қабырғада ілулі
тұрған әлем картасы түскені есімде. ол түп-түгел қызыл және көк
жалаушалармен белгіленген екен.
Әлбетте, қызыл жалаушалармен кеңестік саясатқа бейім, ал көк
жалаушалармен, ол кезде ксРо-да айтылатындай, империалистік
бағдардағы елдер белгіленіпті. Африка мен латын Америкасының,
оңтүстік-шығыс Азияның жекелеген мемлекеттеріне бірден екі
жалауша қадалыпты.
Бұл оларда «ықпал үшін күрес» жүріп жатқанын білдіретін еді.
сол кезде дәл осындай карта Вашингтондағы әлдебір кабинетте
де ілулі тұрған болар деп ойлаймын. Жекелеген елдің сүйкімі мен
өркенділігі «өзіміздікі
–
өзгенікі» дейтін мейлінше қарабайыр тәсіммен
қарастырылған, ал бүкіл дүние
қатаң екі тарапқа «бөлінген» сол
күндердің сипаты осындай болатын.
ксРо-ның ыдырауы көптеген сарапшылардың
дүние, сірә,
«біркіндікті» болды деп санауына негіз берді.
90-шы жылдардың басында халықаралық аренада АҚш-тан
қуатты мемлекет болмағанына сөз жоқ.
Қазір де американ экономикасы, Американың әскери қуаты
объективті түрде кез келген елдің әлеуетінен асып түседі.
Бірақ сөйте тұра, ХХ және ХХі ғасырлардың осы өтпелі екі
онжылдығында дүниеде
дамудың жаңа жаһандық орталықтары
пайда болып, бірте-бірте
экономикалық және саяси салмағын
арттырып келеді.
ортақ рыногы мен бірыңғай валютасы бар, ішкі және сыртқы
саясат үйлесімінің деңгейі жоғары
Еуропалық Одақ пайда болды.
оған шығыс еуропа мен ксРо-ның бұрынғы Балтық жағалауы
елдері қосылды.
Қытай Халық Республикасы ғаламат табыстарға жетіп, жаһандық
экономика мен саясаттың ту ұстаушыларының біріне айналды.
50
G
- GL
OBAL
шығыс пен оңтүстік-шығыс Азияның бірқатар мемлекеттері
–
Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур және басқалар жоғары даму
қарқынына жетті.
Парсы шығанағының өңірі дүниенің қаржы-экономикалық
орталықтарының біріне айналды.
Бразилия батыс жарты шарындағы экономикалық алыптардың
бірі болып отыр.
Үндістан мен ОАР өздерінің экономикалық қуатын
ойдағыдай арттыруда.
Ресей сенімді даму жолына түсті.
Бұл елдер Қытаймен бірге жаңа халықаралық құрылым
–
БРИКС-
тің қатысушыларына айналды.
Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің кеден одағы негізіндегі
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру үдерісінің орасан
зор әлеуеті бар. Ресейлік және белорустық серіктестерімізбен бірге біз
жаһандық дүниені экономикалық-технологиялық дамытудың бәсекеге
қабілетті және өркенді таралу аймағына айналмақшымыз.
осы
жаңа полюстердің болуы
–
ХХІ ғасырдың шындығы.
Ал ендігі өзекті мәселе осы полюстер арасындағы өзара қарым-
қатынас қандай болмақшы дейтін сұраққа саяды.
Бұл өзі адал және ақ ниетті бәсеке мен бейбіт жарыс бола ма?
немесе дүние идеологиялық және саяси қатаң текетірестің
майданына айнала ма?
сірә, мен жоғарыда жазған бүлдіргіш көпкіндіктілік дүниені
геосаяси бәсекелес, орталыққа қарсы тұратын күштерге ыдырату
қаупін тудыратын сияқты. Бірақ ол
–
тұйыққа тірейтін жол,
адамзат
ресурстарын сарқатын жаһандық «жанталаса қаруланудың»
жаңа жолы.
ХХі ғасырдың екінші онжылдығының бастауында «екінші
қырғиқабақ соғыстың» қаупі дүниеде қайтадан қылаң беруі тегін
емес қой. Халықаралық қатынастардың осы заманғы проблемалары
туралы пікірталастардың барысында биполярлық дүние кезіндегі
көпірме сөздің қайтадан «еске түсетіні» қатты алаң етеді. Жекелеген
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
51
елдер арасында сенімсіздіктің, алуан түрлі секемшілдіктің өсу үрдісі
байқалады.
егер бұл үдерісті тоқтатпаса, егер халықаралық аренадағы
сенімді нығайтатын шешімдер қабылданбаса, онда өңірлік шиеленіс
ошақтарының тұтану қаупі пайда болып, ол ядролық қарудың таралу
үдерісіне жол беріп, халықаралық лаңкестік пен сойқандықтың
қатерін күшейтуі мүмкін.
Бұл әпербақандық пен қауіп-қатердің жалғыз баламасы
–
сындарлы көпкіндіктілікті, яғни биполярлық дүниенің жағымсыз
мұрасы
–
одақшылдық психологиясынсыз геосаяси тежемелік
пен теңгермеліктің теңдестірілген жүйесін қалыптастыру.
сындарлы көпкіндіктілік барлық елдерді, халықаралық ұйымдарды,
мемлекетаралық өңірлік бірлестіктерді ынтымақтастық пен өзара
әрекеттестікке жұмылдыруы тиіс.
онда
геосаяси кергушілікке, жекелеген елдерге даурықпа кедергі
жасаушылыққа орын болмауы керек.
сындарлы көпкіндіктілік мемлекеттердің қуатты интеграциялық
бірлестіктерін қалыптастыруды көздейді, жақын арада еуразиялық
экономикалық одақ солардың біріне айналмақшы.
полюстер арасындағы қатынастар жанжалдар мен сауда
соғыстарына ұласуы тиіс емес. сындарлы көпкіндіктілік жағдайында
ғана ХХі ғасырда дүние тұрақты, қауіпсіз сипат алып, өзінің көпқырлы
күш-жігерін жаһандық экономиканы дамыту мен келелі міндеттерді
шешуге жұмылдыратынына мен сенімдімін.
***
ХХі ғасырдағы адамзат өркениеті дамуының сындарлылығы, менің
ойымша,
G-GLOBAL-дың осы бес принципі негізінде қамтамасыз етілуі
мүмкін. олар осы жүзжылдықта қалыптасуға тиісті дүние тәртібі жаңа
құрылымының бүкіл өзегін қамтуы керек. Әрі олар
БҰҰ мен күллі ха-
лықаралық құқық жүйесінің
негізгі құжаттарында тиянақталуы тиіс.
52
G
- GL
OBAL
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
53
Әлемінің
ҚосылғыштАРы
II ТАРАУ
G
GLOBAL
54
G
- GL
OBAL
1. ЖАһАндыҚ ҚАРЖылыҚ-экономикАлыҚ
ЖАңА Жүйе
Дүниежүзілік дағдарыс –
жаһандық қаржылық-экономикалық
өзгерістің мүмкіншілігі
2007-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыс пен оның салдары
дүниежүзілік экономиканы шайқалтты әрі сонымен бірге жалпы-
дүниежүзілік проблемаларды
тереңнен толғаған парасатты па-
рықтау үдерісіне дем берді.
дағдарыстан шығу және оның сұрапылы алдына сенімді тосқауыл
қою, ең алдымен,
дүниежүзілік қаржы жүйесін жаһандық қайта
пішімдеу негізінде ғана мүмкін болатынын түсіну күн өткен сайын
орнығып келеді.
дағдарыс кезінде дүниежүзілік экономикада, қаржыда, нақты
секторда елеулі өзгерістер болды. дүниежүзілік қаржы жүйесіндегі
елеулі сәйкессіздіктер өзекті проблемаға айналды. дағдарыс
жұмыс
істеп тұрған валюта-қаржы жүйесі ескіргенін, өйткені дүниежүзілік
қауымдастықта оның жұмысын бақылау тетігінің жоқтығын айқын
көрсетті.
Әрі десе, мен жаһандық дағдарыстың басты себебі
дүниежүзілік
резервтік валютаның ақаулығында деп білемін.
дүниежүзілік резервтік валюта эмиссиясы мен айналымының
қалыптасқан тәртібі заңдылық, демократиялық, нақтылық, бақы-
ланбалылық, тиімділік, жауаптылық және т.б. өлшемдеріне сай
келмейді.
нақ осы себептен қазіргі дүниежүзілік валюта-қаржы жүйесі
макроэкономикалық принциптерді бұрмалайды, ал бұл көбінесе
өсуді баяулатады және пайда болған қиыншылықтарды шешуге
кедергі жасайды.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
55
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс терең экономикалық
сызаттардың түсуіне себепші болды.
Бір өкініштісі, айналысқа түскен арзан ақшалардан тұратын
әртүрлі және көлемі жағынан үдемелі, дағдарысқа қарсы қапшықтар
түріндегі
ақша массасы болып «жапсырыла» бастаған да солар
еді. Бірақ одан дүниежүзілік экономикадағы жарықшақ бітелген
жоқ, тек сәл-пәл сыланған болды.
сөйте тұра әлі күнге дейін
дағдарысқа қарсы тұрудың
пәрменді тетігі де, жинақ ақшаны сақтауға және экономикалық
тұрақтылыққа кепіл боларлықтай сенімді әлемдік резерв
валюта немесе өңірлік валюталар тобы да жоқ.
«кешегі күннің валютасын» қосымша шығару ұзақ мерзімді
жоспарда жаңа экономикалық сілкіністерді тоқтата қоюы екіталай
екені анық байқалды.
олар бірқатар елдердің экономикалық дамуындағы жұмыс-
сыздықтың биік деңгейі, елеулі дәрежедегі бюджет тапшылығы,
мемлекеттің және қарыздың көп мөлшері сияқты ішкі кереғарлықтың
салдары болатын әлеуметтік дүмпулердің
алдын алуға дәрменсіз.
оның жарқын мысалы
–
еуро аймағындағы жағдаяттың дамуы.
соңғы екі жылдан бері біз онда
«домино әсері» етек алғанын
байқаудамыз: грекияның, кипрдің, италияның, португалияның,
испанияның, ирландияның
ұлттық экономикалық жүйелері
бірінен соң бірі
тұралауда.
тұтастай алғанда, дүниежүзілік экономиканың жандануы
әлі де болса оның тұрақты қалпына келгенінің көрінісі емес.
экономикалық дамудың әркелкілігінде зор тәуекелшілік қаупі бар.
туынды қағаздармен үдеме сауда жасау жалғасуда, бұл әсіресе,
жедел дамып келе жатқан шикізат рыноктарының аясында анық
байқалады. Жалдаптық капиталды одан әрі дабырайту жүріп
жатыр,
қаржы секторы мен нақты экономика арасында оңтайлы
баланс жоқ.
56
G
- GL
OBAL
осының бәрі дүниежүзілік қаржы құрылымын жедел реформалау
үшін серпінді де пәрменді шаралар қолдану міндетінің қаншалықты
келелі екендігін көрсетеді.
Адамзат сорақы қайшылыққа кезігіп отыр: демократияға ұмтылған
ол тек бір елдің қаржы орталығы айналысқа шығарған тоталитарлық
валюта жүйесіне тап болды.
демек, жаһандық дағдарыс
–
өмір сүріп отырған жүйенің тереңде
жатқан ішкі ақауының салдары.
Ақылға қонымсыз осы жағдаяттан шығудың жолы бар ма? егер
бар болса
–
онда
қай бағытта жүрген дұрыс?
менің білуімше, осы томаға-тұйық шеңберден шығудың жолы бар
болса керек. Ал бірақ орын алып отырған валюта-қаржы жүйесіндегі
ақауды жою үшін күні бүгінге дейін болып көрмеген батыл шаралар
қажет.
Атап айтқанда, тауарлар мен қызметтер құнының әлдеқашан
пісіп-жетілген және болмай қоймайтын нақты өлшеуіштеріне
–
жаңа
тұрпатты және жаңа сападағы қаржылық амалдарына көшу
керек.
Жаһандық экономиканың шынайы жаңғыруы тек осындай
ғаламдық геоқаржылық инновациядан ғана (бұрынғы жүйені ішінара
сылап-сипаудан емес) басталуы тиіс.
Адамзат дүниежүзілік валюталардың жаңа тұрпатын сөзсіз
енгізіп, заңды түрде қабылдайтынына еш күмән жоқ. ерте ме, кеш
пе, әйтеуір дүниежүзінің қаржы элитасы оны қажет ететін болады.
Адамзаттың өз дамуы сияқты, бұл үдерісті де ешкім тоқтата алмайды.
дүниежүзілік қаржы жүйесінің ақаулығы қазірдің өзінде-ақ кейбір
елдерді баламалы валюталарды пайдаланудың нақты қадамдарын
жасауға мәжбүрлеп отыр.
түптің түбінде дүниежүзінің барлық экономикалары жалпыұлттық
есеп айырысу-төлем бірлігін, ал содан соң мейлінше жаңа тұрпатты
жаһандық валютаны жасау мен енгізу қажеттігіне келеді.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
57
Қазіргі дәуірде, дүниежүзілік дағдарыс сабақтарын ескере отырып,
біз
ескі дүниенің кем-кетіктерін еңсеру және дүниежүзілік
экономиканың, саясат пен жаһандық қауіпсіздіктің жаңа үлгісін
жасау жөніндегі бірегей мүмкіндікке ие болып отырмыз.
ескі валюталардың орнын басатын жаңа тұрпатты дүниежүзілік
қаржы құралдарының белгілері ретінде
бірқатар өлшемдерді атап
көрсетуге болады.
Біріншіден, бұрынғы, заңды емес дүниежүзілік резервтің
валютадан айырмасы
–
жаңа дүниежүзілік валюта заңды болуы
тиіс. негізгі пайдаланушылары әзірлеп, елдердің басым көпшілігі
қабылдаған
Дүниежүзілік валюта (мен оны Globo валютасы деп
атаған болар едім)
туралы шарт қажет.
Бұл шарт жаңа валютаның жалпыұлттық халықаралық мәртебесін
және
дүниежүзілік эмиссиялық орталық (дүниежүзілік банк)
арқылы оны шығару қағидаттарын белгілейтін болады. мұндай жүйе
адамзат тарихындағы мейлінше заңды және ашық дүниежүзілік
валютаның негізі болар еді.
Екіншіден, жаңа орталық арқылы жаңа валюта шығару санаулы
елдер тобының емес,
барша адамзаттың мүддесін ойлауы тиіс.
дүниежүзілік валюта шығару мен оның тетігін басқару рәсімі ашық
және айқын болуы шарт.
дүниежүзілік валюта туралы шартқа қол қоюшы мемлекеттердің
бәрі оның шешімдерін қабылдауға қатысулары тиіс және эмиссия
мен эмитенттерді басқаратын демократиялық рәсімдер бойынша
жұмыс істеуші органдарды құруға міндетті.
Үшіншіден, дүниежүзілік валюта эмитентін пайдаланушылар
тарапынан бақылауға алу критерийі өте маңызды. Жаңа қаржы
аспабы бақылауда болатын әрі адамзат дамуының ұзақ мерзімді
нысанасына қызмет ететін мақсаткерлі аспап болуы тиіс.
Төртіншіден, бұл
–
дүниежүзілік валюта эмитентінің негізгі
өз субъектілері
–
елдер, компаниялар, азаматтар мен барша
58
G
- GL
OBAL
дүниежүзілік қауымдастық алдындағы жауапкершілік өлшемі.
эмитенттердің жаһандық дағдарысты туғызған себеп секілді
жауапсыздығына жол берілмеуі тиіс.
Ақыры,
бесіншіден, жаңа валюта
–
тауарлар мен қызметтердің
шынайы құнын нақты өлшейтін аспап әрі бағалық-бағдарлы және
байыпты бәсеке мен пайданың аспабы.
Бұл критерийлер жайында мен 2009 жылы жарияланған
мақалаларымда айтқанмын, бірақ үстірт қана жасалған
бағамдаманың өзі бұлардың бірде-біреуі бойынша дүниеде
ешқандай өзгеріс болмағанына кез келген сарапшының көзін
жеткізеді.
Қаржы секторы
нақты сектордан алшақ дамымауы тиіс.
Жаңа экономикалық үлгі алдампаздық пен ысырапқорлыққа жол
беруге болмайтын адал әрі әділетті дүниежүзілік қаржы, валюта
жүйесіне негізделуі керек. Яғни адамзаттың қолымен жасалған
игіліктер жасампаздық пен әр адамның өркендеуіне, рухани өсуі
мен жетілуіне бағытталатын болуы тиіс.
дүниежүзілік валютаның жұмыс істеуі адамзаттың, тұтастай
дүниенің даму мақсаттарына сәйкесіп, толық мағынада тұрақты,
дәйекті даму мен гүлденудің міндеттеріне үйлес келуі керек.
Бұл қағидаттар мен критерийлерді жаңа қаржы құрылымының,
дүниежүзілік валюта туралы шарттың негізіне, оның пәрменділігін
ұдайы өлшеу мен дәлелдеудің жүйесіне енгізу шарт. тек осылай
еткенде ғана жаңа жүйе адамзаттың дәйекті дамуының
өнімді әрі
ақаусыз қайнар көзіне айналады.
осындай сапалары бар валютаны енгізу адамзатты қазіргі
жаһандық дағдарыстан шығарудың кепілі болмақшы.
сонымен бірге мұндай қаржылық инновация дүниежүзілік валюта
–
қаржы жүйесі тектік кодының өзін түбегейлі өзгертіп жібереді.
Жаңа тұрпатты валютаны әзірлеп, енгізудің бұл міндеті
–
келелі,
нақты және пайдалы.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
59
дағдарысты уақыт пен дүниежүзілік жаңа, ақаусыз валюта дәуірінің
(G-GLOBAL дәуірінің) арасында адамзат
транзиттік кезеңнен өтуі
керек.
транзит кезеңінің басты міндеті
–
дүниедегі елдер мен өңірлердің
қаржылық-экономикалық қарым-қатынастардың ескі жүйесінен
жаңа жүйесіне, бұрынғы валютадан
–
ақаусыз дүниежүзілік валютаға
өтуі үшін
жағдай әзірлеу.
дүниежүзілік валюта-қаржы реформасының, жаңа тұрпатты
валюталар шығарудың жолына қадам баса тұрып, валюта айырбасы
да (шынтуайтында валюта баспа-басы), әлдебір ұлттық валютаны
өңірлік, континенттік немесе дүниежүзілік валютаға айналдыру
да ақаулы резервтік валютаның қазіргі проблемаларын шеше
алмайтынын мойындау керек.
Валюта қатынастарын белгілі бір ұлттық валюта негізінде құратын
болсақ, біз бір елдердің ұлттық ақшасын дүниежүзілік валюта ретінде
пайдаланудың салдарынан туындаған жаһандық дағдарыстың
тәсімін міндетті түрде қайта тірілтетін боламыз.
өңірлік деңгейде де тұтас дүниедегі заңдар әрекет етеді. сон-
дықтан өңірлік эмиссия орталығы шығаратын жалпыұлттық валю-
талық-есеп айырысу бірлігі беретін тиімділікті өңірлік деңгейде
(дүниежүзілік деңгейде де) ешқандай ұлттық валюта бере алмайды.
Беделді жалпыұлттық эмитенттің күшімен жалпыұлттық жаңа
валюта шығару идеясын жақтаушылар қатары біртіндеп артып
келеді.
дегенмен, бұл ретте көбіне-көп әлдебір жинақтық валютаның
немесе SDR тұрпатты
–
Халықаралық Валюта Қорымен Арнайы Алыс-
беріс Құқықтары тәрізді есеп айырысу - төлем бірлігі еске алынады.
Бірақ ескі ақаулы валюталардың кез келген қоржыны да дәл сондай
ақаулы болады. дүниежүзілік валютаның ескіден келе жатқан жеке-
дара, әуелден ақаулы эмитентінің орнына ақауы одан кем түспейтін
дүниежүзілік валютаның «жаңа» топтық эмитентіне ие боламыз.
60
G
- GL
OBAL
Әрине, SDR төрт валютасының қоржынына тағы да, айталық,
юаньды, рубльді және алтынды қосу арқылы оның түрленген
нұсқасын жасауға болады. SDR-дің мұндай түрленген қоржынында
жаңа сападағы валютаның
–
тауар мен қызметтің шын құнын білдіретін
нақты өлшеуіштің алғашқы өскіндері пайда болуы мүмкін.
Алайда қандай жағдайда да ескіні шиырламай, сапалы жаңа
ұмтылыс жасаған дұрыс.
өңірлік есеп айырысу-төлем бірліктерін жасау - оп-оңай жол
емес. онда саяси да, экономикалық та тосқауылдар болған және
болады да.
еуроаймақтың қазіргі дағдарысы ешбір асып-саспай, дүрлікпей
жалпыұлттық эмитент жасаудың өңірлік нұсқаларын қарастыруға
мәжбүрлейді. дегенмен, ең бастысы: еуропаның мысалы ХХі ғасырда
жалпыұлттық валюта жасау
–
қажетті және дұрыс үдеріс екенін
көрсетті.
Жалпыұлттық валюта жасаудың қажеттігін әлемдік деңгейдегі
экономистер де түсініп отыр. мысалы, 2009 жылы нобель лауреаты
джозеф стиглиц Бангкокта, эскАто-да көпшілікке арнап оқыған
лекциясында Азия елдерін жалпыұлттық дүниежүзілік жаңа
резервтік жүйе құруға шақырып, бұл үдерісті іс жүзінде бастаудың
лайықты орны деп тұп-тура Азияның өзін атаған болатын.
Азия мен еуропа тығыз өзара байланыста. Әрі бұл еуразиялық
өзара байланыс шыҰ, еурАзэҚ, Бэк сияқты халықаралық
ұйымдардың қызметі арқылы көрінеді. сондықтан
Еуразиялық
өңірдің кінәратсыз жалпыұлттық жаңа эмитент құрудың
алгоритмін қалыптастыратындай барлық негіздері бар.
еуразиялық өңірдегі елдердің жалпыұлттық дағдарыстың
үдемелі толқындарынан шығу жолына шындап түсуі тек бірыңғай
электрондық есеп айырысу бірлігінің жалпыұлттық эмиссиялық
орталығын құру арқылы ғана болуы мүмкін. Қазақстан шыҰ
бойынша әріптестеріне осындай ұсыныс жасады.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
61
осындай еуразиялық жалпыұлттық электрондық есеп айырысу-
төлем бірлігі, қалыптасып үлгерген валюта жүйелерін өзгертпей, қайта
толықтыра отырып, ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық инвестициялау
мен күнделікті транзакцияны жүргізуге де мүмкіндік береді. ол шыҰ
мен тұтас еуразияның барлық елдерінің ұзақ мерзімді ұлттық, өңірлік
және жаһандық мүдделері үшін айналысқа шығарылуы керек.
іс жүзінде бұл дүниежүзілік жүктемені дүниежүзілік валютаның
ақаулы ескі жүйесінен алып (немесе ең болмағанда қайта бөліп),
оны өңірлік жалпыұлттық есеп айырысу-төлем бірліктеріне арналған
өңірлік және континенттік эмиссиялық орталықтарға ауыстыруға
мүмкіндік береді.
дүниеде өңірлік есеп айырысу бірліктерін тұжырымдап, жасау
үрдісі бірнеше ондаған жылдардан бері жүріп жатыр. Бұл
–
көпкіндікті
дүниенің әлемдік тренді. еуропада валюталық есеп айыру бірлігі экю
(ecu
–
European Currency Unit) еуропалық толық бағалы валюта
–
еуроға ауысты.
осы сияқты идеялар мен өңірлік есеп айырысу бірліктеріне қарай
ойысу дүниенің әртүрлі бөліктерінде: оңтүстік-шығыс Азияда (acu -
Asian Currencu Unit), парсы шығанағы ауданында (халиджи), латын
Америкасында (sucre), Африкада (афро) байқалады.
Бір қызығы, өңірлік интеграция мен жаңа өңірлік есеп айырысу
бірліктерін әзірлеу үдерістері соңғы дүниежүзілік дағдарыстан көп
бұрын басталған болатын. Біздің дүние өзін өзі жаңартуының соңғы
сатысына іштей дайындалып жатты.
менің білуімше,
осы үдерісті жеделдететін уақыт жетті.
шын мәнінде, кез келген уақытта тағы қайталануы мүмкін
жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында
көпкіндікті қаржы
құрылымы туралы мәселе күн тәртібіне шығады.
өңірлік және континенттік интеграция бойынша әріптестерімен
бірге (тмд, еурАзэҚ, Бэк, шыҰ) Қазақстан ХХі ғасырдың
бірінші ширегіндегі жаһандық трендтің
өңірлік интеграциялық
62
G
- GL
OBAL
бірлестіктерді қалыптастыру арнасына әлдеқашан-ақ түскен
болатын.
2003 жылдың өзінде-ақ Қазақстан еурАзэҚ шеңберінде ол кезде
«алтын» деп атау ұсынылған бірыңғай жалпыұлттық валюталық есеп
айырысу бірлігін енгізу жөнінде бастама көтерген-ді.
еуроаймақ дағдарысының сабақтарын ескере отырып,
Достарыңызбен бөлісу: |