пәнге деген қызығушылықтарының артуына,
өзіндік әрекеттеріне баға бере алуына басты назар аудару қажет. Сондай-ақ пәнді игертуде сыни
ойлауға үйрету, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру маңызды болып табылады.
Сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойларын, пікірлерін және
өзіндік бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ой-
лауды үйретуге болады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап
етеді. Кішкентай бөбек те, сыни тұрғыдан ойлай алады. Ал, оқу барысында біз оқушылардың ойлау
қабілеттерін жетілдіре түсу керекпіз. Бұл мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда Бағдарламаның
теориялық негіздерін сәтті қолдануға болады деп ойлаймыз. Білім беру барысында қолданылып
жүрген топтық жұмыстар оқушылардың әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай отыра, когнитивті
қабілеттерін таныта отыра, ақпаратты игеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың жаңа тақырыпты
игеруде өзара танымдық қарым-қатынас оқушылардың ізденуін, мәселенің шешімін анықтауда
зеректікке, сыни ой жүгіртуге, өз әрекетіне талдау жасай білуге жетелейді. Осы орайда жеке тұлғаның
даму мәселесі бойынша теория тұжырымдаған Л. С. Выготский даму үрдісін адамның психикалық
функцияларының жетілуімен байланыстырады. Л. С. Выготский тұлғаның даму аймақтары жөнінде
теория жасады. Оның айтуынша: дамудың қол жеткен аймағы бұл – тұлғаның қолынан келетін
істері, дамудың жақын аймағы – тұлғаның басқа адамдардың көмегі арқасында атқарылатын
істері. Осы екі аймақ өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде жаңа бағыт ашылатындығын,
бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасауы, тұлғаның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін
болатындығына тоқталған [2].
Осы пікірді басшылыққа ала отырып, оқушының дамудың жақын аймағындағы әрекеттері
өзіндік сыни ойдың, шығармашылықтың негізіне жетелейді деп ойлаймыз. Сондай-ақ өзара тортық
жұмыстарды жүзеге асыруда топ мүшелерінің ауысып отыруларына, топ ережелерінің сақталуына,
топтық жұмыстарды сабақтың белгілі бір кезеңдеріне енгізе отырып, оқушыларды осы жұмыс түріне
тарту қажет деп есептейміз. Топтық жұмыстарды қалай бағалауға болады? Балалар әділ баға қоя
ала ма? деген сұрақтар туындап жатады. Құрылған критерийлер негізінде бағалау, топтардың өзара
бағалауы, өзіндік бағалауы оқушылардың пәнге деген жауапкершілігін арттырады.
Кембридждік оқыту бағдарламасында оқушылардың жеке ерекшеліктеріне назар аударуды
ұсынылады. Жалпы сыныпқа берілген тапсырманы әр оқушы түрлі деңгейде, түрлі уақыт аралығында
орындап шығады. Осы тұста балалардың ақпараттық игеру деңгейлері, ережелерді, тақырып мазмұнын
тәжірибеде қолдануларын қалай жақсартуға болады? Бұл тікелей мұғалімнің кәсіби біліктілік
дәрежесіне байланысты. Көп жағдайда, үлгерімі төмен оқушы тақырып төңірегінде сыни ойлай
алатын, өз шығармашылығын да байқатып жатады, алайда жазба жұмыстарынан төмен нәтижелер
көрсетеді. Осы курс бағдарламасынан кейін осы мәселелерге көп назар аударатын болдық. Неліктен?
Өйткені оқушының жас ерекшелігін, ойлау жылдамдығын, сыни ойларын тыңдай білулерін ескеру
қажеттігін екендігі баййқалды. Себебі, жаттанды білім нәтиже бермейді, мақсатқа қол жеткізбейді.
Бағдарламаның басым бөлігі түрлі тәсілдерді қарастыра отыра, негізінен сындарлы оқыту тео-
риясына басым назар бөлінген. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған
білімдері, жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достары-
нан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Сондықтан білім беру үрдісі барысында өзіміз үшін келесі жайларды ескеру қажет деп белгіледік:
оқушының идеясын, білім және біліктілігін дамытуға ықпал ету; әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасап,
кейбір болжамдар бойынша ойларын білдіре алуларына жағдай жасау; пікірлері мен көзқарастарын
нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістеуіне мүмкіндік беру; оқушылардың бастапқы білімдерін
жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау.
Оқушылардың мәселенің мәнін түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер «төмен дәрежелі» және
«жоғары дәрежелі» сұрақтар қолданады. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар
ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп,
бағалауға және талдауға тартылады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі,
сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады
және оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін жақсартып,
187
білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейте түседі. Тәжірибе барысында әрекеттерін бағалау бойын-
ша жасалған қорытындыларын талдай келе, танымдық жұмыстар білім алушыларды біріншіден,
теориялық білімді игеруге жетелесе, екіншіден, тәжірибе барысында біліктіліктерінің артаты-
нын, өзара ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға, еркін өзіндік пікір айтып, өз-өздерін бағалай
білуге, айналасындағыларға жағымды ахуал туғызуға, ізденушілік қабілеттері мен шығармашылық
әлеуеттерін дамытуға мүмкіндік беретіні жайында ой түйдік.
Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ:
барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады; барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді; жауапты
бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір-біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады; сабақ оқушы
үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады; ең бастысы олар бір-біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен
үйренеді және бірін-бірі үйретеді.
Мұғалім «дәстүрлі» түрде дайын білім беру стилін ұстанса, оқушының қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайды. Ол қажеттіліктер: білімді игерудегі қажеттілік, өз өмірінде тәжірибелік
тұрғыда қолдана алу біліктілігі, мәселелерді шешудегі тәжірибелік біліктілігі және өз іс-әрекетін
бағалай білу біліктілігі мен іскерлігі болып табылады. Жүргізілген жұмыстарды сараптай отыра
дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер қойылған мақсатқа жеткізері сөзсіз.
Өз әрекетіне талдау жасай алатын педагог оқушылардың бойында осы сапаны дамыта, дарыта
алады. Оқушыны рефлексия жасауға жетелеу мұғалім міндеттерінің бірі болуы керек. Осы орайда
психологиялық бағытқа мән беру керекпіз. Оқушыға өз ісіне талдау жасауды міндеттемей, жасаған
жұмысы жайлы айтқысы келеді, өз ойымен бөліскісі келетіндей еркіндік жағдайын жасау маңызды
болып табылады.
Оқушылар рефлексиясының екі аймағы: бірінші, пәндік білімдерге байланысты, екінші,
психологиялық, яғни өзіне және өзіндік әрекетке байланысты рефлексия.
А. В. Хуторской оқушының сабақтағы рефлексиясын ұйымдастыру әдістемесін ұсынады [3]. Ол
келесі кезеңдерден тұрады:
1. Пәндік әрекеттің тоқтауы. Бұл берілген пән бойынша әрекеттің аяқталуы немесе әзірше
тоқтатылуы. Оқушылардың зейіні алдағы жасалатын әрекетті талдауға бағытталады.
2. Орындалған әрекеттер тізбегін қалпына келтіру. Оқушыларға талдайтын әрекетті орындау
барысында ауызша немесе жазбаша түрде әрекетке сипаттама беру ұсынылады.
3. Құрылған әрекет тізбектерінің тиімділігін, өнімділігін, қойылған міндеттерге сәйкестігін білу.
Талдау материалын сараптау үшін өлшемдерді мұғалім ұсынады немесе білімдік мақсаттар
негізінде оқушылар өздері анықтайды.
4. Рефлексия нәтижесін анықтау. Рефлексия нәтижесі төмендегідей болуы мүмкін:
– идеялар, болжам жасау, пәндік әрекет мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
– әрекет барысында қолданылған әдістер мен тәсілдер;
– әрекеттің келешегі, оның сандық және сапалық жақтары
5. Келесі пәндік әрекет тәжірибесінде болжамдарды тексеру.
Оқушылардың рефлексия жасау қабілетін дамытуда ойлау тірегі үшін бағыт-бағдар беретін
сұрақтар тиімді болып табылады.
–Менің негізгі нәтижелерім қандай, мен нені түсіндім, неге үйрендім?
–Қай тапсырмалар аса қызықты және неге қызықты болды?
–Мен тапсырма мазмұнын қалайша түсіндім? Орындау барысында түйген ойым қандай? Мен
үшін қай әрекет маңызды болды?
–Қандай кедергілер кездесті, осы кедергілерді қалай жойдым? т. б.
Білім беру үрдісі барысында білім алушылардың өз әрекетіндегі басымдылықтарын айқындай
білу, өзіне қажетті сапаларды анықтай алу, өз алдына даму жоспарын құрып, болжай алуға қатысты
өзіндік рефлексиялық мәдениетті дамытудамыз десе де болады. Бұл негізінен кері байланыс арқылы
жүзеге асырылуда. Осының негізінде білім алушылар бірлесе жұмыс атқарудың мазмұнын түсініп, өз
әрекетін шығармашылықпен атқарудың тиімді жолдарын анықтайды. Кері байланыстың нәтижелі бо-
луы дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болып келеді. Кез келген әрекет барысында өзіндік талдау
орын алуы керек деп ойлаймыз. Ол әрекетінің жақсы шыққан сәттері, ол әрекеттердің болашақтағы
орны, осы нәтиженің әлі де болса өзгертетін тұстары бағытында байқалады. Осылайша атқарылған
жұмыстар барысында тиімді және тиімсіз болған істер жайында ой түйіп, жаңа идеялар ұсынылады.
Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі реттеп, достық
қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйде болары анық. Сыныпта орын алатын жақсы психологиялық
ахуал да сезіліп тұрады. Әр сабаққа тиянақты дайындық, шеберлік қажет болады. Тапсырмаларды
түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырудың өзіндік
бір маңызы бар деп ойлаймыз. Сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін тал-
дап, кері байланыс арқылы рефлексия жаздырып отыру да оң нәтижесін береді. Біз ең тиімді сабақ
ол – нәтижелі сабақ деп білеміз. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрінеді. Тәжірибе
188
барысында байқағанымыз әлі де оқушыларға өз ойларын еркін айту, өзіндік талдау жасай білу
ұстанымын жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылуы қажет. Әрине, бір сарынды оқуға бейімделген
баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту бастапқыда қиындау болады. Дегенмен
біздер, яғни, мұғалімдер қауымы барлық күш-жігерімізді жұмсау керек деп білеміз.
Әдебиеттер тізімі
1. Беспалько В. П.// Педагогика и прогрессивные технологии обучения.-М.: 1995.
2. Выготский Л. С. Психология. Апрель Пресс. М.:-2000.
3. Хуторской А. В. Эвристическое обучение: Теория, методология, практика.- М.:1998.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Қадірова К. Ә., Маханова Г. Ж.
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі
Қызылорда қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада қазіргі таңда білім беру саласының алдында тұрған ауқымды міндеттер көрсетілген. Оқыту
мен білім берудің басым бағыттары өз тәжірибелерімен жазылған. Ең бастысы өздері білім беретін Қазақ
гуманитарлық заң және техникалық колледжінің бүгіні мен болашағы қамтылған. Өзара тәжірибе алмасуға
қажетті материалдар бар.
Аннотация
В статье затронуты глобальные проблемы в сфере обучения на современном этапе. Раскрыты основные на-
правления обучения и воспитания на основе педагогического опыта и практики автора. В статье раскрыты основ-
ные методы по обучению и воспитанию учащихся Казахского гуманитарно юридического и технического колледжа.
Abstract
In this article it is shown the main problems in the education. The most importance is there the present and the future of
the humanitarian, law and technical college. There are necessary materials to change experience.
Қоғамның әрбір дәуірі экономикалық және материалдық игіліктерді дамыта отырып, мәдени-
рухани қазынаны қалыптастырады. Білім-шынайы байлық. Ұлттық білімнің дамуы капитал құрудың
маңызды құралы,ал білімді адамдар-мемлекеттік байлық жинақтап,топтастыруға қабілетінің
маңызды көрсеткіші. Оны тарих, саяси-әлеуметтік, экономикалық дамудың практикасы дәлелдеп
отыр. ХХ ғ.-дың 90-жылдарында білім беру процесі қайта құру сарынының кейбір ауытқымалы
құрылымдарына ұрынып, ғылыми-техникалық процестің даму заңдылықтарына сай келетін
мамандықтардан гөрі көбірек заң, экономика, тарих т. б. гуманитарлық мазмұнға ауып кеткенін
БАҚ-ның ресми хабарларынан жақсы білеміз.
ҚР Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты Жолдауында үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру
арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды
қамтамасыз етуді тапсырамын-деп атап корсетті. Кәсіби-техикалық және жоғары білім ең бірінші ке-
зекте ұлттық экономикалық мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге
бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді [2, 1-5-б].
Жаңа ғасыр басында халықтың әсіресе жастардың көбірек таңдаған мамандықтары-заңгерлік
және экономикалық сала мамандықтары болды. Бұл мамандықтарға қоғамда зәрулік қазіргі таңда
жоғары деңгейде емес. Ең бастысы, Қазақстан сияқты жас мемлекетке ұлттық экономиканы ілгері
бастыру жағдайында инженер-техник мамандарды даярлау қажеттігі өз-өзінен туындайды.
Осы жолдауда жеке бизнестің үкіметтік емес жеке қайырымдылық ұйымдарының жеке
адмдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек,ол үшін қажетті
шаралардың бірі жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік
әріптестігі желісін құру екендігі атап көрсетілген.
189
Тәуелсіздік алған уақыттан бері білім беру жүйесінде ҚР Конституциясының 30-бабының
2-тармағына сәйкес, ақылы білім беру қалыптасты. Алғашқы кезде білім берудің бұл жүйесі кейбір
аймақтарда бизнестің, қарапайым «нан табудың» бір жолы болғаны да жасырын емес. Тіпті кейбір
аудан орталықтарында университеттер, академиялар ашылған да уақыт болды. Ал қазір бәрі
мүлде басқаша. Нарықтық экономика жағдайында шынайы бәсекеге қабілетті өнімнің қалатыны
тәрізді, өзінің тұтынушысына, яки оқушыға терең білім мен іскерлік дағдыларды, икемділіктерді
қалыптастыра алатын оқу орындары ғана іріктеліп қалады.
Сондай заман талабына сай, оқушы мен оның ата-анасының сұранысын қанағатандыра алатын
аймақтағы ілгері оқу орындарының бірі – Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі.
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі Сыр өңіріндегі ең танымал және мемлекеттік
басқару орындарына әлеуметтік, экономика, бизнес, қаржы-банк саласына, құқық қорғау жүйесіне
жене техникалық мамандықтар бойынша бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын беделді оқу
орны. Жұртшылық «КазГЮА» деп атайтын бұл оқу орны 2001 жылы 6 ақпанда Қазақ гуманитарлық
заң университетінің ректорының бұйрығы негізінде Қазақ мемлкеттік заң Академиясының
Қызылорда филиалы жанынан құрылды. Оқу орнының «КазГЮА» деп аталуының себебі де осы кез-
ден бастау алады. 2009 жылы 11 сәуірде Қызылорда гуманитарлық заң колледжі «Білім шамшырағы»
ЖШС құрылтайшыларының жалпы жиналысы қаулысымен қайта құрылды. Қазіргі таңда коллед-
жде 34 мамандық, 59 біліктілік бойынша күндізгі және сырттай оқу түрінде мамандар даярлануда.
2009-2010 оқу жылынан бастап колледжде «Жол картасы» бойынша мамандар даярлануда. Өткен
оқу жылында «Жол картасы» бойынша 250 оқушы қабылданса,биыл да олардың қатары өсуде.
Колледжде екі жарым мыңға жуық оқушы білім алуда. Соңғы жылдардағы табыстары үшін бұл оқу
орны аймақтың «Алтын көшбасшысы» дипломының иегері, облыстық «Үздік колледж» байқауының
жеңімпазы, облыстық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының үздігі атанды. 1-
ғимарат 8087 шаршы метр, 2- ғимарат бес қабатты, жалпы көлемі 2802, 3 шаршы метрді құрайды, бір
оқушыға шаққандағы пайдаланылатын көлемі 5,5 шаршы метр.
Колледждің бай материалдық-техникалық базасы мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім берудің
соңғы талаптарын орындай отырып, оқу жүйесін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу ор-
нында 89 дәрісхана кабинеттері, 8 компьютерлік кластар, лингвистикалық кабинеттер, 300 орындық
акт залы, 90 орындық мәжіліс залы, би студиясы, дизайн және криминалистика кабинеттері, дебат
орталығы оқу-тәрбие үдерісінің қажеттілігіне сай жабдықталған. Ал, 180 орындық асхана мен бу-
фет, ағаш шеберханасы, медициналық ем алу бөлмесі, тігін цехы, 2 баспахана, фотосалон, шаштараз
бөлмесі оқушылар мен оқытушылардың игілігі үшін қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, интернет жүйесі қосылған 90 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана, 160
орындық 2 оқу залы, 100-ден астам басылымды қамтитын мерзімді басылымдар,308 компьютермен
жабдықталған компьютерлік блоктар, WEB-технологиялар, локальдық жүйесі бар сыныптар, муль-
тимедия кабинеті, 12 интербелсенді тақтасы бар дәрісханалар, 40 интернетке қосылған компьютері
бар компьютерлік сыныбы да ақпараттық сауаттылыққа үйренуге көмегін тигізеді.
Оқу ордасындағы 288 шаршы метрлік спорт залында дене тәрбиесі сабақтары жүргізіліп,
оқушылардың салауатты өмірін қалыптастыру мен бос уақыттарын тиімді өткізуге теннис залы, ба-
скетбол, футбол және қазақша күрес залдарында арнайы жаттығу үйірмелері жүргізіледі.
Колледж диплом таратумен емес, терең білім берумен, сапалы маман даярлаумен айналыса-
ды. Білім алушылардың сабаққа қатысуы, оқу улгерімі, әлеуметтік жағдайы үнемі қадағалауда бо-
лады. Сабақты жиі босататын және үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен шұғыл түрде
байланыс орнатылады. Сабаққа қатыспау немесе үлгермеу себептері анықталып, ата-аналарымен
бірлесіп жұмыс жүргізіледі. Мұндағы мақсат оқушыларға шара қолдану емес,олардың білім алуына
қамқорлық жасау, мектептен келген жасөспірімге өтпелі жастағы бозбала мен бойжеткенге ақыл-
кеңес беру, дұрыс жолды таңдауына көмектесу болып табылады.
Колледж оқушылары білім алуда ғана емес, өнер және спорт саласында да үлкен жетістіктерге
жетуде. Олардың қатарынан бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рустам Сыбаевты, грек-
рим күресінен республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп жүрген Е. Киікбаевты,
бокстан Б. Кенжеғұловты, каратэ-додан М. Ертаевты, өнер және білім сайыстарында облыстық
және республикалық байқауларда жеңіске жеткен Д. Махмудованы, Б. Сейілованы, Р. Мыңбаевты,
А. Әбітаеваны, С. Ниязовты атасақ та жеткілікті.
Қазіргі уақытта «КазГЮА-ның» жүздеген түлектері облыстық және республикалық жергілікті
және орталық басқару орындарында, құқық қорғау, қаржы-банк, экономика, кәсіпкерлік,өндірісі
және әлеуметтік салаларда табысты еңбек етуде.
Колледждің 10 жылдан астам тарихында оқушыларға саалы білім, саналы тәрбие, кәсіби
мамандануға бағыт-бағдар беруге көптеген үлгілі ұстаздар еңбек етті және де олардың 2/3-і
ғылым кандидаттары, доценттер мен жоғары, бірінші санатты білікті оқытушылар болды. Қазіргі
таңда оқыту, білім беру процесін басқару арнайы білім мен кәсіби біліктілікті талап етеді. Нарық
190
заманындағы тауар тек өндірісте ғана емес, «ХХІ ғасырда бұлшық еттің сытылуынан ақыл-ойдың сы-
тылуы әлдеқайда көбірек»,- деп социологтар айтқандай ақыл-ой,білім және ғылым әмбебап тауарға
айналған уақыт.
Біз еңбек ететін Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде 119 оқытушы еңбек етуде,
олар 8 циклдік-әдістемелік бірлестікке топтастырылған. Ал «жалпы білімдік» пәндер кафедрасында
25 оқытушы қызмет етеді,олардың 12-і жоғары және бірінші санатты. Жас мамандарға педагогикалық
қызметттің қыр-сырын үйрету үшін тәлімгер, ақылшы ұстаздар бекітілген. Барлық жұмысты апталық,
айлық және жылдық жоспар арқылы жүйелі жүргізіп келеміз. Оқытушыларымыз оқытудың жаңа за-
манауи технологияларын меңгеру үшін халықаралық, республикалық және облыстық білім жетілдіру
институттары мен орталықтары ұйымдастырған семинарлар мен курстардан өтіп, біліктілігін
жетілдіріп отырады. Өзара тәжірибе алмасу бағытында халықаралық конференцияларға қатысып
баяндамаларын ұсынған оқытушыларымыз жеткілікті. Мәселен, магистр-философ Г. Әбдібаттаева,
жоғары санатты оқытушылар Ж. Абдуова, Ж. Дүйсенова әріптестерімен өз тәжірибелерін бөлісуде.
Пәнге және тәрбие саласына қатысты электронды оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін республикалық,
облыстық оқу орындарына тараттық. Атап айтқанда: Білім және ғылым министрлігінің сынамасынан
өтіп, ғылыми кеңестің мақұлдауымен 2010 жылы «Мұнай және мұнай өнімдерін біркелкі айдау» оқу-
әдістемелік құралы,«Химия пәнінен дидактикалық материалдар» (құрастырғандар: Досжанова Г. С.,
Маханова Г. С.) қосымша көмек материалдары, сонымен қатар «Жас мамандарға кеңес» тақырыбымен
әдістемелік көмек материалдары (құрастырғандар: Досжанова Г. С., Маханова Г. С.) шықса, «Қонақ үй
шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тест тапсырмалары (құрастырғандар: Рахметова
С. Р., Зұлхарнаева Қ.) жарық көрсе, «Саясаттану» пәні бойынша жұмыс дәптері Ж. М. Дүйсенованың
құрастыруымен шықты.
Колледждегі «Алтын ұя» этнопедагогикалық ұйымы, озат тәжірибелі мұғалімдердің «Ұлағат»,
жас мамандардың «Ізденіс» тобына біздің кафедра оқытушылары жетекшілік етіп келеді. Жастарға
ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарытуда «Алтын ұя» этнопедагогика орталығы жүйелі
жұмыс жүргізіп келеді. «Сұлу қыз, сері жігіт», «Шырайлы жүз, шырын тіл», (сайыстары) «Ұлттық
мәдениетті ұмыту мүмкін бе?» (пікірталас) «Мұстафа Шоқай – ұлт мұраты жолындағы ұлы
күрескер» тарихи-танымдық кештерін өткізіп жастардың ұлттық рухани құндылықтарымызға деген
қызығушылығын оятты.
2010 жылы қараша айында «Алтын ұя» этнопедагогикалық орталығының ұйымдастыруымен
«Жаһандану жағдайындағы жастар тәрбиесі: ұлттық-мәдени құндылықтар» тақырыбында конфе-
ренция өткізілді. Конференция жұмысына облыстағы барлық мектептер, колледждер мен Қорқыт
Ата атындағы мемлекеттік университеті, облыстық білім жетілдіру институтының ұстаздары мен ма-
мандары белсене қатысты.
«Ұлағат» озат тәжірибелі мамандар мектебінің жұмысы көпке үлгі боларлық. Топ жетекшісі
жоғары санатты тарих, саясаттану пәні оқытушысы С. М. Мусабекова осы оқу жылында жеке өзінің
іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2 күндік шеберлік семинарын ұйымдастырды. Алғашқы күні
сабақ өтудің әдіс-тәсілдері, оқушымен жұмыс түрлері көрсетілді. Екінші күні осы әдіс-тәсілдерді
пайдаланған «Әңгімелесу элементтері енгізілген иллюстративті-түсіндірмелі кең ауқымды
дәріс» оқыды. Осы ретте барлық қатысушы жас мамандар да,тәжірибелі мұғалімдер де өздерінің
көзқарастарын білдірді.
Оқу процесін ұйымдастыру барысында шығармашылық еркіндік беріледі. Әр сабақтың са-
палы болып, оның тиімділігін арттырыру – ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың
қолында. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бойынша инновациялық даярлығын
қалыптастыру бойнша инновациялық іс-әрекеттің міндеттері жүзеге асырылады:
–инновациялық технологиялың қыры мен сырын меңгеру;
–оқытудың инновациялық технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің ең тиімді жолдарын
іздестіру;
–оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруда инновациялық технологияны пайдалану бағытында
ғылыми-зерттеу жүргізу;
–инновациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне тиімді енгізу бағытында жүргізілген
ғылыми-зерттеу жұмыстарына диагностикалық сараптама жүргізу;
–мұғалімнің авторлық инновациялық технологияны ашуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызу (мультимедиялық сыныптар ашу, авторлық
инновациялық зертхана ашу);
–мұғалімнің ұзақ жылдар бойы жасақталған тәжірибе мектебі мен жүргізілген экспери-
мент жұмысының қорытындысы негізінде авторлық оқу-әдістемелік құралдарын, көмекші
құралдарын, инновациялық бағдарламаларын, оқулықтарын, монографияларын шығару;
–мұғалімнің ғылыми-ізденушілік инновациялық жұмыстарының нәтижесін облыс, республика
көлемінде тарату, насихаттау [1, 5-б].
191
Осы өз колледжіміздегі игілікті жұмыстар арқылы ой бөлісе келіп қазіргі Қазақстанның арна-
улы орта орындарында ілгерілеушілікте мен кемшіліктердің бар екендігін айтқымыз келеді. Атап
айтқанда республиканың оңтүстік өңірлерінде барлық колледждерде, бастауыш білім беру, мектеп
алды даярлық қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына даярланатыны шындық. Қазір техникалық
мамандықтарға зәрулік артып отырған тұста арнаулы орта орындары өздерінің материалдық-
техникалық базасын жақсартқан, толықтырған жағдайда ашқаны абзал. Дуальді оқыту жүйесі осын-
дай олқылықтардың орнын толтырып жас маманның теориялық білімін практикада ұштастыруға
мүмкіндік берері сөзсіз.
Техникалық және кәсіптік білім беру бағытында тау-кен, металлургия, геодезия, машина жасау,
кеме жасау,балық өңдеу, орман шаруашылығы, тағам технологиясы, зергерлік іс, баспа ісі т. б. ма-
мандар даярлау арттырылса;
«Білім-ғылым, инновация» бөлінбес үштіктің дамуы БҒМ министрлігінің басты назарында болса;
Мектеп мұғалімдері мен қатар арнаулы, техникалық және кәсіптік білім берушілердің де
әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы ескерілсе, дей келе, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың мына сөзін еске
салғымыз келеді: «Индустриалдық –инновациялық дамудан тыс ешқандай жаңғырту мүлде мүмкін
емес». Ендеше, еліміздің білім беру саласында оң өзгерістер болып, Қазақстандық жастардың ғылым-
білім, технология, инновацияда әлемді таңғалдырар күні алыс емес [3].
ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар мен экономикалық
өзгерістерімен ерекшеленеді. Кезеңге сай, интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары, халықаралық
деңгейге сәйкес, бәсекеге қабілетті білімді жас ұрпақты тәрбелеу – мемлекеттің ең маңызды стра-
тегиясы. Білім алудың маңызды сапалы көрсеткіші – білім алушының өз бетімен және өздігінен
ұйымдаса білу қабілеттерінің дамуы, білім алушылардың әрқайсысының танымдық, белсенділік,
шығармашылық әлеуетінің білім беру үрдісінде қалыптасуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |