Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата22.12.2016
өлшемі2,16 Mb.
#34
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2014  №4  (25)

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

Ы.Алтынсарин  Начальное  руководство  обучению  киргизов  русскому  языку–

Оренбург 1879г. Бақырған кітабы. Қазан, 1897 ж.

 

Көне жәдігерлер қашанда ғасырлар мұрасы болып қала бермек.



 Соның 

бірін  бүгін  атап  кетсем.  Тарих  және  этнология  институты  директорының 

орынбасары,  т.ғ.д  С.Смағұлова  Ескелді  ауданы  Ақын  Сара  ауылына  этно-

тарихи экспедициялық іс-сапармен барған кезде табылған құнды кітаптарды 

кітапхана ұжымына табыс етті. Сирек қорымыз енді тағы да көне 5 кітаппен 

толыға түсті. 

 

Енді  осы  сыйға  берілген  кітаптарға  қысқаша  тоқталып  өтсек:  1.  «Ал-



иткан  фи  тарджамат  ал-Куран»  (

).  Бұл  кітап  құран 

тәпсірінің  татарша  аудармасы  болып,  Уфа  губернасының  Минзәлә  уезіне 

қарасты  Яхшыбай  ауылындағы  Имам  мөдәрис  Шайхалислам  ибн 

Асадулла Хамидидың(

) аударуымен 1907 

жылы  Қазан  қаласында  Матбаға  Каримияда  басылып  шыққан,  бұл  осы 

кітаптың ең алғашқы басылымы, жалпы көлемі 519 бет  



89

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №4  (25)

Шайхалислам  ибн  Асадулла  Хамиди-  Татардың  әйгілі  дінтәнәнуші 

теологы,  көптеген  еңбектердің  авторы.  Ол  1869  жылы  Симбирсктегі  Тәуен 

деген жерде туылған. Маржани медресесінде Ш. Марджанидан, Мүхәммәдия 

медресесінде  А.  Барудиден  тәлім  алған.  1911  жылы  42  жасында  Қазан 

қаласында қайтыс болып, Қазан қаласында жерленген.  

Хамиди  бұл  еңбегінде  құранның 

114  сүресін  ұғынықты  тілмен  аударып, 

алғаш  рет  1907  жылы  Орынбор,  Қазан 

қалаларында, 

1911 


жылы 

Қазан 


қаласында 

бастырып 

шығарған.

Автордың  бұл  еңбегі  кейін  1950  жылы 

Токио  қаласында,  1984  жылы  Станбул

қаласында,  1985  жылы  Катарда  қайта 

басылған. 

 

2. 



 - Құран карим. Бұл кітап 1924 жылы басылып шыққан, жалпы 

529 бетттен тұрады. 



3. Шараит ал-иман (

)  

90

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №4  (25)

4.  Құран  сүрелері

Бұл кітап 1910-жылы Қазан қаласындағы Типография императорлық 

университетінде Татар тілінде басылып шыққан.  

Осындай  құнды  жәдігерлерімізді  әрдайым  ізденуші  ғалымдарға, 

зерттеушілерге    керегінше  пайдалануына  мүмкіндік  жасауға  әрдайым 

дайынбыз!  «Кітап  –білім  бұлағы,  білім-  өмір  шырағы»  демекші  бұлақтың 

көзін ашайық оқырман... 


91

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №4  (25)

Резюме

   Резюме

В данной  статье говорится о ценности  редких книг и рукописей об истории  развития

Родины, которые  на  данный момент хранятся в научной библиотеке республики и пополняются

книгами, привезенными из  зарубежных стран.

In this  article talked about the value  of rare books and manuscripts about history  of development

Motherlands, that  is now  kept in the scientific library of republic and filled up by the books brought from

foreign countries.

92

2014  №4  (25)

АСЫЛ СӨЗ

4. ПАН-ЖИ-ЗАН ХАН

Ең бұрын қала болған қытай жұрты,

Хақанын Аспанұлы дейді ғұрпы.

Ертерек қолөнерге шебер болған,

Қолайсыз көрінсе де бізге сырты.

Аспанұлы құдайға жақын деген,

Сондықтан не қылса да мақұл деген.

«Патса сөзі – тәңірінің бұйрығы» деп,

Ол елде жол болмайды закон деген.

Ғылымдының санына кірмесе де,

Пароходы теңізде жүрмесе де,

«Бар мұхитты билейміз» деп ойлайды,

Өзге түгіл өз елін білмесе де.

Пан-Жи-Зан хақан болған әділетті,

Мейірімі өз халқына түгел жетті.

Лақап атын Мүнсін деп атайды екен,

Мағынасы «ел атасы – хақан» депті.

Әділ деп тамам қытай нанады екен,

Әр тарапқа құлағын салады екен.

Бір жандарал қиянат қылды десе,

Шақыртып басын кесіп алады екен.

Орнына тағы біреу сайлайды екен,

«Тез бар» деп облысына айдайды екен.

«Ай сайын жақсы хабар жазып тұр» деп,

Тапсырып қатты уағда байлайды екен.

Сондықтан рапорт жазып жандаралдар,

«Ел тыныш, егін мол» деп хақанды алдар.

«Бидай, күріш, тарыға орын жоқ боп,

Жерге көміп жатыр, – деп, – тамам жандар».

Жан-жақтан күнде осындай хабар келіп,

Қуанып жүрсе-дағы соған сеніп,

Бір күні Пан-Жи-Занға ой түседі,

«Осылар алдап жүр ме?!» деп сектеніп.

Шақыртып жиып алды уәзірлерін,

Ақылшы, ақсақалды кемеңгерін.

Елден келген рапорттың бәрін оқып,

«Осы сөз рас па,– деді, – пенделерім?»

Олар айтты: «Бәрі рас мұныңыздың,

Естуіміз осылай еді біздің.

Аспандағы атаңыз жәрдем берген,

Әділдік қасиетіңіз бұ да сіздің...»

Хан айтты: «Енді бұған нетпек керек,

Халқыма менен хабар жетпек керек.

Астықты таза сақтап орындауға,

Не қылса да бір себеп етпек керек.

Осыған өзім айла таппақшымын,

Бабаларым ісіне бақпақшымын.

Ешбір адам келмесін соған шейін,

Қырық күн тарих ақтарып жатпақшымын».

Мұны естіп уәзірлер құлдық қылып,

Бірталай күн бостандық барын біліп,

«Ханымыздың бағы ассын» деп тарқады,

Қуанып сауық салып, ойнап-күліп.

***


Үйінде жалғыз қалып хан ойлады,

Рапорттарды тексеру мән ойлады.

Мың бір жүз алпыс жылдай бұрын өткен

Син-Са-Син ханның ісін және ойлады.



Шәкәрім Құдайбердіұлы орыс жазушысы Лев Толстойдың «Алты әңгіме» топтамасын

1924 жылы аударған. Аудармаға 90 жыл толуына орай жарияланып отыр.

Соңы. Басы №3 санда.

93

2014  №4  (25)

АСЫЛ СӨЗ

Син-Са-Син кезуші еді елді астыртын,

Тексеріп ұлықтардың іс пен ғұрпын.

Ел жылатқан ұлықтың басын кесіп,

Зұлымдықтан сақтаған сүйтіп жұртын.

Бұл да соның жолына кірмек болды,

Танытпай халық аралап жүрмек болды.

«Ел тоқ» деп жандаралдың жазғандарын

Көзбен көріп, анықтап білмек болды.

Қасына шын сенімді жолдас алып,

Түн ішінде Пекиннен кетіп қалып,

Қап салған қайыршы боп шекпен киіп,

Пешелі

1

 облысына кірді барып.



Кез келді келе жатып зор қышлаққа,

Бір үйге барды қайыр сұрамаққа.

«Ата-анаң аруағы үшін бір нан бер», – деп,

Мұңайып келіп тұрды есік жаққа.

Ол айтты: «Біз емеспіз тамаққа тоқ,

Сен түгіл балаларға нанымыз жоқ.

Жандарал, тамам ұлық астықты алып,

Жатырмыз өзіміз де өлетін боп».

Тіленіп екінші үйге тағы барды,

«Аштан өлдік, нан бер», – деп айғай салды.

«Бұл елдің наны жоғын білмеймісің,

Мазақтамай кет!» – деген жауап алды.

Онан соң барып еді үшінші үйге,

Ол-дағы түскен екен аштық күйге.

Нан бер деген сөзіне сөз қайырмай,

Жылады «нан қайда, – деп,  – ай, дүние!»

Онан соң бір қалаға тағы келді,

Нан жоқ болса, балаудан бер», – деп енді.

«Балау деген ұлық па, хайуан ба,

Оны біз білмейміз», – деп жауап берді.

Хан талай ел қыдырды сөйтіп жүріп,

Астық пен елдің жайын әбден біліп.

Талай адам жиылған бір ақ үйге

«Мұнда не бар екен?» – деп келді кіріп.

Қараса, өңкей кедей, пақыр екен,

Ол қала да астықтан тақыр екен.

«А, құдай, жандаралдың басын кескіз», –

Деп жылап, дұға қылып жатыр екен.

Оңаша бір шал отыр есік жақта,

Хан соған жақын келді байқамаққа.

Оның қылған дұғасы елден бөлек:

«А, Құдай, жандаралды, – дейді, – сақта».

«Жандарал жүз елуге келсін! – дейді,

Жасартып тағы да өмір берсін,  – дейді.

Бұл өлгенмен келеді және біреу,

Онан да осы-ақ ұлық болсын», – дейді.

Хан айтады таң қалып мына сөзге:

«Ақсақал! Ойың бөлек көрер көзге.

Жандаралдан көріп пе ең бір жақсылық,

Өлсін деп тілеп отыр сізден өзге».

Шал айтты: «Кімге қылды ол жақсылық?

Жандаралдан шықпайды ондай қылық.

Алым алып, өзіне дүре соғып,

Елге күнде қылады зұлымшылық».

Хан айтты: «Жақтырмасаң қылған ісін,

Неге өмірін тілейсің, айт мәнісін?

Кей адамның болады жұлдызы ыстық,

Сондықтан ұнаттың ба оның түсін?»

Шал айтты: «Көрген емен өмірімде,

Сексеннен асты жасым осы күнде.

Бес жандарал өткіздім мұнан бұрын,

Бірінен бірі антұрған болды мүлде.

Бұл өлсе, біреу келер мұнан залым,

Зарлатып тағы алады елден алым.

Пекиннің жандаралы қасқырдан көп

Екені баяғыдан маған мәлім.

Анау жастар мұндайды сынамаған,

Ел бар ма ұлығынан жыламаған.

Онан-дағы осы өлмей тұрсын деймін,

Тағы біреу келгенше мұнан жаман».

1

 Пешелі - Қытайдың ең бай, егінді облысы (автор)



94

2014  №4  (25)

АСЫЛ СӨЗ

Хан қайғырды: «Ел жайы бұл екен, – деп, –

Әншейін бос әуре боп жүр екем, – деп.

Кімді қойсам зарлатып елді жейді,

Тамам жұрт кіші ұлықтың құлы екен»,  – деп.

Қырық күнде хан үйіне қайта барды,

«Келсін!» деп уәзірлерге хабар салды.

Пекиндегі ақылшыл ұлықтарды

Шақыртып өз қасына жиып алды.

Хақанға ауыр тиді ұлық сынау,

Елінің көрген күні күнде жылау.

Жаны ашып кейісе де ем таба алмай,

Үміт үзіп сандалған сөзі мынау:

«Ақтардым тауарықтың оқып бәрін,

Бабамның ісі болды маған мәлім.

Өзі өлгенше түспесін жандаралдар,

Жамандап десе-дағы қанша залым.

Түспесін олар түгіл ешбір ұлық,

Десе де «ол қылып жүр бұзақылық».

Менің сөзім – Аспанның сөзі емес не,

Осы екен, ойлап тұрсам, құдайшылық».

Мұны естіп тамам ұлық бас ұрыпты,

Ол қайтіп қуанғанын жасырыпты?

Олар түгіл дос, қайын, нағашысы

Зұлымдықты жүз есе асырыпты.

Көрдің бе, ел түзету қандай қиын,

Шіріткен Пан-Жи-Занның есті миын.

Басы патса, аяғы атшабарлар

Қалтаңа қалдырды ма жалғыз тиын?


95

2014  №4  (25)

АСЫЛ СӨЗ

5. ҰЖДАН

Қытай  патсалығы    –  ең  ескі  патсалық.

Отырықты  өмірге  ерте  түскен  қауым.  Ескі

заманда қытайлар рахатты өмірде болған. Бай,

кедей өз әлінше бақытта еді, бірақ бір кезде олар

таңқаларлық  бір  науқасқа  ұшырады...  Әркім

ұйқысы  қашып,  тыныш  ұйықтай  алмайтын

болды.  Оның  себебі  –  сол  кезде  Ұждан

(совесть) туды, яғни періште келді. Бұл Ұждан

періштесі бір нұрлы сұлу қыз суретіне түсіп, түн

болғанда  қытайларға  көріне  бастады,  күндіз

көрінбеуші  еді.  Әркім  қызметі,  саудасы

болғандықтан,  күндіз  Ұжданмен  сөйлесуге

қолы тимеуші еді. Бірақ күн батып, күндіз қас

қарайып,  көктегі  жұлдыз  жылтылдаған  соң,

Ұждан шаһардың әр көшесін аралай бастаушы

еді.  Халық  жұмыс,  шаруасынан  босап,  тәтті

ұйқыға  кете  бастағанда,  Ұждан  байлардың

сарайына,  кедейлердің  балағанына  кіріп,

төсегіне жақын келіп: «Ей, кісі, маған қара!»–

дейтін еді. Ол сасқалақтап қызды көрген соң:

«Ей,  қыз,  саған  не  керек?»  –  дегенде,  қыз

ақырын ғана: «Сен бүгін не істедің? Соны анық

тексеріп ойла», –  деуші еді. «Мен не істеппін?

Бөтен, бұзық ешнәрсе істегем жоқ», – десе, ол

қыз: «Әбден түсініп, ақылыңды жиып ойла!» –

деуші еді. Ол кісі ойланып, ойына түскен бір

ісін:  «Менің  сүйткенімді  айтамысың?»  –

дегенде, ол қыз көрінбей кетуші еді. Сондықтан

ол кісінің көңілі алаң болып, тиышсызданып,

түні бойы ұйықтай алмаушы еді. Ұждан қыз үй

мен  үйге  қыдырып,  әлденеше  мыңдаған

қытайларды ұйқысыздық дертіне ұшыратушы

еді. Сол уақыттың дәрігерлері бұл ұйқысыздық

оба науқасына қарсы неше-түрлі дәрі жасап ем

қылса  да,  не  апиын,  не  наша,  не  көкнары

сияқтылардың түк пайдасы болмады.

Ол өлкенің ең ақылды адамы Син-Лу-Жи

ақылды, әрі бай, жақсы кісі болса да, ол бұл

науқасынан  аман  қалмады.  Бұл  байға  әркім

борышты болғандықтан, бірталай адам соған

борыш төлеу үшін қызмет қылып кіруші еді. Егер

борыштылардың бірі қаракет қылып төлемесе,

не біраз бидайын ашыққандықтан ұрласа, Син-

Лу-Жи бай оны мейлінше сабап қатты қинаушы

еді. Әрине, оны басқаларға ғибрат (сабақ) болсын

деп істетеді. Әрине, оларға бал жегізбейді, қамшы

жегізеді... Бірақ түн болып жалғыз жатқанда Син-

Лу-Жи байдың ойына әлдене ойлар келуші еді.

Мысалы:


«– Пәленше неге ұрлық қылды?

– Жейтін тамағы жоқтықтан.

– Тамағы неге жоқ?

– Бар бидайын аласым үшін мен алдым».

Син-Лу-Жи бай осындай ойларды ойлап

жатып, кейде күліп те жіберуші еді: «Қызық-ау,

ұрлықты ол қылады да, оның аш қалғанының

обалы менде сияқты!» –  деп. Сүйтіп Син-Лу-

Жи байдың да ойы бөлініп, ұйықтай алмайтын

болды.


Қанша ойласа да, бұған ем таба алмай, бір

күні  Син-Лу-Жи  қатын-бала,  туысқандарын

жиып  алып,  елден  жиып  алған  малдарын,

жерлерін  өздеріне  қайтарып,  садақа  беретінін

айтты.  Мұны  есіткен  соң  қатын-бала,

туысқандары  зар  жылап:  «Ұйқысыздық  дерті

Син-Лу-Жи  байды  ақылынан  адастырды»,    –

деп, оны емдетуге қам қылысты.

Дәрігерлерге, қала бастығына білдірген соң,

«Син-Лу-Жи  бай  ұйқысыздық  дертінен

жынданып кетті» деген хабар әр жаққа жайылды.

«Мен де ұйқысыздықтан өлетін болдым» деген

бай, кедей тіпті көбейді. Қауым бұл науқастан

қатты қорықты. Уақытындағы ұлықтар қызметін

жөндеп  бұрынғыдай  жолмен  жүргізе  алмай

жаман састы. Ең қатты оба науқасы келгендей-

ақ, қытай патсалығы жаман күйге ұшырады.

Пекиннің уәзірлері, бақсы-балшылары көп

кеңесіп,  бұл  науқас  түнде  келіп  әркімді

тынышсыздандыратын  Ұждан  деген  қыздан

екенін анықтап, амалын таба алмай отырғанда,

Пекин қаласындағы өздерінше ең молда, ең зор

бақсы,  ақылды  Ту-Ту-Син  деген  қариясы

ойларына түсті. Ұлықтардан, қадірлі адамдардан

соған бірталай адамдарды жіберді. Олар барып:


96

2014  №4  (25)

АСЫЛ СӨЗ

«Ей, атамыз! Дүниенің бейісі – Пекин қаласы

ойран  болып барады!  Бізге  бір шара,  жәрдем

қыла көріңіз!» – деп аяғына бас ұрып, хақанның

жіберген  сыйларын  ұсынды.  Ту-Ту-Син  шал

бұлардың  сөзін  әбден  ұғып,  біраз  ойланып

отырды да: «Қорықпа, балаларым! Мұның емі

оңай. Ол қыздың жолын бөгеп, оны келтірмеу

керек. Сонымен жұмыс бітеді», –  деді. Шалдың

бұл сөзінен олар үміттеніп, «мұнан кейін тыныш

ұйықтаймыз» деп қуанып, қолдарын қусырып

тұрды.  Ту-Ту-Син  тағы  айтты:  «Адамдардың

ұйқысын қашқызып, сау ақылын шатастыратын

Ұждан қыздың жолын әбден бекітіп, халықты

ол пәледен құтқару керек дедім, оны ұқтыңдар

ма?» –  дегенде, олар айтты: «Ұқтық! Бірақ ол

қыздың жолын қайтіп бекітеміз? Ол қыз бекітулі

есіктен,  биік  қорғаннан,  көпірсіз,  өткелсіз

сулардан қалай болса солай өтіп үйге кіреді», –

деген соң, Ту-Ту-Син айтты: «Оның амалы тіпті

оңай! Заң, закондар жазып, оны баптарга бөліп,

әркімнің не іс істейтінін, не істі істемейтінін ақ

қағазға  қара  сиямен  жазып,  бекіту  керек.  Ол

заңда әр адамның қылар ісін дайындап, соған

қарап іс қылуға міндеттендіруге керек. Сөйтіп,

әркім қылар міндетін, әм қылмайтын ісін біліп

қоюы керек. Көп қауымға мұны сөйлеп, оқып

отыруға  басшыларға,  заңшыларға  ерік  беру

керек. Олар қауымға үйреткені үшін ақы алып,

сонан соң бәрі сол заң бойынша іс қылып рахат

ұйықтайды»,  –   деді.  Сонда  олар айтты:  «Ей,

тақсыр бабай! Сіздің ақылыңыз теңіздей. Бірақ

біздің ақылымыз жетпейтін жері – заң (закон)

жазғанмен,  ол  қыздың  жолы  қалайша  болып

бекітіледі?»    –  дегенде,  бабай  айтты:  «Ей,

балалар!  Тіпті  оңай  нәрсені  қалайша

ұқпайсыздар? Келіңіз, әуелі закүн жазайық!»

Тамам  бақсы,  қариялар,  әлгі  келген

ұлықтар жабыла қаламға жабысып, әлденеше

күндер  заң  жазып,  зор-зор  қырық  кітапқа

әлденеше жүз бапты закон жазды. Әр адамның

бесіктен көрге шейін не істеп, нені істемейтінін,

тіпті, нені ойлап, нені ойламайтынына шейін

бөлек-бөлек (парағраф) қылып жазды да, Ту-Ту-

Син  айтты:  «Мұнан  былай  ол  Ұжданнан  да,

оның бір туысқан қарындасы Ынсаптан да тіпті

қорықпаңыз!  Енді  түнде  тынышсыздай

алмайды. Күндіз де келе алмайды»,–  деді. Олар

айтты: «Жақсы айтасыз! Бірақ түнде Ұждан қыз

келе  қалса  қайтеміз?»  Ту-Ту-Син  айтты:

«Жақсырақ  тыңдаңыз!  Бұл  жазылған  заңды

әркім білмейді. Қытайдың қасиетті бақсылары,

заңшыларына мұны білмегендер әр қашан келіп

қара жазуларды қаратып тұрсын! Сонда қандай

істі қылуға мүмкін екенін біледі. Қырық кітап

тегін ақтарылмайды, білім ақысы деп, немесе

білмеу  жазасы  деп  ақы  төлейді.  Онан  кейін

тыныш  ұйықтайды...  Сонан  соң  Ұждан  қыз

келсе,  «сен  не  істедің»  десе,  оның  сөзін

тыңдамай:  «Кет,  жоғал!  Мен  не  қылсам  заң

жолымен  қылдым»  –  деп,  көрпені  басыңа

бүркеніп ұйықтай беруге керек!»...

Ту-Ту-Синге  келген  қауым  (комиссия)

қырық  түлек  кітапты  алып,  әм  оның  айтқан

насихатын айтып Пекинге келді. Ол заңынан

әлденеше  копия  көшіріп,  бақсыларға,

заңшыларға, ұлықтарға таратты.

Онан кейін бір түні Ұждан қыз Син-Лу-

Жи байға келген соң, бай күлімсіреп: «Жақсы

келдің,  сұлу  қыз,  не  айтасың?»  –    деді.  «Не

айтайын?  Сен  малыңды  садақа  қылып

бейшараларға үлестіруге уағада етіп едің. Соны

орындамайсың  ба?»  «Ол  уақыттың  өткенін

білмедің бе, сұлу қыз? Енді менің мал үлестіруге

еркім  жоқ.  Заңның  он  алтыншы  кітабының

сексен екінші бабының жүз бесінші бөлімінде не

жазылғанын білемісің? Онда айтылған: «Мал,

байлық  аз-аздан  азар  ғана  жиылады.  Атадан

балаға қалады, әр адам малды сақтауға міндетті,

ысырап қылу заңға қарсылық болады; әркімнің

малында  қатын-бала,  мирасқорлардың  үлесі

бар», –  делінген. Егер малымды садақа беріп,

кедейлерге  үлестірсем,  онда  мирасқорларға

қиянат қылған боламын. Ол заңға қарсы, естідің

бе, қызым? Және заңның жүз алтыншы бөлімін

тыңда: «Малын заң бойынша ұстамай ысырап

қылған адамды тұтқынға алу керек, малына ие

қою  керек»,  –  делінген.  Кет,  қызым!  Мұнан

былай  маған  келме!  Мен  заңға  қарсылық

қылмаймын», – деп, Син-Лу-Жи бай көрпесін

бүркеніп,  қозыша  рахаттанып  ұйқыға  кетті.

Ұждан қай үйге кіріп: «Ей кісі!  Сен бүгін не

істедің», – десе, әркім кідірмей: «Заңсыз ешнәрсе

қылғаным  жоқ.  Жылдам  кет!  Бақсылар  мен

заңшылардан сұра»,–   деп, көрпесін бүркеніп

қорылдайтын болды. Сонан кейін Қытай өлкесі

рахаттанып,  ұйқысыздық  ауруы  жоғалды.


97

Ұждан мұны көрген соң қара бұқараны қойып,

заңшылар  бастығы,  Нанкин  қаласының  зор

бақсысы Ту-Ту-Син бабайға барды. Түн ортасы

кезінде ұйқыда жатқанда оны оятып: «Бабай!

Маған қара», –  деді. Ту-Ту-Син оянып, қызды

көріп қатты ашуланып: «Мұның не? Есік қақпай

рұхсатсыз неге кіресің? Ей, әдепсіз! Білесің бе,

заңның бірінші кітабының үш жүз қырқыншы

бөлімінде не жазылған?: «...Түнде біреудің үйіне

рұхсатсыз кірген адам ұры есептелініп, тұтқынға

алынады», –  деді. «Ей, тақсыр, бабай! Мен ұры

емеспін. Менің атым  – Ұждан! Не айтасың!»

«Ұждан-мұжданыңды  мен  білмеймін,

әлдекімсің?  Бірақ  түнде  жалғыз  қыдырған

ұрғашы  заң  бойынша  ойнасшы  есептеледі».

«Астапыралда!  Ей,  ақсақал!  Не  дейсің?»  «Не

десем де, сен заңға теріс жолда жүргенің анық.

Рұхсатсыз үйіме кірдің»,  – деп қоңырауды қағып

еді, үйге бірталай қызметші кіріп келгенде, Ту-

Ту-Син:  «Мына  қыздың  қол-аяғын  бекітіп,

АСЫЛ СӨЗ

2014  №4  (25)

зынданның  ең  түбіне  тастаңдар!»–  деді.

Қызметкерлер қызды зынданға тастады. Сонан

кейін Қытай өлкесі Ұжданнан бір жола босады...

Бірақ  ел  арасында  Ұжданның  аты

ұмытылмай  қалғандықтан,  кейбір  әдепсіз

надандар бақсылар мен заңшылардың зорлық

ісіне шыдай алмай: «Ей, жаным, мұндай орынсыз

істі  не  қыласың!  Сізде  ұждан  жоқ  екен»,  –

дегенде, оларға жауап қайырғанда: «Ұждан сізде

жоқ, бізде көптен бар! Бірақ қол-аяғы байлаулы,

абақтыда жатыр»,–  дейтін еді.

Сонан бері Қытай жұрты басын көтермей,

тіпті, тәтті ұйықтайтын болды...

Тегінде, ұждансыз жан өлікке есеп,

Адамның кеселі жоқ мұнан кесек,

Ар, ынсапсыз, мейірімсіз залымдарды

Қате қылған болмаспыз хайуан десек.



98

6. ҚОЛШАТЫР БҰЙРЫҒЫ

Көзге күңгірт, ойда бар өткен заман,

Бізден бұрын өтіпті бірталай жан.

Сол өткен көп заманның бір кезінде

Қытайды билеп тұрған Сан-Хо-Жи хан.

Көп болған өз жұртына шын мейірімі,

Ел қамын ойлайды екен күндіз-түні.

Өз басына келгендей есептейді,

Халқына біраз ғана зияндыны.

Жүргенде Мармар көлден балық алып,

Қасында ақын қыздар әнге салып.

Қөңіліне ел жайынан бір ой түссе,

Қылады соның қамын қайта барып.

Бойына лайық көрмей бос ойлауын,

Қағады алтындаулы қоңырауын.

Бас уәзірін шақырып жарлық айтып,

Осыны қылсын дейді барша қауым:

«Халқымда қысымшылық бар ма? – дейді.

Немесе бір нәрсеге зар ма?  – дейді.

Мені алдасаң  – Құдайды алдағаның,

Жалған айтып жазада қалма?» –  дейді.

«Сізге өтірік айтқаным – қай қылғаным,

Онда бас пен сақалдан айрылғаным.

Осы күнде еліңде түк қайғы жоқ,

Бұйрығыңмен бәрін де жай қылғамын».

«Елді аяп әмірімді күнде айтамын,

Орнына келтірмесең, ұлғайтамын.

Ақылың жоқ болса да, жасың құрбы,

Ойымды сен тұрғанда кімге айтамын».

Қайтқан соң уәзірімен қалжыңдасып,

Бақшада көгершінге жемін шашып,

Екі қыз дағарадай қол шатырды

Ұстап жүр хан басына жанталасып.

Ол күні желсіз ыстық болды қатты,

Қүйдіріп тиген жерін шыдатпапты.

Қап-қара қолшатырдан өте шығып,

Тақсырдың тақыр басын шыжылдатты.

Сан-Хо-Жи мұны көріп көп ойлады,

«Шатырсыздар қайтіп жүр» деп ойлады.

Үйге келіп уәзірін шақырып ап,

Елді ыстықтан құтқару еп ойлады.

«Ей, уәзір! Неткен ыстық бүгінгі күн,

Көшеде не жаны жүр шатырсыздың!

Бай өзі алсын, кедейге шатыр әпер,

Қазынадан ұсталса да қанша жүз мың.

Жандарал, қала басы, частнойларын,

Тез барып шақырып ал түгел бәрін,

Бәрінің де бастары кесіледі,

Күн шыққанша бітпесе бұйрықтарым».

Айтқан соң уәзір барып бұл бұйрықты

Ұлықтар қатты қорқып көп ұлықты.

Аздан соң ақылдарын жиып алып,

Кеңесіп, күңкілдесіп, сыбыр шықты.

Қазынадан талай ақша алмақ болды,

Ол ақша ұлықтарда қалмақ болды.

Көшеде шатырсыздың бәрін ұстап,

Апарып абақтыға салмақ болды.

Ұлықтар осылайша айла тапты,

Қазынадан неше мың сом ақшаны апты.

Шатыр түгіл киімсіз кедейлерді

Ұстап алып зынданға бәрін жапты.

Ертең ерте патсаға бәрі кепті,

«Ей, тақсыр! Көзіңізбен көрші, – депті. –

Қалмады шатыры жоқ жалғыз адам,

Қазынаның аз ақшаға несі кетті».

АСЫЛ СӨЗ

2014  №4  (25)


99

2014  №4  (25)

АСЫЛ СӨЗ

Білу үшін шықса да хан көшеге,

Шатырсыз бір кісіні көрсін неге.

Баяғыдан ұлықтың қылығы осы,

Бүгін сеніп бола ма дүниеге?

Бұйрығын тез орындап ұлықтары,

Мақтанып шен алғызған қылықтары.

Абақтыда жылаған шатырсызша,

Сорлы елдің тыңдала ма қылған зары.

Ұлтшыл деп сөгеді қазақ жасын,

Қорғау дұрыс емес деп әркім басын.

Көштен қалған қаңғырып қазақ жаяу,

Неге алдыңғы керуенге апармасын?

Бірақ қазақ ұлығы тек тұра ма,

Халқының кемшілігін толтыра ма?

Біз көрген Николай ұлығындай,

Онан әрі менен көп сөз сұрама!


100

«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ

____________________________________________________

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі, №20а.

Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:

8 (7222) 35 48 52;

Е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru

Компьютерде беттеген: Канапиянова А.

Корректоры: Жарылғасынұлы М.

Беттеуге тапсырылған күні - 19.12.2014 ж. Басуға қол қойылған күні - 26.12.2014 ж.

Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

баспаханасында басылды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет