3-мысал (б): Бірлесіп ақпарат жинау тәсілі Деректерді интерсубъективті жинау және қорытындыларды бақылау үшін мен жақсы ынтымақтастығым қалыптасқан талапшыл әріптес және бақылаушы ретінде осы сыныпта жұмыс істейтін басқа пән мұғалімін сабаққа шақырамын деп шештім.
Біз оқытудағы жалпы нормалар туралы бірдей пікір ұстанамыз, бұл ретте біздің айырмашылықтарымызды толық түсінеміз. Осылайша, зерттеу материалы триангуляцияны қамтамасыз ету үшін үш көздерден жиналды:
А) Сыныптағы мұғалім: 1) Сыныпта жұмыс істеуден немесе әріптестерімен және оқушылармен талқылаудан кейін журналда және оның жиегінде жазылған белгілерді зерделеу.
2) Сабақта таңдалған жұмыс үзінділерін жазу.
Б) Оқушылар: 1) Процесс/зерттеу жобасы аяқталғаннан кейін мұғаліммен/іс-әрекетті зерттеушімен және талапшыл әріптестермен жартылай ерікті түрде әңгімелесу.
2) Сынып жұмысынан кейін мына сұрақтар кіретін жазбаша сауалнама жүргізу:
Жіктеуші тақырыптарды талдау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
Сіз процесті қалай сипаттар едіңіз? (немқұрайлы, қызық емес, қызықты, басқа).
Оны жетілдіру бойынша Сіздің ұсыныстарыңыз қандай?
В) Талапшыл әріптес: 1) Процесс барысындаберілгентапсырмалар мен ескертулердіңорындалуынбақылау.
Мұғалімдерпайдаланаалатындеректердіжинаудыңбасқақұралдары 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте.Күнделіктізерттеужүргізуқұралдары
Оқубөлмесініңкартасы * Сыныптыңұйымдастырылуы мен дизайнына сын тұрғысынанқараңыз. Сізқабырғалардакімніңжұмысынкөресіз? Орындықтарқалайорналасқан?
* Сыныпбойыншақозғалыстыбелгілеңіз–Сіздің,оқушының, топтың.
* Мұғалім мен оқушыларарасындағыауызшақарым-қатынасты, сондай-ақоқушыларарасындағықарым-қатынастыбелгілеңіз.