2014 №4 (25)
15
Гаухардай көзі
Бұлбұлдай сөзі
Жаман алған бір пері
Жүзі бар айдай
Мінезі шайдай
Өзгеден артық сан жері
Дариядай ақыл мол еді
Жан ғашығым сол еді,
- дей келіп, осы өлеңінде сымдай, қындай,
жібектей, сынаптай, түлкідей, қырандай,
алмастай, сұр жыландай, тұрымтайдай,
ұршықтай, мысықтай, лашындай деген теңеу
сөздердің бағалауыш мүмкіндігін шебер
қолданады.
Жалпы Шәкәрім шығармаларында
бағалауыш
лексикаларды
қолдануда
оқырмандардың дүниетанымына ерекше көңіл
бөлінеді. Ақын емдік қасиеттерге, ауру – сырқауға,
адамның дертіне байланысты қолданылатын
лексикалардың бағалауыштық әсер ету мүмкіндігі
зор екендігін жете түсінгендігі айқындалады.
Мысалы:
...Шиқанымды езгендей шықты жаным
Айтқанда естігендер ұғып келіп.
...Ойландым да сандалдым
У жайылды бойыма.
...Өткен өмір – өкініш, ой жаралы
Дерті қалың делбемін шірік өкпе
Бұл мысалдардан ақын адамның дертіне
байланысты қалыптасқан дүниетанымдық
пайымды негізге алатындығы байқалады.
Шәкәрім шығармаларындағы діни
лексикалардың
да
бағалауыштық,
прагматикалық мүмкіндігін де ерекше атап
көрсетуге болады:
...Құрбан ғып шалдың ба
Жарыңды жолыңа?
...Арамды арам демейді, құдайды бір
Кім кіреді дозаққа бұлар кірмей.
...Тәңірінің таразысы тартылса әділ,
Азап көрмей айламен сау қалмайды.
Шәкәрім шығармаларындағы осы сияқты
діни лексиканың әсер ету мүмкіндігін шебер
қолданған мысалдарды көптеп келтіруге
болады. Бұл мысалдарда діни лексиканы
қолдана отырып, ақын қоршаған ортаға,
адамдардың мінез – құлқына өзіндік баға береді.
Ақын шығармаларында жағымсыз
эмоцияның берілу аясы өте кең. Себебі Шәкәрім
шығармаларының негізгі тақырыбы – ойшылдық
философиясы. Адам мінін қайтсем түзеп, қазақ
халқын қайтсем надандық шырмауынан алып
шығам деген мақсат жағымсыз бағалауыш
лексиканың әсер ету мүмкіндігін мол қолдануға
ықпал еткені сөзсіз.
Ақын шығармаларындағы лексикалық
топтың құрамында берілген сөздер әдетте
нейтрал лексикаға қарсы қойылады да
адамдардың психологиялық қалпына, амал –
әрекетіне, сондай – ақ, табиғаттағы заттар мен
құбылыстарға айтушының көзқарасын білдіріп,
баға беру үшін қолданылады. Мұны төмендегі
мысалдардан көруге болады:
...Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық солар жақтан.
деген үзіндідегі жалқау, арам, ашу, мақтан,
көрсеқызар, есер, есірік, ынжық сөздері де
жағымсыз эмоцияны білдіретін бағалауыш сын
есімдер.
Сонымен бірге Шәкәрім адамзат
баласының осындай жаман мін, қылықтарын
рухани ауру деп білген. Оны мына өлең
жолдарындағы жеккөрушілік мән үстейтін
бағалауыш сөздердің қолданысынан көруге
болады:
...Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрі бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрі бар.
Аурусыз жандар – мисыздар,
Мисызда ауру бола ма?
Тәні сау, миы науқастар,
Ондайға дәрі қона ма?
Милыда ойсыз күн болмас,
Ауырмай миы тұра ма?
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
16
Миынан басқа ем қонбас,
Емдейін бе деп сұрама.
Осы өлең жолдарында міні көп, жоғарыда
айтылған еріншек, салақ, надан тәрізді
қасиеттерді бойына жиған адамдарды тәні сау
миы науқастар дейді ақын.
Шәкәрім осы өлеңінде әсерлік немесе
эмоциялық реңкті өте тиімді қолдана отырып,
жағымсыз мағынасы бар лексиканы бір шумақта
топтастыра
білген.
Бұл
Шәкәрім
шығарамаларында жағымсыз мәнді білдіретін
лексиканың тура және ауыс мағынасында жиі
қолданылатындығын
айқындайды.
Шеберліктің бір амалы аз сөзбен көп мағына
білдіру екендігі белгілі. Әрбір ақында тіл
өрнегінің толып жатқан бояу бедері, өзіндік өсу,
жетілу жолдары болады. Поэзия тілінің нәзіктігі
көп жағдайда ақынның белгілі бір сөздерді
мағыналық топқа иіру, яғни, сөздерді
мағыналық байланысқа түсіру шеберлігімен
байланысты. Шәкәрімнің де басқалардан
ерекшеленіп тұратын қасиеті - өлеңдеріндегі
терең философиялық сарын.
Шәкәрім өлеңдеріне тән сондай бір
ерекшелік – әр алуан сөздерді және жеке
грамматикалық формаларды түрлі мағыналық
тіркеске түсіру арқылы олардың жұмсалу аясын
кеңейту. Оның сөз қолданысында түрлі
тіркестердің көркемдік дәрежесі көтеріңкі
мақсаты оймен жымдаса келіп, дөп түсіп
жатуында.
ХІХ ғасырда өмір сүрген Шәкәрім
өлеңдерінің негізгі тақырыбы өз дәуіріне сай
ақыл айту, халықтың адасқан бағытын жолға
салу болғаны анық. Ақын өлеңнің идеясын ашу
мақсатында ашына жазған шумақтарының қай
– қайсысында болсын бағалауыш лексиканың
бірі – жағымсыз мәнді лексика жиі
қолданғандығын көреміз.
Ақын шығармаларында жағымсыз мән
беретін етістіктерге қағыну, зарлау, тепкілеу,
құтыру, былшылдау, табалау,шатылу, егесу,
арсылдау, сөгу, жирену, қыру сияқты бағалауыш
лексикаларды жатқызу болады.
Сондай-ақ, Шәкәрім шығармаларындағы
жағымсыз эмоцияны білдіретін бағалауыш
лексикаға: дарақы, арсыз, бәңгі, ылан, кәпір,
қорғалақ, зиянды, залалкес, ит, маймыл, айлакес
тозақ, құмарлық, пайдакүнем сияқты сын
есімдер жатады.
Шәкәрімнің сөз қолданысында түрлі
еліктеуіш сөздер мен шылаулардың және тағы
басқа сөз таптарының жағымсыз эмоцияны
білдіру мақсатында қолдану жиі кездеседі.
Мысалы:
...Көзге жылпың көрініп,
Сыртқа қылтың.
Артымыздан құр өсек қылыспалық.
Мұндағы жылпың, қылтың жағымсыз
эмоция тудыратын еліктеуіш сөздер.
Шәкәрім өлеңдерінде кездесетін
жағымсыз эмоцияны білдіретін бағалауыш
лексика ретінде айқындалатын тұрақты сөз
тіркестері де мол. Ақын стиліне тән
фразеологиялық тіркестер негізінен адам
бойындағы кемшіліктерді аша көрсетіп, оны
болдырмау
жолдарын
көрсетуімен
ерекшеленеді.
Ақын шығармаларында кездесетін
бағалауыш мәндегі осындай тұрақты сөз
тіркестері ретінде улы жүрек, сайтанмен ойнас
жүрек, жүрек кірі байлау, тіркестерін көрсек ар,
ұят, ождан мәселесіне орай:ардан күсу, өз қолын
өзі жалмау, бұлт ету, мінін тырнап ашу, жеккөру,
ар кетіру, сұм жалған, у өмір, жын қағу, жегенін
желкесінен шығару, азап көру, бәле келу, тыс
қайрау, есі жоқ, пейілі қара, у беру, мақтан қылу,
жем болу, қаны қашу, қаны басына шабу, қанын
ішу, қу мола, ант ұру, қырын қабақ таныту, кек
алу, қор болу, құр сандалу, құдай ұру, көз кызару,
жерге қағу, алас ұру, нәпсіге еру сияқты
тіркестерді атап көрсетуге болады.
Шәкәрім стиліне тән баға беру мүмкіндігі
зор тағы бір қолданыс – сұраулы сөйлемдер
арқылы жағымды сөздердің мағынасынан
жағымсыздық мәнді аңғарту болып
табылады.Мысалы:
Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?
Быт – шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?
Мұндағы рахым, ар, әдеп жағымды
мәндегі сөздер. Бұл сөздерді ақын қайда деген
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
17
сұрау есімдігін қолдану арқылы бүкіл өлең
шумағының мазмұны жағымсыз мәнді беретін
сөз қолданысын жасаған. Бағалауыш сөздегі
жағымды – жағымсыз мәнді қатар қолдану
арқылы да жағымсыз эмоциялы лексиканың
ерекшелігін арттыра түсіп қолдану Шәкәрім
қаламына тән құбылыс. Мысалы:
...Жақсыдан қазына пұл қалар,
Солмайтын жасыл гүл қалар.
Сендердей арсыз құлдардан,
Желге ұшатын күл қалар.
Мұнда жақсы сөзі субстантивтеніп тұр
және арсыз құлдар оның антонимі.
Төрт түлік атауларының жағымсыз
эмоцияны білдіруі де ақын шығармаларында
айқын көрініс тапқан. Мысалы есек, өгіз, теке,
ешкі сынды мал атауларын адамзатқа қатысты
қолданып, метафора тәсілі арқылы жағымсыз
эмоцияны білдіру мысалдары көп. Шәкәрім
шығармаларындағы жағымсыз эмоцияны
білдіретін бағалауыш мүмкіндігі мол
метафоралық сөздердің қатарына жыртқыш, аң
атауларын жатқызуға болады. Мысалы: қасқыр,
түлкіні алатын болсақ, біреуі қорқау, тойымсыз
мағынасында, біреуі қу, айлакер, жылпос
мағынасында қолданылып бағалауыш мәнге ие
болады.
Сондай
–
ақ
Шәкәрім
шығармаларында жағымсыз эмоцияны
білдіруге маймыл сөзі де біршама өнімді қызмет
атқарады. Жыртқыш аң атауларының ішінде
метафоралы мағынада қолданып жек көруді
білдіретін тағы бір бағалауыш сөз – аң сөзі.
Мысалы:
...Бірінен – бірі тартып жеп,
Таласып жүрген аңнан без.
Сондай– ақ метафоралық тәсілдің
жағымсыз мәнін тудыруға қатысатын
бағалауыш сөздің бірі – ит сөзі. Шәкәрім
шығармаларында баға беру мақсатында ең көп
қолданылған метафора осы ит сөзінен
жасалған. Мысалы:
Бермей қойсаң, ана бай және дайын,
Араны ашық ол иттің жұтқан сайын.
Адамға қандай ой туса да сөз арқылы
көрінетіні белгілі. Сол ойлаған пікірді тек сөздің
мағынасы арқылы ғана жарыққа шығара алады.
Сөздің көркем де мәнерлі болуы ойды дәл, әрі
айқын құра білумен тығыз байланысты. Адам
баласының ойлауы логика мен сезімнің
бірлігінен тұрады. Ойлаудың логикалық
формасы мен эмоциялық сезімнің аралық
қатысына шек қойып, ажыратуға болмайды.
Өйткені, адамның санасы белгілі бір шындықты
білдіріп қана қоймай, жағымды, жағымсыз әсер
де қалдырады. Тіл адам баласының бір – бірмен
пікір алысатын ең қасиетті қатынас құралы
болғандықтан, әрбір ақын өз ана тілінің сөз
байлығын, оның өзіндік сыр сипатын, сөйлеу
мәнерін, бір сөзбен айтқанда сол тілге тән барлық
заңдылықты емін – еркін білуі қажет. Осындай
биіктікті Шәкәрім шығармаларынан жиі көруге
болады.
Әдебиет
1
Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдері мен
поэмалары. Құрастырған: Сүйіншәлиев Х. –
Алматы: Рауан, 1990. - 360 б.
2
Шәкәрім. Үш анық. – Алматы:
Қазақстан ғылыми әдеби орталығы, 1991. - 196
б.
3
Шәкәрім. Жолсыз жаза, яки кез
болған іс. – Алматы: Жалын, 1998. - 250 б.
4
Шәкәрім. Қазақ айнасы. Өлеңдер мен
поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2003. - 395 б.
5
Вольд Е.М. Оценочное значение и
соотношение признаков «хорошо – плохо». //
Вопросы языкознания. 1996, №5. С – 98–106
6
Арутюнова Н.Д. Фактор адресата //
Изв.АНСССР. Сер.лит.и языка. 1981. т.40. С –
356-367
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
18
Резюме
Resume
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
В статье рассматриваются языковые особенности оценочной лексики поэзии Шакарима
Кудайбердиева.
The language features of evaluation vocabulary of poetry ofShakarimKudaiberdiev is examined
in the article.
19
ӘОЖ 821.512. 122
Ж. СЕКЕЙ, филология ғылымдарының кандидаты
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ШӘКӘРІМ РОМАНТИЗМІНІҢ АДАМЗАТТЫҚ БОЛМЫСПЕН
БІТЕ ҚАБЫСУЫ
Ұлттық әдебиетіміз екі мәрте әлемдік
мәдени тәжірибені қабылдаушы тұрпатында
көріне білді: алғашқысы – мұсылмандықты
қабылдау, яғни қарт Шығыспен туысу болса,
екіншісі – Абайдың әдебиетке әкелген әдеби
реформасы. Екі тарихи кезең де қазақ әдеби
үдерісінде үлкен ұлттық дүмпу туғызды. Осы
дүмпуге орыс романтизмінің білгірі Майминнің
мына пікірі дөп келеді: «Реализм мен романтизм
арасында бірін – бірі бөліп тұрған қытай
қорғаны жоқ. Мынандай жайттар жиі кездеседі,
кейде романтик реалиске айналып, енді бірде
реалист романтик болып шыға келеді».
Абай мен Шәкәрімнен кейін пайда болған
әдебиетіміздегі «жалғыз данышпандардың»
әдеби рөлі түркі халықтары әдебиетінен қазақ
романтизмін
оқшауландыра
түседі.
Романтикалық гуманизм Абайдан бастау алып,
Шәкәріммен жалғасты.
Патшалық Ресей мен қызыл Ресей
арасындағы айырмашылық табиғатының
әдеби суреттелуі осы дәуірдегі туған
шығармалардың романтикалық ерекшеліктерін
ашуға көп көмектеседі. Патша отарлауы жөнінде
қазақ романтиктері бір жақты көзқарас ұстанса,
қызыл диктатураға үстемдігі жайында олардың
пікірлері қаққа жарылғанын аңғарамыз. «Ақын
– құлдық сананы азат етуші Құдай» – дейді
Р.У.Эмерсон өздерін тап солай сезінген ескі буын
романтиктері күйреуік сезімге салынып, бәрін
тәрк етсе, жаңа буын романтиктері ішінара
трагизмге барғанымен қызылдарға деген ізгі
сезімін жоғалтпады. Иә, олар Шеллидің сөзімен
айтқанда: «Мойындалмаған әлемдік заң
шығарушылар еді».
Кезінде Эмерсон: «…Ақын өз әлемінде
шойын жолға да орын табады» – деп жазғаны
мәлім. Жаңалыққа қарсылық Мағжанның
«Шойын жол» өлеңінде көрініс тапты. Кеңес
үкіметін мойындағандар бұл өндірістік төңкеріс
туралы ғұмыры бір күндік плакаттық өлеңдер
шығарса, оған қарсылар өмір шындығын жан –
жақты ашып көрсетін мәңгілік туындыларды
өмірге әкелді. Ресми үкімет мақұлдаған
утопиялық коммунизмге сену Шәкәрім
табиғатына мүлде жат еді. Батыс романтизмінде
қазақ романтизміндегідей төл мәдениетінің
қаймағы бұзылмауы үшін күресу жоқ. Орыс
әдебиетінен үйренгенімен өз ұлттық әдебиетінің
төлтумалығын сақтап қалуға ұмтылған ақын
орыс романитзміне тән символизм, декеданс,
структивизм ағымдарын ұлттық нақышты
сақтай отырып, қазақ топырағына бейімдеді. Өз
ұстазы Л.Толстой мойындаған Эмерсон
эстетикасы Шәкәрімге де жат емес еді.
«Ұлттық прототип» қана ұлт келбетін
айқындай алады деген У.Уитмен пікірі
Шәкәрімде «Мұтылған» образдарымен
жинақталып көрініс тапты.
Төңкерістің қазақи өмір қаймағын бұзуы,
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
Мақалада Шәкәрім шығармаларындағы діни романтизм сөз болады. Автор ақын тіліндегі
символикалық ұғымдарға талдау жасайды.
Тірек сөздер: Шәкәрім, романтизм, ұлттық құндылық, дүниетаным.
20
америкалықтардың өміріндегі еркін сауданың ел
келбетін өзгертуі жиылып келгенде дәстүрдің
ендігі жерде жұртқа керексіз болуына әкеп соғуы
екі елде де бір арнада түйісетіндігін аңғарамыз.
Осыны АҚШ – та Эдгар По сезінсе, бізде –
Шәкәрім түсінді. Ұлттық харектердегі дуализм
осылайша көрініс тапты. Таптық түсінікпен
жазылған туындыларда американың аңшы
пионерлері сияқты қаһармандық жалғыздық
тән.
Шәкәрім ұлттық құндылыққа негізделген
әлемдік эстетикаға иек сүйеді. Адам жанын
ұғынудың өзіндік кілтін іздеген Шәкәрім «ақиқат
іздеуші» ретінде оны философиядан, сезімдік –
түйсіктік аядан қарастырып қиялдарымен шарқ
ұрды. Осы арадан келіп, «ғұламаның қасіреті»
мен «қайырымсыз адамзат» ұғымдары қазақ
поэзиясында романтизм рухында батыстық
әдеби ұстанымдармен үндесті. Осылайша қазақ
романтизмі әлемдік романтизмнің құрамдас бір
бөлшегі ретінде жоғарғы деңгейдегі әлеуметтік,
имандылық және эстетикалық аңсарға толы
(«ақылдың азабы», «рухани қаталау»,
«төңкерісшіл арзулы») романтизм болып
табылады. Дүниеден оқшауланған жеке
адамның (шығармашылық тұлғаның) қоғамдағы
болып жатқан оқиғалар мен жағдайларды
қабылдауы әдебиетімізде үш аспектіде: 1) тұлға
мен қоғам; 2) тұлға мен ұлт; 3) тұлға мен білім
тұрғысында адамды бейнелеу принциптеріне
негізделеді.
Еуропалық ақындар Шығыстан үйреніп
қана қойған жоқ, ендігі жерде оның ұстазына
да айнала бастады. Міне, діннен басқа, барлық
жақтан әлемдік өркениеттің кіндігіне Еуропаның
толық айналып үлгерген шағында өмірге келген
Ш.Құдайбердіұлы айтып шығаруға емес, жазып
шығаруға негізделген Батыс өркениетінен өзіне
керегін тапты және қолайына жаққанын
шығармашылық процесінде орайын тауып
қолданып отырды. Еуропалық ақындар
Шығыстан өзінде жоқты үйренсе, Шығыс
ақындары Батыстан өздеріне керектісін ғана
алып, онысын өздерінде барды жетілдіру үшін
игеріп, жағдайға бейімдеп өзгертіп қолдануды
мақсат тұтты. Бізге соны көрінген – Батыс үшін
жаңалық емес, Батыс үшін жаңашылдық боп
танылған (мысалға:символистер) – бізге таңсық
емес. Батыс – Батыс, Шығыс – Шығыс болып
қала береді, кез келген ұқсастықтың бөлектігі
болатыны сияқты, кез келген бөлектіктің
ұқсатығы да болады. Еуропа романтизмі бізден
қанша жерден бөлектеніп тұрғанымен: «Ақын
қос әлемділігі», «Ақын Тәңірилігі» және
«Тылсымдылық» жағынан үндеседі.
Романтизмді дінге бейімдей тұтыну оның
«Тылсымдылық» сипаты негізінде әр елде, әр
дінде түрліше көрініс тапты. Европалық
романтиктер әлемдік деңгейдегі туындыларды
тек – азаматтық және философиялық романтизм
аясында тудырса, діни ала – құлалық (католик,
протестант т.б.) олардың діни романтизмдерін
ортақтастықта алып қарастыруға қолбайлау
болып келеді.Отандық әдебиеттануда көпшілік
зерттеушілер қисса – дастандардың сюжеті
төңірегінде, композициясы мен көркемдігі
маңайында ғана пікірлер білдіріп, таза көркемдік
әдіс пен ағым тұрғысынан қарастыруға онша
пейіл қоймай келеді.
Батыстың діни романтизмі ұлтызданған
және ұлттық колориттен ада жаһанданған
романтизм ретінде шығыстық тұрпаттағы
романтизмнен ерекшеленіп тұрады. Шығыс
елдерінің романтизмі өзара жергілікті колорит
пен ұлттық нақыш арқылы бір – бірінен
ерекшеленіп өзгешеленді. Сыйынар дініміз,
табынар піріміз бір болғанымен өзбек – өзбекше,
татар – татарша және қазақ – қазақша өз әдеби
талғамы мен дүниетанымына орай діни
романтизмін өмірге әкелді. ХІХ ғасырдың соңы
мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі
діни романтизмнің әлемдік деңгейге көтерілуіне
екі фактор себепші болды. Оның бірі – қазақ
ұлтының діни фанатизмнен ада либерал
мұсылмандыққа түгел дерлік бет түзуі, екіншісі
– діни әдебиетіміздегі бұрынғы ортақтықтан
жекелікке
өтуін
танытатын
түркі
мұсылмандығының қазақи сипаты.
Еуропа романтиктері өз теорияларынның
кейбір қисындарын Шығыс ақындарынан
алғандығын неміс романтиктерінің еңбектері
мен ерте орта ғасырда және одан кейінде ресми
шіркеу тыйым салған шынайы авторлары өзінің
туындыгерлігін жасырып шығарған христиан
апокрифтеріндегі шығыстық негізді бей – жай
қалдыруға болмайды. «Ақыл, жүрек, қайрат
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №4 (25)
21
жөнінде ғылым тарихындағы сан түрлі пікір –
таластарын былай қойғанда, бұл мәселенің өзі
поэзия саласында да ғасырлар бойы кең өріс
алғандығын, әсіресе, шығыс әдебиеті
классиктерінің жарқын жұлдыздары атанған
Рудаки, Фирдауси, Низами, Руми, Жами, Науаи
шығармаларының мазмұнын салыстыра
қарағанның өзінде – ақ көзге бірден шалынады.
Ақындардың адам атасы атанған Рудакиден
бастап – ақ ақыл мен жүректің культін көтере
жырлауда орын алған екі бағыттағы ағымның,
яғни бірі жүректің, екіншісі ақылдың культін
көтере мадақтаудың шығыс поэзиясында аса
терең орын алуы жай құбылыс болса керекті.
Жүрекке ерекше мән беру романтизмімізде
ары қарай өркенді арнасын тапқан тың құбылыс,
жаңа бағытқа айналды. Оның түп төркінін
арыдан әл – Фарабиден тапсақ, беріден ғұлама
Абайдан жолықтырамыз. Ал, кейінгі даму мен
өріс алуының тамша үлгілерін Шәкәрім
шығармашылығынан молынан кездестіреміз.
Данышпан бабамыз әл – Фараби өз
трактаттарында «Мен жүрекке жай ғана тәуелді
емеспін, оның игі ниеттерін жүзеге
асырушымын» дегенін Шәкәрім одан әрі
дамытып, азаматтық, философиялық және діни
романтизмдеріне кеңінен арқау етті. Шәкәрім
өзінің «Сыр сөздері» топтамасында:
Таспиқ, сәлде, жайнамаз,
Тастамасақ қыс пен жаз,
Жүрегің болса тайғақ саз,
Сопысынып қылма наз
- деп, жүрегі былғанышты мұсылмандардың
психологиялық портретін ирониямен орынды
шенейді.
Ақын діни романтизміндегі «қос әлемділік»
бұ дүние – баянсыз, әрі шолақ, о дүние – жарық
дүние келгендердің бәрі бұл жалғанда істеген іс
– әрекеттеріне орай баратын не құтты, не құтсыз
мекен деп сипатталады.
Алып кел шарап тазасын,
Денеме нұры тасысын.
Ұйқыдан әбден оянып,
Жаралы жүрек жамасын.
Мас болмай кірмес ақылым –
– деп, білімнің ең дұрысын алғанда ғана бойыма,
ойыма Алланың ұлағаты кіреді деп
шығармашылығының өмірлік кредосын
танытады,
арамдықты
адалдықпен
алмастыратын құдіретті сөз «Шарап» төл
әдебиетімізде осылайша жаңаша сипатта
көркемдікпен тылсымдана игерілгеніне куә
боламыз.
Арақ ішіп құтырсаң,
Бар киімді сыпырсаң,
Дүниеде мұтылсаң,
Түзу жолға түстің сен
– дегендегі қажының айтпағы білімді адам –
жұрт үшін жынды, қоғамға керексіз әлеуметтік
жағынан жалаңаш, рухани жағынан Жаратқанға
жаққан ең бай сахи, бұ дүние үшін естен
шыққанымен, толық адам ретінде ақиқаттың ақ
жолына түскен жан. Шәкәрім өз романтизмінде
Батыстағы сияқты «Ақылдың азабын» діннен
бөліп қарастырмайды. Шындығына келсек,
сопылық поэзиядағы шарап пен мастықты
өмірдегі пендешілік көңіл – күймен еш
шатыстыруға болмайды.Мұны сопылық ілімнің
теоритигі Идрис Шах: « Сопылар мас болу
қисынын өздерінің белгілі бір тылсымдық көңіл
ауанын сездіру үшін қолданады», – деп
түсіндіреді. Дәл осы мағынасындағы тылсымды
ишаратты «Шарап» – астарлы түрде жеткізілген
Жаратқанның шапағат нұрының нышаны,
шүпілдеп толған шара – Тәңірдің нұрын бойына
әбден сіңірген жүрек. Шәкәрім өзіне дейінгі
штамптық таптауырындықтан арылып, аталған
ұғымдардың бойындағы өзінің дүниетанымдық
ұстанымының кілтін адрестатының қолына
былайша ұстады:
Арақ – ақын, мастық – ой, жар – хақиқат,
Жан – нәпсі, шатақ – иман, дін – қиянат.
Маскүнем, әйелсүйгіш, дінсіз ғой деп,
Сырымды білмей сыртымнан қылма
ғайбат.
– деп, «Арақ» – ақын тұлғасындағы ақыл болса,
«Ақыл» – Алланың игілігін танытатын өлшеусіз
жарық нұр. Шығыстық мұсылмандық
дүниетанымдағы даусыз ақиқат пікір – «Рух»
ШӘКӘРІМТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |