2014 №4 (25)
АЛАШТАНУ
ретінде пайдаланып, тарихи қорытынды
жасауға негіз етіп жүргені жаңалық емес.
Айталық, Алаш қозғалысы тарихын терең қазып,
көзі қарақты оқырманға құнды еңбектер
ұсынған
алаштанушы
ғалымдар
М.Қозыбаевтың,
К.Нұрпейісовтің,
М.Қойгелдиевтің т.б. зерттеушілердің
еңбектерінде
Алаш
баспасөзі
жарияланымдарының басым орын алатынын
ешкім жоққа шығара алмайды. Оның себебі де
түсінікті. Өйткені «публицистика нақтылы
өмірден орын алып отырған мәнді оқиға-
фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы
дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды.
Яғни, публицистика – фактінің, нақты оқиғаның
жанры» [4,127]. Бұдан түйер ой – нағыз
көсемсөз шеберлері өз заманы мен қоғамының
тыныс-тіршілігін өшпестей етіп қаз-қалпында
тасқа қашап жазып, ұрпаққа аманаттап
қалдыратын тұлға болғандықтан да олардың
еңбектерін тұнған шежіре деп қарастыруға
болады.
Публицистиканың тарихи құндылығын
айшықтайтын ғылыми тұжырымымызды Алаш
көсемсөз шеберлерінің жер туралы жеріне
жеткізе жазған публицистикалық құнды
еңбектері дәлелдейді.
«Қалмақтармен ұзақ та сұрапыл
ұрыстардан кейін, әкелер қанының өтеуімен
азат етілген атамекенін өз меншігі деп есептеген
қазақтар, орыстың қармағына кіргенде, ол
мемлекет халық меншігіне қол сұға қояды деп
ойлаған жоқ еді. Ал сол кезде-ақ орыс мемлекеті
ешқандай дәлел-себепсіз күштінің құқы жүреді
деген қағидаға сай, барлық қазақ жері
мемлекеттік меншік болып танылды деген заңды
бекітіп, соның нәтижесінде қазақ даласына
(орыс шаруаларының – С.Қ.) қоныс аудару
қозғалысы басталды. Ең шұрайлы жерлер қоныс
аударушыларға кертіліп беріліп, ең нашар жерлер
қазақтарға қалды. Әрине, жердің бұлай сапалық
және сандық жағынан азаюы малшы
қазақтардың тұрмыс халіне әсер етпей қойған
жоқ. Соңғы кездері халықтың айрықша байқала
түскен жарлылануы да дәл осы ешқандай
төлемсіз
және
байырғы
халықтың
шаруашылығына айқын зиян келтіре отырып,
шұрайлы жерлерді күшпен тартып алумен
түсіндіріледі» [5,498]. Бұл Семей облысы,
Қарқаралы уезі қазақтарының Патшалық
Ресейдің Министрлер Кеңесі төрағасына 1905
жылдың 26-маусымында жолдаған атақты
арыз-талаптан (петициядан) үзінді. Тарихта
Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесіне
қатысушылар қол қойған арыз-талап болып
таңбаланған петицияның «мәтінін профессор
М.Қ.Қойгелдиевтің орыс тілінен қазақ тіліне
аударған» [5,488] нұсқасынан алынған үзінді
отарлау саясатының салдарынан әбден ушыққан
жер мәселесі туралы халықтың жанайқайынан
сыр тарқатады. Сонысымен де әрі тарихи
шынайы дерекке негізделіп жазылғандықтан да
оны публицистикалық мұра деп қарастырған
дұрыс.
Өкінішке қарай, аталған атақты арыз-
талаптың түпнұсқасы осы күнге дейін
табылмағаны көңілге қаяу салады. Бұл туралы
Алаш қозғалысы құжаттары мен материалдары
жинағын құрастырушылар: «Нақты құжаттың
түпнұсқасы табылмады. Құжаттың қазақ
тіліндегі мәтіні болуы мүмкін» [5,488], - деп
жазып, зерттеушілер назарын аудартқанын
орынды ескертпе деп есептейміз. Арыз-
талаптың түпнұсқасы табылмағандықтан оған
қол қоюшылардың саны туралы деректерде
бірізділік байқалмайды. Мәселен, жоғарыда
сілтеме жасалынған жинақтың өзінде бір жерде:
«Подлинная за подписками 12167 лиц» [5,39],
- деп көрсетілсе, екінші жерде: «Летом грамадное
совещание было устроено в Семипалатинской
обл. Каркаралинкому у. На Куяндиндинской
ярмарке, здесь подписалось 14,5 тысячи человек
под знаменитой петицией» [5,52], - деген дерек
келтірілді. Осы дерек Алаш публицистикасына
талдау жасаған өзге бір ғылыми еңбекте:
«Қарқаралы петициясының текстінде Ахаң
қолтаңбасы айқын көрінеді. А.Байтұрсынов
дайындаған саяси құзырхатқа 16500 адам қол
қойып Санкт-Петербургке жіберілді» [6,166], -
деп берілді. Үш түрлі дерек үш түрлі санды
көрсетеді. Қайсысы шындыққа сай? Бұл сұраққа
жауап беру болашақта тарихшылар еншісіндегі
міндет деп білеміз. Ел тарихында аса зор мәнге
ие құжат туралы деректің алуан түрлі болуы оған
көлеңке түсіріп қана қоймай, сенімсіздік
туғызады. Сондықтан тарихи құжат туралы
50
2014 №4 (25)
АЛАШТАНУ
деректі бірізділікке түсіру маңыздылығы айтпаса
да түсінікті. Жалпы ел тәуелсіздігі жолындағы
ұлт-азаттық күрес шежіресінен ойып тұрып
орын алатын құны өте қымбат тарихи
жәдігеріміздің түпнұсқасын іздеп тауып, ел
мұрағаты мен музейлерінен орын сайлайтын
болсақ, ұрпақ танымы мен тағылымын
арттыруға үлес қосқан іс болар еді. Бұл да
келешек зерттеушілер назарын өзіне аударуы
тиіс.
Тарихшылар Алаш қозғалысы тарихы осы
Қоянды жәрмеңкесіне қатысушылар атынан
даярланып, 12767 кісі қол қойған (бұл жерде
жоғарыда сілтеме жасалынған Алаш қозғалысы
құжаттары мен материалдары жинағындағы
дерекке жүгініп отырмыз), 1905 жылғы 26-
маусым күні Санкт-Петербургке, Ресей
Министрлеркомитеті төрағасына жолданған
атақты арыз-талаптан бастау алады деген
қорытындыға келеді. Осы ғылыми тұжырымды
негізге ала отырып, біз де Алаш
публицистикасы
тарихын
сонымен
байланыстыра қарастырғанды дұрыс
санаймыз.
Бұл
турасында
«Алаш
публицистикасын кезеңдеу мәселелері» атты
бөлімде арнайы терең әңгіме өрбітілетін
болғандықтан, ол туралы әңгімені осымен әзірге
шектейміз.
Қаймана қазақтың көкейкесті мәселелерін
паш еткен мұндай арыз-талаптар қазақ
даласының барлық өңірінен сан мыңдаған
кісілердің қол қоюымен Патшалық Ресей
өкіметіне тұс-тұстан жолданғанын назардан
тыс қалдыруға болмайды. Алаштың көрнекті
көсемсөз шебері М.Тынышпаевтың 1905 жылы
19-қарашада
Санкт-Петербургкте
Автономистер одағы құрылтайында жасаған
«Қазақтар және азаттық қозғалысы» атты
баядамасында: «Сын Отечества» газетінің 11-
қарашадағы санында Семей және Павлодар
уездері қазақтары мен татарлары атынан (граф
Виттеге жолданған) зорлық-зомбылыққа өткір
қарсылық көрсеткен және үкіметтің уәдесіне
сенімсіздік танытқан телеграмма жарияланған.
Ақмола облысы қазақтары да бастарына
төнген түрлі қауіп-қатерге қарамастан, табанды
әрекет танытты. Осы қозғалыста қазақтар
арасынан бюрократиялық тәлкекке қатты
ұшыраған Дала өлкесі тұрғындары айрықша күш
көрсетті, 25 мыңнан аса кісі әр түрлі арыз-
талаптарға (петицияға) қол қойды. Енді генерал
Сухотинге барлық қазақ тұрғындарын Сібірге
жер аударып, жансыз далаға патшалық етуден
басқа жол қалмады. Семей облысындағы
халықтық қозғалыс Жетісуға жетті: «Лепсі
қазақтары үкіметтің сасық саясатына қатты
қарсылық танытып, өз талаптарын білдірген,
1000 кісі қол қойған арыз-талаптарын жолдады.
Бұлардың арасынан, әсіресе, Орал және Торғай
облысы қазақтары қозғалысын айрықша атап
өтпеуге болмайды. (Орыс тілінен аударған –
С.Қ.)» [7,30], - деп жазып, атақты Қоянды
жәрмеңкесі арыз-талабынан басқа да наразылық
шаралы көп болғаннан мәлімет келтіреді.
Аталған арыз-талаптардың қай-қайсысы
да жер мәселесін бірінші орынға қойғаны
дәлелдеуді қажет етпейді. Өйткені қазақ
халқының экономикалық жағдайы жермен
тығыз байланысты болатын: «Мал күйлі болса,
қазақ та күйлі, өріс шұрайлы болса, қазақтың жүзі
де шырайлы. Мұнда дала – малды, мал –
қазақты асырайды» » [5,488], - деген ұстаным
тіршілік заңына айналған еді. Осыны негізге ала
отырып даярланған құзырхатта Қоянды
жәрмеңкесіне қатысушылар Ресей Министрлер
комитеті төрағасына жер мәселесіне қатысты
мынадай батыл талаптар қояды:
«...4. Дала өлкесін отарлау жүріп жатыр.
Жыл өткен сайын қазақтардың иелігіндегі жер
азайып келеді. Қоныс аударушылар телімдеріне
деп ең шұрайлы жерлер мен тұщы сулы алқаптар
тартып алынуда. Сондықтан да қазақтар иеленіп
отырған жерлерді олардың (қазақтардың – С.Қ.)
меншігі деп тану шарт.
5. Мемлекеттік мүлік басқармасы Дала
өлкесінде қазынаның иелегіне жер бөлу үстінде
қазақтарды өздерінің ата-баба қыстауларынан
қуып шығуда. Осы тұрғыда, жерді межелеп бөлу
кезінде қазақтардың өз қонысынан қуылмағаны,
олардың тікелей қатысуымен қазына жері мен
екі арадағы қашықтық шамасын өздері
анықтайтын қорғаныс белдеулері қалдырылуы
қажет.
6. Қазіргі «Далалық Ереже» қазақ өмірінің
бүгінгі қалпына сәйкес келмейді. ...Сондықтан
да қазақтардан құралған депутаттардың
51
қатысуымен «Далалық Ереже» өзгертілуі қажет»
[5,490-491].
Әрине,
Қарқаралыдағы
Қоянды
жәрмеңкесіне қатысушылар атынан даярланған
араз-талап мәтінін жеке тұлғалар әзірлегені дау
туғызбайды.
Алаштанушы
ғалым
С.Өзбекұлының зерттеуіне жүгінсек, Ахмет
Байтұрсынов пен Жақып Ақбаевтың осы міндет
төрінен көрінгеніне көз жетеді [8,28]. «Ақаңның
50 жылдық тойы» атты портретті очеркінде
М.Әуезов те, аталған арыз-талапта Ахмет
Байтұрсынұлының қолтаңбасы бар екенін ашып
көрсетеді: «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен
біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметіне қазақ
халқының атынан петиция жіберген. Ол
петициядағы аталған үлкен сөздер. Бірінші – жер
мәселесі, қазақтың жерін алуды тоқтатып,
переселендерді
жібермеуді
сұраған.
...Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер қазақ
баласының дертті мәселелері болғандықтан,
Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде
тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына
себепші болған» [9]. Бұл жолдар жоғарыда біз
айтқан «арыз-талаптардың қай-қайсы да жер
мәселесін бірінші орынға қойған» деген пікірдің
негізсіз емес екенін дәлелдейді.
Қоныс аударушы орыс шаруаларын
орналастыру үшін қазақтың ең шұрайлы жерлері
тартып алынып жатқанын айыптаған шағым-
арыздар жеке кісілер атынан да хат болып кіндік
үкіметке жолданғанын мұрағат материалдары
айғақтайды. Мәселен, Ақмола облысы Көкшетау
уезі Жыланды болысының тұрғындары
Мұстафа Илинов пен Байдүйсен Оразаевтың
атынан Ресей Жер ісі және мемлекетті меншік
министріне жолданған жерді әділ бөлу туралы
өтініш хат сақталған. Хатта өтініш иелерінің
өтініш сұрауымен Василий Глухов деген азамат
қол қойғаны айтылады [5,26].
Біздің назарымызды өзіне ерекше
аудартқаны – хаттың жазылған мезгілі. Арыз-
тілек 1901 жылдың 4-сәуірінде жолданғаны –
оның мән-маңызын арттыра түсетін дерек.
Демек, Алаш публицистикасы кезеңі 1905
жылдың 26-маусымындағы атақты Қоянды
жәрмеңкесіндегі арыз-талаптан емес, осы жеке
тұлғалардың хаттарынан бастау алады деген сөз.
Бұл «Алаш публицистикасын кезеңдеу
мәселелері» бөлімінде таратыла талданатын
болады.
Қос беттік шағын хатта қазақ даласындағы
жер мәселесінің түйткілді жайлары таратыла
баяндалады.
«Есте жоқ ерте заманнан пайдаланып келе
жатқан жерлерімізді тартып алу кейінгі кездері
жыл сайынғы әдетке айналды. Бізге беймәлім
өлкелерден көшіп келіп жатқан қоныс аударушы
шаруаларға жер кесіп беру салдарынан біздің
қоныстарымыз тарылып барады, оның есесіне
жерге деген қажеттілігіміз еселеп өсу үстінде:
жан және мал саны артуда, бұрын тұтынып
көрмеген қажеттіктер тууда, мысалы, қыстап
шығу үшін өзімізге нан, малымызға жем-шөп
дегендей, оның үстіне, салықтың түр-түрі
үздіксіз өсіп барады (орысшадан аударып, алғаш
пайдалануда – С.Қ.)», - деп басталатын шағым
хатта
жиырмасыншы
жүзжылдық
табалдырығынан жаңа аттаған қазақ халқының
ауыр күйі ашық айтылады. Бұдан әрі хат иелері
жергілікті жұрт орыс қоныс аударушыларына
жасалынып жатқан жақсылықтардың бірін де
көрмей отырғандығын, оларға ең құнарлы
жерлер бөлініп берілсе, өздері сусыз-нансыз,
тау-тасты жерлерге ығыстырылу үстінде екенін
айыптап: «Бізге қазірдің өзінде өмір сүру өте
қиындап кетті, ал осы талғажау етіп отырған
жерлерімізден айырылсақ, онда күйіміз не
болады?!», - деген мұң-зарларын сыртқа
тоғытады.
Шағын хатта қаймана қазақтың
қайыршылық күйге түсуінің, жылдан-жылға
жатақтардың (малсыздардың) көбейіп бара
жатуының себебін жердің тарылуынан деп дәл
түсіндіріледі. Отарлау саясатының «нәтижесін»:
«Біздің атақонысымыз болған жерлерде
Максимовка (1890), Владимировка (1878),
Новгородок (1897) және басқа да ауылдар
(песелкелер) пайда болды. Өткен 1900 жылы
жазда мемлекеттік іс жүргізуші Уминов-
Велицкий Тақыр-Жыланды (Жалтыр)
қыстағындағы қоныс аударушыларға бөлінген
жер маңайынан бізге қарайтын Жалтыр-Су
қыстағын кесіп алды», - деп деректерге жүгіне
отырып нақты дәлелдейді.
Жер
мәселесіндегі
осындай
әділетсіздіктерді ашық айыптаған хат иелері
АЛАШТАНУ
2014 №4 (25)
52
Ресей министрінен өтініштерін аяқсыз
қалдырмай, қамқорлық танытуын сұрайды:
«Жоғары мәртебелім
Сізден қоныс
аударушыларға алынады деп қарастырылып
жатқан Жалыр-Су, Үй-тас қыстақтары мен
Күтем-Қыс (Бұлақ зират), Жан-тамыр, Шетен-
Адыр, Өр-шиелі (Ур-челі) өзендерін, Нов-
городтан Қара-суға дейінгі аралықты біздің
меншігімізде қалдыруға тапсырма беруіңізді
сұраймыз. Бар өтінеріміз осы. Онсыз тіпті тарлық
көріп, өмір сүруіміз мүлдем қиындап кетеді», -
деген
жолдар
деректілігімен
және
жиырмасыншы жүзжылдық басындағы
қазақтың мүшкіл халін баян етуімен құнды.
Осынысымен де публицистиканың ауыр жүгін
арқалап тұрған туынды деп қарастырғанымыз
тарихи әділеттіліктің салтанат құруы, яғни аты
аталған азаматтардың бастарын бәйгеге тіккен
еңбектерін бағалау деп білеміз.
Алаш азаматтарының жер мәселесі туралы
публицистикалық еңбектерін талдағанда
көрнекті қоғам қайраткері Мұхамеджан
Тынышбаевтың 1905 жылдың 20-маусымында
Ресей министрлер комитетінің төрағасына
жазған хатын бағаламау қиянат болар еді.
Санкт-Петербург қаласындағы І Александр
атындағы Теміржол транспорты институның
студенті қазақ халқының басына түскен
ауыртпалықты ашына жазып, метрополия
тарапынан зорлық-зомбылықтың тоқтатылуын
талап етеді. Жас қайраткер көтерген қазақтың
көкейкесті мәселелерінің ішіндегі ең соқталысы
– жер дауы. Бұл жөнінде заңсыздықтың етек
жайғанын былай дәлелдеуге тырысады:
«Уақытша
ереженің»
(1868
жылы
қабылданғанын қазақ даласын басқару туралы
заңдық күші бар құжаттың -
С.Қ.)
125
және 129 тармақтары бойынша қазақтардан бос
жатқан артық жерлерді ғана алуға болады.
Құрлыс салынып жатқан, бау-бақша егілген,
басқа да игерілген жерлер жеке меншікке
теңестірілген. Ал, шын мәнінде, бізден ең тәуір
жерлер: қыстаулар, жайлаулар, шабындықтар,
құрылыс және бау-бақша орындары тартып
алынуда. Қазақтардың мұндай жерлері артық
және бос жатыр деп айтуға ауыз бармайды. Қазір
ондай жерлер басқаларға бөлініп берілуде,
соның салдарынан жерден тапшылық көрген
қазақтар оған көнгісі келмей, қарсылық танытуда,
нәтижесінде бітпейтін дау-дамай, ұрыс-керіс,
өлім-шығын орын алуда. (Орысшадан алғаш
аударылып пайдалануда – С.Қ.» [10,20].
Көсемсөз қоғамдық маңызды мәселені
көтеріп қана қоймай, оны шешудің жолдарын
іздестіруімен де бағаланатынын ескерсек,
М.Тынышбаевтың
эпистолярлық
публицистикасында бұл жай қалыс қалмаған:
«Біз, қазақтар,есте жоқ ерте замандардан өз
жерімізді иеленіп келеміз. Орыс қоластына өз
еркімізбен, еш қантөгусіз өткенде ең құнды
жерімізден айырылу үшін, әділетсіздік пен
зорлық-зомбылықты көру үшін емес, арамызда
тыныштық және бейбіт заман орнасын,
қысымшылықтан қорғасын деп қамдандық.
Сондықтан да тарихи әділеттілік қыстаулар мен
жайылымдарды, шабындықтарды келімсектерге
беретін аудан шекарасынан шығарып тастауды
талап етеді. Егер бос жатқан артық жерді қоныс
аударушылар қажетіне беру лажсыз керек болса,
ондай жерлер қазақ қоғамының шешімімен, тек
солардың келісімімен жайлаулардан бөлінуі тиіс»
[10,21], - деген жолдар ХХІ ғасыр басында қазақ
даласында аса күрделене түскен жер мәселесін
шешудің нақты тектерін ұсынумен құнды.
Орысшадан қазақ тіліне алғаш аударып,
тұңғыш ғылыми айналымға біз енгізіп отырған
М.Тынышбаев – публицистің эпистолярлық
жанрдағы тырнақ алды туындысы тарихи
шындықты жайып салумен ерекшеленеді.
Жиырма бес жасар студенттің төрағасына ұлт
намысын жыртып, хат жолдауы тарихи ерлік
деп бағалануы тиіс.
Тілге тиек етіп отырған тарихи хатында
публицист жаңа жүзжылдық басында «қазақтың
тірі я өлі болу мәселесінің» соншалықты ушыға
түсуінің түпкі себебін дөп басып тани білген. Ол
– метрополияның отарлау саясатын заңдастыру
мақсатында 1868 жылы 21-қазанда патша өкіметі
бекіткен «Орал, Торғай, Ақмола және Семей
облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереже».
Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов
кейіннен «Тарихи жыл» атты маңызы айрықша
мақаласында: «Қазақ халқының өткен дәуіріне
айналып қарасақ түрлі тарихи зор уақиғалар,
өзгерістерді бастан кешіргенін көреміз:
- Қазақ-қалмақтың жауласқан заманы;
АЛАШТАНУ
2014 №4 (25)
53
- Ақтабан шұбырынды;
- Россияға бағынған шағымыз;
- Кенесары заманы;
- Қоқан заманы;
- 1868 жылғы жаңа заңның шығуы» [10,356], -
деп жазып, осы «Уақытша Ереженің» күшіне
енуін «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама»
заманымен тең қоюы бекер емес-тін. Ұлы
империялық кеселге шалдыққан Ресей
патшалығы осы заңды негізге ала отырып орыс
шаруаларын қазақ даласына жаппай қоныс
аударуды қолға алды. Бұл ұшы-қиырсыз қазақ
жерін империяның географиялық құрамдас
бөлігіне айналдыруды көздеген патшалық
әкімшілік үшін аспаннан іздегені жерден
табылғандай жол болды. Мұны шұғыл әрі
ауқымды жүзеге асыру арқылы патша үкіметі
мынадай үш түрлі пайда тапты:
Біріншіден, «қара шаруа переселендерін
сыртқа көбірек жіберіп Орталық Ресейдегі жер
дағдарысынан құтылмақ болды» [11,21].
Екіншіден, ішкі Ресейдегі етек алып бара жатқан
шаруалар көтерілісін осылай тұншықтырып,
елдегі саяси тыныштықты қамтамасыз ету
арқылы отандастары алдында жоғалып бара
жатқан абырой-беделін қайтарып, жақсы атты
көрініп қалу үшін де ұтымды саясат еді.
Үшіншіден және бұл ең негізгісі, орыс
шаруаларының
қол
астындағы
ел
территориясына кең жайыла орналасып,
жергілікті жұртты тықсыра қоян-қолтық аралас
отыруы отарлау, яғни орыстандыру саясатын
батыл әрі қалауынша емін-еркін жүргізуге
қолайлы жағдай туғызады деген мысық тілеуі
күткендегіден де артық «жемісін» бере бастады.
Оған мынадай тарихи мәліметтер айқын дәлел.
«1917 жылға дейін Қазақстанның 45 млн.
Гектарға жуық жер көлемі қазақтардың иелігінен
казак-орыс әскерінің, қоныс аударушы орыс және
басқа еуропалық шаруалардың, сондай-ақ
патшалық
мемлекет
мекемелерінің
пайдалануына өткен» [12,50]. Бұл кесіп алынған
жерлер топырағы ең құнарлы, сулы да нулы,
шұрайлы аймақтар екендігі бесенеден белгілі.
Қара шекпенділердің қазақ даласына
сеңдей тоғытылуы, әсіресе, ХХ ғасыр басында
өте жоғары қарқын алды. Мысалы, 1896-1905
жылдар аралығында Ақмола, Торғай, Орал және
Семей облыстарына ішкі Ресейден 294296 шаруа
қоныс аударса, ол 1906-1910 жылдары 770 мың
жанға өскен [13,34]. Әрине, бұл жағдай қазақ
облыстары тұрғындарының ұлттық құрамына
кері әсерін тигізгені даусыз. Тарихи дерекке
жүгінсек, 1905 жылдан 1910 жылға шейін қоныс
аударушы келімсектердің қатары екі еседен артық
өссе, оның есесіне, жергілікті ұлттың үлес
салмағы 12,9 пайызға кеміген [12].
Алаш қайраткерлерінің публицистикалық
мұралары патшалық Ресей өкіметінің қазақ
даласына мақсатты түрде жүргізіп отырған
осындай отарлау саясаты зардаптарын егжей-
тегжейлі талдап, жеріне жеткізе жазып,
әшкерелуімен бағалы. Жоғарыда халық
наразылығының нақты көрінісі ретінде
метрополияның зорлық-зомбылығына қарсы
жолданған арыз-талаптар көптігі туралы мәлімет
келтірген М.Тынышбаевтың 1905 жылғы 15-
қарашада Санкт-Петербургте ұйымдастырылған
Автономистер құрылтайында жасаған
«Қазақтар және азаттақ қозғалысы» атты
баяндамасынан үзінді келтірген болатынбыз.
Эпистолярлық публицистика үлгісіндегі осы
тарихи еңбегінде Алаш қайраткері отарлау
саясатының ойранына айналған қазақ даласы
мүшкіл жағдайының себеп-салдарын айқара
ашып көрсетеді. «Одақ мүшелеріне (бұл жерде
әңгіме Автономистер одағы туралы – С.Қ.)
Ресейде әлі таныла қоймаған халық өкілдерімен
жұмыс істейтін болғандықтан қазақтар туралы,
оларды басқару жүйесі туралы, қазақ
даласындағы жағдайдың басты себебіне
айналған саяси, рухани, діни және экономикалық
қаналу туралы мәлімет бере кетуді дұрыс
санаймын» [5,47], - деп басталатын
баяндамасын публицист ХХ ғасыр басындағы
Алаш баласы тауқыметті тарата талдайды.
Осы жерде аталған Автономистер одағы
туралы қысқаша мәлімет келтіре кеткенді дұрыс
көреміз. Бұл қоғамдық-саяси ұйым Ресей
империясы құрамындағы ұлттар мен
ұлыстардың еркіндігін қамтамасыз ету үшін
поляк ғалымы Б.А.Бодуэн де Крутенэнің
ұйымдастыруымен ХХ ғасыр басында, нақты
айтсақ, 1905 жылдың қарашасында құрылған.
Одақтың құрылуы Ресей империясы қол
астындағы халықтардың еркіндік жолындағы
АЛАШТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |