Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата22.12.2016
өлшемі2,16 Mb.
#34
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2014  №4  (25)

59

Қаратаев  –  публицист  Шідерті  болысының

басқарушысы Андижан Жұбаналиевпен бірге

жер  ісі  және  жерге  орналастыру  Бас

басқармасына  Шідерті  болысы  қазақтарына

жеке  меншіктері  етіп  жер  кесіп    беріп,

отырықшылыққа  көшкендерін  тіркеу  туралы

өтініш  жолдағандарын  жеткізеді.  Столыпин

үкіметінің аграрлық саясатын қолдамайтынын,

алайда Шідерті  болысының 15  мың десятина

жерін қоныс аударушылардан сақтап қалу үшін

амалсыз  сондай  қадам  жасауға  мәжбүр

болғандығын  тілге  тиек  етеді.  Оның  үстіне,

отырықшылық тұрмыс қазақ халқының күйреуге

соқтырған  көшпенді  өмірін  өзгертіп,  мәдени

соқпаққа сала ма деген үміті де жоқ емес екендігін

білдіреді.  «Татарлар  жаңа  өмір  аясында  ояну

үстінде.  Олардың  ізін  ала  қазақтар  да

отырықшылыққа көшіп, жеке меншікке жер кесіп

алуға міндеттелу нәтижесінде оянуы керек. Міне,

менің пікірім осындай. Мүмкін мен қателесетін

шығармын. Маған хат арқылы жауап бер. Мен

сенің пікіріңді қадірлеймін және Шідерті ісінде

маған  басшылық  етуіңді  сұраймын.  Бұл  жер

кесіп алып, ата қонысты сақтау жөнінен барлық

қазаққа үлгі болар еді. Маған хат арқылы өзіңнің

кеңестеріңмен  көмекке  кел»,  -  деген  жолдар

«Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газетінде

сәйкесінше  идеялық  жетекшілік  еткен  қос

қайраткер  арасында  бас  араздық,  немесе  тап

тартысы болмағанына айқын көзімізді жеткізеді.

Өкінішке  қарай,  біздіңше,  бұл  хат  Әлихан

Бөкейхановтың қолына тимеген болуы керек.

Оған қайтарылған жауапты және «Айқап» пен

«Қазақ» басылымдары материалдары ішінен ол

туралы бірде-бір мәлімет таба алмаған себепті

сондай түйін жасаймыз. Бұдан егер дер кезінде

Әлихан Бөкейханов тарапынан жауап берілген

болса, онда екі басылым арасындағы жер туралы

пікірталас тумас та еді-ау деген қорытынды келіп

шығады.

Алаш көсемдерінің «Қазақтың тірі я өлі



болу мәселесі» туралы, басқаша айтқанда, ата-

бабаларымыз найзаның ұшы, білектің күшімен

қорғап,  көздің  қарашығындай  сақтап  келген

ұлан-байтақ даланы отаршылдық езгісінен азат

қылу мақсатында қаламды қару орнына жұмсап,

ұрпаққа  аманат  етіп  қалдырған  бай

публицистикалық  мұраларының  ешқандай

нәтижесі болған жоқ, еңбектері еш кетті десеңіз,

қатты қателікке ұрынасыз.

Алаш публицистерінің жер туралы жеріне

жеткізе, егіле жазған еңбектері қоғамдық пікір

туғызу арқылы қоғамдық санаға ықпал етудің

жарқын  үлгісін  көрсетті.  Пікір  тайқазанында

әбден  пісілген  ой-сана  қазан  төңкерісі

қарсаңында  қазақ  қоғамының  жер  туралы

көзқарасын  бір  арнаға  тоғыстыруы  –  соның

айқын дәлелі.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қазақ

даласының  әр  облысында  ұйымдастырылған

құрылтайларда қаралған жер мәселесі туралы

пікірлердің  бір  жерден  шығуы  соның  жемісі

болатын.  Осы  ғылыми  тұжырымымыздың

тарихи шынайылығына көз жеткізу үшін бірінен-

бірі шалғай жатқан екі облыстың, атап айтқанда.

Торғай және Жетісу облыстары қазақтарының

құрылтайына салыстырмалы талдау жасасақ та

жеткілікті.

Орынбор  қаласында  1917  жылдың  2-8

сәуір  аралығында  ұйымдастырылған  Торғай

облысы қазақтары құрылтайының «6. Аграрлық

мәселелер» туралы шешімі:

«І.  Мемлекет  керегіне  қазақтан  жер

алынатын болса, әуелі қазақтың өзіне жеткілікті

жер беріліп, артығы алынсын.

ІІ.  Учредительное  собранияда  жер

мәселесі шешілгенше бұл күнге шейін мұжық

орнамаған  учаскелер,  мұжық  жамансынып

тастап  кеткен  жерлер,  отрубной,  оборочный

статиялар,  мал  бағуға деп  һәм  монастырский

участке  деп  алған  жерлердің  бәрі  бұрынғы

иелеріне (қазаққа) қайтарылсын. Законсыз ұзын

срокпен  арендаға  берілген  мал  бағатын

учаскелер  де  иелеріне  қайтарылсын.  Қымыз

ішуге ашылған ауруханаларға алынған жерлер

иелеріне  қайтарылсын.  Жаңадан  алуға  жоба

жасалған  жерлерге  енді  мұжық  жазу

тоқталылсын.

ІІІ.  Жер  алу  Дала  уалаяттарында  һәм

Түркістанда тоқтатылсын. Алуға жоба жасалған

жерлерді қазақтардың қыстауы көшірілмесін.

Айрықша қазына мүлкі саналған орман ішінде

кеткен  қазақтың  егіндік,  пішендік  һәм

жайылымына  жаңадан  бөлік  бөліп,  бұрын

жасалған шекара түзетіліп, қазақтан орынсыз

алынған  егіндік-пішендігі  қайтсын.  Бұл

АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)


60

ағаштардың  арасындағы  шөбін  қазақ  тегін

шапсын  һәм  қыс  мал  жаюға  ерік  берілсін.

Қазақтың өзі қорыған ағашы өзіне қалсын. Ағаш

маңындағы кедей қазақтарға қора-қопсы салуға

ағаш берілсін» [10,377], - деген талаптарды алға

тартады. Осы ұйғарым Верный қаласында 1917

жылдың 12-23 сәуір аралығында өткен Жетісу

облыстық  қазақ  сьезінің  «11.  Облыстағы  жер

мәселесі»  туралы  шешімінде  былай  көрініс

табады:

«1.Облыс  сырттан  қоныс  аударушылар



үшін мүлде жабық деп саналсын.

2. Бұдан кейін шаруаларға, қазақтарға және

басқа  қонысаударушыларға  жер  бөліп  беру

тоқтатылсын.

3.  Мемлекеттік  мүлік  басқармасы

тарапынан әлі де болса қоныстандырылмаған

қосалқы,  алым  төленетін  және  т.б.  жерлер

қырғыздарға қайтарылсын»  [20].

Көріп  отырсыздар,  екі  облыс  қазақтары

құрылтайының жер мәселесі туралы қарарлары

біріне-бірі  толық  сәйкес  келеді.  Бұл  –  басқа

облыс  құрылтайларына  да  қатысты  ортақ

құбылыс.  Осылайша  облыстық  қазақ

құрылтайларының  барлығында  талқыланып,

жер  мәселесі  туралы  арнайы  қабылданған

қарарлар Орынбор қаласында 1917 жылдың 21-

26 шілдесінде өткен жалпы қазақ сьезінде халық

өкілдерінің  ортақ  бір  шешімге  келуге  негіз

болғаны еш талас туғызбайды. Оған сьездің «ІІІ.

Жер  мәселесі»  туралы  14  пунктен  тұратын

қаулысымен танысу арқылы көз жеткізу қиын

емес:


«1.  Қазақ  халқы  өзіне  еншілі  жерге

орнығып  болғанша  қазақ  жері  ешкімге

берілмесін.

    2.  Қазақ  даласында  жарамды  жер  аз

болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен

мынадай участкалар қазақтың өзіне тоқтаусыз

қайтарылсын:  дворянский,  скотоводческий,

торгово-промышленный, 

курортный,

моностырьский,  переселен  орнықпағандар,

отрубтар, оброчный статиялар, жай адамдарға

«показательный  поля»  деп  берілген,  бірақ

расында  жоқ  нәрселер  һәм  горнизондарға

беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін яки сәл

азайғаннан кейін босаған жерлер.

  3.    Бос  участклерге  жазылу  тез

тоқтатылсын.

 4. Переселен орныққан участкелерде олқы

тұрған сыбаға жерлер қазақтың өзіне тоқтаусыз

қайтарылсын.

  5.  Қазақтан  алған  қыстаулар  егер

қожалары әлі көшпеген болса, қазақтың өзіне

қалсын.  Келген  мұжықтарға  қайтадан  бөліс

қылып өзге участкелерден жер әперілсін.

  6.  Айрықша  қазына  мүлкіне  деген

тоғайлықтардағы  қазақ  шабындығы  өзіне

қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының

беткейіне жайылуға рұқсат болсын.

  7.  Бүкіл  мемлекетке  дақылы  болмаған

айрықша  қазына  ағаштары  земство  қарауына

берілсін.

  8.  Жер  хақында  қазақ  өз  алдына  жер

жобасын жасасын.

  9.  Жер  мәселесі  туралы  басқа  саяси-

партиялармен  келісу  еркі  Учредительное

собранияда қазақ депуттарына берілсін.

10. Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге

қазақ облыстарына мал бағу һәм мал бағу, егін

салу  үшін  лайықталған  Щербина  нормасы

алынсын, әр жердің ретіне қарай.

11. Бөкейлік қазақтары басқа көрші қазақ

облыстарына  лайықтаған  норма  бойынша

өздерінің отырған жерлерінен жер алсын.

12.  Түркістан  қазақтарына  жер  берудің

үстіне жеткілікті су да берілсін.

13.  Қазақ  халқы  жермен  ортақ

пайдалансын  (ру,  ауыл,  болыс  болып)  яғни

земельная община болсын (Ферғанадан келген

екі өкіл жерді ортақ пайдалануға қарсы болды,

әркімнің жер еншісі бөлек болсын деді).

14. Земельная община яғни ортақ жердің

ауданын  шамалау  жергілікті  жер  мекемелері

(Земельно-строительное  учреждение)  еркінде

болсын»  [10,405-406],  -  деген  талаптары

облыстық қазақ құрылтайларының жер мәселесі

туралы қарарларын негізге алып даярланғаны

бірден байқалады. Ең бастысы, алғашқы жалпы

қазақ құрылтайына қатысқан «Ақмола, Семей,

Торғай,  Орал,  Жетісу,  Сырдария,  Ферғана

облыстарының  һәм  Бөкейліктердің  өкілдері»

[10,405],  жер  туралы  мәселеде  алауыздық

танытпай, бір ауыздан ортақ шешімге келуі Алаш

публицистерінің ұзақ уақыт мәселенің мәнісін

егжей-тегжейлі терең түсіндіріп, қоғамдық пікір



АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)

61

қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал

ету бағытындағы жанкешті еңбектерінің нақты

жемісі деп бағалаған лазым.

Жер мәселесі туралы қазақ зиялыларының

шешімі бір жерден шыққанына 1917 жылдың 2-

5 тамыз аралығында Ташкент қаласында өткен

Түркістан  аймағы  қазақтарының  жалпы

жиналысы қаулысы да айқын дәлел бола алады.

Қаулының  «3.  Жер-су,  переселен  орыстар

туралы»  бөлімі  18  талаптан  тұрса,  оның  14-і

жоғарыда  тілге  тиек  етілген  жалпықазақ

құрылтайының  «Жер  мәселесі  туралы»

талаптарымен толық сәйкес келіп, тіпті сөзбе-

сөз қайталанады [21]. Ал қосымша төрт тармағы

Түркістан 

аймағының 

мынадай


ерекшеліктерінен туындайды: «15. Ақмешіт һәм

Қазалы  уезінің  пайдасын  ойлағанда,

Сырдарияның  бас  жағынан  арық  шығару

тоқтауы тиіс.

16.  Перовск,  Қазалы  уездеріндегі

қазақтардың  халін  әзде  тұтып,  қазынаның

қаражатымен  әдейі  осы  үшін  барған

инженерлердің  жобасымен  қазақтарға  су

шығарылып 

берілсін. 

Суды 

жинап


пайдаланатын үлкен көл-тоғандар соғу керек.

17. Ферғана қырғыздарының жер мәселесі

өздерінің  бірінші  облыс  жиналысындағы

қаулыларына лайық шешілсін.

18.  Шу  дариясының  орташығындағы

переселен мұжықтар пайдасына Шудың бар суы

ашылып  қойып,  төмендегі  Сырдария  мен

Ақмола  облыстарының  қазақтары  құралақан

қалып  тарығуда.  Бұл  қазақтарға  керекті  су

тоқтаусыз төменге ағызып жіберілсін».

Алаш публицистерінің қазақ жерін көздің

қарашығындай  сақтау  туралы  құнды  ой-

пікірлері «Алаш» партиясы бағдарламасына да

негіз  болған.  «Қазақ»  газетінде  жарияланған

«Алаш  партиясы  бағдарламасының  жобасы»

соған  анық  көзімізді  жеткізеді.  Мұнда  да

жоғарыда 

сөз 


болған 

жалпықазақ

құрылтайының  «Жер  мәселесі  туралы»

шешімдері жолма-жол қайталанады. Сондықтан

бағдарлама  жобасының  «Х.  Жер  мәселесі»

бөлімін толық баяндамай, «Жоба жасаушылар:

Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,

Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали

Тұрмұхамедов,  Ғабдолхамит  Жүндібаев,

Ғазымбек  Бірімжанов»  [5,441]  секілді  Алаш

қайраткерлері  маңыз  берген  мына  мәселеге

айрықша  тоқталғанды  жөн  көреміз:  «Жер

законында  жер  сату  деген  болмау,  әркім  өзі

пайдалану.  Пайдасынан  артық  жер  сатылмай,

земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы

қазынанікі болып, билігі земство қолында болу»,

-  деген  талап  –  тарихи  маңызымен  қоса

өміршеңдік мәнімен құнды.

Мәселе  мәнісін  терең  түсіну  үшін,

алдымен, Алаш қайраткерлері мұндай талапты

неге  алға  тартып  отырғандығының  сырына

үңілген дұрыс. Оған жауапты «Қазақ» газетінде

«Бортаң» деген бүркеншік атпен жарияланған

«Жер  жалдау»  деген  мақаладан  табамыз.

Біздіңше, «Бартаң» - Алаш қайраткері Хайреддин

Болғанбаевтың  бүркеншік  аты.  Көрнекті

көсемсөз  шебері  қаламынан  туған  мақала

маңызын  газет  басшылығының  мына  лиді

(анықтамасы) айқындайды: «Қала болушылар ер

басына  15  десятинаны  бұрынғыдан  еркін,

пайдалы деп алған жоқ, аз да болса, ата мекенін

қимағандықтан алған секілді еді.

...Енді  бүгін  көріп  отырмыз  өрісі

тарылғандар  бір  күндік  ақшаға  қызығып,

жерлерін  орысқа  жалдай  бастапты.  Мұнысы

үкімет қазаққа 15 десятина көп екен, міне, өздері

артық жерін сатып, жалдап жатыр деуіне дәлел

үшін бе, жоқ, құдай береке беріп, жерлері өсіп

кетті ме, өздері біледі. Бұл келіспеген істен өзге

қала  болғандар  да  сақтансын  деп  басқармаға

келген мына бір хатты басамыз» [10,112].

Хат авторы Х.Болғанбаев Ақтөбе уезі Бөрте

болысының 3 аулында өзі куә болған келеңсіз

жайды әшкерелеп, жалқау қазақтың аңқау мінезін

өткір  сынап-мінейді:  «Былтыр  осы  ауылдың

атқамінер  отағасылары  мен  бірсыпыра  ілкім

жастары  мешіт  салуға  жаратамыз  деп  300

десятина жерді бір орысқа арендаға берген еді.

Бірақ онан бері бір жыл заман өтті, не ақша, не

мешіттің қайда екенін білген кісі жоқ. Енді биыл

тағы  да  мешітті  сылтау  қылып,  жұрттың

ризалығынсыз 25 десятина жерді арендаға беріп

отыр,  -  деп  нақты  дерекке  жүгініп,  маңызды

қоғамдық  ойды  ортаға  салады.  –  Бұған  риза

болмаған  бірсыпыра  адамдар  бастапқы  кезде

олай қыламыз, бұлай қыламыз деп жүр еді, бір

күні  әлгі  атқамінерлер  бір  мал  сойып,  етке

АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)


62

тойғызған  екен,  қарқындары  сонымен

басылыпты. Сорлы қазақ бір күн етке тойса, жүз

жылғы пайдасын ұмытатын жазған ғой».

Әрине,  алыстан  ойлап  тірлік  етпей,  бір

күндік  пайдаға  мәз  болған  қазақтың  бұл  кер

мінезі опық жегізбей қалмайды. Болғанбаев –

публицист мақаласында оны дөп басып, ашып

көрсетеді: «Бүгін мешіт салам деп ұлтарақтай

жерін сатып бітіріп алып, ертең бала-шағасын

асырау  үшін  елдің  еркегі  маңайындағы  қара

шекпеннің  малын  бағып,  көшесін  сыпыруға

кеткенде  ол  мешітке  кім  кіріп  құлшылық

қылмақшы.  Мына  сатқан  жердің  бір  шеті

ауылдың іргесіне тиіп тұр. Жұрттың осы күні аз

да болса, қара құрасы бар. Бүгінге шейін сол аз

малдарын  осы  сатқан  жерлеріне  жайып

отыратын еді, енді мұнан соң қозы-лағына шейін

арқандап отырып бақпаса, қалай бағады? Күн

сайын  орыстың  егініне  малын  түсіріп  потрав

(айып  –  С.Қ.)  төлеп  отырғанын  көреміз  әлі.

Міне, осы күнгі алған ақшаның қызығын сонда

көрер  жұрт»,  -  деген  жолдар  оқырманға  ой

салғаны анық. Жерді кірмелерге жалға берудің

болмай  қоймайтын  зардаптарын  жалпақ  елге

жария етіп отырып, оны тоқтатуға күш салған

Алаш  публицистері  еңбектерінің  тарихи

маңызы орасан зор. Сонымен бірге өміршеңдік

мәнін де жоғары бағалауға тиістіміз. Тәуелсіз

еліміздің  жиырма  жылдық  тарихында  жерге

байланысты мәселелер туындамай қалған жоқ.

Жерді жекеменшікке сату туралы заңның үлкен

пікірталас туғыза барып қабылданғанын білеміз.

Оның  дұрыс  я  бұрыс  болғанының  бағасын

келер  ұрпақ  берері  хақ.  Кейінгі  кезде  Жерді

қытайлықтарға жалға беру туралы даулы мәселе

БАҚ-тан  көрініс  тауып  жүр.  «Жел  тұрмаса,

шөптің  басы  қимылдамайды»  деген  қазақ

мақалына  жүгінсек,  оның  бекер  әңгіме  емес

екенін  бағамдауға  болады.  Осы  тұста  Алаш

көсемдерінің ХХ ғасыр басында – қазақ тағдыры

қыл  көпірдің  үстінде  тұрған  қилы  кезеңде

қаламдарын  қару  етіп,  ұлан-байтақ  даланы

жаппай қоныс аударушылардан қорғап, сақтап

қалуға  мұрындық  болған  публицистикалық

мұраларын қазірде ел игілігіне жаратар болсақ,

көп ұтысқа шығар едік деген ой туады. Ол үшін

Алаш  публицистерінің  жер  мәселесі  туралы

жазғандарын жиып-теріп, құрастырып, жинақ

етіп  басып  шығарып,  жерге  жауап  беретін

мемлекеттік  қызметкерлер  қолына  ұстатып,

міндетті  түрде  басшылыққа  алуын  талап  ету,

жалпы  халықтың  етене  танысуына  мүмкіндік

туғызу  ауадай  қажет.  Тарихтан  сабақ  алып,

қателікке бой алдырмай, болашаққа тұра жол табу

өркениетті  елдің  төл  ұстанымы  болуға  тиіс.

«Өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз

зерделеп  отырудың  жөні  бөлек.  Мұның  өзі

өткендегі тәжірибенің жақсысын үйрену үшін,

ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан

жирену үшін қажет» [22], - дейді бұл турасында

Тәуелсіз  еліміздің  тұңғыш  президенті

Н.Ә.Назарбаев.

Қорытындылай 

келгенде, 

Алаш


публицистері  қаламдарына  арқау  болған  ХХ

ғасыр басындағы ең өзекті мәселе қазақтың құны

өлшеусіз байлығы – ұлан-байтақ даласын сақтап

қалу  қамы  болғанына  зерттеу  барысында  көз

жеткіздік. Ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет

Байтұрсынов  айрықша  анықтама  берген

«қазақтың тірі я өлі болу мәселесінің» мәніне

мейілінше терең бойлап, себеп-салдарын толық

ашуға тырыстық.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында

қазақ даласында жер мәселесінің осыншалықтық

ушыға  түсуінің  бірден-бір  себебі  –  патшалық

Ресей  өкіметінің  отаршыл  озбыр  саясатының

салдары.  Алыстан  көздеген  әртүрлі  айла-

амалдарының  нәтижесінде  қазақтың  құнарлы

жерлерін  білдіртпей,  біртіндеп  жаулап  ала

бастаған  метрополияның  зұлым  саясатын

әшкерелеп,  оның  сырын  қаймана  қазаққа

түсіндіруде 

Алаш 


зиялылары

публицистикасының тарихи маңызы орасан зор.

Ел басына қиын-қыстау кез туғанда сөз өнерінің

жауынгер саласы – публицистика алғы шепке

шығып, әлеуметке басшылық жасауда айрықша

рөл  атқаратынын  Алаш  публицистерінің  бай

мұрасы айғақ болып табылады.

Халықтың сөзін сөйлеп, сойылын соғатын

ұлттық  баспасөздің  жарық  көруіне  айрықша

ықпал  еткен  Алаш  публицистикасы  қазақ

мұңын-мұндайтын газет-журнал шықпай тұрған

кезде эпистолярлық жанр үлгісінде көрініс тауып,

қоғамдық  ойдың  бірден-бір  қозғаушы  күші

болғаны  туралы  алғаш  айналымға  енгізіп

отырған  ғылыми  тұжырымымыздың  мән-

АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)


63

маңызы  айрықша.  Бұл  арқылы  ХХ  ғасырдың

елең-алаңында  отарлық  езгіге  қарсы  халық

наразылығын  паш  еткен,  патшалық  Ресей

өкіметінің  айылын  жиып,  амалсыз  қалың

қазақтың  талабымен  санасуына  мәжбүрлеген

құзырхаттардың  (петициялардың)  тарихи

маңызын  жоғары  бағалаумен  бірге  олардың

жанрлық табиғатын айқындау қажеттігіне көз

жеткіздік. Қалам қару орнына жұмсалып, ұлт-

азаттық күрестің соны соқпағы ретінде тарихта

өшпес із қалдырған, қазақ даласының түкпір-

түкпірінен сан мыңдаған кісінің қол қоюымен

орталыққа  бірінен  кейін  бірі  жолданып,

метрополия алқымынан алған арыз-талаптар –

эпистолярлық  жанрда  көрініс  тапқан  Алаш

публицистикасының  күш-қуатын  паш  еткен

тарихи  туындылар.  Зерттеу  барысында

құзырхаттарды Алаш қайраткерлері даярлағаны

және  жеке  тұлғалдар  тарапынан  да  шағым-

хаттар  жазылғаны  мұрағат  материалдары

негізінде  дәлелденді.  Шынайы  деректерге

құрылуы мен қоғамдық маңызды мәселелерді,

соның ішінде ең өзектісі болып табылатын қазақ

жері туралы шындықты көтеріп, қоғамдық пікір

туғызу арқылы қоғамдық санаға ықпал етуі, ең

бастысы, елді елең еткізіп, еліктіріп, елітіп әкететін

әсерлі де өткір тілді  жазылуы аталған тарихи

туындыларды хат үлгісіндегі публицистикалық

мұра деп бағалауымызға толық негіз береді.

Алты алашқа аты мәлім ардақтыларымыз

Алаш баспасөзі жарық көргенге дейін қоғамдық

маңызды ақпараттарды, таным мен тағылымы

мол  ойтолғауларын  әр  түрлі  жолмен  ұрпаққа

аманат  етіп  қалдырғанын  жадымызда

ұстанғанымыз жөн. Соның жарқын үлгісі – хакім

Абайдың  «Қара  сөздері».  Осы  орайда,  егер

«Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газеті  Абай

заманында  шыққан  болса,  сөз  жоқ,  ақынның

бұдан да басқа бай публицистикалық мұрасын

еншілер едік деген ғылыми тұжырымымыздың

жаны бар деп санаймыз.

Алаш  баспасөзінің  пайда  болуы  жер

мәселесінің  қыры  мен  сырын,  қалың

қатпарларын  түгесе  жариялап,  көзі  қарақты

оқырманға  шынайы  ақпарат  берумен  бірге

қоғамдық  маңызды  ой  туғызып,  пікірталас

арқылы ақиқатқа көз жеткізіп, санаға сіңіруге

қалам  қайраткерлері  мүмкіндігін  арттырғаны

зерттеу барысында дәйекті түрде дәлденеді деп

есептейміз.

Әдебиет

1.

Байтұрсынов  А.  «Аңдаспаған  мәселе»



турасында // Қазақ, 1914 жылдың 31-қаңтары.

2.

Бұл да сонда.



3.

Амандосов 

Т.С. 

Совет


журналистикасының теориясы мен практикасы.

– Алматы: Мектеп, 1978. – 273 б.

4.

Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы:



Рауан, 1961. – 224 б.

5.

Алаш  қозғалысы.  Құжаттар  мен



материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. –

552 б.


6.

Жақып  Б.  Қазақ  публицистикасының

қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004.

– 368 б.


7.

Тынышбаев  М.  Таңдамалы.  Избранное.

Құрастырған  және  алғы  сөзін  жазғандар

Г.Жүгенбаева мен Б.Байгалиев. – Алматы: Арыс,

2001.

8.

Өзбекұлы  С.  Арыстары  Алаштың.  –



Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 192 б.

9.

Әуезов М. Ақаңның 50 жылдық тойы. //



Ақ жол. 1923 жылдың 4-ақпаны.

10.


  «Қазақ»  газеті.  Құрастырушылар:

Ү.Сұбханбердина, С.Дәуітов, Қ.Сахов – Алматы:

«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.

– 560 б.


11.

  Аспандиярұлы  С.  Қазақ  тарихының

очерктері. – Алматы: Қазақстан баспасы, 1932.

12.


  Қойгелдиев  М.  Алаш  қозғалысы.  –

Алматы: Санат, 1995.

13.

  Тұрсынбаев  А.Б.  Из  истории



крестьянского переселения а Казахстан. – Алма-

Ата: Издательство АН Каз ССР, 1950.

14.

 Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. – Т.1. –



Алматы:  Қазақ  энциклопедиясының  Бас

редакциясы, 1998.



АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)

64

АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)

Резюме


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет