Сұрақты қалай тұжырымдауға болады? Сұрақтар түрлі формада пайда болады. Көп жағдайда сұрақтың бірінші нұсқасы сыныбыңыздағы нақты жағдайларға байланысты болады. Бұл алғашқы шимай сұрақтар. Мысалы: «Сыныбымдағы кейбір балалар бір-біріне неге сонша зұлым?». Бұл сұраққа өз бетінше жауап бермей, әріптесіңізге бұл сұрақты қоюға және одан жауап алуға тырысыңыз. Жауап сізге сыныпта белгілі бір іс-әрекеттер жүзеге асыруды қажет ететінін, оның орындалуын қамтамасыз етукеректігін көз жеткізуге көмектесу керек. Сұрақ зерттеу сипатында болуы керек, мысалы, «Сыныбымдағы балалар арасында құрметпен қоғамдастықты дамытуға мен қалай көмектесе аламын?». Сіз осы сұрақ негізінде зерттеуге қатысты іс-әрекетіңізді бастай аласыз.
Зерттеуді жоспарлау Зерттеу жүргізу үшін зерттеу кестесін құру қажет. Мысалы:
Қыркүйек- сізді не қызықтыратыны туралы жазыңыз, бұл туралы әріптестеріңізбен әңгімелесізіңіз. Сіз ұстанатын және әрекет ететін сұрақтарды анықтаңыз.
Қазан- сұрақтарыңыз туралы жазыңыз (неге Сіз үшін маңызды?). Бір таныс және бір жаңа зерттеу құралын пайдаланып деректерді жинай бастаңыз.
Қараша- осыуақытқа дейінжинағандеректертуралыжазыңыз. Қажетболса,өзсұрақтарыңыздықайта қараңыз. Тиістіәдебиеттетаңдағанмәселеңізтуралыоқып, жазбажазыңыз. Сіз осы уақытқадейін не білдіңізжәнесізәріқарайжасайтын әрекетіңіз туралыойланыңыз.
Желтоқсан - тақырыбыңыз бойынша оқығаныңыз туралы қысқа очерктер сериясын жазыңыз. Деректерді жинауды жалғастырыңыз.
Қаңтар - деректерді жинаңыз. Сіз әлі күнге дейін білгеніңіз туралы жазыңыз. Сіз жазылғанды өзіңіз оқыған нәрсеге сәйкес келеді ме деп сұраңыз.
Ақпан — талдауды бастаңыз. Деректерді қысқа ұсынудың әр түрлі тәсілдерін қарастырыңыз. Ойланып көріңіз, деректер сіз оқыған материалға қатысты ма? Мүмкін,дәл осы кезеңде жаңа әрекетті немесе әрекет жиынтығын қарастырарсыз?
Наурыз-деректерді талдауды жалғастырыңыз. Сіз білгеніңіз туралы жаза бастаңыз. Сіздің тезисіңізді растайтын мәліметтеріңіз бар екеніне көз жеткізіңіз.
Сәуір-зерттеу жобасын әзірлеңіз.
Мамыр-жұмысты аяқтаңыз. Сіз не білгеніңізді және сіздің тәжірибеңіз қалай өзгергенін көрсетуді ұмытпаңыз.
Маусым- Сіздің зерттеулеріңізді басқалармен бөлісу әдісін табыңыз және тағы бір зерттеуді жоспарлаңыз.
Бұл кесте іс-әрекетті зерттеу процесінің барлық кезеңдерін қамтиды. Сіздің міндетіңіз-оқу жылының нақтылығы мен шектеулеріндегі осы қадамдарға сәйкес келу.