Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу (action research) Іс-әрекеттегі тәжірибенізерттеу. Ерекшеліктері. Кезеңдері. Зерттеу саласынанықтау. Зерттеу жобасын әзірлеу. Іс-әрекеттегі зерттеу- мұғалім-практиктің зерттеу формасы ретінде


Іс-әрекеттегікәсіптік оқыту әдісі ретінде зерттеу



бет2/17
Дата07.01.2023
өлшемі261,92 Kb.
#60549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ACTION RESEARCH мен LESSON STUDY

Іс-әрекеттегікәсіптік оқыту әдісі ретінде зерттеу
Кәсіби білім алу мұғалімніңтәжірибелік іс-әрекеті контексінде едәуір дәрежеде қалыптасады: сыныптағы жағдай мектеп мәдениетінің ықпалында болады,ол өз кезегінде мектеп жұмыс істейтін қоғамның мәдениетімен анықталады. Осыған байланысты нақты сынып мұғалімінің іс-әрекетін объективті бағалау олар жұмыс істейтін ерекше мәдени контексті ғана емес, сонымен қатар уақыттың саяси контекстін де назарға алуды талап етеді.
Мұғалімдердің күнделікті тәжірибесі олардың түсінігін өзгертеді, ол өз кезегінде олардың тәжірибесіне әсер етеді, сондықтан оқыту және оқу тәжірибесін зерттеуді жетілдіру проблемасы осы заңдылықтың маңыздылығын тануды талап етеді.
Мұғалімдер мектеп базасында зерттеуді жүзеге асыру арқылы сынып тәжірибесін қалыптастырады. Тәжірибе оқыту үдерісіндегі іс-әрекеттерді зерттеу тәсілінің кіріктірілуі соңғы жетілдіретінін және мұғалімнің тәжірибесі және оқушыларды оқыту тәжірибесін байытатынын растайды (Carr, W., & Kemmis, S., 2009).
Мұғалім мамандығының табысы - үнемі өсіп, білім алу болып табылады. Іс-қимыл тәжірибесін зерттеу-өз тәжірибесін пайдалана отырып, өсуді және оқуды жалғастыру жолы. Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу мұғалім орналасқан жерде басталады және ол келгісі келген жерге әкеледі.
Іс-әрекетті зерттеудің 5 қадамы бар:
1. Өзінбағыттау (зерттеуге ұмтылыс жасау);
2. Зерттеуді жоспарлау (сұрақтар мен жауаптар);
3. Тәжірибенітүсіну (деректержәнеталдау);
4. Жаңаданбастау (жаңажәнежақсартылғансұрақтар);
5. Тәжірибедегі оң өзгерістер (тәжірибесабақтары).
Іс-әрекеттізерттеукезеңдеріқарапайымжәнетүсініктіболыптабылады. Іс-әрекеттізерттеубарысындамұғалімдежазу, рефлексия, мәліметтердіталдаужәнемұғалімніңбасқамұғалімдерменжұмысынталқылаутехникаларындатәжірибеалмасумүмкіндігіболады.
Іс-әрекетті зерттеу процесінде бірінші қадам-өзін қабылдау. Жұмыстың басталуы сыныпта не болып жатқанын талдау үшін белгілі бір уақытты талап етеді. Ол үшін зерттеу сипатындағы сұрақтар қою қажет: Сабақта қандай жұмыс жақсы жүреді? Сіздің оқытудағы басты нәрсе не? Оқушылардың қайсысы оқиды? Кім шетте қалады? Қолданыстағы бағдарламаңыз қалай оқуға мүмкіндік береді? Сіз «бір нәрсені назарыңыздан тыс жіберіп» алғаныңызды сезінесіз бе? Бұл сынып өмірін жақсарту үшін шешетін маңызды мәселелер. Мұғалім осы сұрақтарға жауап бере отырып, өзін адам ретінде және өз оқушыларын оқыту мен дамытудың жетекшісі ретінде танып білуі тиіс.
Іс-әрекетті зерттеудің жоспарлауының ең күрделі бөлігі-бұл жақсы сұрақ қою. «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болатын сұрақтардан аулақ болыңыз. Жауабын алдын-ала білетін сұрақтардан аулақ болыңыз ( «А әдісі Б әдісінен асып түседі» деген дәлел үшін іс-әрекетті зерттеудіңпайдасы жоқ). Іс-әрекеттерді зерттеу сіздің іс-әрекетіңіздің салдарын түсінуге көмектеседі.
Сыныпта сабақ беруіңіз туралы сұрақтар тізімін жасау қажет. Мысалы: «Қызықты болады, егер...?». Тұжырымды сұраққа қайта құруға болады. Біраз уақыт жұмсауға болатын бір сұрақ немесе тақырыпты таңдаңыз. Өзіңізден іштей сұраңыз, неге бұл сұрақ Сіз үшін қызықты? Сіз оған қалай жауап бере аласыз және оған жауап беру кезінде не пайдалы болуы мүмкін?Егер сізді әлі осы мәселе мазаласа, өз-өзіңізге талдау жасағаннан кейін, әріптесіңізден сұраңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет