Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 1.4 Mb.

бет2/13
Дата22.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Б. МОМЫНОВАфилология ғылымдарының докторы, профессор

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Мақалада автор Абай мен Шәкәрім  шығармалары тіліндегі ұқсас тілдік қолданыстар мен

өзіндік ерекшеліктерге талдау жасайды.

Тірек сөздер: Абай, Шәкәрім, шығарма, тілдік қолданыстар, поэзия.

8

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №4  (25)

Абайдың  бар  қазаққа  үлгі  болғаны  рас,

бірақ Абайды үлгі тұту Шәкәрімнен басталады.

Эпистола (жолдау) түріндегі өлеңмен жазылған

Шәкәрімнің мына өлеңі  Абайды жоқтау ғана

емес, Абайды мойындаудан, Абай поэзиясының

ұлылығына  тәнті  болудан,  оны  үлгі  тұтудан

туындаған:

Жолама, қулар маңайға,

Не қылмадың талайға?

Кім жағады сендерге

Тартқызған азап Абайға?

Сендерден белгі нең қалар?

Жемтігің, жеген жем қалар.

Ақылы дария Абайдан

Таусылмас қоры кен қалар (Иманым,133-

б.).

«Ақылы дария Абай» - Шәкәрім үшін ұлы



ұстаз.  Белгілі  ғалым  Р.Сыздық  Шәкәрімнің

«Абайды  азаматтық  ар-ұжданы  мен  ақындық

талантын  тамаша  танып,  өте  жоғары

бағалағанын, үлгі тұтқан адам» екенін айтады

және  Шәкәрім  мен  Абайдың  шығармалары

арасындағы  бірнеше  ұқсастықтарды  көрсетіп

береді.

Абай-Шәкәрім  арасына  параллель



қойдыртатын  бұлтартпас  дәлелдің  бірі  өлең

модельдерінің  ұқсастығы.  Ұқсастық  бірнеше

түрде кездеседі.

Ең алдымен, Абай мен Шәкәрім – көркем

мәтінді  дүниеге  келтіруші  авторлар.  Олар

дүниеге келтірген көркем мәтіндегі сөздердің,

тілдік  құралдардың  жүйесі  динамикалы,

қозғалысқа  құрылады.  Кез  келген  мәтіндегі

айтылар  негізгі  ойды  оқырманға  жеткізіп,

ұғындыру  және  мәтінішілік  семантикалық

байланысты  қамтамасыз  етумен  қатар

оқырманның ойды қабылдауын дұрыс бағытқа

бұру  үшін  автор  тарапынан  пайдаланатын

айрықша сөздерді қолдануда ұқсастық көрінеді.

Мұндай сөздер тіркес сөздер деп аталады. Олар

– мәтін үшін, мәтіндегі ойды интерпретациялау

үшін,  автордың  интенциясын  жеткізу  үшін

конструктивті қызмет атқаратын тілдік бірліктер.

Тірек сөздер деп аталғанмен, бұлар тек жалаң

құрылымды сөздерден ғана тұрмайды, бұлар сөз

тіркестерінен, сөйлемдерден де бола береді. Осы

сияқты  «мағыналық  өзекке»  айналған  тілдік

қолданыстар мәтіннің семантикалық тұтастыққа

құралған бірбүтін категорияға айналуына тірек

болатындықтан да тірек сөздер айрықшалауға

лайықты. Шәкәрім мен Абай тіліндегі мағыналық

өзекке айналған сөздер, негізінен, абстрактілі

мағыналы  сөздер.  Бұлар  тек  бір  ғана  өлеңде

кездесетін  сөздер  емес,  екі  шығармашылық

тұлғаның бірнеше поэзиялық шығармаларында

жиі қолданылатын, қолданыс жиілігі өте жоғары

сөздер. Тірек сөздердің мәтін ішіндегі нақты бір

позициялық орны жоқ, олар әртүрлі орындарда

кездесе береді. Бірақ тірек сөздердің көбінесе

шығарманың  басында,  бастапқы  өлең

жолдарында кездесуі жиі байқалады.

Мысалы, «Құмарлық деген бір ит бар» -

Шәкәрімнің өлеңінің алғашқы жолы. Алғашқы

жолдар автордың өз ойын оқырманына нақты

жеткізу  үшін  пайдаланатын  жол,  оның  ә

дегеннен-ақ алғашқы интерпретациясының іске

асуын  қамтамасыз  етеді.  Автордың  өзінің

өлеңінде  көтеріп  отырған  проблемаға  деген

көзқарасы  алғашқы жолдан-ақ  көрініс  береді.

Өлеңнің осындай алғашқы жолдары адресат пен

автордың 

арасындағы 

байланысты

қалыптастыруға  негіз  болады.  Көп  жағдайда

өлеңнің алғашқы жолдары автордың мәтіндегі

ойға, іс-әрекеттің сипатына берілетін алғашқы

бағасы  іспетті,  мәтінде  айтылар  жалпы  ойды

жинақтаушы  сөздің  қызметін  атқарады.

Оқырман  да,  автор  бағалауының  ықпалымен

автордың сілтеген бағытында өлеңнің алғашқы

жолын  қабылдайды.  Айталық,  құмарлықтың

жақсылығынан  гөрі  келеңсіз  сипаты  көбірек

екені,  автордың  ұнатып  тұрмағаны  алғашқы

жолдан,  ә  деп  сөз  саптаудан  (бір  ит  бар)

байқалуының себебі осында. Өйткені, ит сияқты,

ит тірлік, итше ырылдасты, иттен жаман, иттен

ары, итше үрді, итше арпылдады, иттік істеді т.б.

–  бәрі  де  жағымсыз  реңті,  адам  санасында

жағымсыз  мән  тудырып,  жағымсыз  мағынада

қолданылатын тіркестер. Өзі де ит сияқты еді,

өзі бір ит адам т.б. тұтас сөйлем түрінде келіп,

жағымсыз  бағалауды  тудырады.  Сондықтан

құмарлыққа  ит  деп  қарау  –  автордың  осы

құбылысты  бағалауы  деп  түсіну  қажет.

Автордың ойы,  логикалық пікірі  субъект мен

предикаттық  қатынастың  вербалдануынан

жасалған.  Осы  алғашқы  жол  мәтіндегі



9

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №4  (25)

құмарлыққа деген бағаның қалай болатынынан

алдын ала оқырманын хабардар етеді. Сонымен

бірге осы алғашқы шумақтағы шын ит, рахымы

жоқ ит – бағаның нашарлығын нақтылай түседі,

оқырман үшін де, түпкі айтар ойы мен мақсатын

ашатындықтан, автордың өзі үшін де, керек.

Адамның  ойлау  әрекеті,  көп  жағдайда,

белгіленген,  шегі  нақтыланған,  шеңбері

сызылып қойылған үлгі түріндегі логикалық ой-

пікірдің аясына сыймайды. Айналадағы ақиқат

дүниенің,  нақты  өмірдің  сан  алуандығы,  сан

түрлілігінің көрінісі адамның ойлау жүйесінен,

ойлау  әрекетінен  сезіліп  байқалатыны,

сондықтан болар. Ой әрекеиті жаңа бір әрекетке

итермелейтін ойлау-түрткі немесе ойлау-сұрау

түр-қалыбынан көрінеді. Ал объективті дүниенің

сезім мүшелері арқылы ғана емес, абстрактілі

ойлау  барысында  танылуының  осындай

себептері  бар.  Абстрактілі  ойлаудың  нақты

нәтижесі – ұғым, пікір, ой қорыту болса, ол тілдік

құралдар арқылы жарыққа шығады, өйткені тілсіз

ой  болмайды  (көрінбейді,  яғни  ой  жарыққа

шықпайды). Ойлау процесі сезімге, көңіл-күй

әуеніне ерген сайын образды, бейнелі, көркем

бола түседі. Бірақ пікір арналатын субъектісіз

(құбылыссыз, затсыз) пікір қалыптаспайды.

Әрине, бағалау мәтіннің түрлі деңгейлерін

қамти  жүріп  отырады.  Көрсетілген  өлеңде

автор-субъект 

өз 

өмірінде 



қандай

құмарлықтарды басынан кешіргенін санамалауға

көшеді,  құмарлықтың  әр  түріне  тоқталады,

бағасын береді. Бірақ семантикалық доминант

болып құмарлық сөзі өзінің негізгі қызметінде

қала  береді,  ол  шағын  мәтін  ішінде

концептуалдық қызмет атқарады.

Тірек  сөздер  мәтіндік  доминант  болып

қалуы үшін олар тақырыптық, композициялық,

концептуалдық,  эмоционалдық  қызметте

жұмсалып, 

бірте-бірте 

мағыналық

аббревиатуралар  деңгейіне    (тақырып  болса)

көтеріледі. «Заман өтті, жас өтті», бірақ кейіпкер:

Мақтанға бу ала, Селкілдедім дуана. Баяны жоқ,

пайдасыз, бір сағымды қуала; Әлі келем далақтап,

қызыл тілім салақтап, - күйінде, құмарлықтың

құлы  болып  қала  береді.  Осы  әрекеттерден

қорытынды жасап, өзін-өзі «Абұйыр жоқ, сана

жоқ,  Өз  басың  не  жетті»-  деп,  ойлану-сұрау

қояды,  міне,  шексіз  құмарлыққа  берілудің

нәтижесі  түптеп  келгенде  іздегенмен

табылмайтын, тапса да қолға түспейтін, шегі мен

шеті жоқ әрекетке ұрындырады. Ол әрекеттен

ой  қорытып  шығаруға  мүмкіндік  жасаған  –

құмарлықтың композициялық, жинақтаушылық

және концептуалдық қызметі.

Құмарлықтың мәтін құрудағы композициялық

қызметі оның концептуалдығын тудырады:

Дәл осы сияқты абстрактілі сөздерді тірек

етіп жазған Абай өлеңдері көп. Олардың көбі

ақыл,  еңбек,  талап,  ғашықтық,  іңкәрлік,

саятшылық  т.б.  сөздерден  тұрады.  Абайдағы

абстрактілі сөздер де, нақты мағынаны білдіретін

сөздер  де  концептуалдық-композициялық

қызметтерді орындайтын әлеуетті сөздер. Осы

тұрғыдан  екі  шығармашылық  тұлғаның

арасында едәуір ұқсастық бар.

Абай  мен  Шәкәрім  –  дара,  ірі,

шығармашылық  тұлғалар.  Соған  қарамастан,

олардың  өлеңдерінде  сегменттік  ұқсастық

немесе жекелеген сөз тіркестері мен сөздердің

қолданысындағы ұқсастықтар өте көп.

Өлең  моделінің  ұқсастығы  ғана  емес,

өлеңдердегі  ой  желісінің  сарындас  болуы

жағынан,  адамзаттық  құндылықтар  жайлы

айтумен  бірге  әртүрлі  құбылысты,  ақиқат

дүниені  бағалау  тұрғысынан  олардың

ойларының ұқсас түсіп жатуы Абай-Шәкәрім

паралеллеліне  негіз  болады.  Адамзаттық

проблемаларға  байланысты  өз  көзқарастарын

білдіру 


Шәкәрімінің 

ұстаз 


жолын

 

Құмарлық 



1. Гармонь тартты, домбыра 

тартты (қолына күрек алуы 

тиіс еді, я болмаса малдың 

соңында жүруі керек еді 

2. Ауыл кезіп ән салды (бос 

сандалды); 

6. Шамасына қарамай, бай 

баласына орынсыз еліктеді. 

5. Сауыққа құмар болуды 

кедейліктен құтылудың 

жолы деп біледі; 

4. Қажеттіні, пайдалыны 

есепке алуға, түсінуге 

мүмкіндігі болмады 

(құмарлық көзін байлады); 

3. Дойбы, карта ойнады 

(үнемі жағымсыз 

мағынадағы – карта ойнау; 

құмар ойынға бос уақыты 

кетті); 


10

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №4  (25)

жалғастырғандығын  көрсетумен  қатар  бір

аймаққа  тән  өзіндік  ерекшеліктері  бар

интеллектуалды  жоғары  поэтикалық  үлгінің

өмір сүргенін дәлелдейді. Ол үлгінің негізін

салушылар:  Дулат  –  Абай  –  Шәкәрім,  Абай



төңірегі.

Шәкәрімнің Абай салған сүрлеуге түспеуі

мүмкін  емес  еді,  өйткені  ол,  әрине,  Абай

қолында  тәрбиеленді  және  дүниеге

көзқарастарының қалыптасуына да Абайдың

ықпалы зор болды. Осы тәрбиенің арқасында

Шәкәрім  батыс,  шығыс  әдебиетін  меңгерді,

бірнеше  тілді  білді.  Дегенмен  де  Абайдың

кеңесімен орыс тілін үйренгенмен, Семейдегі

оқу орныннан толыққанды білім алмағанына

Шәкәрім  әрдайым  өкініш  білдіріп  отырған.

Кейіннен қажылық жолындағы Мекке-Мәдине,

Стамбул  сапарларынан  көп  нәрсе  үйреніп

қайтады. Стамбулда он үш күн бойы болғанда,

ол  әртүрлі  ұлт  өкілдерімен  танысады,  өзіне

қажетті кітаптарды еліне жіберіп тұрады. Осы

сапарынан  кейінгі  өмірінің  тұғырына,

шығармаларының  лейтмотивіне  айналған

ислам дініне де, имандылық жолына да жетіп

қайтады. Осы сапары, біздіңше, имандылық,

таза  дінді  қадірлеу,  мұсылмандық  жолынан

айнымау мотивінің Шәкәрім шығармаларында

орныға түсуіне әсер еткен.

Сондықтан Шәкәрім шығармашылығын

дін  мен  ділден,  бүкіл  адамзатқа  ортақ

проблемалардан  іргесін  бөліп  алып,  жеке

қарастыру  мүмкін  емес.  Ал  адамзаттық

проблемаларды шешу жолдары философиялық

ой-тұжырымдар  түюге  барып  тіреледі.

Шәкәрімнің  әдеби,  философиялық  мұрасы

Ғ.Есім, Б.Әбдіғазиев, С.Ізтілеуова, т.б. ғалымдар

тарапынан жан-жақты зерттеле бастады.

Адам, адамзаттық проблема – Абайдың

да  сөз  қозғаған  тұғырлы  мәселесі.  Екеуінің

шығармашылығындағы  ұқсастықтардың

туындауына  себеп  болып  тұрған  ең  басты

фактор осыдан туындайды.

Шәкәрім  Абай  үлгісі  жекелеген

философиялық  тақырыпқа  араналған

өлеңдерінен,  өлең  құрамындағы  кейбір

сегменттік  бөлшектерден,  жекелеген

шумақтардан байқалады:

Еркіндік, талап, шын сүю,

Жирену, мақсат, ой түю.

Қуаныш, қайғы, күлкі, ашу,

Денесі сау боп, жан күю...

Жансыздан бұлар шығар ма?

Бұл Абайдың «Талап, еңбек, терең ой» -

ымен  ұқсас.  Көтеріп  отырған  проблемасы  да

Абай ойындағы мәселемен тектес. Ұқсастықтар

өзге өлеңдерінен де табылады:

Мен досыңмын, жау емес,

Елеуре берме, қайта ту.

Жүрегім дертті сау емес,

Сол себепті сөзім – у.

Ащы деп алмай қоймаңыз,

Аңсағанда керек су.

Абайлап артын ойлаңыз,

Алды ғой алдап өңкей қу (Иманым,87-б.).

Ғылымсыз адам – айуан,

Не қылсаң да, ғылым біл (Иманым,92-б.).

Иесін білме, ісін біл,

Сыртын үқпа, ішін біл (Иманым,131-б.).

Абайдың да, Шәкәрімнің де әдеби тілдегі

орны олардың жазба әдеби тілді, жазба дәстүрді

қалыптастыруымен, 

дамытуымен

ұштастырылады.  Абайдың  әдебиетке  жазба

өлеңнің жаңа мөлшерін енгізгені белгілі. Сол

сияқты Шәкәрімнің өлеңдерінің мөлшері жазба

дәстүрдің  әдебиеттегі  орнының  беки  түсуіне

қызмет еткен, мысалы:

Гүлге асық боп сайраған,

Қызыл тілді қайраған,

Ішінде оты қайнаған,

Мұңлы, шерлі мен – бұлбұл (Иманым,141-

б.)

өлеңі  жазба өлең  мөлшеріне  бағындырылған.



Өлеңнің  алдыңғы  үш  тармағы  –ған  тұлғалы

есімшеден  (өткен  шақ  мағыналы)  тұрады,  ал

соңғы  тармақтары  алдыңғы  және  кейіннен

келетін тармақтардың төртінші жолымен ұйқас

құрап, өлең тұтас мәтінге айналған, ол жолдарға:

шетсіз судан өтер біл; Ақсам-дағы миллион жыл;

кім мендей ер, кім әділ? Қайта жарат рахым қыл;

Бұл адамнан қалсын тұл; Нәпсі болса маған құл;



11

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №4  (25)

Бал ғой мені сөккен тіл; Мейлің жыла, мейлің

күл жатады. Ал әршоғырдың алдыңғы үш жолы

болымсыз  етістік  формасында  (болмасам,

білмесем, күлмесем, бұйрық райдан: сал, ал, сал;

табыс септік тұлғасынан: мені, сені, дүниені; 1-

жақ  жіктік  тұлғасынан:  билесем,  сүймесем,

илесем,  т.б.  болуы)  үндесе  келе  тармақішілік

ұйқас құрайды.

Абайдың  алдындағы  Дулат  7-8  буынды

өлең  өлшемін  (формасын)  сақтайды.  Осыдан

бастап қазақ өлеңдері тирадаларға (шоғырларға)

бөліне бастады. Әр шоғырдың соңғы жолдары

бір-бірімен  ұйқаса  келіп,  өлең  тұтастығын

тудырады,  форма  пайда  болды.  Шәкәрім

өлеңдері  де  –  формаға  салынған  өлеңдер.

Мысалы,  «Иманым»  жинағындағы  «Қырық

жылдан өтіп жасым» деп басталатын өлең 34

шумақтан тұрады. Әр шумақтың соңғы тармағы

өзінен кейінгі және алдыңғы шумақтың соңғы

жолымен (тармағымен) ұйқасады:

1-тираданың  соңы:  Иманым  –  басшы

жолдасым;

2-тираданың  соңы:  Не  көрмеді  ғарып

басым;

3-тираданың  соңы:  Моланың  ақтарып



тасын;

4-тираданың  соңы:  Болып  тұр  итманым

қасым;

5-тираданың  соңғы  жолы:  Ағызды



арамын, насын т.б.

Осы тирадалардың келесі жолы: дедім мен



Астапыралда! – деген тармақпен аяқталады. Ал

келесі тирада Астапыралдыға ұйқасады немесе

осы  жолды  сол  күйінде  қайталайды.  Ұзын-

ырғасы 26 тираданың соңғы жолы Дедім мен



Астапыралда-ға аяқталған. Бұл қайталау – қазақ

тілінің  ұзақ  даму  жолындағы  қайталаулардан

(Мұнар да мұнар күн, Әрайна, билер, әрайна,

т.б.– көбі мағыналық жүк арқаламайтын) жөні

бөлек  қайталау.  Өлеңнің  негізгі  лейтмотиві

болып отырған өмір шындықтарына таңдану,



одан үрку, шошыну, қорқу, үрейлену осы сөздерді

қайталап  айту  арқылы  жеткізіледі.  Өлең

тұтастығының шоғырдың соңғы жолдарының

ұйқасы нәтижесінде сақталуын Р.Сыздық нағыз

жазба поэзияның көрінісіне жатқызады (1,66).

Буын саны мен екі жолдың соңғы сөзінің

ұйқасы бір болып келетін, ал жыр жолдарының

3-шумағы  мен  6-шумағы  ұйқасатын  Абайдың

«Сегіз аяғының» үлгісі Шәкәрімнің:

Достыңыз зор,

       Дұспаның қор,

              Бар тілекке жетсеңіз.

Сансыз бақыт,

              Алтын бақыт,

Барша жаннан өтсеңіз,

өлеңінде анық көрініп, нағыз өзінің жалғасын

тапқан.

Шәкәрімнің  кейбір  өлеңдеріндегі



ойларының  Абай  ойлауына  ұқсауы  оның

өлеңдерінің Абай өлеңдерімен форма жағынан

ұқсастығын тудырған:

Иесін білме, ісін біл,

Сыртын ұқпа, ішін біл,

Тағдырдың сырын тәлім қыл,

Ойлап, теріс, жөндігін (И., 131-б.), т.б.

Ал  кейіпкерді  сырттан  бақылатып,  3-

жақта,  қимыл-әрекетке  бейтарап  қалдырып,

сөйлету мен етістіктің тек жедел өткен шағын

қолдану арқылы екі жолды бір-біріне ұйқастыра

келіп, 3-жолда осы алдыңғы екі жолда айтылған

ойды  тұжырымдауда  ырықсыз  етіс  формасын

пайдаланып жазылған өлең Шәкәрімдегі өзінше

бөлек өлең үлгісі:

Келді, кетті,

Толды, семді,

Өзгеленді бұл ғалам.

Келесі жол:

Туды, өлді,

Жанды, сөнді,

Өршіп, өнді қайтадан,

түрінде жалғасады. Мағынасы бір-біріне қарама-

қарсы етістіктерді қатарластыра келтіріп, оларды

жарыстыра қолданған бұл өлеңнің құрылысы да

қазақ  өлеңдерінің  бұрыннан  қалыптасқан  7-8

буынды немесе 11-12 буынды өлеңдерінен бөлек,

4-5  буыннан  тұрады.  Тек  қана  есімше

тұлғасының ұйқасына құрылған өлең жолдары



12

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №4  (25)

сұрауға  аяқталады.  Алдыңғы  жодардағыдай

тұжырым жоқ, сұрау бар:

Дөңгелеткен,

Өңгелеткен,

Түк білімсіз күш пе екен?

Дәл осы әдіс сын есімдерді пайдалануда

да қолданылады:

Тіпті мінсіз,

Кемшіліксіз

Есті қылған іс пе екен?

Бірақ  бұл  жолғы  сұрау  жай  сұрау  емес,

риторикалық  сұрау,  оған  жауап  іздеу,  жауап

қайтару міндетті емес, бұл сұрау - әрі сұрау, әрі

жауап - өйткені екі бірдей семантикалық қызмет

соңғы жолдың бойында шоғырланған.

Екі ақын тіліндегі, шығармашылығындағы

енді  бір  ұқсастық  мысал  өлеңдерімен

байланысты. Абай қазақ әдеби тілінің тарихында

мысал өлеңдерді жазуды поэтикалық дәстүрге

енгізді. Ал Абайға еліктеген Шәкәрім өлеңдерінің

бір бөлігі мысал өлеңдерінен тұрады. Ендеше

Абай  салған  дәстүрдің  жалғасын  Шәкәрім

шығармаларынан  іздеу  әбестік  емес,  Абай

дәстүрі өз жалғасын Шәкәрім мұралары арқылы

тапқаны ақиқат.

Табиғат суреттері, құбылыстары мен адам

баласы арасына теңдік, параллель жүргізу, сол

арқылы  лирикалық  образ  жасау  (кейіптеу)  –

Абай қалыптастырған тәсіл. Оны да Шәкәрім

еркін  іліп  әкетіп,  жағымды  жалғастыққа

ұластыра білген:



Жан беріп жарық, жылы нұрдан,

Күн атам жерді буаз қылған

Өсімдік туған осыдан (И., 108-б.).

Адамзат баласына тән іс-қимылды табиғат

құбылыстарына  теліп  сөйлеу  Шәкәрім

шығармаларындағы  стильдік  ерекшелік  деуге

болады.  Табиғат  сырын  ашу,  дүниедегі

эволюциялық қозғалыстың жұмбағын, адам мен

дүниенің, табиғат жаратылысының құпия сыры

мен себептерін ашуға құмарлық, оны ұғындыруға

талпыну оның бірнеше өлеңдеріне тән. Тіпті осы

мәселеге өлеңдерінің циклы арналған, олардың

көбі  діни  көзқарастың  жетегімен  жазылған.

Осындай өлеңдердегі поэтикалық-предикаттық

қатынас субъект-автордың дүние-жаратылысты

қалай қабылдағанын көрсетеді, өзі айтқандай “бас

көзімен емес, ой көзімен” саралауға мүмкіндік

береді,  субъект-  автордың  ойын,  айтар

ақпаратын жеткізеді.

Абай  да,  Шәкәрім  де  аудармамен

айналысқан. Абай орыс классиктері мен шығыс

ойшылдарының,  шығыс  классиктерінің

поэзиясын аударған. Шәкәрім де осы соқпақтан

ауытқымай, сол бағытты ұстанады. Ол да Хожа

Хафизден,  Омар  Һайямнан  аударма  жасаған.

Шығыс классиктері мен орыс поэзиясын аудару

Абай  мен  оның  төңірегіндегі  шәкірттерінің

интеллектуалды  поэзияны  дүниеге  әкелуіне

қатты  әсер  еткен.  Абай  әсері  мен  Абайға

еліктеудің  нәтижесінде  қара  сөзбен  жазылған

Пушкиннің 

“Дубровскийін” 

өлеңмен

тәржімалауы  Шәкәрім  шығармашылығындағы



өзіндік ерекшелікті қалыптастырған. Сондықтан

да аудармалар Шәкәрім мен Абай поэзиясының

маңызды бөлігі болып табылады. Екі тұлғаның

шығармашылық  ұқсастығын  тудыратын

факторлардың ішіндегі қуаттылары – осылар.

Резюме

Resume

В статье рассматриваются языковые параллели и особенности в поэзии Абая и Шакарима.

In the article language parallels and features are examined in the poetry of Abay and Shakarim.


13

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №4  (25)

ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПРАГМАТИКАЛЫҚ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАСЫМ ТІЛДІК АМАЛДАР

ӘОЖ 811.512.122



Ф. ЖАҚСЫБАЕВА, филолгия ғылымдарының кандидаты, доцент

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Сөйлеудің фонетикалық, морфологиялық,

грамматикалық  және  синтаксистік  жақтарын

терең зерттеген лингвистика ХХ ғасырдың 2-

ші  жартысына  дейін  тілдік  ақпарат  жеткізу

мүмкіндігі мен сөйлеудің қабыл алушыға ықпал

етуін, сол арқылы сөйлеу актісінің субъектісіне

де өзіндік әсер ететіндігін зерттемей келгендігі

белгілі.

Соңғы  жылдары  лингвистика  зерттеу

объектісіне 

тілдің 


коммуникативтік

ерекшеліктерін анықтауды қосуына байланысты

тілдің прагматикалық аспектілірін анықтаудың

маңызы  арта  түсті.  Кез  келген  тілдік  қарым-

қатынастың  барысында  оған  қатысушылар

тілдік құралдар арқылы бір-біріне ықпал етуге

тырысатындығы белгілі. Прагмалингвистика тіл

білімінде тілдік қарым-қатынасқа қатысушының

тілді қандай мақсатта қолданып тұрғандығын

зерттейді.  Сондай-ақ  прагматика  тілдік

құралдарды коммуниканттардың сана-сезіміне,

іс-әрекетіне  әсер  ету  мақсаты  тұрғысынан

қарастырады.

Шәкәрім Құдайбердиевтің поэзиясы – түр

мен  мазмұн  бірлестігі  үндес,  өрелі  идеяға

негізделген, көріктеу, ажарлау, бейнелеу, сөзді

құбылту, әр беру үлгілерінің әсем көрінісі. Туған

тілінің  бейнелі, көркем  мағыналы бай  қорын

еркін пайдалана отырып, одан нәр, азық алған

ақын қазақ әдеби тілін бейнелі сөз өрнектерімен

толықтырғаны белгілі.

Шәкәрім Құдайбердиевтің ақындық әлемі

мен  шеберлік  сырларын,  шығармаларының

тілдік ерекшеліктерін зерттеуде тілші ғалымдар

алдында  тұрған  міндеттер  аз  емес.    Шәкәрім

шығармаларында  қолданылатын  тілдік

құралдарды  анықтау  барысында  бұл  салада

зерттелуі  әлі  қолға  алынбаған  тың

тақырыптардың  мол  екендігі  анықталды.

Ақынның  әр  өлеңінің  негізгі  мақсатына  сай

қолданылатын коммуникативтік әдістердің өзі

жеке бір еңбек болуға лайық. Мысалы: Шәкәрім

шығармаларында  прагматикалық  функция

атқаратын, қазақ халқының шешендік өнеріне

тән абырой беделді алға тарту әдісі жиі кездеседі:

Арамдықтан шығады кім сытылып?

Бір желіксе кетеді тым құтырып,

«Жығылған жан күреске тоймас» деген

Карта ойнаған кісідей күнде ұтылып,

-  деген  жолдарда  қазақтың  «Жығылған  жан

күреске тоймас» мәтелін қолданса,

«Алла – сүйсең, адамды сүй» дегендей

Құмарың бір, ісің көп болсын, жаным,

Көпке қүмар еріншек болмас мендей

«Молданың ісін қылма, айтқанын қыл»

немесе


  Мақалада  Шәкәрім  шығармаларындағы  тілдік  құралдар  қарастырылған.  Автор  ақын

шығармаларының тіліндегі бағалауыш лексиканың берілу жолдарына кеңінен тоқталады.

Тірек сөздер: Шәкәрім, прагматика, тілдік амалдар, бағалауыш лексика.

14

Біреу тисе, құтылар қамыңды ойлан,

Сонда – дағы дәм татпа жынды тойдан.

«Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген,

Ел бұзылса, момын бол қоңыр қойдан.

Үзінділерде ақын өз ойын ұтымды жеткізу

үшін  өлендерінде  қазақ  халқының  мақал-

мәтелдерін  қолдана  отырып,қазақ  халқының

ғасырлар бойы жинаған абырой беделіне арқа

сүйейді.


Сондай-ақ, Шәкәрім шығармаларындағы

коммуникативтік мақсатына сай қолданылатын

оқырманын  өзімсіну  әдісі  айшықтылығымен

ерекшеленеді. Мысалы:

...Өзімді ұрған мінезді сөгемін деп,

Тілім тисе сіздерге, кеш, достарым

Ұқпаған соң лажым не,

Жан досым мен жақыным

Ұққаның болса, қамын же,

Ондасын істің ақырын,

-  деп  оқырманын  өзіне  тарта  отырып,ой

тастайды.

Ақынның  «Тағы  сорлы  қазақ»  өлеңінде

қазақ халқына тән барлық кемшіліктерді тере келе

қазақ халқына деген жанашырлығын, қазақтың

тағдыры  өзін  бей-жай  қалдыра  алмайтыны

көрсетеді.Өлеңде  қазақтын  бойыңда  жоқ,

жағымды қасиеттерді өлеңнің әр жолын «жоқ»

сөзімен аяқтап, қазақ халқына тән кейбір іс –

әрекеттерге жағымсыз баға берген.

Шәкәрім 

шығармаларында

прагматикалық 

функция 


атқаратын

риторикалық сұрақтардың өзін жеке дара талдап

зерттеуге  болады.  Мысалы  риторикалық

сұрақты:


Ал енді, олай болса, кімді алалық?

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?...

деп  өлең  шумақтарының  соңында  береді,  не

болмаса,


Ойлаңыз ақыл – білім қайда болмақ,

Дүниеде қандай орын жайда болмақ?

Білу, нану, ұнату – ақыл ісі,

Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?

- деп бір шумақ өлеңді риторикалық сұрақпен

берсе, «Хайуан мен ақымақтар» өлеңінде:

Ал енді осы сөзді ұмытпай ақта,

Керекті бір іс келер артқы жақта

Ақымақ пен хайуанның қайсысы артық?

Білінер салыстырып байқасақ та,

-  деп  сұрақ  қояды  да,  қойған  риторикалық

сұрағына өлеңнің соңына дейін өзі жауап береді.

Осындай оқырманына әсер ету мүмкіндігі басым

әдістер Шәкәрім өлеңдерінде жиі кездеседі.

Шәкәрім 

шығармаларында

оқырмандарына  ойын  батыл  беріп,  негізгі

мақсатына қол жеткізу үшін тілдің бағалауыш

ерекшелігі шебер қолданылған. Ерекше бір атап

өтерлік ақынның өлеңдерінің тақырыптарының

өзінде бағалауыш лексика фактілерді қарама–

қарсы қою әдісімен бірге ұштастырыла берілетін

тұстар көп. Мысалы: «Ашу мен ынсап», «Шаруа

мен ысырып», «Мақтау мен сөгіс», «Піскен мен

шикі», «Бай мен кедей» т.б. Сондай-ақ, Шәкәрім

шығармаларында  бағалауыш  лексикалардың

жағымды, жағымсыз түрлері ашық түрде жиі

қолданылады.  Бұл  ерекшелік  ақынның

«Жастарға» өлеңінде айқын байқалады:

Арсыз, арам айланы тастасалық!

Адал іске талаппен бастасалық!

Неде болса білімді ізденелік!

Надандықпен біржола қоштасалық!

- десе немесе:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды

Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды

Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп

Жаны үшін адамдық ар сақтайды,

-  деп  ақын  өз  ойын  бағалауыш  лексиканың

жағымсыз, жағымды түрін ашық бере отырып,

шебер жеткізеді.

Шәкәрім шығармаларына тән келесі бір

ерекшелік баға лексикалық материалдарда теңеу

арқылы  беріледі.  Мысалы,  «Жастық  туралы»

өлеңінде ақын:

ШӘКӘРІМТАНУ



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал