Химия және биология пән мұҒалімдерінің республикалық І съезіне арналған қҰттықтау хат


-АМИНОПИРИДИН НЕГІЗІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ДИЗАЙН



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата14.02.2017
өлшемі4,2 Mb.
#4113
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

3-АМИНОПИРИДИН НЕГІЗІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ДИЗАЙН  
 
Тусипова У.С., Джиембаев Б.Ж.,  Бутин Б.М., Барамысова Г.Т. * 
( Алматы қ., ҚазмемқызПУ, Алматы қ., АҚ «А.Б. Бектуров атындағы химия ғылымдары 
институты»*) 
 
Фосфорорганикалық  қосылыстарды  синтездеудің  кҿптеген  ҽдістері  ішінде  С

Р  
байланысы  бар  қосылыстарды  алу  ҽдістері  ерекшеленеді.  Фосфиндер    жҽне  
гидрофосфорильді (тиофосфорильді) қосылыстар гетеролиттік  реакция  жағдайында С=О, 
С=

, С=S, С=С  байланыстары бойынша байланысты, алуан түрлі функционалдық фосфор 
органикалық қосылыстар түзеді: 
(RO)
2
P(O)H
R' CHO
R'CH=NR"
CH
2
=CHCN
R'CH(OH)P(O)(OR)
2
NCCH
2
CH
2
P(O)(OR)
2
R'CH(NHR")P(O)(OR)
2
R'P(O)(OR)
2
R'
2
NCH(R')P(O)(OR)
2
R'
2
CHO+HNR"
2
R'CH=CH
2
R'CH
2
CH
2
P(O)
(OR)
2
1Na
2
 R'X
 
 
Бұған  жататын  Арбузова,  Михаэлса-Беккера,  Кабачника-Филдса,  Абрамова,  
Пудовика жҽне т.б реакциялары.  Бұл ҽдістің артықшылығы бастапқы реагенттердің қол 
жетімділігі,  реакцияның  жүру  жағдайының  тиімділігі,  соңғы  алынатын  фосфор 
органикалақ қосылыстардың құрылысын ҿзгертуге болатындығы /1/.  
Кҿптеген  эксперименттік  материалдарға қарамастан  жаңа нуклеофильдер ретінде 
қолданылуы  жағынан  жҽне  процестін  жеке  сатыларын  модернизациялау  жағынан  бұл 
реакциялар  ҿз  мүмкіндіктерін  жойған  жоқ.  Сондықтан  бұл  облыстағы  зерттеулердің 
маңызы үлкен.  
Аминофосфорлы қосылыстар синтетиктерді, аналитиктерді, биохимиктерді жҽне ҽр 
түрлі  салалардағы  ғалымдар  мен    тҽжірибешілерді  ҿздеріне  үлкен  назар  аудартуда. 
Фосфор  органикалық  қосылыстар  табиғи  аминқышқылдардың    аналогы.  Олар  жоғары 
жҽне ҽр алуан биологиялық активті. Фосфорорганикалық қосылыстар құрылысын анықтау 
үшін  жүйеленген  мҽліметтер  фосфорлы  жҽне  басқа  да  функционалды  топтар  фосфор 
туындыларының  құрылысы  қоршаған  ортаға  ҽсеріне  берілген.  Бұл  ҽдісті  зерттеу 
барысында  жаңа  полифукционалды  туындылардың  негізінде  алынған  аминдопиридинді 
қатардағы  синтез  гетероциклді  қосылыстар  химиясының  дамуына  актуалді  тапсырма 
болып табылады. 
Пиридин (1) жҽне оның аминтуындылары (2-4)  электрон  жетіспейтін алты мүшелік 
гетероциклді қосылыстардың типтік ҿкілі ретінде қарастырылады . 
N



пиридин
N
NH
2
1
2-4
 
 
                                         2–α-NН
2
; 3– β- NН

;
 
4– γ- NН
2        
 
Аминопиридиндердің  (2-4)  пиридин  сақинасының  бүйір  тізбегінде  моноваленттік 
NH

тобы  бар.    Аминопиридиндер  (2-4)  позициялық  изомерлер  болып  табылады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 79
 
Моноаминопиридиндер  (2-4)  күшті    электрофильдермен  ҽрекеттеседі,пиперидин 
туындыларына дейін тотықсыздандырады. Амин тобы активтейтін орын басушы ретінде 
пиридиндегі азот атомының белсендірмейтін эффектісін жойып, сақинадағы орын басуды 
бағыттайды.  Егер  амин  тобы    2,3  жҽне  4  жағдайларда  болса,  онда  электрофильді  орын 
басу  5,2  жҽне 3 жағдайларында жүреді  /2/.  
Аминопиридиннің  (2-4)  үш  изомері  де  таутомерлік  ҿзгерістерге  бейім.  Ол  ҿзгеріс 
азот атомы мен аминотобы арасында пратонның жылжуына байланысты. β-изомердің (3
таутомерлік  қасиеттері  α-  (2)  жҽне  γ-изомерлердің  қасиеттерінен  ерекшеленеді. 
Аминопиридиндердің  пратондануы  бірінші  кезекте  тізбектегі    (N)  бойынша  жүреді. 
Түзілген  пиридин  катиондағы  аминотобының  негізділігінің    (рКа)  тҿмендегені 
соншалықты, оның пратондануы тек ҿте қышқыл ортада жүреді /3–13/.  

-Аминофосфонаттар 
(2.1) 
сҽйкес 

-аминқышқылдарының, 
гетероциклді 
фосфанаттардың 

-аминофосфонаттарының  құрылыстық  аналогтары  жҽне  ҽр  түрлі 
биологиялық қасиеттері бар маңызды класс ретінде қарастырылады. Оларды медицинада 
пептидтік 
миметкалар, 
ферменттер 
ингибиторлары 
ретінде, 
антибиотиктер, 
фармоцевтикалық  жҽне  кешен  түзуші  заттар  ретінде  ҿсімдіктердін  ҿсуін  реттеуіштер 
ретінде  қолданылады.    α-  аминофосфонаттарды  ғылым  мен  техниканың  ҽр  түрлі 
салаларында 
қолдану 
перспективасы 
полифункционалды 
аминофосфонаттарды 
синтездеудің жаңа ҽдістерін табуға итермелейді.  
P
O
H +
C
O + H
N
P
O
C
N
+  Н
2
О
2.1
 
       

-Аминофосфонаттарды синтездеуде екі бағыт бар: 
-Үш  компонентті  жүйедегі  реакция  :    кетон,  амин,  ди(три)алкилфосфиттар  бір 
мезгілде реакциялық ортада болады ( Кабачника- Филдс реакциясы); 
-  Пудовик  реакциясы,  мұнда  С=NR,  Шифф  негізі    (  диалкилфосфит  имині  )  бар 
қосылыстарға  диалкалфосфит  қосады.    Катализатор  ретінде  ҽр  түрлі  негіздер  мен  Люис 
қышқылы,  мұз  күйіндегі  сірке  қышқылы  қолданылады.  Бұл  ҽдіс  негізінен  ароматты 
корбанильді қосылыстар мен аминдер үшін кең қолданыс тапты, себебі Шифф негіздерін 
алудың жеңілділігіне қарай кетондар реакцияға альдегидтерге қарағанда оңай түседі/1/. 

-Аминофосфонаттарды  алудың  тағы  бір  ҽдісі  табиғи  альдегидтерді  біріншілік, 
екіншілік  жҽне  ароматты  аминдермен,  ҽр  түрлі  диалкилфосфаттармен  конденсациялау 
реакциялары.  Карбонил  жҽне  амин  компонентіндегі  орын  басушыларды  ҿзгерту 
мүмкіншілігі, реакцияларда үшкоординацияланған фосфордың қатысуы бұл реакция үшін 
жаңа субстрактарды іздеуге мүмкіндік береді 
Кабачника-Филдс реакциясындағы қосылыстардың реакцияға қабілеттілігін анықтау 
мақсатында  С- жҽне  орталық  N-атомдарында гетероциклді орынбасушылар бар бірқатар 
қосылыстар алынды. Сол себепті біз аминдік компонент ретінде ҽр түрлі орын басылған 
аминопиридиндерді  таңдап  алдық.  Олардың  кҿптеген  мақсатта  –  биологиялық  белсенді 
заттар  синтездеуде  бастапқы  зат  ретінде  пайдалануымен  түсіндіріледі.  Кабачника-Филдс 
реакциясының  классикалық  нұсқасында  бағдарланған  ҿнім  шығымына  ҽр  түрлі  орын 
басылған аминопиридиндердің негіздігінің ҽсері үлкен маңыздылық танытты/14/. 
Аминофосфонаттарды 3- аминопиридин (рКа 6,07) негізінде үшкомпонентті жүйеде: 
3-аминопиридин  –  альдегид  –  диметилфосфит  синтездеудің  оптимальді  ҽдістері 
анықталды. Карбонильді компонент ретінде  анис альдегиді пайдаланылады/15/.  
 

80 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
 
   
  Ҽдеби 
шолуларда 
Кабачника-Филдс 
реакциясының 
«иминдік» 
жҽне 
«гидроксифосфонаттық»  ҽдістермен  жүру  мүмкіндіктері  айтылған.  Реакцияның  жүру 
жолын анықтауда аминнің негізділігі маңызды роль атқарады. Аминоалкилфосфонаттады 
алудың  негізгі  міндеті  аминоакилфосфанаты  бҿлік  Р(О)-С-N  түзу.  Карбонильді 
компоненттің    Кабачника-Филдс  реакциясының  кинетикалық  заңдылығына  табиғи  ҽсері 
мен  механизімін  қарастырғанда    диалкилфосфит-бензальдегид-анилин  жүйесін-дегі 
мүмкін  болатын  реакциялардың  ішіндегі  «имин»  түзілу  реакциясы  тез  жүреді. 
Гидрофосфильді қосылыс карбонильді қосылыс амин жүйесіндегі реакцияның кинетикасы 
мен  табиғатын  зерттеу  кҿрсетткендей,  Кабачник-Филдс  реакциясының  жекеленген 
сатылары  гидрофильдік  қосылыс  –  имин  жҽне  гидроксифосфанат  аминнің  бірігіп 
ҽрекеттесуі екендігін кҿрсетті. Аминофосфанаттардың түзілуі Шифф негізі түзілуі арқылы 
жүретіндігі эксперимент жүзінде дҽлелденген.   
Оптимальді  шығымы  (65,3%)  аминофосфанаттың  (2.5)  үшкомпонентті  жүйе 
аминопиридин  (2.2)  жҽне  диалкилфосфит  (2.4)  қатысында    реагенттерді  біртіндеп 
қосқанда  шығады  /15/.  Құрамы  мен  құрылысы  элементтік  анализ,  ИҚ-спектроскопия 
мҽліметтері негізінде, жекелілігі алюминий оксидіндегі (элюент – бензол-этанол : 5-1) жұқа 
қабатты хроматография кҿмегімен анықталды. 
Алынған  амидофосфонатын  ИҚ-спектрінде  Р=O  тобына  тҽн  1261  см
-1 
аймағындағы 
жұтылу  жолақтары,  1035  см
-1 
аралығында  P-O-C  байланысының  интенсивті  дублетті 
жұтылу жолағы байқалады. Екіншілік аминтобына сҽйкес 3183 см
-1 
жұтылу жолақтары сай 
келді.  
 Сонымен  біздің  зерттеулеріміз  Кабачник-Филдс  реакциясының  механизімі  туралы 
айтуға  мүмкіндік  береді.  3-Аминопиридинді    (рКа  6,07)  қолданған  жағдайда  реакция 
аралық Шифф негізі түзілуі арқылы жүреді  (2.7), а жолы: 
                    
 
 
Осылайша 3-аминопиридин, анис альдегидпен,диметилфосфит үштік конденсациясы 
реакциясында аминопиридин қатардың жаңа аминофосфонаттын синтезі жүргізілді. 
                                               

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 81
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Джиембаев Б.Ж. α-окси – и  α- аминофосфонаты шестичленных (N,O,S,Se) 
гетероциклов.– Алматы: Комплекс.– 2003. –234с. 
2. Джоуль Дж., Смит Г. Основы химии гетероциклических соединений/ пер. с англ.– М.: 
Мир.– 1975.– С.286-287. 
3.  Соколов  Ф.Д.,  Бабашкина  М.Г.,  Сафин  Д.А.,  Забиров  Н.Г.,  Черкасов  Р.А.  Синтез  N-
тиофосфорилтиомочевин,  содержащих  фрагменты  2-  или  3-аминопиридина    //  Ж.  общ. 
химии. – 2006. – 76. – № 8. – С. 1396-1397.
 
4.  Begec  Saliha,  Alatas  Sumeyya.  Synthesis  of  2-aminomethylpyridine  derivatives  of 
phosphazenes  //  Heterocycles  :  An  International  Journal  for  Reviews  and  Communications  in 
Heterocycles Chemistry. – 2006. – 68. – № 11. – P. 2381-2386. 
5.  Meng  Xiang-Gao,  Zhou  Chun-Shan,  Wang  Li,  Liu  Chang-Lin.  Two  salts  of  5-sulfosalicylic 
acid and 3-aminopyridine // Acta crystallogr. C. – 2007. – 63. – № 11. – P. 0667-0670. 
6.  Mazik Monika, Kuschel  Matthias. Highly effective acyclic carbohydrate receptors consisting 
of aminopyridine, imidazole, and indole recognition units // Chem. Eur. J. – 2008. – 14. – № 8. – 
P. 2405-2419. 
7. Garcia Pierre, Moulin Solenne, Miclo Yves, Leboeuf David, Gandon Vincent, Aubert Corinne, 
Malacria  Max.  Synthesis  of  tricyclic  fused  3-aminopyridines  through  intramolecular  Co
I
-
catalyzed /2+2+2/ cycloaddition between ynamides, nitriles, and alkynes // Chem. Eur. J. – 2009. 
– 15. – № 9. – P. 2129-2139. 
8.  Черкасов  Р.А.,  Галкин  В.И.  Реакция  Кабачника  -  Филдса:  снтетический  потенциал  и 
проблемы механизма// Усп. химии. – 1988. –  Т.67, вып.10. – С. 940 – 968. 
9.  Барамысова  Г.Т.,  Жумагали  Ж.,  Султанова  З.Л.,  Тусипова  У.С.,  Джиембаев  Б.Ж., 
Изимова 
А. 
Новые 
полифункциональные 
производные 
различнозамещенных 
аминопиридинов  //  «Білім.  Ғылым.  Инновация:  Ҿзекті  мҽселелері  мен  даму  жолдары»  II 
Республикалық  ғылыми - тҽжірибелік конференция материалдары, Қызылорда  – 2011. – 
С.195-198. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Кабачника-  Филдс  реакциясы  жағдайында  3-аминопиридин,  табиғи  анисті  альдегид 
жҽне диметилфосфиттің синтетикалық қабілеттіліктері анықталды. Олардың негізінде жаңа 
фосфонметилденген туындылары алынды.  Жаңа аминофосфанаттың құрылысы жҽне оның 
физика-химиялық мҽліметтер мен ИК-спектрлердің мҽндері берілген. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Исследован  синтетический  потенциал  3-аминопиридина,  природного  анисового 
альдегида  и    диметилфосфитта  в  условиях    реакциясы  Кабачника-  Филдса.    Получены 
новые  фосфонметилированные  производные.    Состав  и  строение  аминофосфонатов  
установлены на основе данных   ИК-спектроскопии и элементного анализа.. 
 
 
 
 
 

82 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
Б И О Л О Г И Я 
 
 
УДК 502.1(574.5) 
АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ  ZEA MAYS ӚСІМДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН 587 
ГИБРИДІНІҢ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ӚНГІШТІГІНЕ ӘСЕРІ 
 
Абильмажинова Д.З. – магистрант, Сейтхожаев А.И. - б.ғ.д., профессор.  
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)  
 
Қазіргі кезде дүние жүзі ғалымдарының басты мҽселелерінің бірі  – пестицидтерден 
кейін  ауыр  металдардың  тірі  ағзаларға  тигізетін  улы  ҽсерін  ҽлсірету  болып  табылады. 
Ауыр  металдардың  қоршаған  ортаға  таралуы  тек  табиғи  жағдайда  ғана  емес,  сонымен 
қатар  антропогенді  жолмен  де  қарқынды  түрде  жүзеге  асуда.  Олардың  қатарына  ҿндіріс 
қалдықтары,  тау-кен  ҿндірісі,  кҿлік,  қара  жҽне  түсті  металл  ҿндіру,  құрамында  ауыр 
металл кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтарын (ЖЭО) 
жатқызуға болады [ 1-2].  
 Ауыр  металдардың  топырақта  кҿп  мҿлшерде  болуы  оларға  ҿсімдіктердің  сезімтал 
түрлерінің жойылуына жҽне белгілі бір аймақтағы ҿсімдіктердің популяциясының азайып 
кетуіне  ҽкеледі.  Ауыр  металдармен  ластанған  аймақтарда  ҿсімдіктердің  бейімделу 
тҿзімділігі арта түседі, тҿзімсіз жҽне сезімтал түрлері толығымен құрып кетуі мүмкін [3]. 
Біздің  зерттеуіміздің  мақсаты  Zea  mays  ҿсімдігінің  Қазақстан  587  гибридінің 
тұқымдарының ҿнгіштігіне ауыр металдардың ҽсерін анықтау. 
Зерттеу материалдары мен әдістері. 
Зерттеу  объектісі  ретінде  Zea  mays  ҿсімдігінің  Қазақстан  587  гибридінің    дҽндері 
алынды.  Ауыр  металл  ретінде  мыс  (Сu),  кадмий  (Cd)  жҽне  мырыштың  (Zn)  ҽртүрлі 
(25мг/л,  50мг/л,  100мг/л)  концентрациялы  ерітінділері  алынды.  Зерттеу  10  вариант 
бойынша ылғалды ортада  жүргізілді. 1 бақылау варианты, 2 вариант - 25мг/л Сu ионы, 3 
вариант – 50 мг/л Сu ионы, 4 вариант – 100 мг/л Сu 5 вариант - 25мг/л Сd ионы, 6 вариант 
– 50 мг/л Сd ионы, 7 вариант – 100 мг/л Сd ионы, 8вариант - 25мг/л Zn ионы, 9 вариант – 
50  мг/л  Zn  ионы,  10  вариант  –  100  мг/л  Zn  ионына  есептелген  күкірт  қышқылының 
тұздары алынды. Ҽр вариант үш қайталаумен жүргізілді. 
Зерттеуге  алынған  ҿсімдік  дҽндерін  ҿндіруге  қоймас  бұрын,  толық  қалыптасқан 
біркелкі дҽндерді іріктеп алып 5-6 қайтара қара сабынмен сумен жуып, 16% сутек асқын 
тотық  ерітіндісінде  15  минут  ҿңдеп,  одан  кейін  тағы  да  бірнеше  қайтара  дистильденген 
сумен жуып, залалсыздандырамыз. Тұқымдар ҿндіруге бақылау варианты жҽне 9 вариант 
ауыр  металл  иондарының  ҽртүрлі  концентрациялы  ерітінділерінде  қойылды.  Ҿнген 
тұқымдардың  тамыр  ҿскіндері  1  сағат  сайын  миллиметрлі  сызғышпен  48  сағат 
аралығында ҿлшенді.  
Зерттеу нәтижелері. 
1  бақылау  варианты  бойынша  ҿндіруге  қойылған  тұқымдар  48  сағаттан  соң    ҿне 
бастады.  Осы  уақытта  ҿскін  3  мм  болды.  Ҿскін  пайда  болғаннан  кейін  1  сағаттан  соң,  
тамыр  ҿскінінің  ұзындығы  –  4мм  болды.  Тұқымдар  ҿндіруге  қойылғаннан  кейін,  50 
сағаттан  соң  тамыр  ҿскінінің  ұзындығы  -  5  мм,  51  сағатта  –  6мм,  52  сағатта  –  7мм,  53 
сағатта – 8мм,  54сағатта – 8мм, 55 сағатта – 9мм,  72  сағатта – 15мм, 73 сағаттан соң – 
16мм, 74 сағатта тамыр ҿскінінің ұзындығы – 17мм болды. 
2 вариант бойынша (Cd 25мг/л) ҿндіруге  қойылған тұқымдар 48 сағат ҿткеннен соң 
ҿне  бастады.  Тамыр  ҿскіні  осы  уақытта  1мм  құрады.  Алғашқы  ҿскін  пайда  болғаннан 
кейін 1сағаттан соң, яғни 49 сағатта – 1,5мм болса,  50 сағатта – 2мм, 52 сағатта – 3мм, 53 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 83
 
сағатта – 3мм, 54 сағатта – 4мм,  55 сағатта – 4мм, 56 сағатта- 5мм, 72 сағатта – 8мм, 73 
сағатта – 8,5мм, 74 сағатта – 9мм жетті. 
3 вариант бойынша (Cd 50мг/л) ҿндірілген тұқымдар ҿндіруге қойылғаннан кейін 48 
сағаттан  кейін  алғашқы  ҿскін  пайда  болды.  Осы  уақытта  1  мм  болды.  Бірақ 
концентрацияны  арттырған  сайын  ҿсімдік  тамырының  ҿнгіштігі  кеми  түсті.  Алғашқы 
ҿскін пайда болғаннан кейін 1 сағаттан соң  1,5мм жетті. 50 сағатта  – 2мм,  51 сағатта – 
2мм, 52 сағатта – 3мм, 53 сағатта – 3мм, 54 сағатта – 4мм, 55 сағатта – 5мм, 72 сағатта – 
7мм, 73 сағатта – 7мм, 74 сағатта тамырының ұзындығы – 8мм-ге  жетті. 
4  вариант  бойынша  (Cd  100мг/л)  ҿндіруге  қойылғаннан  кейін  тұқымдар  48  сағат 
ҿткеннен соң ҿне бастады. Осы уақытта тамыр ҿскінінің ұзындығы - 1мм болды. 49сағатта 
-    1,5мм,  50  сағатта  –  1,5мм,  51  сағатта  –  2мм,  52  сағатта  –  2,5мм,  53  сағатта  –  3  мм,  54 
сағатта  –  3мм,  55  сағатта  –  3,5мм,  72  сағатта  –  5мм,  73  сағатта–5мм,  74  сағатта  тамыр 
ҿскінінің ұзындығы–6мм жетті (1- диаграмма). 
Диаграмма-1.      Кадмийдің  Zea mays ҿсімдігінің Қазақстан 587 гибридінің 
тұқымдарының ҿнгіштігіне ҽсері 
 
Кҿрсетілген 1 диаграммаға мҽн беріп қарасақ ауыр металл кадмий тҽжірибеге ілінген 
ҿсімдікке ҽр түрлі ҽсер ететіндігі байқалды. Мысалы: кадмийдің тҿменгі концентрацияда 
тұқымның  ҿнгіштігін  47%-ға  тҿмендетсе,  кадмийдің  концентрациясы  артқан  сайын  ол 
кҿрсеткіш арта түсті.   
Кадмийдің 50мг/л концентрациясы ҿсімдік дҽндерінің ҿнгіштігін 53%-ға тҿмендетті. 
Ал  кадмийдің  жоғары  концентрациясы  ҿсімдік  тұқымының  ҿнгіштігін    64,7%-ға 
тҿмендетті.  Бұл кҿрсеткішті тҿменгі  концентрациямен салыстырғанда ҿсімдік дҽндерінің 
ҿнгіштігі 17,7%-ға тҿмендегендігі анықталды. 
Сонымен  қатар  аталған  ҿсімдіктің  тұқымдарының  ҿнгіштігіне  ауыр  металдар  мыс 
пен мырыштың ҽсерінің нҽтижелері тҿменде келтірілген.  
5 вариант бойынша  (Cu 25мг/л) ҿндіруге қойылған дҽндер 48 сағат ҿткеннен соң ҿне 
бастады. Осы кезде тамыр ҿскінінің ұзындығы 1 мм болды. 49 сағатта – 2 мм, 50 сағатта – 
3 мм, 51 сағатта – 3,5 мм, 52 сағатта – 4мм, 53 сағатта – 4мм, 54 сағатта - 5мм, 55 сағатта – 
5мм, 72 сағатта  – 10мм, 73 сағатта  – 11мм,  74 сағатта тамыр ҿскінінің ұзындығы– 12мм 
болды. 
6  вариант  бойынша  (Cu  50мг/л)  ҿндіруге  қойылған  тұқымдар  48  сағаттан  ҿткеннен 
кейін ҿне бастады. Осы кезде тамыр ұзындығы 1 мм болды. 49 сағатта – 1,5 мм жетті. 50 
сағатта – 2мм, 51 сағатта – 2 мм, 52 сағатта – 2,5мм, 53 сағатта – 3мм, 54 сағатта – 3 мм, 72 
сағатта – 8 мм, 73 сағатта – 8,5мм, 74 сағатта  тамыр ҿскінінің ұзындығы – 9мм жетті. 
7 вариант бойынша (Cu 100мг/л) ҿндіруге қойылған дҽндер 48 сағатта ҿне бастады. 
Осы уақытта тамыр ҿскінінің ұзындығы 1 мм болды. 49 сағатта – 1мм, 50 сағатта – 2мм, 
51 сағатта – 2мм, 52 сағатта – 3 мм, 53 сағатта – 3мм, 54 сағатта – 4мм, 55 сағатта – 4мм, 
72 сағатта – 6мм, 73 сағатта – 6мм, 74 сағатта тамыр ҿскінінің ұзындығы – 7мм болды  (2-
диаграмма).  
0
5
10
15
20
Бақылау
Cd 25мг/л
Cd 50мг/л
Cd 100мг/л

84 
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(40), 2012 
   
 
Диаграмма-2.       Мыстың  Zea mays ҿсімдігінің Қазақстан 587 гибридінің  
                                        тұқымдарының  ҿнгіштігіне ҽсері 
 
Бұл диаграммаға мҽн бере қарасақ тҽжірибеге ілінген ҿсімдіктің ауыр металл мысқа 
тҿзімсіз  екендігін  кҿрсетеді.  Мҽселен,  мыстың  тҿменгі  (25мг/л)  концентрациясында  Zea 
mays 
ҿсімдігінің 
дҽндерінің 
ҿнгіштігін 
29,4%-ға 
тежеді. 
Мыстың 
50мг/л 
концентрациясында ҿсімдіктің тұқымының ҿнгіштігін 47%-ға тежесе, ал мыстың жоғары 
концентрациясы  (100мг/л)  58,8%-ға  тежеді.  Бұл  кҿрсеткішті  тҿменгі  концентрациямен 
салыстырғанда ҿсімдік тұқымдарының ҿнгіштігі 29,4%-ға тҿмендегендігі анықталды. 
8 вариант бойынша  (Zn 25мг/л) ҿндіруге қойылған дҽндер 48 сағат ҿткеннен соң ҿне 
бастады. Осы кезде тамырының ұзындығы 1 мм болды. 49 сағатта – 2 мм, 50 сағатта – 3 
мм, 51 сағатта – 4 мм, 52 сағатта – 4мм, 53 сағатта – 5мм, 54 сағатта - 5мм, 55 сағатта – 
6мм, 72 сағатта – 9мм, 73 сағатта – 9мм, 74 сағатта тамырының ұзындығы– 10мм болды. 
9 вариант бойынша (Zn  50мг/л) ҿндіруге қойылған тұқымдар 48 сағаттан ҿткеннен 
кейін ҿне бастады. Осы кезде тамыр  ұзындығы 1 мм болды. 49  сағатта  – 2 мм жетті.  50 
сағатта – 2мм, 51 сағатта – 3 мм, 52 сағатта – 3мм, 53 сағатта – 4мм, 54 сағатта – 5 мм, 72 
сағатта – 8 мм, 73 сағатта – 8 мм, 74 сағатта  тамыр ұзындығы – 9мм жетті. 
10 вариант бойынша (Zn 100мг/л) ҿндіруге қойылған дҽндер 48 сағатта ҿне бастады. 
Осы уақытта тамыр ҿскінінің ұзындығы 1 мм болды. 49 сағатта – 1мм, 50 сағатта – 2мм, 
51 сағатта – 2мм, 52 сағатта – 3 мм, 53 сағатта – 3мм, 54 сағатта – 4мм, 55 сағатта – 4мм, 
72  сағатта  –  6мм,  73  сағатта  –  6мм,  74  сағатта  тамыр  ұзындығы  –  7мм  болды    (3-
диаграмма).  
 
Диаграмма-3.   Мырыштың Zea mays  ҿсімдігінің Қазақстан 587 гибридінің   
                                         тұқымдарының ҿнгіштігіне ҽсері 
 
0
5
10
15
20
Бақылау
Cu 25мг/л
Cu 50мг/л
Cu 100мг/л
0
5
10
15
20
Бақылау
Zn 25мг/л
Zn 50мг/л
Zn 100мг/л

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы №1(40), 2012.
 
 85
 
Бұл  диаграммада  мырыштың  ҿсімдік  тұқымдарының  ҿнгіштігіне  ҽсері  басым 
екендігі  айқын  байқалады.  Мҽселен,  мырыштың  тҿменгі  концентрациясында  (25мг/л) 
ҿсімдік  тұқымының  ҿнгіштігін    41%-ға  тежесе,  мырыштың  50мг/л  концентрациясында 
ҿсімдік тұқымының ҿнгіштігін 47%-ға, ал жоғары концентрациясында (100мг/л) 58,8%-ға 
тежеді.  Мырыштың  жоғары  концентрациясын  тҿменгі  концентрациямен  салыстырғанда 
ҿсімдік тұқымының ҿнгіштігі 17,8%-ға тежелген.  
Қорытындылай  келе,  мынадай  тұжырым  жасауға  болады:  тҽжірибеге  іліккен  Zea 
mays  ҿсімдігінің  Қазақстан  587  гибриді  ауыр  металдарға  ҽртүрлі  тҿзімсіздік  танытты. 
25мг/л  Cd  концентрацияда  ҿсімдік  тұқымдарының  ҿнгіштігі  53%  болса,  дҽл  осы 
концентрацияда 25мг/л Cu 70,6%, ал 25мг/л Zn 59%-ды құрады.  
Кадмийдің  50мг/л  концентрациясында  47%  кҿрсетті,  дҽл  осы  концентрацияда  Cu 
53%,  ал  Zn  53%  кҿрсетті.  Бұл,  кадмийдің  мыс  пен  мырышқа  қарағанда  Zea  mays 
тұқымдарының ҿнгіштігіне 6%-ға улы ҽсер ететінін дҽлелдейді. 
Жасалған  тұжырымның  шынайылығын  ауыр  металдардың  жоғары  (100мг/л) 
концентрациясымен 
алынған 
нҽтижелерде 
айғақтайды. 
Мысалы, 
100мг/л 
концентрациясында  Cd  35,3%,  ал  100мг/л  мыстың  концентрациясында  41,2%  кҿрсетсе, 
мырыштың  осы  концентрациясында  41,2%-ды  кҿрсетті.  Бұдан  кадмийдің  мыс  пен 
қарағанда  мырышқа  5,9%-ға    ҿсімдік  тұқымдарының  ҿнгіштігін  тҿмендеткенін  кҿруге 
болады. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.  Панин  М.С.  Формы  соединенных  тяжелых  металлов    в  почвах  средней  полосы  
Восточного Казахстана.–Семипалатинск: Государственный университет Семипалатинска. 
– 1999.- 329с. 
2.  Алексеева  Ю.В.  Тяжелые  металлы  в  почвах  и  растениях  //  Л.:Агропромиздат,  1987  – 
141с. 
3. Ильин В.Б., Гармаш Г.А., Гармаш Н.Ю. Влияние тяжелых металлов на рост, развитие и 
урожайность // Агрохимия, №6 – с.90-91. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада ауыр металдар кадмий, мыс, мырыштың Zea mays ҿсімдігінің Казақстан 
587  гибриді  тұқымдарының  ҿнгіштігіне  ҽсерін  анықтауға  тҽжірибелер  келтірілген.  Ауыр 
металдардың  улы  ҽсері  ҿну  кезінде  басталады.  Ауыр  металдардың  концентрациясын 
арттырған сайын улы ҽсері басым болады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  приведены  экспериментальные  данные  о  влиянии  тяжелых  металлов 
кадмия, меди и цинка на прорастание зерен гибрида Казахстанская 587 растении Zea mays
Показано,  что  токсическое  действие  тяжелых  металлов  начинается  с  момента 
прорастания.  С  увеличением  концентрации  тяжелых  металлов  возрастает  токсическое 
действие. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет