Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ы. Алтынсарин – қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы



бет74/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

121. Ы. Алтынсарин – қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы.
Ыбырай Алтынсарин орыс – казақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта кұрды, окуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп окуында, әсіресе, ана тілін үйретуде К.Д. Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным – түсінігіне лайықты оқу — әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс – қазақ училещесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н. Толстойдың «Әліппе және оку құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым қурсын» оку құралы ретінде ұсынды. Алтынсаринның пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оку кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты окулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітапта қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.
122. Ы. Алтынсарин өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқының тұрмыстық қажетін өмір мазмұнын көркем тілімен бейнеленуі («Сөз басы», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер!», «Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы» т.б.).
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға, ұлықты ұстаз. Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды. Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты. Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді. Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы. Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Қазақ Еліне ағартушылық насихатын жүргізіп, елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді. Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге,бойға сіңіруге шақырды, терең білім алуды үгіттеді. Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзші әрі ақын ретінде де кеңінен танылды. Ы.Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А.Крыловтың мысалдарын, Л.Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы.Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы.Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп айтуға әбден болады. "Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
1)Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
2) Надандықтың белгісі
Еш ақылға жарымас...
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас...

Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі, халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді ғалым Ә.Дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б. Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада қаншалықты құнды екенін көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б. заман жаңалықтарын ұлт ұғымына сай зор көркемдікпен суреттей білген. Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған "Өсиет өлеңдер", "Әй жігіттер" тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады. Аталмыш өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық - қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті,ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінезқұлықтың артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы: Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен. Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем, Телмірме бір адамға мұңдықпенен. Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз Азған елдің ішінен Алыс- алыс қашыңыздар Зияндасты кісіден. Жақсыны көзден салмаңыздар, Жақсыдан қапыл қалмаңыздар... Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін де ескерді, мән –мағынасы көнерді деп айта алмаймыз. Нағыз адамгершілік қағидаттарын үлкен сұраныспен өмірде пайдалануға болатын әдептік өлшемдер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет