туғанда, ашады, кірер жалпы қимылды, іс-әрекетті білдіреді,
төрт, жеті - жалпы бір санды білдіреді, ақ, көк, сары - жалпы
түсті білдіреді ягни сапалық сынның белгілері. Міне бүл соңғы
көрсетілгендер - нақты лексикалық мағыналардың жал-
пылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық
магыналар яғни бүлар белгілі бір сөздің гана мағыналық си-
паты емес, белгілі бір топтағы (айталық, заттың атын білдіру
немесе қимыл іс-әрекетті білдіру, т. б.) сөздердің ортақ жалпы
мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы
сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ қүрайды:
дүние, есік, жер - заттың атын білдіретін сөздер - зат есім,
туғаида, ашады, кірер - кимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер -
етістік, төрт, жеті - заттьщ санын білдіретін сөздер - сан есім,
ақ, көк, сары (жақсы, үлкен, биік) заттың сынын білдіретін
21
сөздер - сын есім, т. б. Сөйтіп, сөз лексикалық мағынасы
арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отыр-
са, жалпы грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа
сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық
топ қүрауға бейімделеді.
Сүрақ. Сөзде жалпы заттың атын, немесе жалпы қимылды,
немесе жалпы сынды, т. б. білдіретін бір ғана жалпы
грамматикалық мағына бола ма?
Жауап. Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде
пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың
аты, жалпы қимыл т. б.) басқа да жалпы грамматикалық
мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы
заттың атау ы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық
мағына жекелеген (жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе
алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы
есім); деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға
байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты
атау болуы мүмкін, т б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін
сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты
болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық неме-
се сабақтылық сипатпен қатысты болуы мүмкін немесе
қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін
(қалып, қозғалыс, амал - әрекет, ойлау қабілетіне байланысты,
көңіл күйіне байланысты, т. б.). Бүлардың барлығы да сөздің
жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық
мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағьгаа
біреу ғана емес, бірнешеде болуы мүмкін.
Сұрақ. Оқулықтарда грамматикалық мағына деп лексика-
лық мағынаны айқындай, саралай түсетін немесе грамматика-
лық түлғалар арқылы және басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсу арқылы пайда болатын (туатын) жалпы мағына деп
көрсетіледі. Бүл дүрыс ереже ме және оны қалай түсінеміз?
22
Жауап. Рас, оқулықтарда грамматикалық мағына көбіне со-
лай анықталады. “Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен
жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай
түсетін я сөйлемдегі басқа создермен қарым-қатынасқа түсу
нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына
дейміз. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да
сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да ай-
тылады” (Ы. А.-ҚҚТ, 14). Ең алдымен грамматикалық мағына -
лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық
мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол
лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы
мағынасы.(Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық
мағына одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалық
мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы
пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жүмсалу
мақсатына қарай оған әр түрлі түлғалардың қосылуы арқылы
немесе сөйлемде басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа
түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесінде екінші
қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық
мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен са-
ралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы бо-
лады, жеке сөздерге (формаға) ғана емес, солардың белгілі
топтарына тән оолатындықтан, сөздерді грамматикалық си-
паты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз бола-
ды. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе,
грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу бо-
лады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дүрыс көрсетіліп
жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық
түлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден,
грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа
сөздермен әр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады.
Бүлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанмен,
олардың әрқайсысының мәні, сипаты, грамматикалық ка-
23
тегория үғымына қатысы, сөздің белгілі топтарға бөлініп,
олардың грамматикалық сипатын айқындаудағы ролі бірдей
емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу
тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне
қарай жалпы грамматикалық магыиа, категориялық
Достарыңызбен бөлісу: |