Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу (action research) Іс-әрекеттегі тәжірибенізерттеу. Ерекшеліктері. Кезеңдері. Зерттеу саласынанықтау. Зерттеу жобасын әзірлеу. Іс-әрекеттегі зерттеу- мұғалім-практиктің зерттеу формасы ретінде



бет5/17
Дата07.01.2023
өлшемі261,92 Kb.
#60549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ACTION RESEARCH мен LESSON STUDY

Тәжірибеңізді жақсарту.
Сыныптабір нәрсенібасқашаістегіңіз келеді. Қажеттілікті, өзгерістер мен нәтижелердіқайтаданойластырыңыз.
1. Дәлелдер тұжырымдамаңызды қолдайма?
2. Әріптестеріңізсіздің дәйектеріңізге сенім арта ма?
3. Ағымдағыпікірталастар мен әңгімелесулергеаргумент қалай кіріктіріледі?
4. Сіздің қағидаңыздың немесе контексттің бірегейлігі неде?
5. Басқалар сіз келтірген аргументті пайдалы деп таныды ма?
Бір реттік іс-әрекетті зерттеу жергілікті оқыту тәжірибесін жақсартуда пайдалы болуы мүмкін. Зерттеуші мұғалімдер қоғамдастығында жүргізілген іс-әрекетті зерттеу бір сынып шеңберінен шығуы мүмкін.
Қайта бастау. Зерттеу қызметі – шеңбер сияқты. Сіз алғашқы зерттеуді аяқтағаннан кейін, өзіңіздің тәжірибені жақсарту үшін қалай жақсы әрекет ететініңізді көру үшін тағы бір зерттеуді бастайсыз (Кусаинов Г. М. және т.б., 2019).
Іс-әрекетті зерттеуді қалай жүргізуге болады?
Зерттеу жүргізу бойынша міндеттемелер қабылдау
Іс-әрекетті зерттеуді жүргізудің бірінші қадамы оны орындау бойынша саналы міндеттемелер қабылдау болып табылады. Сыныпта қолданылатын тәжірибені ойластыру үшін жеткілікті уақыт көлемін анықтау қажет. Кембридж университетінің тәсіліне сәйкес кәсіпқойлық ұғымын түсіндіру орталығында зерттеу қабілеті, яғни басқалармен ақылға қонымды ретінде қабылданатын жағдайларда сұрақ қою қабілеті бар, мысалы: «Сыныпта, сабақ беру әдістемеңізде қандай нәтиже береді?», «Кім оқиды?», «Процестен кім шығарылады?», «Оқу жоспары оқуға қалай ықпал етеді?», «Сіз жағдайды басқара алмайтыныңызды қашан сездіңіз?» және т. б. (20 -суретті қараңыз).



20-сурет. Іс-әрекетті зерттеу кезеңдері
Мұндай сұрақтар қою соншалықты ыңғайлы емес. Оларға алынған жауаптар одан әрі ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ мұғалімдер күрделі проблемаларды шешпейінше, сыныптардағы жағдайды жақсартуы мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, Іс-әрекетті зерттеу – мұғалімге өзін осы рөлде тануға, өзін таным мен даму әлемінде оқушыларды алып жүретін сыни ойшыл ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін әдіс.
Кембридж университетінің тәсіліне сәйкес, мұғалімдерден үдеріске деген жауапкершілік талап етіледі, ол өз алдына ыңғайсыздық тудыру мүмкін. Сонымен қатар, біз мұғалімдерге күн сайын өткізілген сабақ туралы блокнотқа жазулар жазуға10 минут уақыт бөлуді сұраймыз. Бұл жұмыс қатаң тәртіпті пен жұмысқа деген қабілеттілікті талап еткенімен, процесс жаңа дағдыны дамытады дегенге сенімдіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет