Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ы. Алтынсарин ағартушылық идеясының жаңашылдығы



бет76/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

124. Ы. Алтынсарин ағартушылық идеясының жаңашылдығы.
Алтынсариннің демократиялық - ағартушылық бағыты, оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты.
Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнады.
Екіншіден, ұстаз тәлімгерлер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми - әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.
Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып жазуға жұмсады.

Сөйтіп 1860-1876 жылдардың арасы Ыбырайдың көркем шығармаларының тууын дайындаған эволюциялық кезең болды. Бұл жылдарда жүргізілген ағартушылық бағыттағы жұмыстар ол шығармалардың идеялық бағыты мен негізгі мазмұнын белгілей, айқындай түсті. Ағартушының халық өмірімен тікелей араласып, оның алуан түрлі жағдайларымен мейілінше таныс болуы да, халықтың рухани мұқтаждығын сезінуі де оның әдеби еңбектерінің тууын тездетіп, халықтық мәнін жетілдіре түскен жағдайлар болды. 1862 жылдан бастап халықтың ауыз әдебиеті нұсқаларын жинау, зерттеу мәселесі мен шұғылдану ағартушының көркемдік пен шеберлікке байланысты түсініктерін тереңдетіп, творчестволық қабілетін тәрбиелеп өсіріп отырды.




125. Ы. Алтынсарин өлеңдеріндегі оқу-ағарту тақырыбы.
Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, əдістемелік еңбектерінде жас ұрпақты тəрбиелеудегі оқыту мен тəрбиелеу мəселелерін көтеріп, өзектілігін шешуге ұмтылады жəне қазақ халқына білім берудің рөлін жəне оның маңызын, оның əлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мəдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мəдениетін көркейтуге, дамытуға əсері мол
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет