2014 №4 (25)
22
Resume
дегеніміз – адам жүрегіндегі Тәңірінің нұры
болса, Шәкәрім «рух – дінсіз таза ақыл» деп
«ақынның қос әлемділігін», яғни өзінің сөз
қолданысында, сөз кестелеуде бірде
романтикалық, енді бірде реалистік контексте
«Арақ» сөзін жырына арқау еткендігі туралы
адрестатына жөн сілтейді. Ақылдың басты
сипаттары: Мәңілік, Шексіздік, Ақиқаттықты
тануға жетелейді.
Адамзаттың материалдық және рухани
игіліктеріне жататын белгілі бір ұғым мен
түсінікті сопылық бағыттағы ақындар
символдау нәтижесінде тылсымдандыра
таңбалайтын өздерінің көркемдік шешімдері мен
ой түюдің тәсіліне айналдырды. Сонысымен,
шығармашылығын зерттеушілерді түрлінше
түсінуге жетелейтін адам қабылдауының әр
тектілігін қалыптастырып кетті. Еуропалықтар
– олардағы «Шарап» сөзі ислам дінінің бұрыс
түсіндірілуі мен қоғамдық биліктегі пайғамбар
қағидасының бұзылуына қарсылық білдіріп қыр
көрсеткен әдеби протест десе, екіншілері –
Құдайдың нұрына қол жеткізу деп санайды.
Осы әдеби дәстүрдің жаңғыруы Шәкәрім
шығармаларындағы: «кабак», «қымызшы», «таза
арақ», «нұрлы су» ұғымдары бұл символдық
шеруді толықтыра түседі. Ендігі жерде басты
орынға бұрынғы штамптанған жалпыға белгілі
ұғым – түсініктер емес, әр ақынның өзіндік
романтикалық «қос әлемділігі» мен жеке
шығармашылығының басқаға беймәлімділігін
танытатын «тылсымдығы» негізінде дүниеге
келген символикалық ұғымдар әдеби өмірдің
есігін аша бастады. Батыс символистері –
ұлтсызданған, атеистік мәндегі шығармашылық
типін өмірге әкелсе, ислам символистері –
ұлтық нақыш пен жергілікті колоритке
негіэделген мұсылмандық шығармашылық
типін өмірге дүниеге әкелді. Шәкәрім діни
романтизмінің көркемдік шарты – «терең ой, сау
ақылмен шамалау» әдеби – эстетикалық
ұстанымына жүгінді. Ақын үшін ой тереңіне
бойлап, таза ақылына жүгінген жағдайда ғана
ғаламның құпия сыры поэзия қақпасында
ашылмақ.
Сонымен, төл әдебиетімізде Шәкәрім
салған діни сарын мүлде жойылып кетпейді.
Әр кезеңде өз жалғастырушысын тауып
отырады.
Резюме
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
В данной статье автор анализирует религиозный романтизм произведений Шакарима.
In this article an author analyses religious romanticism of works of Shakarim.
23
ӘОЖ 821. 512. 122 - 1
Д. ШАЯХИМОВ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Көкшетау техникалық институты
ШӘКӘРІМНІҢ «ҚАЛҚАМАН-МАМЫР» ПОЭМАСЫНДАҒЫ
КӨРКЕМ ОБРАЗ ЖАСАУДАҒЫ ШЕБЕРЛІГІ
Өз заманының озық ойлы, парасатты да
білімдар азаматы, қазақ халқының тұлғалы
таланттарының бірі, ұлы Абай мирасқоры
Шәкәрім Құдайбердиев бір жағынан лирикалық
жырлар, философиялық толғаулар, сан қилы
ғибрат, нақыл өлеңдер, «Қалқаман – Мамыр»,
«Еңлік – Кебек» сияқты поэмалар, «Ләйлі –
Мәжнүн», «Нартайлақ пен Айсұлу» сияқты
дастандар, «Әділ – Мәрия» атты көркем хикая
жазып қалдырса, екінші жағынан, этика, дін,
қазақ, қырғыз тарихы, тағы басқалар жайында
тарихи философиялық трактаттар жазып,
ғылыми мәселелермен шұғылданған ғалым,
жазушы. Өз заманында өнері мол, өресі кең, көп
іздене білген өте көрнекті, парасатты, білімді
мәдениет қайраткері, қазақ өлеңіне ұлы Абай
енгізген жаңалықтарды молынан пайдаланды.
Әсіресе, көлемді поэма жазуды көбірек машық
етіп, Ақылбай, Мағауия, Әсет қолға ала бастаған
романтикалық, реалистік дастан шығару ісін
ілгері дамытты. «Қазақ реализімі Абай тұсында
қалыптасты, ұлы ақынның өнерлі шәкірттерінің
жан-жақты қызметі нәтижесінде әдебиетте
жетекші әдіске айналады десек, бұл реттегі
Шәкәрім еңбегі тек лирикалық поэзиямен ғана
шектелмейді. Білімдар Шәкәрім эпикалық
жанрларға да қалам тартты. Ақынның атын
бүкіл қазақ даласына танымал еткен «Қалқаман
– Мамыр» және «Жолсыз жаза», «Еңлік – Кебек»
поэмалары [1, 15].
Шәкәрім Құдайбердиев қазақ әдебиетінде
сюжеттік поэма жанрын дамытқан шебер ақын.
«Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Ләйлі
– Мәжнүн» поэмаларында оның ақындық
дарыны айрықша көрінеді. Шәкәрім поэмалары
бас - аяғы жинақы, сюжеттері ширақ,
адамдардың қарым-қатынастары, тартыс-
таластары, сүйініш - күйініштері, іс - әрекеттері
нанымды суреттелген, идеялық көркемдік
қасиеттері мол туындылар. Сырттай қарағанда
Шәкәрім поэмаларының тақырыптары ұқсас,
үйлес, биік махаббатты жырлау болып
көрінгенмен, онда қоғамдық-әлеуметтік қарым
- қатынастар астары астасып, қиыстасып
өрілген.
«Қалқаман – Мамыр» поэмасын Шәкәрім
«Қазақ тілінде тарихи хикая» деп атап,
«Мұтылған» деген бүркеніш - лақап атпен
жариялаған. Шығарма Семей қаласындағы
«Жәрдем» баспасында 1912 жылы басылып
шыққан. Ақын оған қысқа кіріспе жазған.
Шәкәрімнің бұл кіріспе сөзі поэма сырын ашуға
бірден - бір кілт десе де болады. Кіріспеде
«Қалқаман – Мамыр» поэмасы шын оқиға
негізінде құрылуын ескертуі кездейсоқ емес.
Өйткені, ол кезде аңыз-әңгімелерден гөрі
дастан-шығармалар көбірек айтылатын. Абай
ықпалында өскен Шәкәрім көркем шығарманың
шыншыл реалистік болуын парыз тұтқан.
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
Автор мақалада Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы бейнелерді сомдаудағы сөз
иірімдеріне талдау жасайды.
Тірек сөздер: Шәкәрім, «Қалқаман-Мамыр» поэмасы, көркем бейне, диалог.
24
Шәкәрім:
Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын,
Оқығандар, байқадың оның сырын.
Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін,
Тағысынан көріңіз мұның түрін
- деуіне қарағанда «Қалқаман – Мамыр» 1912
жылы жарияланса да, жазылу мерзімі ертеректе,
шамасы XІX ғасырдың соңғы жылдары болса
керек. Бұл кезде феодалдық-патриархалдық
дәуірдің тамыр жайған озбырлық, қатыгез әдет-
ғұрыптар, еркіндік көксеу халық ой-арманы
толқындары шиеленісе түскен-ді. Ел тағдыры
қатты толғандырған Шәкәрім тарих
тағылымына, әлеуметтік қақтығыстарына,
әділеттілік пен әділетсіздік, озбырлық пен
адамгершілік, түнек пен сәуле шайқастарына
үңіледі де, одан өз заманының адамдарына
қызмет етер, қажетіне жарар қасиеттер табады
[2, 22- 23].
Хәкім Абайдың нағыз шәкірті ойшыл,
данышпан Шәкәрім Құдайбердіұлы көркем
образ жасауда өзіндік ерекшелігі мен шеберлігі
қалыптасқан ақын ретінде танылды.
Шәкәрімнің лирикалық жанрда жазылған
поэмаларының ішіндегі «Қалқаман – Мамыр»
поэмасындағы Қалқаман мен Мамыр
образының ашылуы: ақынның көркем образ
жасаудағы өзіндік ерекшелігін танытады. Мұхтар
Мағауиннің «Шәкәрім шеберлігі» атты
мақаласында, Қалқаман образының ашылуы
туралы мынадай ой-пікір айтады: «Шәкәрім
заманалық кейіпкер жасаудағы бір үлкен табысы:
«Қалқаман – Мамырдағы» Көкенай. Кебектің
қатал үкіміне бас қойған, тіпті, оның қайда
жатқанын нұсқап көрсеткен Кеңгірбай сияқты,
Мамырды өз қолымен атып өлтірген,
Қалқаманды оққа шалған Көкенайды да қазіргі
ұғымдағы «ұнамсыз кейіпкер» деп айту қиын.
Ол да өз заманының перзенті, рулық-
патриархалдық мораль сақшысы. Жай ғана
батыр, мінезі қатты кісі емес, өркөкірек, шешімтал
жан: асау қанды, салқын, сабырлы адам.
Көкенай ұғымында Мамыр мен Қалқаманның
көңіл қосуы - адам естімеген және болашақта жол
беруге болмайтын сұмдық. Ру рәсімі,
адамшылық жолын аяққа басқан екі жас та өлімге
кесілуге тиіс. Көкенай ызасы – жеке бас күйігі,
араз - өкпе емес, тек қанмен ғана шешілуге тиіс
кеселді түйін. Сондықтан да Мамырды көрген
бетте: «Ұялмай жүзіқараның жүргенін!» - деп,
«аямай қақ жүректен атып салды». Сондықтан
да жүйрік атпен шауып бара жатқан Қалқаманды
қолы қалтырамай нысанаға шалды. Осыған
қарамастан Шәкәрім Көкенайды қаныпезер деп
санамайды. Ал біз... әдеби кейіпкер ретінде ғана
емес, тарихи тұлға ретінде қарағанда да
Көкенайды айыптай алмас едік. Мәселе
Көкенайдың қол бастаған батырлығында, тіпті,
Мамыр өлімінен соң, арада бір жыл өтпей
Түркістан түбіндегі ұрыста қаза тапқан
шәйіттігінде емес. Бар кілтипан Көкенай ұстаған
моральдың дұрыс-бұрыстығында [3].
Ақынның көркем образ жасаудағы өзіндік
ерекшелігін толығырақ ашу мақсатында ғылыми
айналымға жаңадан енгізіліп отырған қолжазаба
нұсқамен басылым нұсқаларын салыстру
арқылы қол жеткізуге талпысы жасап отырмыз.
2003 жылғы басылым нұсқасымен салыстырсақ:
Қалқаманның Мамырға ішкі жан сезімі мен
ынтықтығын, шынайы махаббатын сездірте
алмай, қиналып жүрген сәттері суреттелетін
2003 жылғы басылым нұсқасында:
Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен,
Мамырды жас күнінен біледі екен,
Асықтығын айта алмай, іштен жанып,
«Құрбымыз» деп құр ойнап – күледі екен
[4,181].
«Қалқаман қыз айттырмай жүреді
екен», - деген жолына көңіл аударсақ, осы сөз
тіркесінде Қалқаманның Мамырға ғашықтығы,
басқа қызды айттыруға ниеті жоқтығы, ішкі сезім
үмітін айқын аңғартып тұр. Ал, қолжазба
нұсқада: «Қалқаман қалпын бермей жүреді
екен», - дегендегі сөз тіркесін өте сирек
қолданылатын сөз тіркестердің қатарына
жатқыза аламыз. Мұндағы айтылмақ ой, жігіттің
қызға ғашық екендігін білдіргісі келмейтінінде.
Ол бір нәрседен қауіптенетін сияқты. Қалқаман
Мамырға өз ойын білдірмей, ішкі сезімін құрсауда
ұстап, Мамырдың көңілін қалдырудан сескеніп,
бойын аулақ ұстайды. Қалпын бермеу деген сөз
тіркесі – ыңғай бермеу, еміренбеу деген мағына
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
25
береді. Жігіттің өзін-өзі ұстай білуінде, ерік –
жігерін, жоғары рухын көрсететін жігітке тән
қасиеттер нағыз ер Қалқаман мінезін, образын
даралаудағы ақынның портрет жасау шеберлігі
жайында ғалым Рымғали Нұрғали мынандай
пікір айтады: «Бүгінгі таңдағы суреткер үшін
басты нәрсе: характер, адам мінезіндегі даралық
сипат, оның түрлі сезім иірімі, психологиялық
көзге шалынбайтын нәзік сәттері»,- деген ойын
дәлелдейді [5].
Енді төменде берілген 2003 жылғы
басылым нұсқасына көңіл аударсақ:
Жігіт сонда қызға өзін сүйдірмекке,
Асық болса оны да күйдірмекке,
Жұмбақ - мысал сықылды бір сөз айтты,
Көңіліндегі мақсұтын түйдірмекке [4, 181].
1915 жылы белгілі ғалым Әлихан
Бөкейханов «Қыр баласы» деген атпен
«Қалқаман-Мамыр» поэмасын сынайтын
мақала жазды. Онда былай дейді: «Дүниеде адам
баласы айналып өтпес екі-ақ көпір бар: бірі-өлім,
екіншісі – махаббат. Қалқаман мен Мамырдың
жалынғаны махаббат емес еді. Сүйіскен екі
ғашық: «Молла айтты, шариғат солай», - деп тұр
ма? Махаббат адамды байлағанда шариғат пен
моллаға уақыт қала ма?» [6],– деп сын айтса,
келесі бір еңбегінде поэмаға әділ баға берген.
«Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасының
көтерген тақырыбы ауқымды, сюжеті айқын,
бірақ көркемдік жағы «Еңлік – Кебек» поэмасына
қарағанда әлсіздеу болып келеді. Бұл ақынның
алғашқы дастандарының бірі болғандықтан
болуы керек» [7].
Ал, келесі шумақта Қалқаман мен
Мамырдың образдары диалог арқылы
ашылады. Екі жастың диалогында терең
дүниетаным мен ыстық адами сезім бар.
Қалқаман мен Мамырдың бір-бірімен тілдесуі,
яғни екеуара сөйлесуі, диалог арқылы образ
жасау әдісін, автор шебер қолданады.
Шәкәрімтанушы ғалым Мұхтар Мағауин өзінің
«Шәкәрім шеберлігі» атты мақаласында
мынандай пікір айтады: «Шәкәрім диалогқа да
көп салмақ салған. Қалқаман мен Мамыр
жылқыда кездеседі. Қызға іштен ғашық жігіт
көңіл сырын ишара мысал арқылы айтады. Бұл
Адам - Ата мен Хауа - Ана туралы аңыз жайы.
Тәңірі бұларды неге жұп етіп жаратқан, осы
арасына ақылым жетпейді деген сауалға: Мамыр
жалғыздық құдайға ғана лайық, адамзаттың
өмірі жолдаспен, махаббатпен ғана мәнді, деген
тұрғыда жауап береді. Пайым ғана емес сенім:
«Жоқ болса махаббатлы бір сүйгенің, ойлашы
керегі не дүниенің?» Әрине, Қалқаман өзінің сөз
ыңғайымен «махаббатлы жары жоғын»,
сондықтан дәл қазіргі тіршілігінің мағынасыз
екенін айтып, шағымданады. Көңілі көлеңкесіз
қыз, сонда ғана жігіт бастаған әңгіменің астарын
ұғады. Перде ашылады, енді түсіну қиын емес.
Қалқаман мен Мамыр диалогы арқылы
автор біраз жайды аңғартқан. Мұны әуелгісі –
жігіттің әдептілігі: көңілдегі ойын тұспал
арқылы, оны да шым- шымдап еппен жеткізеді.
Әдеп қана емес, сақтық та болуы мүмкін, қан
аралас жақын ата, қыз қабыл көрмеген
жағдайда тайып кетуі де оңай. Қайткенде де
жігітіміз ақылды, қызымыз сезімтал болып
шыққан. Бірінші мәселе – жастардың көзі
ашықтығы. Ол заманның білім, дін, шариғат
жайлы, қыз да, жігіт те бұл жағынан хабардар,
өзіндік таным - түсініктері бар. Осының
нәтижесінде феодалдық ортаның мораліне
қайшы іске бел буады. Екінші және ең басты
сипат – осы шағын диалогта кейіпкерлеріміздің
жан толқынысы дәл берілген. Сөз арасындағы
авторлық жарнама жігіт сезімін, қыз пейілін
айқындай, аша түседі. Мамыр жөнінде
айтылған: «Жылы жүрек өзіне жар
тапқандай, - тыншымады, тулады, жүз
құбылды», - деген сөздерден: қыздың нәзік
тазалығына кәміл сенеміз [3,179]. Қорыта
айтқанда, Қалқаман мен Мамыр бейнелері
тазалық пен адалдықтың үлгісі іспетті,
жаратушысы жүрегінде, рухани әлемі бай
жандар. Поэмада Қалқаман мен Мамырдың
алғашқы кездесуі былайша суреттелген.
2003 жылғы басылым нұсқасында:
- Әй, Мамыр, адамды алла жаратыпты,
Хауа – Ананы Адамға қаратыпты.
Бірін еркек, біреуін әйел қылып,
Екеуінен көп жанды таратыпты [4,181].
Енді, осы екі шумақта қолданылып тұрған
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
26
екі түрлі сөз тіркесінің мағынасына үңіліп
көрейік. Басылым нұсқасында: «Хауа - Ананы
Адамға қаратыпты», - деп келетін сөз
тіркесіндегі Хауа Ананы қалайша адамға
қаратады? Егерде, Алла тағала Адам Атаны
бірінші жаратып, Хауа Ананы оның
қабырғасынан жаратса, содан кейін олардан
Алла тағала пайғамбарларын, сахабаларын,
періштелері мен пенделерін жаратты емес пе?
Ендеше осы жердегі айтылмақ ой күңгірттеу
сияқты. Қолжазба нұсқадағы сөз тіркесімен
салыстырсақ. Мұнда, «Адамды Хауа – Анадан
таратыпты», – дегенде айтылмақ ой - анық,
бүкпесіз берілген, адамдардың анадан
тарайтыны анық, оған ешкім дау айтпас болар.
Қай халықта болмасын анаға құрмет, әкеге ізет
көрсету - ұрпақ борышы екені анық.
2003 жылғы басылым нұсқада:
- Әй, Қалқаман теңі жоқ құдай жалғыз,
Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз.
Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз,
Өмір қызық дегенді естен қалғыз [4,181].
Осы шумақтың екінші тармағындағы
«Жолдасқа мұқтажы жоқ ел армансыз», - деп
келетін сөз тіркесінің беретін мағынасы: егерде
жер бетінде жолдастыққа мұқтажы жоқ ел болса
немесе сол ел, я адамзат армансыз болар еді.
Айтылмақ ой өте күрделі сөз иірімдерімен
тұспалдап, жұмбақтап берілген. Бұл құбылыс
Шәкәрімнің дастан жазудағы стилі мен сөз
саптауының өзіндік ерекшелігі деп түсінген
дұрыс.
2003 жылғы басылым нұсқасында:
Аздан соң Мамыр айтты: «Әй, Қалқаман,
Байқадым сөз аяғы бізге таман.
Қазір жауап берерлік уақытым емес,
Сүйтсе де үміт үзіп өлмек жаман» [4,182].
Қолжазба нұсқада:
Әріден соң Мамыр айтты: «Әй, Қалқаман,
Байқадым сөз аяғы бізге таман.
Жауап беру әзір саған уақыт емес,
Сонда да күдер үзіп кетпек жаман» [8].
Басылым нұсқасында: «Сүйтсе де үміт
үзіп өлмек жаман», - деп келген сөз тіркесіндегі
өлім сөзінің қолданылуы орынсыз тәрізді.
Жалпы үміті үзілген адамның бәрі өле бермес
болар және де ондай шешімге рухы әлсіз адамдар
ғана барады. Махаббат үшін еш нәрседен де
тайсалмайтын жандарға бұл бөтен қасиет,
сондықтан да бұл қылық Қалқаманға да
Мамырға да лайықты іс емес. Қолжазба
нұсқадағы: «Сонда да күдер үзіп кетпек
жаман», - деп айтылған сөз тіркесі әбден
орынды қолданылған.
Қолжазба нұсқа мен басылым нұсқасын
салыстырғанда көп кездесетін өзгешеліктердің
бірі: сөздер мен сөз тіркестерінің орындарының
ауысып қолданылуы.
2003 жылғы басылым нұсқасында:
Кеше білдім төбемнен ұрғандығын,
Құдалықтың дап – дайын тұрғандығын.
Бүрсігүннен кешіксең жауап жоқ деп,
Сол еді сөз ишарат қылғандығым [4, 183].
Қолжазба нұсқада:
Төбемнен жаңа білдім ұрғандығын,
Дап-дайын құдалықтың тұрғандығын.
Кешіксең бүрсігүннен жауап жоқ деп,
Сол еді сөз ишарат қылғандығым [8].
Біздің пайымдауымызша басылым
нұсқасында: «Кеше білдім төбемнен
ұрғандығын», - деп келсе, қолжазбада
«Төбемнен жаңа білдім ұрғандығын», - деп
қолданылған сөз тіркесінде уақыт көрсеткіші екі
түрлі берілген. Басылым нұсқасында кеше білдім
деп берілсе, қолжазбада жаңа білдім деп берілген.
Нұсқаларды салыстыру кезінде сөздер мен сөз
тіркестерінің мүлде басқа мағынада қолданылып
тұрған жерлері де кездесіп тұрады.
2003 жылғы басылым нұсқасында:
Алдыңа кешу сұрай келіп тұрмын,
Көзге тірі болсам да өліп тұрмын.
Қалқаман, осы саған қоштасқаным,
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын [4,
183-184].
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
27
Қолжазба нұсқада:
Алдыңнан кешу сұрай келіп тұрмын,
Болсам да көзге тірі, өліп тұрмын.
Қалқаман осы саған қоштасқаным,
Жанымды, денем түгел беріп тұрмын,
[8]
- деп келетін тармақтағы айтылмақ ой: мүлде
басқаша мағына беріп тұр. Басылым
нұсқасында: «Денемді емес, жанымды беріп
тұрмын», - деп берілген. Бұл сөз тіркесінен
қыздың жігітке сенімсіздігі байқалады. Мүмкін,
әдептілігі де шығар, қалай болғанда да қыз жүрегі
жігітке сенімсіздік білдіріп, жаным сендік, бірақ
тәнім сендік бола алмас, деген күдігін жасырмай,
тура айтып тұр. Мамыр әлі де болса
Қалқаманның қолынан үлкен іс келетіндігіне
сенбейтіні тәрізді. Сол заманның салт -
дәстүріне, әдеп-ғұрпына, бүтіндей бір рулы
елдің заңына, қоғам қайшылықтарына жас
жігіттің төтеп беруі екіталай еді. Осының бәрін
түсінгендіктен, Қалқаманның өміріне қауіп төніп
тұрғанын, біліп тұрып, айтқаны болар. Ал,
қолжазба нұсқада Мамыр сөзінен еш күдік
байқалмайды. Ол, сенімді түрде, жаным да
денем де сендік, тағдырымның күрмеуін өз
қолыңа тапсырдым деп, толық сеніммен айтып
тұр.
Мұндай қиын іске бел шешіп тәуекел
жасау: екінің-бірінің қолынан келе бермейтін іс.
Сондықтан, біздің кейпкерлеріміз махаббат
сезімдерін бәрінен де биік ұстап, соңында өз
өмірлеріне төніп тұрған қауіптен тайсалатын
жандар емес. Жалпы, қолжазба нұсқадағы сөз
тіркестер өте әсерлі, ұтымды қолданыс. Олай
болмағанда, оқырман алдында Қалқаманның
беделінің төмендеп кетуі мүмкін еді. Қыздың
жігітке сенімсіздігі сезілсе, онда жігітіміз я
тұрақсыз, я жігерсіз ынжық болып көрінуі
ықтимал. Қолжазбада қолданылған сөз тіркесі
сәтті қолданылған сөз тіркесі деп, толық айтуға
болады. Демек, қолжазба нұсқамен басылым
нұсқалары бірін-бірі толықтырып отыр тұр. Бұл
бізге, ақынның образ жасаудағы шеберлігін
салыстыра отырып зерттеп, жақсы нәтижеге қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Шәкәрімнің
шығармашылығының өзекті тақырыбы – адам,
адамның ішікі жан - дүниесі, қат-қабат, қарама-
қайшылықты ішкі дүниенің қыры мен сырын
оқырманына жеткізіп, айқын да ашық көрсету
болатын.
Белгілі ғалым Рымғали Нұрғали мынандай
пікір айтады: «Шығарма мазмұнын
айқындайтын құбылыстардың бірі-тақырып
тіршілік көріністері, жағдай көріністері емес, ол
– суреткердің қиялы, дүние танымы арқылы
авторлық идеал, биік мұрат тұрғысынан
ерекшеленген,
сұрыпталған
өмір
құбылыстарының шеңбері» [9, 146].
Шәкәрім дастандарынан түйіндейтін ой:
кейіпкердің ішкі әлемін, жан- дүниесін бейнелеу
арқылы, адамның мінез-құлқын, болымысын
айқындаудың негізінде, шығармадағы өзекті
мәселелерді шебер суреттей білген.
«Қалқаман – Мамыр» поэмасының
қалыптасқан тексті бар, оған ешқандай күмән
жоқ, алайда табылған қолжазба нұсқасы басқа
қолжазбаларға қарағанда толығырақ, тіпті
басылым нұсқаларында кездеспейтін шумақтар
да кездесіп отырады. Бұл поэма ақынның көзі
тірісінде жарық көрген шығарма болғандықтан
әртүрлі пікір-талас болуы заңды құбылыс.
Сонда бұл қолжазба нұсқа қайдан пайда
болды, неліктен бұл нұсқа осы уақытқа дейін
баспаға шығарылмады екен деген, сан алуан
жұмбақ сауалдар туындайды. Оған нақты
тұжырымды жауап беру де қиын. Тек жорамал
ғана айтуға болады. Біздің ойымызша ақын
«Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр»,
«Нартайлақ пен Айсұлу» атты поэмаларын
ақынның өзі, баспаға шығармас бұрын оларды
бірнеше рет өңдеп, кей жерлеріне түзетулер
енгізіп, кей жерлерін қысқартып немесе
толықтырып отырған тәрізді. Біздің
қолымыздағы нұсқа, осы тәрізді нұсқалардың
бірі болуы мүмкін деген жорамал айтуға негіз
бар.
Поэма кейіпкерлерінің образдары да
әртүрлі әдіспен ашылады: оның бірі жұмбақтап
айтылған өлеңмен ашылса, екіншісі диалог
арқылы ашылады. Мамырдың Қалқаманға сенім
артуы, істемек істің шариғат жолына жат
еместігін түсінгенде ғана аңғарылады. Осы
орайда, Мұхтар Мағауин «Шәкәрім шеберлігі»
атты мақаласында, мынандай пікір айтады:
«Мамыр тым ұяң, Қалқаманды іштей
ШӘКӘРІМТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |