1-мысал: Проблеманың өзектілігі Мен Ежелгі Греция кезеңіндегі әдеби мәтіндерді интерпретациялық талдау барысында оқушылар пассивті екенін бұрыннан байқадым…
Ежелгі Грецияның әдебиеттерін зерттеудің басты мәселелерінің бірі - оқушылардың интерпретация үдерісіне тартыла алмауы, яғни оларға негізделген қорытынды жасауға көмектесетін стратегияларды меңгере алмауы. Жалпы педагогикалық тәжірибеге сүйене отырып, мұғалім қажетті байланыстарды тауып, классикалық мәтіннің бірегей және «асыл» мәнін оқушыларға ұсына отырып ашуға тырысуы керек. Бірнеше жыл бойы пәнді оқыта отырып, және принципиалды басқа көзқарастың жақтаушысы бола отырып, мен іс-әрекетте зерттеуге кірісуді және көп жағдайда оқушыға бағытталған оқыту әдістерін апробациялауды шештім. Менің түпкі мақсатым оқушыларды пассивті ақпарат алушылардан белсенді оқырмандарға өзгерту болды. Зерттеу негізінде - стандартты көпсатылы Іс-әрекетті зерттеу құрылымы: жоспарлау-әрекет-бақылау-ойластыру (Kemmis and McTaggart 1988, 3).
Іс-әрекетті зерттеу өзгерістерді енгізу процесімен байланысты. Автор жүзеге асыратын өзгерістер 2-ші мысалда келтірілген.
2-мысал (a): Іс-әрекет және білім: процеске ену Мен Афинадағы Пилоттық орта мектептің жоғарғы орта мектебінің үшінші сыныбында (14-15 жас аралығындағы топ) "Қазіргі заманғы және Ежелгі Грецияның тілі мен әдебиеті" пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.
Пилоттық орта мектептер мемлекеттік болып табылады және жоғары білім алу үшін оқушыларға берілетін білім сапасына, сондай-ақ мүмкіндіктерге қатысты тамаша беделге ие. "Пилоттық" термині эксперименттер жүргізуді көздемейді. Оқушылардың ата-аналары өз балаларының жетістіктеріне қызыға қарайды. Бұл жобаны іске асыруға кедергі болды: оқушыларға мұндай үдерістер таныс емес, ата-аналар эксперимент жүргізу идеясына теріс жауап бере алуы мүмкін, бірақ Іс-әрекетті зерттеуді таңдау оқушылардың зерттеу процесіне белсенді араласуына ықпал етті.
2-мысал(б): Іс-әрекет және білім: жалпы жоспар Менің педагогикалық тәжірибем мен тиісті анықтамалық әдебиетке сүйене отырып, мен өз тәжірибемде жіктеу әдісін қолдануды шештім. Екі командаға бөлінген оқушылар мәтінде анық көрсетілген немесе онда түсіндірілген белгілі бір тақырыптар бойынша жұмыс істеуге, және барлық процесс барысында барлық сабақтардың қорытындылары бойынша осы тақырыптар бойынша мәліметтерді жинауға міндеттеме алады. Мұндай тақырыптар әйелдерге, Құдайға, саяси жүйеге, қонақжайлылық белгілеріне, костюмдерге және т.б. тиесілі болуы мүмкін. Мұндай сұрақтардың сипаты әдебиеттегі пікірдің біртіндеп қалыптасуына көмектеседі; оларды үнемі қарастыру нәтижесінде, оқушылар ойынның кейбір идеологиялық параметрлерін барынша анықтап, талдай алады.
Оқушылар категорияларға сүйене отырып, әдеби мәтіндермен танысады, ақпаратты іріктеу және бағалау әдістерін қолданады, ал бұрын олар осы елдің өркениеті туралы жалпы түсінік жинау үшін ежелгі Греция туралы мәтіндерге негізделген ақпаратты ғана жинайтын.
Деректер жинау Сұрақ қою кезінде, Сіз оған қалай жауап беру керектігін ойлауыңыз қажет. Сіз үшін сұраққа жауап алынғанына не дәлел болады деп ойлаңыз. Сіз күнделікті осындай дәлелдемелерді алу үшінқандай құралдарды немесе ақпаратты жинау әдістерінпайдаланасыз? Төменде сипатталған мысалда автор ақпаратты жинау бойынша бірқатар әдістерді, соның ішінде сұқбаттарды, сауалнамалар мен бақылауды пайдаланды.