I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Көру бұзылысының құрылымын, оның дәрежесі мен сипатын ескере отырып емдеу-қалпына келтіру жұмыстары



бет32/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
40. Көру бұзылысының құрылымын, оның дәрежесі мен сипатын ескере отырып емдеу-қалпына келтіру жұмыстары Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен қатар, техникалық құралдар және арнайы көрнекіліктер пайдаланылып дербес және топтық сабақтар өткізу түзетуге бағытталады.
Түзету курстары төмендегідей берілген:
- «Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту». Сабақ көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі .Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек.. Сабақ жиілігі – аптасына 2-3 рет. Үздіксіз көру жүктемесі 5-10 минуттан аспау қажет.
- «Түзету ритмикасы». Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға, мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс біліктіліктерін қалыптастыруға және бекітуге үйрету мақсатында өткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау . Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады.
- «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді.
- «Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды , қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі.
- «Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.


41.Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы шарттарының сипаттамасы
Көру қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс істеу үшін дидактикалық материалдардың ерекшеліктері Көру қабілеті бұзылған оқушының кеңістікте бағдарлауы қиындық туғызады, сондықтан оның мектепте өзін жайлы сезінуі үшін мектеп ғимаратына саяхат жасауы қажет. Бұл оған кабинеттер мен мектеп үй-жайының орналасуын есте сақтауына көмектеседі. Барлық кедергілер және бұзылыстар айтылуы қажет,балаға бұрыштар мен есіктерді ұстап көруге мүмкіндік беру қажет.
Нашар көретін баланың бағдарлауы үшін мектепке кіретін баспалдақтарды ашық кереғар түстерге бояп қою қажет, міндетті түрде таяныш болу қажет. Таяныш баспалдақтың екі жағында 70 және 90 см биіктікте, төменгі сыныптар үшін — 50 см болуы қажет.
Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет.
Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет.
Көруі бойынша мүгедектің бағдарлауын жеңілдету үшін мектеп ішінде еденді түрлі рельефті етіп жабуға болады (бағытты өзгерткенде еден рельефі де өзгереді) немесе еденге арналған плиткалар немесе жай ғана кілемнен жасалған жолдар.
Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған киім ілгіште өтушілерден бөлек, арнайы орын арнау және оны таяныштармен, орындықтармен, сөмке, киім ілетін ілгектермен жабдықтау қажет.Баланың есіне сақтауы үшін ол жерге бірненше рет апарып көрсету қажет.
Сыныпта қолжетімді және қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылады: көру қабілеті бұзылған оқушыларға арнап рельефті фактуралы немесе едені кілеммен жабылған белгілі бір оқушы орнын жабдықтау керек.
Жұмыс орнының жарықтануына аса мән беру керек. Парта мұғалім үстелі мен терезеге жақын бірінші орында орналасуы керек. Оқушы диктофонды пайдалануына болады (оның конспектілеу тәсілі). Мүмкіндігіне қарай, әртүрлі сабақта қолданылатын құралдар тек қана көрнекі емес сонымен қатар, зағип бала оны қолымен ұстау үшін рельефті болып келуі керек.
Көз қызметінің мүмкіндігі төмендемеуі болмас үшін шаршауы болмау керек. Дер уақытында сабақ өтетін жердегі іс-әрекет және жағдай түрлерін ауыстыру оқушылардың жұмыс жасау қабілетін көтеруге көмектеседі. В Көзді сақтаудың негізінде жұмыс орнын, үй-жайды тиімді жарықтандыру жатыр. Көру қабілеті бұзылған балалар үшін партаның жұмыс жасайтын бетін, баспалдақты, дәліздерді, денешынықтыру залдарын жарықтандыру жоғары болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет