Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде


ізгі  ниет  қоғамдастығы  мен



жүктеу 2.65 Mb.
Pdf просмотр
бет4/19
Дата30.03.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

  ізгі  ниет  қоғамдастығы  мен 
жаһандық  тұрақты  тепе-теңдікті  жасаудың  адамзат  үшін 
мейлінше қал-қадерлі жобасы.
G-GLOBAL  идеясы 
ешкімнің  де  ұлттық  мүддесіне  қайшы 
келмейді.  Қайта, керісінше, ол іске асқаннан кейін осы мүдделердің 
бәрін теңестіреді және нығайтады. 
Бірақ  бұл  үшін  күш-жігерді  біріктіріп,  мақсаткерлікпен,  бір 
қадамнан  соң  бір  қадам  ілгері  баса  отырып,  «
Ұлы  Жаһандық 
Әлемді» қалыптастыруға кірісу керек.
2. 
G
-GLOBAL пРинЦиптеРі: ЖАңА дүние пАйымы
Адамды  жоғары  бағалайтынымызды  растағымыз  келсе,  біз  оны 
принципшіл  екен  дейміз.  керісінше,  принципсіздік  кім-кімнің  де 
қадірін өсірмейді. мұның шындығына мен түбітиек бозбала кезімде 
теміртаудағы металлургиялық заводтың құрылысына келгенімде, ал 
кейінірек онда металлург болып жұмыс істегенде жеткен болатынмын.
саясатта да осылай болуы тиіс. неге десеңіз, латынның «principium» 
дейтін  сөзі  «бастау,  негіз»  дегенді  білдіреді.  кез  келген  саяси 
тәжірибеде өзінің берік негізі болуы керек. Әйтпесе, бәрі еріген қар 
суындай жылғаланып, өзінің құнарлы күшінен айрылады.
Жаһандық дүние үздіксіз әрі сындарлы түрде дамып отыруы үшін 
ХХі  ғасырдағы  дүние  тәртібінің  барлық  мемлекеттер  үшін  міндетті 
іргелі принциптерін қалыптастыру қажет.
G-GLOBAL  әлем  сипатын  жасаудың  мендік  тұжырымдамасы 
нақ  осындай  анық  және  айқын  негіздемелерге  сүйенеді    әрі  олар 
сонымен  бір  мезгілде  осы  идеяны  жаһандық  саясатқа  қосу  үшін 
есептеу нүктесі болып саналады. дүниені түбегейлі жаңғырту және 
әлемді әділетті жайластыру үшін олар міндетті түрде қажет. 
дүние сипатын жасаудың бұл принциптері «көк күмбезді көлеңкеде 
отырып»  ойдан  шығарылған  емес.  Қазақстан 
бұл  игіліктер  мен 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
39
принциптерді  үнемі  алға  тартумен  келеді.  олар  қазақстандық 
бастамалардың бәріне арқау жіптей арна боп тартылған. 
2010  жылы  еліміз  еҚыҰ-ға  төрағалық  еткен  кезеңде  біздің 
ұранымыздың  сапасы  ретінде  «төрт  т»  таңдап  алынды,  олар:  Trust 

  сенім,    Traditions 

  дәстүрлер,    Transparency 

  транспаренттілік, 
Tolerance 

 төзімділік.
тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бергі менің сенімім бойынша, 
еуразиялық интеграция мен жаһандық ынтымақтастық үдерістері де 
осы принциптерге негізделуі тиіс-ті.
Бұл  принциптер  сабақтас,  әмбебап  әрі  жаһандық  және  өңірлік 
дүние тәртібінің жүйесінде қабылдауға бейім. ХХі ғасырда жаһандық 
дүниенің  сындарлы  идеялық  негізіне  айналу  үшін  олардың  орасан 
зор әлеуеті бар.
осындай іргелі принциптерге негізделген шындықты нығайта беру 
үшін  адамзаттың  қажетті  білімі,  тәжірибесі  мен  ерік-жігері  кәміл 
жететініне мен сенемін.
сондықтан да бүгін Қазақстан қайшылықсыз, біріктіруші идеядағы 
дүниенің нақты қажеттерін басшылыққа ала отырып, оларды толық 
негізде тұжырымдап, дүниежүзілік қауымдастыққа 
G-GLOBAL-дың 
бес принципі 

 Ұлы Дүниенің бес принципі ретінде ұсынады.
Революция емес, эволюция
ХХі  ғасырдағы  постиндустриялық  және  ақпараттық  заманда 
дүниені  дамытудың,  жаһандық  тұрақсыздықты  еңсерудің  және 
әлемдік  құрылымды  жаңғыртудың  табыстылығы  тек  о
сы  үдеріс 
эволюциялық жолмен жүргенде ғана мүмкін болмақшы.
менің  білуімше,  адамзат  революцияларға  деген  лимитін  өткен 
ғасырда-ақ  түгесіп  біткен  болуы  керек.  мұны  айтқанда  мен  өз 
халықтарының  сенімін  жоғалтқан,  билік  басында  зорлық-
зомбылық  пен  қуғын-сүргіннің  арқасында  отыруға  тырысатын 

40
G
 - GL
OBAL
үкіметтердің  іс-әрекетін  ақтамақшы  ойдан  аулақпын.  Бірақ  заң 
күшіне күмән келтіруге, конституциялық және басқа да заңнамалық 
нормаларды  мансұқтауға  шақыруға,  ішкі  жанжалдың  кез  келген 
тарабының  әпербақандық  әрекеттерін  қолдауға  ешкімнің  қақысы 
жоқ.
«Революция»  сөзінің 
тұңғыш  рет  табиғи-ғылыми  салада 
қолданылғаны  көп  жайды  аңғартады.  оның  ғылыми  айналымға 
қосқан  өзінің  іргелі  еңбегін  «De 
revolutionibus  orbium  coelestium» 
яғни «Аспан денелерінің айналуы туралы» деп атаған ұлы астроном 
николай  коперник  болатын.  Бастапқыда  бұл  термин  белгілі 
формалардың    дәйектілікпен  орын  ауыстыруын  айқындайтын,  тек 
қана әлдебір жалпыға бірдей заңға бағынатын үдерісті білдірген.
саяси  мәнде  бұл  сөз  тұңғыш  рет  1660  жылы 
король  билігін 
қалпына  келтірудің    «даңқты  революцияның»  жүзеге  асқанын 
білдіру үшін қолданылған. демек, оның мәні тағы да сол 
заңдылық 
пен тәртіпті қалпына келтіруге саяды.
Бірақ  бір  ғасырдан  соң  сөздің  мәні  өзгерді,  кез  келген  заңды 
мансұқ ететін 
саяси сұрапыл революция деп аталатын болды.
Бүгінде  адамзаттың  барша  кемелділігі  әлеуметтік  тыныштықты 
сақтай  білуінде.  ХХі  ғасырдағы  базбір  оқиғалармен,  айталық, 
«араб  көктемімен»  бірге  өрістеген  заңға  қайшы  әрекеттер
  рево-
люциялардың қоғам дамуын тежейтінін, оларды кері шегеретінін, 
мемлекетаралық 
қатынастарды 
шиеленістіретінін, 
дүниедегі 
түйткілдер санын одан әрі өршітетінін айқын көрсетті.
Жаңа  ғасыр  әпербақандық  секірістер  мен  революциялық 
төңкерістерсіз, үдемелі түрдегі, бірақ кезеңдік дамудың жүз жылдығы 
болуы  тиіс.  ішкі  саяси  немесе  халықаралық  үдерістерді  жасанды 
түрде жеделдетудің ешбір қажеттігі жоқ.
G-GLOBAL  Әлемінің  принципі 

 
әлеуметтік-саяси  жүйелер 
дамуының  эволюциялығы,  саяси  дамудың  формалары 
ретіндегі революция атаулыдан бас тарту.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
41
ХХі  ғасырда  халықтардың  апиыны  діндер  емес,  нақ  осы 
революциялар болып отыр.
Революциялық  өзгерістер  тек 
ғылыми  білімдер  мен  техно-
логиялар  саласында  ғана  мүмкін  болатын  және  рұқсат  етілетін 
нәрсе.   
Ал  саяси  тәжірибеде  және  әлеуметтік  өмірде  олардың 
жойқын  күші  бар.  Әсіресе,  олар  әзірленбеген    экономикалық 
ортаға  түскенде  қауіпті.  сондықтан  қандай  уәждермен  ақта-
латынына  қарамастан, 
жойымпаз  әпербақандыққа  тосқауыл 
қойылуы маңызды.
Реформалардың,  қоғамдық  өмірдегі  демократиялық  прин-
циптерге  негізделген  дәйекті  эволюциялық  өзгерістердің  жолы 

 
ХХІ ғасырдағы ілгерілеудің бірден-бір жолы.
G-GLOBAL-дың  осы  аса  маңызды  принципін  басшылыққа  алып, 
мемлекеттер  бір-бірінің  ішкі  істеріне  қол  сұғудың 
БҰҰ  Қауіпсіздік 
Кеңесі рұқсат етпеген кез келген формасынан, жекелеген елдердің 
саяси дамуын тездету мақсатымен оларға ұлттық экономика деңгейі 
тұрғысынан  қисынсыз  саяси  қысым  жасау  практикасынан 
бас 
тартулары керек.
G-GLOBAL Әлемі үшін жаңғыру мен дамудың эволюциялық жолы 
мейлінше  қажет  және  жағдайды  шайқалтып,  саяси,  әлеуметтік 
және экономикалық сілкіністерге соқтыратынның бәрі қажет емес.
Әділдік, теңдік, пәтуа
G-GLOBAL әлемінің осы үшбірлікті принципі барлық мемлекет-
тердің  ұлттық  мүдделеріне  сай  келетін  мемлекетаралық  қаты-
настар жүйесіне бейілділікті білдіреді.
ХХі ғасырда 
елдерді ұлы және екінші қатарлы, жетекші және 
жетектелуші деп бөлу ескірді. Бір елдердің екінші бір елдерден 
үстемдік  инерциясы  ілгерілеуге  бастамайды.  онда  планетаның 
жекелеген  елдері  мен  өңірлерін  жаһандық  дамудан  шетқақпай 
ету қаупі бар.

42
G
 - GL
OBAL
тиісінше, «аласталған мемлекеттердің», әртүрлі «кесапат ордалары» 
мен  «геосаяси  кеңістіктердің»  бүтіндей  бір  аймақтарының  шеңбері 
кеңейе  түсуі  мүмкін.  Бұл  жағдай  дүниенің  пайдасына  шешіліп,  жеке 
өңірлердің  де,  тұтас  әлемнің  де  тұрақтылығына  қолайлы  бола  қоюы 
екіталай.
мұндай  үрдіске  жаһандық  экономиканың,  валюта  жүйесінің  және 
дүниежүзілік  саясаттың 
барлық  елдерге  тең  мүмкіндіктер  беретін 
әділетті даму негіздерінің нығаюы балама болуы тиіс.
Бүгінде  адамзат  объективті  түрде  әділеттілікке,  әлеуметтік 
серіктестікке және жауапкершілікке негізделген 
жаһандық әлеуметтік 
дамудың  жаңа  тұрпатына  аяқ  басып  барады.  Бұл 

  қарапайым 
адамдардың  экономикалық  өсуден  және  үстеме  пайдадан  түсетін 
игіліктерді белсене пайдалану мүмкіндігін кеңейтудің жолы.
дүние сипатын өзгертуге ынта білдіре отырып, біз жаһандық зауалдар 
мен  қауіп-қатерлерді  еңсерудегі  сындарлы,  адал  ынтымақтастыққа 
бағыт ұстауымыз керек.
Алдағы  болашақта 
жаһандық  шешімдер  барлық  деңгейде 

  БҰҰ-
да,  халықаралық  ұйымдарда,  өңірлік  бірлестіктерде,  форумдар  мен 
саммиттерде 

 
тек  қана  пәтуа  негізінде  қабылданатын  болуының 
өмірлік маңызы бар.
пәтуаның тар өрісті «таңдаулы» формаларынан 
Жаһандық пәтуаға 
көшпейінше дүниежүзілік экономикалық және саяси жүйедегі түбегейлі 
өзгерістер мүмкін еместігіне мен сенімдімін.
Әңгіме,  ең  алдымен,  жаһандық  реттеудің  жаңа  жүйесінің  дамыған 
да, дамып келе жатқан да мемлекеттердің мүдделерін ескеруі жайында 
болып отыр. Жалпыұлттық органдар экономикалық салада айқын және 
нақты  уәкілдіктерге  ие  бола  отырып,  өңірлік  бірлестіктер  деңгейінде 
әрбір қатысушы елдің мүдделері тұрғысынан әрекет етулері тиіс.
Бірақ  бұдан  тіпті  де  саяси  егемендікті  шектеу  дейтін  шықпайды. 
Қызметінің негізінде 
интеграция бойынша серіктестерінің теңдігі 
жатқан Еуропалық Одақтың тәжірибесі нақ осындай.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
43
мен  пәтуалық  көзқарас  әрбір  жеке  елдің  мүдделерін  ескеруді 
қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  ішкі  дамудың 
тұрақтылығы,  дүниенің  қал-жағдайы,  оның  күллі  өлшемдердегі 
қауіпсіздігі үшін 
барлық мемлекеттердің жауапкершілігін бір саты 
жоғарылататынына сенімдімін.
маған  саясаттағы  шынайылық  әрқашан  тән  болатын.  Қазірге 
дейін көптеген қайшылықтар қылаң беріп қала беретін біздің жұмыр 
жеріміздің  әлі жуық арада пәтуа алаңына айнала қоюы қиын.
Әйтсе  де  жаһандық-пәтуалық  шешімдер  қабылдау  тәжірибесінің 
біртіндеп кеңейе беруіне бүгіннен бастап талпынудың маңызы зор.
Жаһандық төзімділік пен сенім
Жаһандану  халықтардың 
мәдени  ықпалдастығының  мүм-
кіндіктерін  қарқынды  түрде  кеңейтті.  Бүгінде  өзге  елдердің 
дәстүрлерімен  және  салттарымен  танысу  мүмкіндігі  пәлендей 
қиынға  түспейді.  миллиондаған  адамдар  дүниені  шарлап,  басқа 
халықтардың мәдениетімен етене танысуда. интерактивтік формада 
кез  келген  тілді  үйреніп,  тіпті  ит  арқасы  қиянда  дейтіндей  жердегі 
ел өмірінің ерекшеліктері туралы әңгімелейтін көптеген кітаптарды 
оқуға болады.
дүниенің  әртүрлі  бөліктері  мен  елдері  арасында  кең  ауқымды 
миграциялық  үдерістер  жүріп  жатыр.  миллиондаған  адамдардың 
өзге елдерде, өз отанынан жырақта жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
дүниенің экономикалық әртектілігі 
еларалық еңбек миграциясы 
дейтін құбылысты да туғызды. шетелдік жұмысшы күшін, зияткерлік 
ресурстарды  тарту  бірсыпыра  дамыған  елдердегі  экономикалық 
стратегиялардың маңызды құрамдасына айналды.
Алайда,  сонымен  бірге,  этникалық  және  діни  қатыстылығы 
әртүрлі адамдар арасындағы үнемі сәйкесе бермейтін қатынастарға 
байланысты 
белгілі бір қиыншылықтар да туды.

44
G
 - GL
OBAL
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ төзімділік 
пен  сенімділікке  бейіл.  Біз  көпэтносты  және  көпконфессиялы 
елміз.  Біздің  елімізде 
140  этнос  пен  17  конфессияның  өкілдері 
өмір  сүреді.  татулық  пен  келісім 

  біздің  қоғамымыздың  берік 
іргетасы.  менің  бастамашылығыммен 
Қазақстан  халқының 
ассамблеясы  құрылып,  этносаралық  барлық  мәселелердің 
шешілуін,  қоғамымыздағы  татулық  пен  келісімнің  дәйектілікпен 
нығаюын қамтамасыз ететін басты органға айналды.
Қазіргі дүниеде 
төзімділіктің мәні арта түсіп келеді. Жаһандану 
жағдайында  бұл  сипаттама  әділетті  және  күмәнсіз  дүниенің  аса 
маңызды құрамдасына айнала түсуде.
Жаһандық  төзімділік 

  өзара  құрметтес  этносаралық,  дінаралық 
және  мәдениетаралық  үнқатысу  ғана  емес.  өздерінің  геосаяси 
салмағы  мен  ықпалына,  тарихи  тәжірибесіне,  экономикасы  мен 
қоғамының даму деңгейіне қарамастан 
мемлекеттер арасындағы 
өзара қарым-қатынас төзімді болуға тиіс.
Жаһандық  төзімділік 

  әрбір  жекелеген  елдің  және  жеке 
өңірдегі  әрбір  елдер  тобының 
ішкі  саяси  және  өркениеттілік 
ерекшеліктеріне оң көзбен қарау.
ХХі  ғасырда  әлемнің  әр  алуандығы  экономикалық,  мәдени, 
ақпараттық  өзара  ықпалдасу  мен  алмасуға,  және,  сол  арқылы 

өзара  баюға  зор  мүмкіндіктер  береді.  Жаһанданудың  осы  игілікті 
нәтижесі жекелеген елдерге әлдебір саяси, қоғамдық және мәдени 
стандарттарды  зорлап  телу  үшін  емес, 
даму  мақсаттары  үшін 
пайдаланылуы тиіс.
сондықтан ХХі ғасырда шынымен толерантты болу дейтін 
дүниенің 
нақты көпалуандығының әмбесін мойындау дегенді білдіретініне 
сенімдімін. 
Жаһандық төзімділік болмайынша, G-GLOBAL-дың қажетті әрі іргелі 
принципі 

 жаһандық сенім болуы мүмкін емес.
осыдан  жиырма  жыл  бұрын,  БҰҰ  мінберінен  сөз  сөйлеп  тұрып, 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
45
мен 
Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шараларының  Кеңесін 
шақыруды  ұсынған  болатынмын.  Аөсшк-ні  шақыруға  байланысты 
қажетті мәселелерді шешу жөніндегі жұмыс 10 жылдай уақытқа созылды.
Алғашқы  саммит 
2002  жылғы  маусымда  Алматыда  өтті.  Бұл 
кезеңде  Азияның  аса  ірі  екі  мемлекеті 

  үндістан  мен  пәкістан 
арасындағы қатынастар күрделі кезеңді бастан өткеріп жатты.
осы  елдер  басшыларының  Алматы  кездесуіне  қатысуы  көп 
ретте  қайшылықтардың  арынын  басып,  сол  кезге  дейін  ядролық 
державаларға айналған осы елдер арасындағы соғыс жанжалының 
қатерін сейілтті.
одан  кейінгі  жылдарда  Аөсшк-ға  қатысушылар  өздерінің  күш-
жігерін сенімділік шараларының тізімдемесін жасауға жұмылдырды. 
Бұл 

 дүниежүзілік дипломатиялық тәжірибеде теңдесі жоқ бірегей 
құжат.
мен  Аөсшк  құрудың  тарихына  кездейсоқ  емес,  ізгі  ниет  пен 
табандылықтың  кез  келген  күрделі  проблемаларды  шешуге 
септесетінін көрсету үшін назар аударып отырмын.
мен 
сенімділік  тізімдемесін  жасау  және  оны  қабылдау 
тәжірибесін бүкіл БҰҰ жүйесіне таратуға болады деп есептеймін.
өйткені жаһандық сенім болмайынша келісілген дағдарысқа қарсы 
шешімдерді іске асыру, тегінде, мүмкін емес.
өмірдегі сияқты, саясатта та ұзақ мерзімдік нәтиже істі біржақты 
артықшылық алуды көздемей, адал атқарғанда ғана мүмкін болады. 
елдер арасындағы күдік-күмәннің бәрі, геосаясаттағы «ойындар» 

өткен ғасырлардың сарқыншақтары, оларды ХХі ғасырға «сүйреудің» 
қажеті жоқ.
маған  осы  заманғы  «креативтік  тап»  тұжырымдамасының 
авторлары жасаған ХХі ғасырда 
төзімділік экономикалық өсудің 
маңызды факторына айналуда дейтін қорытынды ұнайды.
Біз  Қазақстанда  мұны  әлдеқашан-ақ  жете  түсінгенбіз.  өзіміздің 
көпэтностық халқымыздың бірлігі болмаса, біз экономикада әлемнің 

46
G
 - GL
OBAL
әр түкпіріндегі достарымыз қайран қалып жүрген табыстарымызға 
жете алмас едік.
сондықтан  жаһандық  деңгейде  де  төзімділік  дүниежүзілік 
экономиканы  мимырттаған  қалпынан  шығарудың  бір  тетігі 
саналады.
тек  жаһандық  төзімділік  пен  сенімділік  негізінде  ғана  адамзат 
өз  тірлігінің  жаңа  сапасына  ие  болып,  зорлық-зомбылықтан, 
соғыстар  мен  жанжалдардан  ада  тиянақты  дүниені  жасай 
алады.
Жаһандық ашықтық
G-GLOBAL 

 
ұлттардың  транспарентті  (ашық)  қауымдастығы. 
онда  үлкен  болсын,  орташа  немесе  шағын  болсын  ұлыстардың 
абыройын  кемсітетін  ешқандай  «екі  жақты  стандарттар»  болуы  тиіс 
емес.
Ұлттық қоғамдастықтар арасында бөгесіндер неғұрлым аз болған 
сайын  жаһандық  экономика  солғұрлым  ойдағыдай  дамиды,  әрбір 
халықтың игілігі де солғұрлым мол болады.
дүние  адамдардың  мүшкіл  жағдайымен,  аштықпен,  ауру-сыр-
қаумен  байланысты  көптеген  қиыншылықтардан  арыла  алатын 
болады.
Бұл  үшін  халықаралық  қатынастардағы 
мейлінше  ашықтық  пен 
айқындықтың өмірлік маңызы бар. оларды «бөлуші белдеулер» мен 
«астыртын»  мәмілелерден  тазартып,  дүниенің  жаңа  биіктерге  бет 
алуына кедергі жасайтын өткеннің сарқыншақтарынан арылту қажет.
еҚыҰ-ға  төрағалық  еткен  кезінде  Қазақстан  барлық  әріптестерін 
осыған үндеді.
осы халықаралық беделді ұйымды басқаруға әзірлік барысында-ақ 
біз 
Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу идеясын ұсынған болатынбыз.
мұндай  шешімге  қол  жеткізу  оңайға  түскен  жоқ.  Бұл  мәселе 
бойынша  әртүрлі  пікірлер  болды  әрі  олар  ХХі  ғасырдың  алғашқы 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
47
онжылдығының  соңына  қарай  еҚыҰ  тап  болған  жағдаятты  белгілі 
бір мемлекеттердің қалай бағалайтынына байланысты еді.
еҚыҰ  тұрақты  кеңесінің  Қазақстан  төрағалық  қызметін 
қабылдаған  алғашқы  «ұлықтаушы»  мәжілісіне  қатысушыларға 
арнаған  бейне-жолдауымда  мен  былай  дедім:  «Бүгін  «қызыл 
белдеулер», «нөлдік сомамен ойнау» дейтін ұзын-сонар әрі сенімді 
кемітетін дағдыны жалғастыра беруге болмайды.
Жаңа  жаһандық  талаптарға  сәйкес  халықаралық  ұйымдар  қыз-
метінің пәрменділігін арттыру бірінші кезекке шығып келеді. 
56 мем-
лекетті біріктіретін бірегей үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ алдында 
да нақ осындай міндет тұр. ...ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты 10 жылдық 
үзіліс  ұйымның  пәтуалық  негізі  дағдарыста  болмағанымен,  едәуір 
тоқырау  жағдайында  тұрғанын  көрсетеді.  Осыған  байланысты  біз 
ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерді Қазақстанның мәртебелі кездесуді 2010 
жылы өткізу жөніндегі бастамасын қолдауға шақырамыз».
Біздің  көзқарасымызды  ұйымға  қатысушы  мемлекеттердің  бәрі 
қолдады.
ЕҚЫҰ саммиті 2010 жылғы 1 желтоқсанда Астанада ашылды. 
еуропа,  Азия,  солтүстік  Америка,  Австралия  және  Африка  сияқты 
бес  континентте  орналасқан  мемлекеттердің  басшылары  тарихта 
тұңғыш  рет  еуразияның  қақ  ортасында  бас  қосты.  сенім  мен 
қауіпсіздікті нығайтудың жолдарын айқындау үшін жиналды.
күллі әлемдік БАҚ-тың назары осы оқиғаға ауды.
саммит  жұмысын 
1000-нан  аса  журналистер  жариялады,  шет 
елдердің жетекші телекомпаниялары 
тікелей хабар жүргізді.
екі күн бойы Астанада еуразиялық қауіпсіздіктің болашағы туралы 
ашық-жарқын  әңгіме  болды.  мәселелерді  талқылау  саммиттің 
шеткері аясында да жалғасты. мен өзім түрлі мемлекет және үкімет 
басшыларымен, ресми делегациялар жетекшілерімен 
отызға жуық 
кездесу өткіздім.
сонымен бір мезгілде қорытынды құжатты келісудің қауырт үдерісі 

48
G
 - GL
OBAL
жүріп жатты. ол пленарлық мәжілістер аяқталғанға дейін толастаған 
жоқ.  «тоңазытылған»  жанжалдардың  реттелмеуіне  байланысты 
бірқатар екіжақты проблемалардың жүгі тым ауыр болды. тек түннің 
бір уағында ғана биік деңгейдегі кездесуге қатысушылар бұл құжаттың 
ақтық мәтінін қабылдады.
саммитке қатысушы мемлекеттер 
Астана декларациясында еҚыҰ 
шеңберіндегі  принциптер  мен  іргелі  уағдаластықтарға  бейілділігін 
растады.  еҚыҰ  қызметінің  көптеген  проблемалары  жым-жырт 
қалпынан жылжытылды. Ұйымды алдағы он жыл ішінде дамыту туралы 
сұхбат жандандырылды.
Бұл  еуразия  тарихындағы  жаңа  тараудың  бетін  ашып  берген 
саммиттің ең маңызды нәтижесі болды.
осында, 
Еуразияның қақ төрінде сенім, келісім, ашықтық пен төзім-
ділік  принциптеріне  негізделген  әлем  сипатын  жасауға  дейтін  жаппай 
құлшыныстың өшпес нышанындай болып
 Астана Рухы дүниеге келді.
Астанада еҚыҰ саммитін өткізу елдер арасындағы өзара тиімді кең 
ынтымақтастықты  дамытудың  маңызды  шарты  ретіндегі  жаһандық 
үнқатысудың 
ашықтығы  өмірлік  күшке  ие  екендігінің  көрнекі 
мысалы болды.
Сындарлы көпкіндіктілік
көпкіндікті  дүние  құру 

  ХХі  ғасырдағы 
жаһандық  дамудың  тренді. 
көпкіндіктілік 

  адамзат  өркениетінің  алуан  түрлілігін  баса  көрсететін 
объективтік үрдіс.
ХХ  ғасырдың  соңғы  үштен  бірінен  бастап  дүниенің  экономикалық 
даму  қисыны  экономикалық  өсудің  бірсыпыра  өңірлік  орталықтарының 
қалыптасуына  жағдай  жасады.  «Қырғиқабақ  соғыс»  заманындағы 
дүниенің қоскіндіктілік  екі одақтың 

 АҚш бастаған батыс пен бұрынғы 
ксРо  бастаған  шығыс  одақтардың  өзара  қарым-қатынасын  жаһандық 
бәсеке жайлаған болатын.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет