Сабақтың барысы. Оқушылардың назарын тезірек сабаққа аудару үшін
бірден тәжірибе жасаудан бастаған жөн.
Мұғалім сірке қышқылының концентрациялы және сұйылтылған
ерітінділерінің электрөткізгіштігін анықтауға тәжірибе жүргізеді. Бақылау
нәтижесін қорытындылайды. Электролиттерді суда еріткен кезде қандай екі
реакция жүреді? Электролит ерітіндісінде ыдырамаған молекулалар да болуы
мүмкін бе? - деген сұрактарға тоқталады.
Шамның күшті немесе елсіз жанатындығына да назар аудару қажет. Сілті,
қышқыл ерітінділерінде шам жарқырап жанады. Иондану бұл ерітінділерде
кебірек, ал сірке қышқылы ерітіндісінде кері тәуелділік бар (концентрлі ионда-
ну аз, елсіз ерітіндіде керісінше иондану көбірек). Осыған байланысты диссоци-
ациялану дәрежесі ұғымы енгізіледі. Оның анықтамасын, формуласын беріп,
мысалдар келтіру арқылы бекітеді.
Ерітінділердің электрөткізгіштігі кестесін паңдаланып, ерітінділердің
диссоциациялану дәрежесі қандай екенін талдап, күшті электролиттер және
елсіз
электролиттер
ұғымдарын қорытындылайды, анықтамаларын
тұжырымдайды.
Өткең сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, оқушылар ертүрлі
тапсырмалар орындайды. Тақырып соңындағы тапсырмаларды талдайды.
Үй тапсырмасы. § 6. 3-, 4-, 5-жаттығуларды орындау.
77
5-6 сабақтар. ИОН АЛМАСУ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Сабақтың мақсаты. Химиялық реакциялардың менін олардың толық
және қысқартылған иондық теңдеулерін жаза отырып, түсіндіру. Ион алмасу
реакциялары ұғымын одан әрі дамыту.
Көрнекі құралдар. Әртүрлі реактивтер: күкірт қышқылы, натрий сульфа-
ты, барий хлориді, натрий гидроксиді, мыс (II) сульфаты, күміс нитраты, на-
трий хлориді, қышқылдар, сілтілер, тұздардың суда ерігіштігі кестесі.
Электрондық оқулық — химия 9.
Сабақтың барысы. Күшті және елсіз электролиттерге жататын
қосылыстарды талдағаннан кейін электролит ерітінділері өзара реакцияға
түсетінін айтып, осы химиялық реакциялардың мәнін, механизмін аша түсеміз.
Кальций хлориді мен күміс нитраты ерітінділеріңе қандай иондар кіретіні
талданады. Осы екеуінің әрекеттесу реакциясын жacaп, тұнба түзілгенін
байқауға болады. Оқушылар мұғалімнің көмегінсіз реакцияның молекулалық
теңдеуін өздері жазады. Реакция өнімін дұрыс анықтауға және ерігіштік
кестесін пайдалануға дағдыланады. Ион күйіндегі қосылыстарды жазу арқылы
өткен сабақ пысықталады. Тұнбадағы қатты зат сол күйі жазылатынын
ескертеді, Алдымен толық иондық, кейін қысқартылған иондық теңдеу жазуды
үйретеді. Күміс хлориді тұнбаға түсу үшін қандай иондар әрекеттесетіндігіне
назар аударамыз. Ион алмасу кезінде газ тәрізді және аз диссоциацияланатын
заттар түзілетіндігі айтылады. Ион алмасу реакциялары қайтымды процеске жа-
татынын ескертеді.
Оқушыларға тағы басқа тәжірибелер жасатып, толық және қысқартылған
иондық теңдеулер жазу білігі бекітіле түседі. Бұл жерде валенттік, тотығу
дәрежесі ұғымдары одан әрі дамытылады. Сабақта тақырып соңындағы 6-, 7-
жаттығулар орындалады. Катиондар, аниондар ұғымдары нақтылана түседі де
2-кестедегі мағлұматтар талданады.
Қосымша есеп кітаптарындағы жаттығулар пайдаланылады. Бұл
тақырыпты екі сағатқа бөліп те өткізуге болады. Оқушылар жақсы ұғып алу
үшін жаттығулар, теңдеулер жазу біліктері одан ері дамытылады. Сонымен
бірге әрекеттесуші заттардың артық мөлшерін есептей білу үйретіледі.
Мысалы: 40 г күкірт қышқылы мен 40 г барий гидроксиді әрекеттескенде
түзілетін барий сульфатының массасын анықтаңдар.
Химиялық реакция теңдеуі және барлық оған қажет мағлұматтар
жазылады:
40г
40г
x
Ва(ОН)
2
+ Н
2
SO
4
→
BaSO
4
↓+2H
2
O
M
r
171
98
233
M(г/моль) 171г/моль
98 г/моль
233 г/моль
m
171г
98 г
233 г
78
І - нұсқа
ІІ нұсқа
2. Есептің шарты бойынша бастапқы заттардың біреуі артық алынғанда
түзілген заттың біреуінің массасын анықтау қажет:
40 г Ва(ОН)
2
— х г H
2
S0
4
,
171 г Ва(ОН)
2
— 98 г H
2
S0
4
3.
40 г - 22,9 г = 17,1 г күкірт қышқылы H
2
S0
4
артық мөлшерде
берілген.
4.
Есептеу аз мөлшердегі барий гидроксидімен Ва(ОН)
2
жүргізіледі:
40 г Ва(ОН)
2
— у г BaS0
4
,
171 г Ва(ОН)
2
- 233 г BaS0
4
y-54,5rBaS0
4
Есептер мен жаттығулар жинағынан бекіту үшін ұқсас есептерді
шығаруға болады.
Үй тапсырмасы. § 7, 8, 9-жаттығулар, 10 - есеп. Бейорганикалық
қосылыстардың негізгі кластарына тән химиялық қасиеттерді қайталап келуге
тапсырма беріледі.
7 - сабақ. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
ТҰРҒЫСЫНАН ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ, НЕГІЗДЕРДІҢ ЖӘНЕ
ТҰЗДАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Сабақтың мақсаты.
Электролиттік
диссоциация
тұрғысынан
қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттерін оқып-үйренуді
тереңдете түсу.
Көрнекі құралдар. Қышқылдар, сілтілер, тұздар ерітінділері; мырыш
түйіршіктері; темір шеге; мыс (II) оксиді; күміс нитраты; барий хлориді; на-
трий, калий, кальций гидроксидтері, т.б. Электрондық оқулық - химия 9.
Бұл тақырыпқа екі сағат бөлуге болады. Мұғалімнің қалауы бойынша
пысықтау сабағы ретінде немесе басқаша еткізу оның шығармашылығына
байланысты.
Қышқылдардың
химиялық
қасиеттеріне жеке-жеке тоқталып,
мүмкіндігінше тәжірибе жасай отырып, оқушылардың белсенді катысуымен
молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулері жазылады. Әрбір
реакция сұрақ-жауап арқылы талданады.
Осы тәсілмен негіздердің қасиеттері де талданады.
Екідайлы (амфотерлі) қосылыстарға ерекше тоқталып кеткен жөн.
Тұздардың қасиеттерін оқушылар өздері айтып, молекулалық, толық
және қысқартылған иондық теңдеулерін жазады. Тәжірибелер қолда бар
реактивтермен жүзеге асырылады. Тапсырмаларды орындау түрлерін қосымша
79
әдебиеттерден мұғалім өзі таңдап алуына болады. Қосымша мынадай тапсыр-
малар түрлерін ұсынамыз.
1. Төменде берілген заттардың қайсысы күкірт қышқылымен
әрекеттеседі:
натрий карбонаты; кальций хлориді; калий гидроксиді; натрий фосфаты;
темір (ІІ) гидроксиді? Молекулалық, толық және қысқартылған иондық
теңдеулерін жазыңдар.
2. Темір (ІІІ) хлоридінің калий гидроксидімен әрекеттесу теңдеуін
жазыңдар. Оның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін келтіріңдер.
3. Мына берілген реакцияңың толық иондық теңдеулерін құрыңдар:
Са
2+
+
=СаС0
3
↓
Н
+
+ ОН
-
= Н
2
О
Cu(OH)
2
-2Н
+
= Cu
2+
+ 2H
2
0
Ba
2+
+
= BaS0
4
↓
4. Мына теңдеулерді аяқтаңдар да, толық және қысқартылған иондық
теңдеулерін жазыңдар:
CuCl
2
+ NaOH →
H
2
S0
4
+ MgCO
3
→
Pb(N0
3
)
2
+ K
2
S0
4
→
Ba(N0
3
)
2
+ Na
2
S0
4
→
5. Есептер мен жаттығулар жинағынан тақырыпқа сәйкес тапсырмалар
орындалады.
Үй тапсырмасы. § 8 соңындағы барлық тапсырмалар осы екi сабақта тал-
данып, шығарылуы тиіс.
8-сабақ. ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Сабақтың мақсаты. Оқушыларға гидролиз туралы мағлұмат беру, тұз
ерітіндісіндегі реакция ортасын анықтау тесілдерін қарастыру.
Көрнекі құралдар. Қышқыл, сілті ерітінділері, индикаторлар, натрий
карбонаты, натрий хлориді, алюминий хлориді ерітінділері. 1 - лабораториялық
тәжірибелерді орындауға қажетті реактивтер. Электрондық оқулық - химия 9.
Сабақтың барысы. Оқушылар сутек және гидроксид иондары қандай
қосылыстарда болатынын естеріне түсіріп, мынадай сұрақтарға жауап береді.
Индикаторлар дегеніміз не? Қандай индикаторларды білесіңдер? Лакмус қағазы
(немесе ерітіндісі) қышқылдық және сілтілік ортада қандай түске боялады?
Оқушылардың жауаптары тәжірибемен дәлелденеді.
1-тәжірибе. Үш сынауыққа натрий хлориді, натрий карбонаты,
алюминий хлоридінің ерітінділері құйылған. Әр қайсысын лакмуспен
сынаңдар. Сынауықтарда қандай орта болатыны анықталады. Бұл құбылыстың
ішкі мәнің түсіндіру үшін мынадай проблемалық сұрақтар қойылады.
Лакмустың түсін өзгертетін сутек ионы мен гидроксид ионы тұздар
ерітіндісінде қайдан жүр?
Мұғалім тұздардың суда еру процесіне оқушылардың назарын аударады.
Тұз ерітіндісінің реакция ортасын анықтау алгоритмі:
80
1. Тұздың формуласын жазып, құрамын анықтау.
2. Қандай иондарға ыдырайтынын, тұздың құрамындағы қай ион судың
молекуласымен әрекеттесетінін білу.
3. Тұздың гидролиз теңдеуін жазу.
4. Тұз ерітіндісінің ортасын көрсету.
Оқушылардың алған білімін бекіту үшін қосымша әдебиеттерден,
оқулықтан тапсырмалар орындалады.
Осы
сабақта лабораториялық тәжірибелер орындау арқылы
Электролиттік диссоциациялану тақырыбы қорытындыланады.
Үй тапсырмасы. § 3-9 қайталау, 1 - практикалық жұмысқа дайындық.
9-сабақ. 1 - ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. ЭЛЕКТРОЛИТТІК
ДИССОЦИАЦИЯ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
ТАҚЫРЫБЫНА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
1 - практикалық жұмыс оқулықта берілген (32-, 33-бет) мәтін бойынша
орындалады. Қатар отырған екі оқушының әрқайсысы өз бетінше жұмыс
жасауы үшін эксиерименттік есептер екі нұсқада берілді.
Сабақты оқушылардың білім деңгейіне және кабинеттің мүмкіндігіне
байланысты мұғалім өз еркінше жүргізуіне болады. Егер мектеп
лабораториясында химиялық ыдыстар немесе реактивтер жетіспесе,
оқушыларды топқа бөлуге, мысалы, жұмыс мәтініндегі бес есепке байланысты
бес топ құруға болады. Ал бес үстелге осы есептерді орындауға қажетті
заттарды бөліп қойып, топтарды кезектестіреді. Яғни, 1-топ 1-есепті орындап
болған соң, келесі үстелге ауысады, Бұлайша жұмыс істеу арқылы оқушылар
уақытты үнемдеуге, жауапкершілікке, өзара көмекке тәрбиеленеді. Әрі
реактивтерді үнемдеп, бір-бірінен білмегендерін үйренеді.
Үй тапсырмасы. Бақылау жұмысына дайындық.
81
БЕЙМЕТАЛДАР
10 - сабақ. БЕЙМЕТАЛДАРДЬІҢ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Сабақтың мақсаты. Оқушыларға бейметалдардың периодтык жүйедегі
орны және олардың атом құрылысындағы ерекшеліктері туралы білім беру.
Металдар мен бейметалдардың атом құрылысын салыстыра отырып,
электртерістік қасиеттерін периодтык жүйедегі орнымен байланыстыра алу
біліктерін дамыту.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар. Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің
периодтык жүйесі, электртерістік қатары кестелері, баспа және экрандық
құралдар.
Сабақтың барысы. Оқушыларды сабақтың такырыбымен таныстыра
отырып, олардың периодтық заң және зат құрылысы туралы білімдеріне
сүйеніп, жаңа тақырыпты окып-үйренудің жоспары айтылады.
Бейметалдардың периодтық жүйедегі орнын анықтау үшін оқулықтағы
кестеге назар аударылуы тиіс. Кестедегі бейметалдардың орналасу ретіне,
сыртқы электрондық қабаттарының жалпы формуласына сүйеніп, өздік жұмыс
ұйымдастырылады. Нәтижесінде оқушылар бейметалдардың периодтық
жүйедегі орнын анықтап, олардың әрқайсының сыртқы қабатының
электрондық формуласын жаза алатын болады.
Осы білімдеріне сүйеніп, оқушылар металдар мен бейметалдардың атом
құрылысындағы айырмашылықтарын анықтай алулары қажет. Ол үшін
металдар мен бейметалдардан бір-бір мысал келтіре отырып, элемент
(периодтық жүйедегі орны), атом (құрылысы және соған орай электрон беру,
қосып алу қасиеттері) және жай зат ретінде (молекулаларының және
кристалдарының құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері)
әрқайсысына тен белгілерін салыстыра отырып талдайды.
Оқушылардың бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып, бейметалл
атомдарының электртерістік қасиеттерінің атом құрылысымен байланысын
ашып, периодтық жүйеде период бойынша және топ бойынша оның калай
өзгеретіндігін нақтылау қажет. Кестемен жұмыс істей отырып, оқушылар
период бойынша солдан оңға қарай атом радиустарының қысқаруымен
байланысты электртерістіктің артатындығын, ал топ бойынша жоғарыдан
төмен қарай атом радиустарының ұзаруымен бірге электртерістіктің
кемитіндігін біледі.
Осылайша бейметалдарға шолу жасай отырып, жоғарыда айтылған
заңдылықтарға бағынбайтын, атом құрылысында өзіндік ерекшелігі бар асыл
немесе салғырт газдар тобының неліктен реакцияға түсу белсенділіктерінің
төмен екендігіне оқушылардың назарын аударады. Қорытындылағанда салғырт
газдардың агрегаттық күйлеріне (газ) қарамастан, молекулаларының да бір
атомды екендігіне тоқталған жөн.
82
Оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін параграф
соңындағы сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Бекіту кезеңінде эврикалық
әңгімені көбірек пайдаланған жөн. Ол үшін жетекші сұрақтарды пайдаланып,
оқушылардың бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік берген дұрыс. Салғырт
газдар жөнінде қосымша әдебиеттерден өз бетінше білімдерін толықтыруға
кеңес беріледі.
Үй тапсырмасы. § 10 оқу. 5-, б-жаттығулар.
11-сабақ. БЕЙМЕТАЛЛ АТОМДАРЫНЫҢ
ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУ ЗАНДЫЛЫҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты. Оқушыларға бейметалл атомдарының әрі
тотықсыздандырғыш, әрі тотықтырғыш болатын себептерін ашып түсіндіру.
Электртерістік қасиеттерінің басымдылығына байланысты тотықтырғыш
қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарымен таныстыру. Ойлау қабілеттерін
жетілдіру.
Көрнекі құралдар. Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің
периодтық жүйесі, электртерістік қатары, химиялық реактивтер, спирт шамы,
басқа да тәжірибе жасауға арналған құралдар: сынауықтар, темір қасықша, т.б.
Сабақтың барысы. Оқушылар бейметалдардың периодтық жүйедегі
орны және электртерістік қасиеттерінің өзгеру зандылықтарын оқып-үйренген
соң, тотықтырғыш қасиеттерінің өзғеру заңдылықтары қарастырылады.
Тотықтырғыш қасиеттің электрон тартқыштықпен және электртерістікпен
тікелей қатысы болғандықтан, оқушылар периодтық жүйе бойынша
тотықтырғыш қасиеттердің периодтарда және топтарда қалай өзгеретіндігін
анықтай алуы тиіс Ол үшін мұғалім жетекші сұрақтар койып, оқушылардың өз
бетінше ойлануына мүмкіндік жасағаны жөн.
Мысалы.
1. Периодтық жүйедегі орнына байланысты бейметалдардың атом
құрылысында қандай заңдылықтар байқалады?
а) Период бойынша солдан оңға қарай ядро заряды есуіне байланысты
атом радиусы қалай өзгереді?
ә) Электртерістігі шe?
б) Элементтердің жоғары тотығу дәрежелері ше?
2. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай қандай заңдылықтар байқалады?
а) Атом радиусы қалай өзгереді?
ә) Электртерістігі ше?
б) Жоғары тотығу дәрежелері әзгере ме?
3. Атомның сыртқы қабатындағы электрондар саны период және топ бой-
ынша қалай өзгереді?, т.б.
Мұғалімнің шығармашылығына қарай осы және т.б. сұрақтарға жауап
қайтарылған соң, химиялық тәжірибелердің көмегімен бір бейметалл атомының
әрекеттесуші заттардың табиғатына байланысты әрі тотықтырғыш, әрі
тотықсыздандырғыш
болу
мүмкіндігі көрсетіледі.
Осы
байқалған
83
құбылыстардың реакция теңдеулерін жазып, тотығу дәрежелерін анықтатады.
Сосын тотығу-тотықсыздану процестерінің электрондық мәнін бейметалдардың
атом құрылысы тұрғысынан түсіндіреді. Яғни, реакцияға қатысып тұрған бей-
металл атомдары әрекеттесуші атомдардан электртерістігі басым болса, өз
атомынан электрондарын беріп жіберіп — тотықсыздандырғыш болуы да неме-
се керісінше, ол атомның электртерістігі төмен болса, электрондарды тартып
алып, тотықтырғыш та болуы мүмкін екендігіне оқушылардың назарын
аудартады.
Әрі қарай оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін негізге
алып, оны іс жүзінде қалай қолдана алатындықтарын жаттығулар орындату
арқылы анықтап, білім олқылықтары болса кайталаған жөн. Eң алдымен, екі-үш
элементтен тұратын қосылыстағы элементтердің тотығу дәрежелерін
анықтауды нақтылы мысалдар келтіріп пысықтау қажет. Бұл кезде мұғалім
оқулықтағы материалды басшылыққа ала отырып, оқушылардың өз бетінше
жұмыс істеуіне мүмкіңдік жасағаны дұрыс. Әдетте, екі элементтен тұратын
(бинар) қосылыстарда, екінші орындағы элемент өзінің атомының ең сыртқы
қабатында аяқтауға жетпей тұрған электрондарын (8-ге толтыру үшін) басқа
атомдардан қосып алады. Сондықтан ол элементтің тотығу дәрежесі 8 саны мен
өзі орналасқан (негізгі топ элементі болса) топ нөмірінің айырмасына тең терic
тотығу дәрежесін көрсететінін бірнеше мысалдар келтіріп түсіндіру керек. Кез
келген молекулада атомдардың және теріс тотығу дәрежелерінің косындысы О-
ге тең болатындығын негізге алу қажет. Ал үш элементтен тұратын
қосылыстарда пәнаралық байланысты пайдаланып, тұрақты тотығу дәрежесі
бар элемент атомына сүйене отырып, бір белгісізі бар теңдеу құру арқылы
ортадағы ауыспалы тотығу дәрежесін көрсететін элементтің тотығу дәрежесің
анықтауды үйреткен дұрыс. Мысалы, азот қышқылындағы HNО
3
азоттың
тотығу дәрежесін анықтау үшін мынадай теңдеу құрса жеткілікті, ері қарай
оқушы математика пәнінен алған біліміне сүйеніп, теңдеуді өзі шешеді:
+ l + x+3(-2) = 0,
+1 + х+(-6) = 0,
х = 6 - 1,
х = 5 немесе азоттың тотығу дәрежесі +5.
Қалған уақытта оқушыларға электрондық теңгерім әдісімен тендеуге
коэффициенттер қоюды үйретіп, жаттығулар орындату қерек. Мүмкіндігінше
әртүрлі тапсырмалар беру арқылы оқушыларды өздік жұмыспен көбірек қамту
қажет.
Оқулықта берілген жаттығуларды әр оқушының білім деңгейіне қарай
саралап орындатқан жөн.
Үй тапсырмасы. § 11. 10-жаттығулар.
84
МАҢЫЗДЫ БЕЙМЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЬІСТАРЫ
Оқушыларға бейметалдар және олардың косылыстары туралы
мағлұматтарды периодтық заң мен заттың құрылыс теориясы тұрғысынан
түсіндіру үшін мынадай жүйелілікті сақтаған жөн.
1. Периодтық жүйедегі элементтің орны.
2. Атом құрылысы (ядро заряды, электрондардың электрондық
деңгейлерде орналасуы).
3. Элементтің физикалық қасиеттері.
4. Элементтің химиялық қасиеттері. Элементтің химиялық қасиеттерін
сипаттайтын реакциялар теңдеуі және оларды электрондық тұрғыдан түсіндіру.
5. Маңызды қосылыстарының (оксидтері, гидроксидтері, сутекті
қосылыстары, тұздарының) формулалары, олардың физикалық, химиялық
қасиеттері, алыну әдістері (лабораторияда, өңдірісте).
6. Элементтер мен қосылыстарының табиғатта таралуы.
7. Элементтердің физикалық және химиялық касиеттеріне қарай
қолданылуы.
8.
Берілген элементтің қасиетін табиғаты ұқсас және периодтық
жүйедегі орны бойынша көршілес элементтің қасиеттерімен салыстыру.
9.
Әр тақырып соңынан осы айтылған мәселелерді қамтуға арналған
жаттығуларды орындатып, есептер шығару арқылы оқушылардың білімдерін
бекіту және тереңдету.
10. Маңызды бейметалдар косылыстарын өндіру және қолданумен байла-
нысты туындайтын экологиялық проблемаларға назар аударып, сынып
оқушылары арасында эврикалық әңгімелер өткізіп, піікірсайыс туғызу. Бұл
жағдай оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады.
12-сабақ. КҮКІРТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ
Сабақтың мақсаты. Күкірт элементі түзе алатын бірнеше жай заттары
мысалында оқушыларды аллотропия құбылысымен таныстыру.
Көрнекі құралдар. Реактивтер: күкірт, күкірті бар минералдар, темір,
мыс, темір қалақша, сіріңке, химиялық ыдыстар, түрғы, т.б.
Сабақтың барысы. Оқушылар оттектің физикалық, химиялық
қасиеттерін, алынуын, қолданылуын, адам өміріндегі маңызын бұрын өтілген
материалдардан біледі (8-сынып).
Ал күкірт туралы түсінік бермеген бұрын, көрнекі түрде кәдімгі күкірттің
физикалық қасиеттеріне тоқталып, талдау жасау қажет. Оларға түсі, иісі,
агрегаттық күйі, суда қалқып шығуы, яғни су жұқпайтындығы жатады. Сосын
темір қасықшаға шамалы күкірт салып, спирт шамның жалынында қыздыра
отырып, оның балкуына, сосын түсінің, күйінің өзгеруіне назар аударып,
күкірттің де аллотропиялық түр-өзгерістері болатындығы айтылады. Олар -
кристалдық күкірт және пластикалық күкірт. Екеуін де көрнекі көрсете отырып,
қасиеттерін эврикалық әдіспен салыстырады. Айырмашылыктарының болу
себебін: құрылысымен байланыстырады (оқулықтағы сурет).
85
Одан әрі күкірттің химиялық қасиеттерін оқып - үйренеді, яғни оттекпен,
магниймен, темірмен әрекеттесуі карастырылады. Теңдеулерін молекулалық
және электрондық теория тұрғысынан жазу ұсынылады.
Күкірттің табиғатта таралуы жөнінде оқушыларға өз бетінше оқуға,
реферат жазуға тапсырылады.
Үй тапсырмасы. § 12. 3-, 4-, 5-, 7-жаттығулар, 9-есеп.
13-сабақ. КҮКІРТСУТЕК
Сабақтың мақсаты. Күкірттің сутекті қосылысы және оның тұздарының
қасиеттерімен таныстыру. Күкіртсутектің емдік қасиеті туралы мағлұмат беру.
Сульфидтерге тән реакцияның мәнін ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |