Химия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,55 Mb.
#4575
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Көрнекі қүралдар.  Тақырыпқа  байланысты  мүмкін болатын  реактивтер 
жиынтығы. Сульфидтер жинақтамасы. 
Сабақтың  барысы.  Өткен   сабақтар   пысықталып   болған   соң, 
күкіртсутектің қасиеттері, табиғатта кездесуі айтылады. Күкіртсутектің улы зат 
екеніне баса назар аударылады.
Органикалық заттардың шіруі нәтижесінде пайда болып, минералды сулардың 
кұрамында кездеседі.
Сульфидтер   үлгілерімен   таныстырылады.   Сульфид   иондарына   қорғасын   Рb2 
ионы реактив екенін тәжірибе жүзінде көрсету.
Сабакты   бақылау   үшін   6-жаттығуды   окушылардың   өздеріне   орындатып 
мұғалім дұрыстығын тексереді.
Үй тапсырмасы. § 13. 2-, 4-, 8-жаттығулар, 9-есеп.
14-сабақ. КҮКІРТ ОКСИДТЕРІ
Сабақтың   мақсаты.  Күкірт   оксидтерінің   химиялық   қасиеттері,   алынуы, 
маңызы, қолданылуы жөнінде түсінік беру.
Көрнекі құралдар. Реактивтер, химиялық ыдыстар.
Сабақтың   барысы.  Күкірт   түзетін   екі   оксидтің   қасиеттері   қарастырылады: 
күкіртті жаққан кезде түзілген күкіртті газдың (күкірт (IV) оксиді) физикалық 
қасиеттерін   оқушылар   өздері   сипаттап   бере   алады.   Ал   қолданылуы   жөнінде 
оқулықтағы суретті пайдаланып, өз сөздерімен әңгімелеп бергені жөн. Күкірт 
түзетін келесі оксид — күкірт (VI) оксиді кәдімгі жағдайда түзілмейтінін, ол 
туралы алдағы тақырыптарда оқитындықтары жөнінде ескертіледі.
Үстелде тұрған жинақтамалардағы күкірті бар минералдарды көрнекі көрсете 
отырып,   күкірттің   табиғатта   кездесуімен,   маңызымен   таныстыру   қажет. 
Мұғалім   осы   элемент   жөніндегі   окушылар   білімін   бір   жүйеге   келтіру   үшін 
төмендегі сызбанұсқаны ұсынуына болады:
86

Мұғалім   осы   сызбанұсқаны   басшылықка   ала   отырып,   күкірттің 
аллотропиялық түрөзгерістеріне жеке-жеке сызбанұсқа жасатуына болады. Бұл 
элементтің   жай   заттарының   құрылысы,   қасиеттері   жөне   қолданылуы 
арасындағы тәуелділікті түсінуге мүмкіндік береді.
Сабақтың   қалған   уақытында   оқулықтағы   материал   бойынша   берілген 
тапсырмаларды талдап, сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындату қажет.
Үй   тапсырмасы.   §13.   6-,   7-жаттығулар,   есептер   жинағынан   есептер 
шығару.
15-сабақ. Күкірт қышқылы
Сабақтың   мақсаты.  Оқушылардың   қышқылдар   жөніндегі   білімдерін 
одан   әрі   дамыту   және   күкірт   қышқылының   тотықтырғыштық   қасиеті,   жеке 
ерекшеліктері,   өнеркәсіптегі   маңызы   туралы   түсінік   беру.   Иондар   алмасу, 
тотығу-тотықсыздану   реакциялары   туралы   білімдерін   бір   жүйеге   келтіру, 
теңдеу құру икемділіктерін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге баулу.
Көрнекі   құралдар.  Металдардың   электрохимиялық   кернеу   қатары, 
қышқылдардың, негіздердің, тұздардың суда ерігіштігі кестелері, баспа және 
экрандық жабдықтар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.
Сабақтың   барысы.  Сабақта   күкірт   қышқылының   физикалық 
қасиеттерімен таныстырып, содан соң тәжірибелерді көрнекі көрсету арқылы 
оның өзіне тән ерекшелігіне оқушылардың назарын аударған жөн.
Сабақтың басында бұл қышқылдың өнеркәсіп үшін өте маңызды шикізат 
екеніне тоқталу қажет. Күкірт қышқылын бүкіл химия өнеркәсібінің наны десе 
де   болғандай,   оның   себебін   күкірт   қышқылының   қолданылуы   туралы 
сызбанұсқаны   пайдаланып   және   экрандық   құралдар   арқылы   қолданылуын 
көрсетіп түсіндіру қажет.
Ең   алдымен   тақтаға   қышқылдың   молекулалық,   құрылымдық   формулалары 
жазылып, күкірттің тотығу дәрежесі анықталады. 
Оқушылармен   бірге   берілген   қышқылдың   физикалық   қасиеттерін,   онымен 
жұмыс   істегендегі   қауіпсіздік   техникасы   ережелерін   еске   түсіреді.   Суда 
87
Элемент атомының 
құрылысы
Қасиеттері 
Жай зат 
кристалының 
құрылысы
Қолданылуы 
Табиғатта кездесуі

еріткенде,   суға   қышқылды   құю   керектігін   ескертіледі.   Күкірт   қышқылының 
түссіз,   май  тәрізді  сұйықтық  , судан ауыр ( тығыздығы   1.84 г∕см³)  екедігіне 
тоқталады.   Кәдімгі   температурада   ұшпайды,   сондықтан   исі   болмайды.   Осы 
қасиетіне   орай   лабораторияда   көптеген   қышқылдарды   тұздарынан 
концентрациялы күкірт қышқылымен әрекеттестіріп алады, соған байланысты 
күкірт қышқылын қышқылдардың анасы деп те атайды.
Физикалық   қасиеттері   талданып   болған   соң,   бұл   қышқылдың   басқа 
қышқылдармен ортақ қасиеттері қарастырылады. Ол үшін күкірт қышқылының 
сұйылтылған   және   концентрациялы   ерітінділерін   жеке   қарастырған   дұрыс. 
Сұйылтылған   күкірт   қышқылы   қасиеттерінің   басқа   қышқылдардан   еш 
айырмашылығы жоқ.
Сондықтан оқушылар қышқылдарға тән қасиеттерді білетіндіктен, уақыт 
үнемдеу үшін топқа бөліп немесе тақтаға қатарынан бірнеше бала шақырып, 
қышқылдардың   негіздермен,   негіздік   оксидтермен,   әлсіз   қышқылдардың 
тұздарымен,   сұйылтылған   күкірт   қышқылының   металдармен   әрекеттесу 
теңдеулерін   жазып,   электролиттік   диссоциация   теориясы   тұрғысынан 
қорытындылау қажет. Формулалар құру мен коэффициенттер қою назардан тыс 
қалмайды. Осы арада күкірт қышқылына және ерімтал сульфаттарға
сапалық реакция да қарастырылады. Сульфат ионға (S0
4
²ˉ) барий ионы (Ва
2+

реактив екені айтылады:                  S0
4
²ˉ   4+Ва
2+
 → ВаS0
4

                                                                                  ақ түсті тұнба
Концентрациялы   күкірт   қышқылының   ерекшелігі   металдармен 
әрекеттесуінде. Ол мынадан көрінеді: металдармен
өрекеттескенде концентрациялы күкірт қышқылының S0²ˉ ионы - тотықтырғыш 
болатындқтан,   газ   түрінде   сутек   Н
2
  бөлінбейді,   металдың   белсенділігі   мен 
қышкылдың концентрациясына қарай S, Н
2
S, S0
2
 тотықсыздану өнімдерінің бірі 
бөлінеді. Мысалы:
Сu° + 2Н
2
 S0
4
 → СuS0
4
 + 2Н
2
0 + S0
2
 ↑
           конц.
            Cu º – 2 ē → Cu    1
              S + 2 ē   → S        1
Осы арада концентрациялы күкірт қышқылының кейбір металдармен (Ғе, А1, 
т.б.)   әрекеттеспейтіндігін   айта   кету   орынды,   өйткені   бұл   қасиеті   күкірт 
қышқылын темірден, алюминийден жасалған ыдыстармен тасымалдауға жене 
сақтауға мүмкіндік береді. Ал әрекеттеспеу себебі, металдың бетінде қорғағыш 
оксид қабыршағы түзілетіндіктен екенін ескерту қажет. 
Ал қағазға немесе қантқа концентрациялы күкірт қышқылын тамызу арқылы 
көмірленуқараю) себебін түсіндіреді, яғни концентрациялы күкірт қышқылы - 
өте ылғал тартқыш зат екені белгілі. Күкірт қышқылының қолданылуы жайлы 
оқушылардың өз бетінше оқып-үйренуіне болады. Жалпы өтілген тақырыпты 
мынадай пысықтау сұрақтары арқылы қорытындылауға болады.
1 - Концентрациялы күкірт қышқылының физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
2. Концентрациялы және сұйылтылған күкірт қышқылдарының қасиеттерінде 
қандай айырмашылықтар бар? 
88

3. Күкірт қышқылымен жүмыс істегенде және суға еріткенде қандай қауіпсіздік 
техникасы ережелерін орындау қажет?
4. Химиялық өндіріс үшін күкірт кышқылының кандай  маңьізы бар?
5. Күкірт қышқылының қандай маңызды тұздарын білесіңдер? 
Ал   сұйылтылған   және   концентрациялы   күкірт   қышқылдары   жөніндегі 
білімдерін бір жүйеге келтіру үшін төмендегідей салыстыру кестесін жасатуға 
болады (мұғалімнің қалауынша): 
 
Әрекеттесуші заттар
Сұйылт. Н
2
 S0
4
Конц. Н
2
 S0
4
 1.Кернеу қатарында 
сутекке дейін 
орналасқан еталдармен.
2. Кернеу қатарында 
сутектен кейінгі 
орналасқан 
металдармен, т.б.
әрекеттеседі: 
Н
2
S0
4
+Zn→ZnS0
4
 + 
Н
2
 ↑
әр екеттеспейді.
әрекеттеседі:

2
S0
4
 + 3Zn→ 3ZnS0
4
 +
+ S°↓+ 4Н
2
0
әрекеттеседі: Сu+2Н
2
S0
4
СuS0
4
+S0
2
+2Н
2
0
Өтілген   материалды   бекіту   үшін   оқулықтағы   тақырып   соңындағы 
жаттығуларды орындатып, есептерін шығару қажет.
Үй тапсырмасы. § 14. 3-, 8-жаттығулар, 9-, 10-есептер.
16-сабақ. КҮКІРТ КЫШҚЫЛЫН ӨНДІРУ НЕПЗІНЕ ЖАТАТЫН 
ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Сабақтың мақсаты.
1. Күкірт қышқылын өндіруге қажетті шикізат пен табиғи материалдарды 
кешенді пайдалану тәсілі мен реакцияның жүру жағдайы және өндірістің негізгі 
принцптерімен танысу.
2.   Реакцияның   жүру   бағыттарын   талдау   арқылы   оқушыларды 
ұқыптылыққа, үнемділікке, ойлау қабілетін дамытуға тәрбиелеу.
3.   Қайтымды   реакциялар;   химиялық   тепе-теңдікті   ығыстыру 
жардайларын, өршіткіні тиімді пайдалану жөніндегі ұғымдарды дамыту.
Көрнекі   құралдар.  Күкірт   қышқылын   қолдану   және   өндіруге 
байланысты суреттер, кестелер, диапозитивтер, шикізат үлгілері.
Сабақтың   барысы.  Күкірт   қышқылы   не   үшін   қажет?   Ол   қайда 
қолданылады?   —   деген   проблемалық   сұрақтар   қойылып,   оқушылар   пікірін 
білген   соң,   мұғалім   күкірт   қышқылының   қолданылуы   кестесін   талдап, 
оқушылар   ойын   қорытындылайды.   Күкірт   қышқылы   металдарды   өңдеуге, 
минералдық тыңайтқыштар алуға, мұнай өнімін тазартуға, минералдық майлар 
алуға,   глюкоза,   органикалық   бояулар,   талшықтар,   қопарылғыш   заттар, 
сульфаттар алуға қолданылатыны айтылады.
Ал осындай көп қажет болатын қышқылды қайдан, қалай алуға болады 
деп ой тастап, мынадай сызбанұсқаны жүзеге асыру жолдары қарастырылады:
         +О

         +О
2
        Н   
ҒеS
2
 → SО
2
 → SО
3
 → Н
2
 SО
4
,
89

Күкірт   қышқылын   ендіру   кезінде   туындайтын   экологиялық 
проблемаларға да ерекше тоқталып өткен жөн, ягни газдарды ауаға жібермеу, 
күкірт   қышқылының   қауіптілігі,тасымалдау   кезінде   қоршаған   ортаның 
ластанбауы қажет екендігін ескерткен жөн.
Күкірт (VI) оксидін алу сатысындағы реакцияны оқушылардың өздеріне 
теңестіртіп,   реакция   жылдамдығын   арттыру   факторларына   (жанасу   беті, 
концентрация, температура, өршіткі, т.б.) назар аударылады. 
Қайтымды реакцияны қажет бағытына ығыстыру жағдайлары күкірт (VI) 
оксидін   алу   реакциясында   беріледі.   Бұл   оқушылардың   өткен   тақырыпты 
қайталауына мүмкіндік беріп, алған білімдерін әрі қарай дамытады.
Күкірт   қышқылын   өндірудің   әр   сатысын   жеке   талдау   —   оқушы   ойын 
жинақтауда, ынта мен жігерін білім алу үшін жұмылдыруда септігін тигізеді. 
Алған   білімін   пысықтаутау   үшін   параграф   соңындағы   тапсырмаларға   жауап 
беріп, 5- есепті шығару керек.
Күкірт   қышқылын   өндіру   негізне   жататын   химиялық   реакциялар 
тақырыбын   дәстүрлі   емес   сабақ   түрінде   де   өткізуге   болады.   Себебі   бұл 
тақырыптағы   талданатын   реакциялар   оқушыларға   таныс.   Күкірт   қышқылын, 
өндіретін   зауытта   жиналыс   жүріп   жатыр   деп   есептеп:   технолог,   инженер, 
жұмысшылардың сөзі, ойы, реакцияларды қалай жүргізетіні жөніндегі әңгімені 
зауыт директорының (мұғалімнің) қорытынды сөздері ретінде беруге болады. 
Химия   пәнін   қызығып   оқитын   оқушылар   ішінен   технолог-инженерлерді 
сөйлетуге дайындаймыз. Біреуі шикізат  жөнінде егжей- тегжейлі баяндаса,  I 
цехтың бастығы (инженер) күкірт қышқылын өндірудің бірінші сатысын, П цех 
бастығы (немесе инженер) күкірт қышқылын өндірудің екінші сатысын, сонан 
соң үшінші сатысын тағы бір инженер айтып түсіндіреді. Техника қауіпсіздігіне 
жауап   беретін   инженер   —   технологиялық   процестердің   дұрыс   жүруіне, 
өндірістің   экологиялық   қауіпсіздігіне   тоқталады.   Есептер   шығаруға, 
реакциялардың  электрондық   теңгерімін есептеуге жүйрік оқушылар тақтада 
өзінің білімдерін көрсетіп, талдаулар жасайды.
Пысыктауға   сұрақтар   қойылып,   параграф   соңындағы   7-тапсырма, 
алғашқы шикізат ретінде басқа косылыстар алып, реакция теңдеулерін жазуға, 
жаттығуға   болады.   Мұндай   сабақтың   ойын   түрінде   өтуі   оқушылардың 
ынтасын,   сабаққа   қызығушылығын   арттырады,   мамандық   таңдауға   септігін 
тигізеді.
Үй тапсырмасы. §14.6,7-, 8-жаттығулар, 11-, 12-есептер.
90

17-сабақ. АЗОТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Сабақтың   мақсаты.  Окушылар   азот   атомының   және   молекуласының 
кұрылысын,   физикалық   қасиеттерін   өз   бетінше   сипаттау   арқылы   ойлану 
қабілеттерін дамытады. Азоттың химиялық қасиеттерін анықтауды үйренеді.
Көрнекі   құралдар.  Д.И.   Менделеев   жасаған   химиялық   элементтердің 
периодтық жүйесі.
Сабақтың   барысы.  Химиялық   элементті   периодтық   жүйедегі   орнына 
қарай сипаттау білігін дамыта отырып, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап 
бере отырып, оқушылар азотқа толық сипаттама береді. Химиялық қасиеттерін 
талдайды.
Сабақты   бөлме   ауасындағы   азоттың   физикалық   қасиеттерін   (түсі,   иісі, 
дәмі, ерігіштігі, т.б.) сипаттаудан бастаған дұрыс. Оқушыларға азот атауының 
мағынасын түсіндіріп, неліктен азотсыз тіршілік жоқ екендігіне тоқталу қажет. 
Бұл   сұрақтың     жауабы   атмосферадағы   қоры   мол   (78%)   болғанымен   ірі 
организмдер   молекулалық   азотты   емес,   химиялық   байланысқан   азотты   ғана 
сіңіре алатындығына оқушылардың көздерін жеткізеді. Сондықтан да азоттың 
сутекпен қосылысы — аммиакты алудың өте қажет екендігіне тоқталады.
Сондай-ақ табиғаттағы азоттың айналымы жөнінде оқу- лықтағы суретті 
пайдаланып түсіндіріп, сабақтың  өмірмен байланысына назар аударылады.
Үй тапсырмасы. § 15. 5-, 6-жаттығулар, 7-есеп.
18-сабақ. АММИАК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың мақсаты. Азот молекуласындағы байланыстардың аса мықты 
болуына   қарай   химиялық   қасиеттерін   және   қосылыстарын   аммиак 
молекуласының   электрондық   құрылысының   ерекшеліктерін,   кеңістіктегі 
пішінін   ажыратып,   соған   орай   аммиакқа   тән   қасиеттерді   нақтылап   және 
аммоний   ионы   NH+4   түзілуінің   донорлы-акцепторлы   механизмі   жайында 
ұғымдарын   кеңейтеді.   Аммиактың   химиялық   қасиеттері,   тұздарының   алыну 
жолды   және   күнделікті   өмірдегі   маңызымен   танысады.   Оқушылар   аммиак 
өндірудің   негізіне   жататын   химиялық   реакциялардың   жүру   жағдайларымен 
және   аммиак   өндірісіндегі   ғылыми-техникалық   принциптерімен     танысып, 
газдар айналымының (циркуляциясының) маңызын түсінуі тиіс.
Өршіткінің   маңызы,   химиялық   тепе-теңдік   және   оның   ығысу   тәсілдері 
жөніндегі түсініктері дамытылады.
Көрнекі   құралдар.  Аммиак   алатын   және   жинайтын   құрылғы,   қажетті 
реактивтер,   суда   ерігіштігін   көрсетуге   арналған   ыдыс   (фонтан   төжірибесі), 
басқа да химиялық ыдыстар, синтездік аммиак өндіру кестесі, т.б. баспа және 
экрандық құралдар.
Сабақтын барысы. Мұғалімнің жетекші сұрақтарына сүйеніп, оқушылар 
өздеріне   белгілі   теориялар   негізінде   аммиактың   құрылысы   мен   қасиеттеріне 
қорытынды жасайды. Аммиакты химиялық қасиеттерін талдайды.
1.   Аммиак   молекуласында   азот   сутек   атомдарымен   байланыс   түзуге 
қанша электронын жұмсайды?  
2. Аммиак молекуласы неліктен полюсті болады? 
91

3. Аммиакты суда ерігіштігін қалай түсіндіруге болады?
4.   Құрамы   мен   құрылысына   қарағанда   аммиактың   қандай   физикалық 
қасиеттері болуы мүмкін?
Осы   және   т.б.   сұрақтарға   жауап   бере   отырып,   оқушылар   аммиактың 
молекулалық.типті   торы   болады   деп   жорып,   оның   ұшқыштығы,   суда   жақсы 
еритіні (полюсті молекулалы заттар полюсті еріткіште жақсы ериді) жөнінде 
қорытынды жасайды.
Бұдан   соң   осы   ойлағандарын   лабораториялық   тәжірибелер   арқылы 
бекітеді.
1. Берілген реактивтерді пайдаланып, аммиак алады.  Аммиактың ауадан 
жеңіл екенін ескеріп, газ жинау тәсілдерін пайдалануды үйренеді. 
2. Жиналған аммиакты суда еріту үшін фенолфталеин тамызылған суды 
пайдалану арқылы түзілген ерітіндінің негіздік қасиетке ие болатынын көреді.
3. Бөлінген аммиактың өткір иісі болатынына, түссіз екендагіне көздерін 
жеткізеді.
Оқушылар өздері орындаған тәжірибелерге сәйкес реакция теңдеулерін 
жазуы тиіс. Оларға аммиак суда ерігенде жүретін реакция теңдеуін жазғанда 
түзілетін   химиялық   байланыстың   донорлы-акцепторлы   механизмі   туралы 
түсінік беріледі. Аммоний ионының кеңістіктік құрылысы орталығында  азот 
атомы бар тетраэдр екенін және түзілу тәсілі (бөліске түспеген бір электрон 
жұбы қатысуымен) әртүрлі болуына қарамастан барлық байланыстың  бірдей 
екендігі атап көрсетіледі. Аммиак суда ерігенде су молекуласынан сутек ионын 
(протонды)   тартып   алып,   гидроксид   иондарын   түзетіндіктен,   негіз   болып 
табылады. 
Негіз  аммоний   гидроксиді  деп   аталатындығын,   ал   медицинада   мүсәтір 
спирті (10%-тік ерітіндісі) деген атпен белгілі екендігін де ескерткен жөн.
Аммиактың   химиялық   қасиеттерін   қарастырғанда,   қышқылдармен 
әрекеттесу механизмін оқушылар өздері түсіндіре алатын болулары тиіс, себебі 
қышқылдардың   протон   Н
+
  бөле   диссоциацияланатынын   бұрын   оқыған.   Осы 
арада  екі шыны таяқшаны  пайдаланып, отсыз  түтін тәжірибесін (NH
3
  суына 
және   тұз   қышқылының   концентрациялы   ерітіндісіне   батырылған)   жасауды 
ұсынған дұрыс. Тәжірибені мұғалімнін қалауы бойынша басқа да құралдарды, 
ыдыстарды пайдаланып өткізуге болады. Алынған ақ түсті кристалдарды суда 
ерітіп,   аммоний   тұздарының   суда   ерігіштігіне   назар   аударады.   Оқушылар 
реакция   теңдеулерінің   барлығын   өздері   жазады   және   тұздардың   жалпы 
қасиеттері   аммоний   тұздарына   да   тән   деген   қорытындыға   келеді.   Одан   әрі 
аммоний   тұздарының   сілтімен   әрекеттесуін   жасай   отырып,   аммоний 
гидроксидінің аммиак пен суға ыдырайтын әлсіз негіз екенін біледі, әрі осы 
реакция арқылы  NH
+4
 аммоний ионын сапалық анықтауға болатынына көздері 
жетеді:
NH
+4
 + OH ˉ → NH
3
↑ + Н
2
0
Аммиактың   оттекте   жануының   өршіткі   қатысуымен   және   өршіткі 
қатысуынсыз   жүру   жағдайларын   қарастырып,   тотығу   -   тотықсыздану 
реакцияларын электрондытеңгерім әдісімен теңестіріп, коэффициенттер коюды 
92

пысықтату қажет. Бұдан оқушылар аммиактың тек тотыксыздандырғыш қызмет 
атқаратынын біледі.
Аммиак   туралы   білімдерін   бір   жүйеге   келтіре   отырып,   аммиак 
қасиеттерінің   екі   жақты   қарастырылғанына,   яғни   әрі   негіз,   әрі 
тотықсыздандырғыш ретінде сипатталғанына қорытынды жасайды.
Ал   аммоний   тұздарының   тек   ерігіштігін   ғана   емес,   қыздырғанда 
айырылатындығын да оқушылар тәжірибе жүзінде көріп, теңдеулерін жазулары 
тиіс. Тұздарының кейбіреулері күнделікті тұрмыста кездесетінін және олардың 
қолданылатын   жерлерін   айтады.   Мысалы:   NН
4
С

  —   аммоний   хлориді, 
тұрмыста мүсәтір деген атпен белгілі, медицинада дәрі ретінде қолданылады. 
Ал аммоний карбонаты (NН
4
)2С0
3
 нан тағамдарын пісіргенде пайдаланылады:
              t

4
С

  → NН
3
 + НС

 
                 t
(NН)
2
СО
3
 → 2NН
3
 + СО
2
, + Н
2
0
Оқушылар   сабақтың   соңында   азот,   аммиак   молекулаларының 
құрылысын, қасиеттерін пысықтап, азоттың енжар екенін біледі. Сонда ауадағы 
бос азотты байланыстырудын ең тиімда әдісі аммиак синтезі екеніне көздері 
жетеда.   Баска   элементтердей   емес   азоттың   топырақта   жетіспеушілігін 
болдырмау   үшін   тек   тыңайтқыш   түрінде   ғана   берілетіндігі,   ал   азот 
бактериялары көмегімен байланысатын азот мөлшері өте    аз болатынын айта 
кеткен жөн.
Сонымен   қатар   өндірісте   азот   (II)оксидін   N0   алудың     тиімсіз   екендігі 
талданып   түсіндірілуі   керек,   яғни   жұмсалатын   энергия   шығыны   мен   өнім 
шығымы салыстырылады.
Аммиактың өнеркәсіптік синтезіне қажетті шикізаттар және реакцияның 
жүру   қағидайларының   қалай   іріктелетініоқушыларға   айтылады.   Содан   кейін 
өнеркәсіптік   синтез   колоннасы   құрылысымен,   басқа   қажетті   құрылғылар 
(тоңазытқыш,   сепаратор)   және   олардың   жұмыс   істеу   принциптерімен 
танысады. Бұл арада оқушылардың назарын өндірістің ғылыми принциптеріне 
аудару керек: қарама-қарсы ағыс әдісі, үздіксіздік, жылу алмасу, айналым әдісі, 
энергия   шығынын   болдырмау,   өндіріске   реакцияның   өз   жылуын   пайдалану, 
шикізатты   тиімді   пайдалану,   өндірісті   автоматтандыру,   бақылауды 
механикаландыру, т.б.
Тақырыпты   қорытындылағанда   аммиакты   синтез   әдісімен   өндірудің 
ғылыми   негізі   жасағаны   және   өнеркәсіпке   енгізгені   үшін   неміс   ғалымдары 
Ф.Габерге, К. Бошқа 1918 ж. Нобель сыйлығы берілгенін білу, оқушыларға бұл 
өндірістің   қандай   маңызды   екенін   көрсетеді.   Сондай-ақ   аммиак   өндіретін 
қондырғы да үнемі жаңартылып, оның өндіретін өнімінің тиімділігін арттыру 
көзделінуде екенін білгендері жөн.
Оқушыларға   аммиакты   өнеркәсіпте   алуға   арналған   қондырғы 
сызбанұсқасын оқулықтан қарап, бөліктерінің аттарын, жүретін процесті және 
реакцияның жүру жағдайларын ( р, і) дәптерлеріне жазу тапсырылады. Сондай-
93

ақ  реакция  теңдеуі   бойынша   өндірістік   мазмұндағы   есептер   шығару 
ұсынылады.
Оқушылардың   ойлау   қабілетін,ізденгіштігін   арттыру   мақсатында 
мынадай тапсырма беруге болады.
Қазіргі кезде аммиакты таза азот пен сутектен синтездеу арқылы емес, 
ауа, табиғи газ және су буы қоспасына катализдік жолмен әрекеттестіру арқылы 
төмендегі реакция  жәрдемімен алады:
581,0 СН
4
 + 808,0 Н
2
0 + 177,0 0, + 8,0 Аг + 656,7 N = = 1т КН
3
 +581,0 С0
2
 +8,0Аг
(Теңдеуде 1 т  NН
3
  алуға есептелінген газ көлемдері (м3) берілген.) Осы 
қоспада жүруі мүмкін NН
3
 алуға болатын реакция теңдеулерін құрастырыңдар. 
Сабақтың   соңында   азот  қосылыстарының   бір-біріне   айналуларына   арналған 
жаттығуларды орындатып, алған білімдерін бір жүйеге келтіру қажет:
       NН
4
С

→NН
3
→NO→N0
2
               ↓
       NH
4

3
 → N
2
0
Жаңа  материал  талданып   болған   соң,  реакцияласушы  заттардың   біреуі 
артық болған жағдайда реакция өнімін  есептеуге арналған есепті шығару жолы 
таныстырылады.
1-есеп. ■
15 г аммоний хлориді мен 20 г күміс нитраты әрекеттескенде түзілген тұнбаның 
массасы қандай?
15 г          20 г
                                 х г ,
NH
4
С

  + АgNO
3
   → NH
4
 NO

+  AgC

53,5 г      170 г
                        143,5 г
                  15     20
 V1  : V2  =  —  : — = 0.28: 0.11= АgNO
3
   толық қатысады сондықтан 
                  53.5  170
: 143,5; х = 16,88 г,
яғни   есеп   шартындағы   аммоний   хлоридінің   мөлшері   көп   және   артық 
қалатындығын зат мөлшерлерін есептеу (V) арқылы біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет