Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде


Дүниежүзілік  және  дәстүрлі  діндер



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Дүниежүзілік  және  дәстүрлі  діндер 
көшбасшыларының съезін шақыруды ұсынды. Діни көшбасшылар 
кеңесі  құрылып,  іске  кірісті.  Бұл  алаң  жаһандық  төзімділікті 
нығайтуда зор рөл атқаратынына мен сенімдімін.
2002 жылы БҰҰ-ның йоханнесбург саммитінде сөйлеген сөзімде 
мен 
әлемдік  экологиялық  проблемалар  тізбесін  жасау  туралы 
ұсыныс айттым. содан бірер жылдан соң, 2007 жылы
 Жаһандық 
энергиялық-экологиялық  стратегия,  Энергия  жеткізілімдері 
тұрақтылығының Еуразиялық пактісі туралы ұсыныстар айтылды, 
содан соң 

 
«Жасыл көпір» идеясы ұсынылды.
2004  жылы  мен 
БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесін  кеңейту  және  БҰҰ  Бас 
хатшысының жанынан өңірлік ұйымдар кеңесін құру қажеттігі туралы 
ұсыныс жасадым.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
27
2011  жылы 
БҰҰ  Бас  хатшысы  орынбасарларының  бірі  қазақ-
стандық  дипломат  және  саясаткер  Қасымжомарт  Тоқаев 
болғанын  атап  өткім  келеді.  сонымен  бір  мезгілде  ол  БҰҰ-ның 
Женевадағы  кеңесін  басқарады  және  БҰҰ-ның  Қарусыздану 
жөніндегі конференциясының бас хатшысы болып істейді.
2010  жылы  Қазақстан 
ЕҚЫҰ  төрағасы  ретінде  Астанада  ЕҚЫҰ 
саммитін  өткізуге  қол  жеткізді  әрі  онда  Еуроатлантикалық  және 
Еуразиялық  қауіпсіздіктің  бірегей  континенттік  тұғырнамасын 
қалыптастыру идеясын ұсынды. 
Қазақстанның  тәуелсіздік  жылдарында  ұсынған  бастамалары 
мұнымен де бітпейді.
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз  сыртқы  саясатының  онша 
ұзаққа созыла қоймаған тарихы біздің халықаралық аренадағы белсенді 
ұстанымымыздың 
жоғары мәнділігін көрсетеді.
Жаһандық  дағдарыс  осы  күнгі  дүниенің,  оның  экономикасының 
қандай  қарқынмен  өзгеріп  жатқанын  көрсетті.  Әрі  сол  тектоникалық 
өзгерістерге  кейде  ең  мықты  дамыған  мемлекеттер  де  ілесе  алмай 
қалады.
Жаһандану 
әрбір  жеке  елдің  күллі  адамзат  тағдыры  үшін 
жауапкершілігінің құнын күрт арттырды.
өзіңіз  ойлап  көріңізші,  бізбен  бір  мезгілде  дерлік  тәуелсіздік  алған 
елдердің  әлемдік  қауымдастықтың  «бас  ауруына»  айналғанын, 
көршілеріне және тұтастай әлемдік қауымдастыққа көптеген түйткілдер 
туғызып отырғанын көрсететін мысалдар бүгінде жетіп артылады.
сыртқы  саясат  алаңындағы  біздің  белсенділігіміз  тек  өзімізді 
орнықтырудың,  шетелдік  серіктестеріміздің  құрметіне  ие  болудың, 
халықаралық  атақ-абыройымызды  шығарудың  ғана  амалы  емес 
болатын.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде 
қашан да күллі дүние 
елдерінің арасындағы ажырағысыз өзара байланысты түйсінудің 
биік  парасатты  қағидаты  болды,  ал  жаһандану  заманында  бұл 
елдер, қалай дегенмен де, тұтас бір бүтінді құрайды.

28
G
 - GL
OBAL
Біздің  жауапкершілігі  жоғары,  теңдестірілген,  сарабдал  саясаты-
мызға  бүкіл  әлем  куә,  оны  біз  дүниенің  үйлесімді  дамуына  қосатын 
үлесіміз деп санаймыз.
2007 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында 
сөйлеген сөзімде мен былай деген болатынмын:
«Егер  біз  араздыққа  үйлесімділікті,  төзімділік  пен  руханилықты 
қарсы қойсақ, егер өзара сенім мен ынтымақтастықты негізге алатын 
болсақ, онда дүниеде шешімі табылмайтын проблеманың болмасына 
мен  кепілмін.  Осыны  түсіну  бойға  үміт  ұялатып,  болашаққа  деген 
сенімді нығайтады».
Қазақстан  осы  күнгі  дүниені  дамытудың  сан  алуан  мәселелері 
бойынша  ұсыныстарын  белсенді  түрде  алға  тартумен  келеді.  Біздің 
үніміз естір құлаққа жетеді, біздің пікіріміз еске алынады.
дүниежүзілік саясатта жеткен шептерімізді одан әрі нығайта беру, 
ХХі  ғасырдағы  халықаралық  қатынастар  мен  дүние  тәртібінің  жаңа 
құрылымын қалыптастыру барысында жаһандық шешімдер қабылдау 
үдерістеріне белсене қатысу біз үшін маңызды.
G
-CLOBAL 
ИДЕЯСЫНЫҢ ТУУЫ
Жаһандану  халықаралық  қатынастардың  күллі  жүйесіне 
айрықша қарқындылық пен серпінділік берді.
Жақында  АҚш  мемлекеттік  хатшысы  Хиллари  клинтон  осы 
қызметте өзінен бұрын болғандардың бәрінің ішінде шетелдерге 
жасаған сапарларының саны жөнінен рекорд жасағанын оқыдым. 
мемдепартамент  қызметкерлерінің  есептеуі  бойынша  ол  3 
жылдан астам уақыт ішінде 100 рет сапарға шығып, дүниенің 98 
елінде болыпты, 1350000 километр жол жүріп, шын мәнінде жер 
экваторын 33 рет айналып өтіпті.
менің ойымша, бұл 
– 
американ дипломатиясы белсенділігінің айқын 
көрсеткіші ғана емес, сонымен қоса Америка Құрама штаттарымен 
бірге дүниенің басқа да державалары мен мемлекеттерінің көпшілігі 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
29
қатысатын 
жаһандық  үнқатысулардың  мән-маңызы  күрт 
өскендігінің көрінісі.
Бүгінде  мемлекет  басшыларының  саммиттері  шын  мәнісінде 
халықаралық  аренадағы  «қатардағы»  құбылысқа  айналды.  ең  бері 
салғанда,  екі  айда  бір  рет  әйтеуір  бір  жерде  бірнеше  мемлекет 
басшыларының  әртүрлі  пішімдегі  қатысуымен  жоғары  деңгейдегі 
кездесулері міндетті түрде өтіп тұрады.
2007-2009  жылдардағы  жаһандық  дағдарыс 
дүниежүзілік 
қаржылық-экономикалық  жүйенің  теңдесі  жоқ  сілкінісі  болды. 
содан  бергі  үш  жылдан  аса  уақыт  бойы  дағдарыс  тақырыбы 
халықаралық келіссөздердің бәрінің дерлік күн тәртібіндегі міндетті 
анықтауышқа айналды.
Алайда 
бұл  дағдарыстың  табиғатын  жұрттың  бәрі  бірдей 
түйсіне қойған жоқ. неге десеңіз, әңгіме жаңа сыртқы несиемен, 
әлдебір ішкі резервтерді пайдаланумен еңсере қоятын уақытша 
қиындықтар туралы емес. шын мәнінде, адамзат үшін әлдеқайда 
ғаламдық шешімдерді және жаһандық экономика мен саясаттың 
негіздерін  өзгертуді  қажет  ететін
  өзіндік  бір  ақиқат  сәті 
туғандай.
2011 жылы Қазақстан 
Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтті. Біздің 
жаңа еліміздің қалыптасуындағы күрделі кезеңнің қорытындыларын 
таразылай  отырып,  мен 
жас  өркен  экономикамызды  қолайсыз 
сыртқы  жағдайлардан  қайткенде  сенімді  қорғауға  болатыны 
жайында  көп  ойландым.  екі  онжылдықтың  беделінде  біз  елімізді 
елеулі экономикалық қатерге ұрындырған сондай ықпалды бірнеше 
рет бастан өткердік.
сонда  мен  қазіргі  заманның  қайшылықтарын  біржақты  жолмен 
шеше  қоюға  шамамыздың  жетуі  неғайбіл  деген  қорытындыға 
келдім. Бүкіл дүниенің жұмылған күш-жігері қажет. «үлкен сегіздік» 
пен жаңа пайда болған «үлкен жиырмалық» шеңберінде дағдарысқа 
қарсы шараларды талқылау үдерісі жүріп жатты.
Бірақ жаһандық үнқатысудың 
неғұрлым кең пішімі қажет болды.

30
G
 - GL
OBAL
менің  бастамашылығым  бойынша  құрылған 
Ғалымдардың 
еуразиялық экономикалық клубы 2008 жылдан беріде Қазақстан 
астанасында 
Астана экономикалық форумын өткізе бастады.
осы  үнқатысу  алаңы  белгілі  экономистердің,  саясаткерлердің, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  жаһандық  бизнес-құрылымдар 
өкілдерінің бастарын қосып, қысқа мерзімде әжептәуір беделге ие 
болды.
Астана форумының пленарлық мәжілістеріне ұдайы қатысып, оған 
жиналғандармен  кездесе  жүріп,  әр  жолы  әлем  жұртшылығының 
ең  бір  алуан  жіктерінің  өкілдері  дүние  тағдырына  қаншалықты 
алаңдаушылықпен  қарайтынына  менің  көзім  жетті.  Жаһандық 
дағдарыстан  шығу  мәселелері,  дүниені  одан  әрі  дамыту  жайлары 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
31
тек саясаткерлерді ғана емес, ғылым мен мәдениет қайраткерлерін 
де,  дүниежүзінің  көптеген  елдеріндегі  миллиондаған  қарапайым 
адамдарды да толғандыратынын білдім.
сондықтан  мен 
үздіксіз  үнқатысу  ұйымдастыру  үшін  ғаламтор 
беретін ақпараттық жаңа мүмкіндіктерді пайдалануды ұсындым.
Астана  экономикалық  форумының  сайтында 
коммуникативтік 
алаң құрылды, оны біз G-GLOBAL деп атадық.
ғаламторды пайдаланушы кез келген адам осы алаңға кіріп, өзін 
толғандыратын кез келген мәселе бойынша пікір таласына араласып, 
Астана  форумына  қатысушыларға  бағытталған  ұсыныстарын 
қалдыра алатын болды.
Бұл 
сұхбаттың демократиялық жаңа формасы еді, жұрттың бәрі 

 саясаткерлер де, мамандар да, ғалымдар да және жәй ғана алаң 
көңіл таза адамдар да оған қатыса алады.
Біз Бесінші  Астана экономикалық форумына әзірлікті осы пішімде 
жүргіздік. небәрі бірер айдың ішінде 
G-GLOBAL коммуникативтік 
Ғаламтор-алаңының күнделікті адамдар келімі едәуір өсті. оған 
1 миллионнан аса адам келді, 30 мыңнан аса пайдаланушы оның 
тұрақты қатысушыларына айналды.
шын  мәнінде,  тарихта  тұңғыш  рет 
дүниежүзілік  жаңа 
экономикалық  тәртіпті  қалыптастырудың  жолдарын  қарқынды 
желілік іздеу басталды. оған тек сарапшылар ғана емес, дүниенің 
150 елінен азаматтардың қалың топтары қатысты.
Бұл  постиндустриялық  және  ақпараттық  қоғамдар  жағдайында 
жаһандық  сұхбаттың  ілгерінді  формасы  ретіндегі  G-GLOBAL 
идеясының  көкейтестілігін  көрсетті.  G-GLOBAL  алаңындағы 
интерактивтік  пікірталастар  тақырыбының  қарқынды  түрде 
дүниежүзілік экономика мен валюта-қаржы жүйесін реформалау 
мәселелеріне
 ұласуының нышандық мәні бар.
инновациялық  дамудың,  ядролық  және  экологиялық  қауіп-
сіздіктің, этносаралық және дінаралық төзімділіктің, геосаясаттың 

32
G
 - GL
OBAL
кең өрісті келелі мәселелері және басқа да жайлар талқыланды.
Басқаша  айтқанда,  G-GLOBAL  шынтуайтында  көпкіндікті 
дүниенің 
біріктіруші идеясына айнала бастады. іс жүзінде әрбір 
интерактивтік  жолдамада  ХХі  ғасырдағы  тұрақты  және  әділетті 
әлем сипатын жасау мен 
дүниені жүйелі, үйлесімді жаңғыртуға 
деген үміт айқын «аңдалатын».
сөйтіп,  өзінің  бірінші  оқылымында  G-GLOBAL  идеясы 
дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарысының жаңа толқынын 
болдырмаудың  жолдарын  іздеуде 
күш-жігерді  біріктіруге  әлем 
жұртшылығын шақырған менің үндеуім болды.
Әрі  бұл  үндеу  құлақтарға  жетті  де.  G-GLOBAL  идеясы 
дүниежүзілік қауымдастықтан түсіністік пен қолдау тапты.
оған  деген  алғашқы  лебіздерді  талдау  бірқатар  маңызды 
қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Біріншіден,  жаһандық  коммуникациялардың  даму  деңгейі 
бұрын ешуақытта мұндай болған емес. олар бүгінде және әсіресе, 
болашақта  қашықтықтарды  қысқартып,  уақытты  «сығымдауға», 
тарихи, саяси және басқа да бөгесіндерді еңсеруге қабілетті. 
Бұл  әлеует  тек  ақпараттық  арандатулардың,  «қолайсыз» 
қоғамдардағы  моральдық  негіздер  мен  қоғамдық  тәртіпті 
нысаналы түрде бүлдірудің құралы бола алмайды. ол 
сындарлы 
мақсаттарға,  соның  ішінде  дүниені  тұрақты  түрде  дамыту  үшін 
жаһандық үнқатысуларды орнықтыруға 
жұмсалуы тиіс.
Екіншіден, бүгінде дүние жаңа жағдайда өмір сүруді үйренуде. 
Әрі  бұл  сабақ  жайдан-жай  игерілмей,  әлдебіреулер  үшін  зор 
қиыншылыққа түсуде.
мен,  ең  әуелі,  қоғамдардың  өркендеу  жолымен,  жаңа  техно-
логиялық  салт-сана  және  қоғамдық  қатынастар  деңгейіне  қарай 
эволюция жолымен жүру қабілетін айтып отырмын.
Үшіншіден,  ХХі  ғасырда  жаһандық  дүниенің  құрылымы  көп 
жайларға  байланысты.  солардың  ішінде  қазір  бүкіл  дүние 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
33
байтағындағы 
миллиардтаған 
адамдардың 
әділеттілікке 
талпынысын байқауға болады.
ХХі  ғасырда  әділеттілік  дейтін  тек  мораль  категориясы  ғана 
емес.  ол 

  ұлттық  және  жаһандық  ойдағыдай  дамудың  шешуші 
шарттарының бірі.
ХХі  ғасырда  «үшінші  дүниенің»  табиғи  ресурстарын  «соруға» 
негізделген әлеуметтік-экономикалық үлгілер 

 азғын. сонымен бірге 
өндірістік емес мақсаттарға деп сырттан ұшы-қиыры жоқ қарыз алу 
және өз елінің индустриялық өркендеуі мен адам әлеуетін дамытуға 
қаржы  салудан  бас  тарту  практикасының  келешегі  бұлдыр.  «Араб 
көктемінің»  де  және  ішінара,  «еуроаймақ  дағдарысының»  да  бізге 
берер сабағы осындай.
Төртіншіден, халықаралық қауымдастық жаһандық тарихтың 
ең санқырлы әрі күрделі кезеңдерінің бірін бастан өткеріп жатыр. 
Бұрын ешуақытта адам баласының ойдағыдай дамуына да, өзін өзі 
құртуына да мұншама зор әлеуеті болған емес.
осыны  түйсіну  жалпыәлемдік  проблемаларды  тек  қана  кешенді 
негізде  шешудің  өзектілігін  арттырады.  Бүгінде  тек  экономика 
немесе  «климаттың  жылынуы»  проблемасын  шешу  жеткіліксіз. 
сонымен  бірге  ядролық  қатерге,  бықси  бастаған  жанжалдарға, 
төзімділіктің жетіспеушілігіне немесе әлеуметтік топтардың болсын, 
сондай-ақ жекелеген мемлекеттердің болсын деңгейіндегі ауқымды 
масылдыққа  бастайтын  әлеуметтік  саясаттағы  кереғарлықтарға 
назар аудармасқа болмайды.
Бесіншіден,  халықаралық  қатынастардың  бүкіл  жүйесін 
тоқырау жағдайынан шығарудың маңызы зор.
мұндағы  басты  міндет 

  ашық  райлы  әлемдік  саясатты 
қалыптастыру.  оның  іргетасын  мемлекеттер  арасындағы  сенімнің 
биік деңгейі және олардың әрбір өңір мен бүкіл дүниенің бүгіні мен 
болашағы үшін өзара жауапкершілігі құрауы тиіс.
Бұқпантайлы 
«бүлдіргіш 
көпкіндіктілік» 
қағидаттарына 

 

34
G
 - GL
OBAL
дүниежүзілік саясаттың астыртындығына, төзімсіздігіне, екіжақты стан-
дарттарды  пайдалануға,  мемлекетаралық  проблемаларды  шешудегі 
күш қолдану әдістерінің басымдылығына, тұрақсыздықты экспорттауға 
және басқаларға 

 сындарлы жаһандық баламаны қарсы қою керек.
G-GLOBAL идеясының 
ерекшеліктері мен әлеуеті неде?
G-GLOBAL 

 
қасаң  теория  емес,  ашық  жүйе.  ол  ХХі  ғасырдағы 
әлем сипатын реформалаудың кешенді идеясы мен нақты жоспары 
түріндегі неғұрлым өзекті жаһандық бастамаларды жүйеге келтіруге 
мүмкіндік береді.
ең  маңыздысы 

 жаһандық проблемаларды талқылауға неғұрлым 
қалың  нөпір  қатысушыларды 

  мемлекеттердің,  халықаралық 
ұйымдар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдардың  басшыларын,  ғалымдар 
мен сарапшыларды, халықаралық бизнес басшылары мен ірі ұлттық 
кәсіпкерлерді,  саясаткерлерді  және  дүниенің  әртүрлі  елдерінің 
азаматтарын тартуды қамтамасыз етеді.
дүние  жұртшылығы  G-GLOBAL  бастамасынан  дүниежүзілік 
қауымдастықтың  көпқырлы  әділеттілік  қағидатын  қажетсінуіне  дер 
кезінде  берілген  жауапты  көрді.  Ақпараттық  заманның  өркениеттік 
идеясы  ретінде  ол  барлық  елдерге,  ғаламтор  кеңістігінің  барлық 
аймақтарына,  Бүкіләлемдік  желідегі  әділетті  және  қауіпсіз  дүние 
тәртібінің  орнауына  мүдделі  миллиондаған  пайдаланушыларға 
бағытталған.
G-GLOBAL  бастамасы 
адамзат  тағдыры  туралы  жаһандық 
пікірталасқа келелі сипат беріп, барлық кінәратсыз күштерді прогресс 
пен болашақтағы неғұрлым қауіпсіз дүние үшін сындарлы негізде біріктіре 
алады. 
Жаңа  ақпараттық  мүмкіндіктер  тұрақсыздықты  экспорттаудың 
бүлдіргіш  мақсатында  жанталаса  пайдаланылып  жатқан  жағдайда 
G-GLOBAL  идеясы  дағдарыстан  шығудың  жолдарын  желі  бойынша 
іздеуді  жолға  қоюға,  ол  үшін  бүкіл  дүние  жүзіндегі  миллиондаған 
ғаламтор пайдаланушыларын біріктіруге үндейді.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
35
мен барша жұртты G-GLOBAL идеясын талқылауға шақырамын. 
оның  әлеуеті  дүние  жұртшылығының  кең  қолдауымен 
өсе 
беретініне сенімдімін.
сондықтан  мен  осы  аттас  коммуникативтік  алаңның  пішімін 
кеңейтуді  және  аса  қуатты  арнаулы  ғаламтор-портал  жасауды 
ұсындым.
G-GLOBAL  әлеуетін 
жаһандық  саясаттың  барлық  жетекші 
салаларына  тарату  тиімді  болмақ.  Бүкіләлемдік  желі  тек 
дүниежүзілік  экономика  мен  қаржы  жүйесінің  пәрменді  үлгісін 
жасауға  деген  құлшыныстың  ғана  емес,  сондай-ақ  ядролық 
қарусыз дүние жолындағы жаһандық қозғалыстың, мәдениеттер 
мен  өркениеттер  үнқатысуының,  ғаламдық  экологиялық  қауым-
дастықтың,  сондай-ақ  еуроАтлантика  мен  еурАзия  кеңістігіндегі 
континенттік  қауіпсіздік  тұғырнамасы  туралы  идеяға  кең  қолдау 
көрсетудің де артикуляциялық тетігіне айнала алады.
осы  бағыттың  бәрі 
G-GLOBAL  Әлемі  Стратегиясының 

 
ХХі  ғасыр  мен  одан  кейінгі  ғасырлардың  да  терең  қойнауына 
бағытталған 
Болашақ Стратегиясының құрамдас бөліктері бола 
алар еді.
нақты  халықаралық  қатынастар  ауқымында  G-GLOBAL 
бастамасының қазіргі жаһандық үдеріске елеулі ықпал ете алатын 
геосаяси инновация ретінде қыруар әлеуеті бар.
мен G-GLOBAL идеясы дүниенің халықаралық қатынастардағы 
әділетті жүйесі болуына мүдделі 
ірі де, орта мөлшерлі де, шағын 
да  елдерінің  абырой-беделін  бір  саты  жоғары  көтеретініне 
үміттімін.
G-GLOBAL  жобасы  жаңа  кереғарлықтарға  «тарап»  бара  жатқан 
дүние  үшін  кең  құлашты  біріктіргіш  идея  ретінде  көрінуде.  Бұл 

 
жаһандық  экономиканы,  дүниенің  идеялық  тіректерін  және 
халықаралық  қатынастардың  күллі  жүйесін  зақымдаған  жүйелік 
дағдарысқа берілген жауап.

36
G
 - GL
OBAL
менің  көпжылдық  саяси  тәжірибем  G-GLOBAL  идеясы  әлемдік 
қауымдастықтың 
басым  көпшілігі  тарапынан  жылы  шырайлы 
қолдау тауып, соған сай өтімді болатынын айтады.
Біз бірлесе отырып, G-GLOBAL-дың басты мақсатына жететінімізге 

 
дүниежүзілік  қауымдастыққа  ХХі  ғасырдың  үш  үрдісінің 

жаһанданудың,  өңірленудің және ұлттық жаңғырудың сындарлы 
үйлесіміне  негізделген  әлем  сипатының  өзара  сүйкімді  үлгісін 
ұсынатынымызға сенімдімін.
саяси  ерік-жігер  болған  жағдайда  жаһандану  дәуірінің  көптеген 
қайшылықтары  G-GLOBAL  идеясының  негізінде  және  ғаламдық 
деңгейде 
мемлекетаралық  шешімдер  қабылдаудың  жаңа  тетігін 
жасау арқылы шешілетіні айпарадай анық.
сонымен қоса 

 мұны мен баса көрсету қажет деп санаймын 

 бұл 
ұсыныс 
қалыптасқан дүние тәртібінің негіздерін шайқалтпайды.
Бұл  оны  дәйекті  түрде  жақсартып,  қазіргі  және  болашақтағы 
геосаясат  пен  геоэкономиканың  маңызды  құралы  ретінде  сенімді 
дамыта береді.
G-GLOBAL идеясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі,  G-8, 
G-20 сияқты және басқа да 
халықаралық өзара ықпалдастықтың 
жұмыс  істеп  тұрған  пішімдерін  жоққа  шығармайды.  Бұл  оларды 
бір-біріне қарсы қоймайды, қайта оларды қисынды түрде дамытады, 
өзара  тиімді  ғаламдық  шешімдерді  әзірлеу  мен  қабылдау  үдерісіне 
мемлекеттер  арасынан  болсын,  халықаралық  қатынастардың  басқа 
субъектілерінен болсын қатысушыларды неғұрлым көп тарта отырып, 
бастарын біріктіреді. 
Жаңа дүниеде жетекші халықаралық құрылымдар (БҰҰ, дүниежүзілік 
банк, ХВҚ, еҚыҰ, сАшҰ және басқ.) аса ірі мемлекеттердің қамын жеп 
қана қоймай, шынында, бүкіл дүниенің мүддесін ойлауы керек.
G-GLOBAL  идеясы 
әлем  сипатын  неғұрлым  демократиялы 
етуге  бағытталған,  ал  бұл  БҰҰ  қағидаттары  мен  барлық  елдердің 
мүдделеріне толық сай келеді.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
37
Бұл  тұрғыда  G-GLOBAL  идеясы  Қазақстанның  халықаралық 
беделін  көтерудің  маңызды  факторы  ретінде  көрінеді.  онда 
Қазақстан  сыртқы  саясатының  бітімгершіл  әлеуеті  ашылады, 
елдің әлем сипатын жасау келешегіне деген дербес пайымы паш 
етіледі.
Адамзат 
қайшылықсыз, біріктіруші идеяға көптен зәру. оған 
оң  сипатты  жаһандық  дүние  құрылымының  мүмкіндігін  және 
прогресстің үздіксіздігін негіздейтін байыптама қажет. 
Барлық  мемлекеттердің  адам  әлеуетінің  өсуін  қамтамасыз 
ететіндей  мүмкіндігі,  ал  әр  адамның  өзін  өзі  көрсете  алатындай 
құқығы  мен  жағдайы  болуы  үшін  G-GLOBAL  әлемінде  ел-елдің 
арасындағы  экономикалық  даму  деңгейінің  айырмашылығын 
кеміту керек.
Бұл 

  дағдарыстардан  сенімді  түрде  қорғалған,  пәрменді 
дүниежүзілік валютасы, сауда мен ынтымақтастағы әділетті жүйесі 
бар 
өркендеген жаһандық экономикасы болатын дүние.
Бұл дүниеде жоғары технологиялар барлық адамдардың бақыты 
мен игілігі үшін қызмет етеді, онда экономика мен экология бір-
біріне қайшы келмейді.
Бұл дүниеде халықтар мен мемлекеттер арасында әділеттілік 
пен сенім орнаған, ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің 
берік негізі қаланған.
Бұл 

  проблема  біткеннің  бәрі  сенім  мен  құрмет  негізінде 
шешілетін 
ұлттардың,  мәдениеттер  мен  діндердің  төзімділік 
жайлаған қауымдастығы.
Бұл 

  ядролық 
құрып  кетудің  қаупінен  мәңгіге  арылған, 
жаппай қырып-жоятын қарудан ада біздің планетамыз.
сарыуайымшылдар  мұның  бәрі  ара-тұра  адамдардың  өздері 
ойлап табатын құрғақ қиялға ұқсайды деуі мүмкін. Әрине, ондай 
пікірмен дауласып жатудың өзі қиын, бірақ мен оның бәрібір олай 
емес екенін айта аламын.

38
G
 - GL
OBAL
G-GLOBAL  әлемі 

  аңыз  емес,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет