I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Білім берудің жеке бағдарламалары



бет29/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Білім берудің жеке бағдарламалары – оқушылардың даму деңгейінің өзектілігін ескеріп, оқытылатын пәндер саласындағы және дамудың жақын аймағындағы білім, білік және дағдыларын құрайды.
Жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті сыныптарындағы оқушылардың саны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
Бастауыш сынып мұғалімдері әр түрлі пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі және қалыпты жағдайдағы балаларға білім беруі қажет.
Математика және жаратылыстану пәндерінде зияты бұзылған балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерді ескеруі керек, сонымен қатар, психикалық дамуы тежелген балалардың (ПДТ) психофизикалық ерекшеліктері тұрақты түрде назарда ұсталынуы тиіс.
Адам және қоғам пәндерінде білім саласына байланыстыбалаларды қоғамға бейімдеуде және олардың мінез-құлықтарын түзетудегі жақсы, оңтайлы әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттеріне (әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайы төмен, оралмандар, босқындар, аз ұлттар отбасыларынан шыққан, девиантты мінез-құлықты балалар) сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға көңіл бөлуі керек.
Музыка және бейнелеу өнері пәндерінде тірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту үдерісіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін дамытуын, ұсақ моторикасын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескеруі керек
37. Инклюзивті оқытуда компьютерлік телекоммуникацияларды, ақпараттық ресурстарды және интернет қызметтерін пайдалану
Дамуында ауытқуы бар балалардағы түзету-дамыту жұмыстары үшін арнайы мамандандырылған немесе бейіндендірілген компьютерлік бағдарламаларды қолдану ұсынылады. Оларды қолдану тиімділігі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен жаңа мүмкіндіктерді қолдану дағдысына байланысты. Сондай-ақ мұғалім жаңа инновациялық технологияларды енгізуде балалардың мотивациясын жоғарлатып, психологиялық қолайлы жағдайлар туғыза білуі шарт. Арнайы педагогикадағы жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың басым міндеті — балалардың өздері үйренген негізгі технология мен есептеуіш технологияны оқыту емес, олардың өмір сүру ортасына кешенді түрленген, баланың белсенді шағармашылық әрекетін дамытуда жаңа ғылыми негізделген құралдарды енгізу. Сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары бар балаларды оқыту тиімділігі компьютерлік бағдарламалардың, әдістемелердің оқу процесіне сәйкестік дәрежесіне байланысты. Соңғы кезде ЕБҚБбалалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды жоюда жаңа технологияларға мән берілуде. Компьютерлік технологиялар күшті әрі тиімді түзетуші құрал ретінде қолданылады. Компьютерлік технологиялар дәстүрлі индивидуалды логопедиялық сабақтар құрамына қосымша инновациялық элементтер ретінде енгізілді. Өз жұмыстарында компьютерлік технологияларды қолданушы логопед компьютердің балаға аз да болса кері әсер ететіні жайлы да ұмытпағаны жөн. Коррекциялық курста компьютерлік ойындар қолданатын индивидуалды бағдарламаларды дайындауда зерттеу нәтижелері қарастырылады. Онда ең алдымен компьютерде жұмыс жасаудың қауіпсіздігі, бір баламен сабақтың ұзақтығы, оқушылардың компьютермен орындайтын жұмысқа деген психологиялық дайындығы ескерілуі керектігі көрсетіледі. Мұнда ең маңыздысы — компьютерлік ойындарды дұрыс таңдай білу, яғни баланың физиологиялық және жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктерін ескеру қажет Түзету процесінде компьютерлік технологияларды қолдану баланың зақымданбаған қабылдау қабілеттері негізіндегі компенсаторлық механизмдерін белсенділендіруге септігін тигізеді. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету және оқушылардың көру және есту арқылы қабылдау мүмкіндіктеріне сүйенеді. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы ЕБҚБбалалардың сөйлеу тіліндегі дыбыстық кемшіліктерді түзету мәселелерін қарастыру жолдарын жан-жақты ашуға мүмкіншіліктер күннен күнге жоғарлауда. Инклюзивті білім беруде оқыту ерекшелігіне байланысты басқа құралдармен салыстыру бойынша компьютерлік технологиянының ерекшеліктері: - Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі; білімді меңгеру тәсілімен тек қана оның теңдестік темпі үшін әр балалға қамтамасыз ету мүмкіншілігі; - Дербес өнімді қызметтер мүмкіншілігін ұсынуда; - Кепілденген жүйелік көмекті қамтамасыз ету; Әртүрлі елдерден түзету педагогика саласындағы жетістік талдауы пайымдау негіз береді, бұл арнайы білім беруде компьютерлік технологияның рольі шегінен шығуда. Компьютерлік технологияны дамытуда терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін өзара іс-қимылды қабілетті қамтамасыз ету мен қоршаған ортамен қатынас, бірегейлі құралдар болып табылатындығын мойындаған. Компьютерлік технологиялардың ерекшеліктеріне байланысты жаңа мүмкіндіктер пайда болды: - Баланы оқыту қызметін ынталандыру жағдайында басқа құралдармен мүмкін емес: - Тек қана осы технология базасында ғана мүмкін, жаңа жолға шығу жолын оқытуды құру; - Технология әзірлеуде оқыту мен дамыту арасындағы арақатынасты анықтау; - Дәстүрлі оқыту мен түзетулер міндетін шешуге тиімді әдісінен аса мәнді болып табылдады; - Сапалы жеке оқытудағы жаңа әдістерді әзірлеу; - Инклюзивті білім беруде оқыту ерекшелігіне байланысты оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері: · Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету; · Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету, · Кең таралағн білім көздерінен ақпаратты іздестіру, · Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру; · Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет