Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 1.4 Mb.

бет10/13
Дата22.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Resume

В данной статье автор отмечает значение публицистики алашординцев в которых остро

поднимаются земельные проблемы казахского народа.

In the article an author marks the value of publicism ofalashordins, in that the landed problems of

the Kazakhpeople rise sharply.

65

АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)

Д.ЖАКЕНОВ

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының директоры

ҚАРҚАРАЛЫДА БІЛІМ АЛҒАН АЛАШ АРЫСТАРЫ

Қарқаралы  тек  әсем  табиғатымен

ерекшеленбейді, ол Орталық Қазақстан өңірінің

барлық  саяси  оқиғаларының  ордасы,

ұлтымыздың бетке ұстар игі жақсыларының ізі

қалған қасиетті мекен.

Қарқаралы тарихында өзіндік із қалдырған

адамдар  жетерлік.  Олардың  арасында

Қарқаралыда  көктөбелі,  күмбезді  мешіт

салдырып,  өз  атын  ұрпақтарына  мәңгілік

ескерткіш қылып қалдырып кеткен кемеңгер аға

сұлтан  Құнанбай  қажы  Ырғызбайұлы,

найзағайдай  жарқылдап  өткен,  сазгер,  сері,

ақын  Мәди  Бапиұлы,  дауылпаз  ақын  Қасым

Аманжолов,  қазақ  ұлттық  театрының  негізін

қалаған ұлы актер Қалибек Қуанышбаев, күміс

көмей  әнші  Жүсіпбек  Елебеков,  Шолпан

Жандарбекова,  Хабиба  Елебекова,  қазақтан

ғарышқа тұңғыш жол салған космонавт, Совет

Одағының  Батыры,  «Халық  Қаһарманы»,

Австрия мемлекетінің батыры, «Ғасыр саңлағы»

Тоқтар Әубәкіров болып жалғаса береді. Тіпті,

орыс  контрреволюциясының  жетекшісі  –

атақты генерал Лавр Корниловтың да балалық

шағы Қарқаралы жерінде өтіпті.

Ел басқарған тұлғалар да жетерлік. Соның

бірі ғана емес бірегейі болған тұлға – Нығымет

Нұрмақов  Кеңес  дәуірінде  Қарқаралыдан

бастап,  Республика  үкіметі  аппаратының

орталық  органдарында,  кейіннен  Одақ

деңгейінде, Москва, ВЦИК – тің аппаратында

ең  жоғарғы  лауазымды,  басшы  қызметтерде

болған.  Қарқаралы  округін  30-ші  жылдары

басқарған  А.Асылбеков,  кейіннен  Қазақ

Үкіметінің төрағасы болған. Біздің жердің тумасы

Д.Керімбаев  еліміздің  жоғары  мемлекеттік

қызметі – Қазақ республикасы Жоғарғы Кеңесі

президиумының Төрағасы қызметін атқарған.

Алайда,  бүгінгі  біздің  айтпағымыз

Қарқаралы жерінде білім алып, жетілген, білім

нәрін сепкен адамдар жайлы болмақ.

Қарқаралының 

тағдырында,

заманымыздың  заңғар  жазушысы  Мұхтар

Әуезовтің  алар  орны  ерекше.  Ұлы  жазушы

Мұқаңның  Қарқаралыға  келген  әрбір  сапары

белгілі  бір  оқиғалармен  тығыз  байланысты

болған.  Қазақстанның  Республика  болып

құрылуының  бір  жылдық  мерекесін  тойлауды

ұйымдастырушылардың  бірі  болған  Мұқаң,

Қарқаралыға сүйсініп, тамашалай жүріп, мүмкін,

болашақ романға негіз болар көп ойларды осы

жерде  түйген  де  шығар  деген  ойдамыз.  Ұлы

жазушы  өзінің  «Абай  жолы»  романында:

«Қарқаралыдан шыққан адамдардың арасында

көп оқымыстылар бар екен» деген сөзді Абайдың

ауызымен  айтады.  Заманның  талабына  қарай,

ашып  айта  алмаса  да,  кімдер  туралы  айтып

отырғаны белгілі еді.

Ол  қазақ  халқының  мақтанышы,  сол

заманның білімді адамдарының бірі, публицист,

көрнекті  қоғам  және  саяси  қайраткер,  «Алаш



  Автор  мақаласында  Қарқаралы  тарихында  өзіндік  із  қалдырған  алаш  арыстарына

тоқталады. Олардың салып кеткен сара жолы ұрпақ үшін қашан да алтын арқау екендігін баса

көрсетеді.

 Тірек сөздер: Қарқаралы, алаш арыстары, «Қарқаралы петициясы», тұлғалар.

ӘОЖ 94 (574) :37


66

АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)

көсемдерінің  бірі  Әлихан  Нұрмұхамедұлы

Бөкейханов еді».

Қызыларай тауының баурайында (бүгінгі

Ақтоғай  ауданы)  дүниеге  келген,  тумысынан

зейін мен зердесі үйлесім тауып, алғыр өскен

Әлиханды  әкесі  сол  кездегі  уезд  орталығы

Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың

қолына  мұсылманша  білім  алуға  береді.  Ол

туралы  ғалымдар  М.Асылбеков  пен

Ә.Сеитовтар  Смахан  Нұрмұхамедұлы

Бөкейхановтың естелігіне сүйене отырып «1877

жылы  әкесі  Нұрмұхамед  баласы  7  жасқа

толғанда,  Қарқаралыдағы  Зариф  молданың

медреселеріне берді», - деп жазады.

Кейін медреседегі оқуды қанағат тұтпаған

Әлихан өз еркімен қаладағы үш класты бастауыш

мектепке  ауысады.  Оның  бұл  әрекетін  бір

келгенде әкесі де қолдапты.

Әлихан  Қарқаралыдағы  үш  кластық

бастауыш  мектеп  пен  қалалық  үш  жылдық

училищеде 1879 жылдың 16 қыркүйегінен 1886

жылдың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, үлгілі

тәртібімен көзге түскен Әлихан емтихандарды

«өте жақсы» деген бағамен аяқтап, куәлікке ие

болады. Бұған қоса етікші мамандығын да алып

шығады.

Алайда,  мұндай  білім  мен  мамандыққа



қанағаттанатын  Әлихан  ба?!  Балапан  қанаты

ұшса  қатаяды,  ұшпаса  түбі  бекімей  түбіртек

болып  қалады.  Туған  жеріндегі  оқу  орнын  16

жасында  үздік  бітірген  бозбала  отбасы,  ошақ

қасын, ауыл маңайын төңіректемей сол кездегі

Батыс Сібір өлкесінің орталығы Омбыға келіп,

тамыз  айынан  бастап  жергілікті  4  жылдық

техникалық  училищеге  «пансионер»  болып

қабылданады.

Міне,  осы  Қарқаралыдағы  оқушылық

кезден-ақ  Әлиханның  қоғамдық-саяси  ой-

санасы  қалыптаса  бастаған  болар  деген  ой

түйеміз. Өйткені, кәмелеттік жасқа толған оның

көзқарасы,  үлгі-өнеге,  тағылым  аларлық

әңгімелерді сана түйсігімен саралап, қабылдай

алатындай дәрежеге аяқ басқан шақта болатын.

Оған  әсіресе,  отаршылдыққа  қарсы  шыққан

сұлтан  Кенесары  Қасымовтың  қозғалысының

(1837-1847)  тірі  куәгерлерінің  әңгімелерін

тыңдайтындай сол кезде мүмкіншілік бар еді. Бұл

қозғалыстың  аумағы  Әлихан  өмір  сүрген

аймақты  да  қамтып,  оның  ата-бабаларына

тікелей қатысы болғанын  айғақтайтын тарихи

деректер бар. Өйткені ХІХ ғасырдың 30-40-шы

жылдарында 

Қарқаралы 

округіндегі

болыстардың  басшылығында  Бөкейханның

ұрпақтары  отырған  болатын.  Кенесары  мен

Наурызбай бастаған көтеріліс тұсында олар екіге

жарылды, оның бір тобы, көпшілігі орыс бөлігі

жағында  болса,  екінші  тобы  көтерісшілерді

жақтаушылар  жағына  шықты.  Мысалы,  Бөкей

ханның  ұлы  Сұлтанғазының  баласы

Құдайменде  Сұлтан  Кенесары  Касымов

қозғалысын  белсенді  жақтаушылардың

қатарынан табылды.

Ал  кейін  патша  саясатын  айыптап,

талаптар  қойып,  «саяси  манифест»  аталған

«Қарқаралы петициясын» біздің өлкеде жазып,

қабылдауда бір заңдылық бар секілді. Тарихтан

белгілі  отаршыл  өкімет  билігінің  атына

жолданған  ірі  көлемді  әрі  мазмұнды

петициялардың  бірі  Қарқаралы  петициясы

болды.  1905  жылдың  маусымында  Қарқаралы

қаласына  жақын  жердегі  Қоянды  (Ботов)

жәрмеңкесінде  қазақ  халқының  атынан

император  ІІ  Николайға  арналған  петиция

ұйымдастырылды.  Оған  Семей  облысына

қарасты  Қарқаралы  уезінен  халық  арасында

кеңінен  танымал  беделді  42  қазақ  қол  қойды.

Кейінірек  оған  Семей  және  Ақмола

облыстарының  басқа  да  уездеріндегі  қазақтар

қосылды.  Петиция  Қарқаралы  қаласынан

жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде

күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның

өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі

саяси 


қайраткерлер 

Ә.Бөкейханов,

А.Байтұрсынов,  Ж.Ақбаев,  Т.Нүрекенов,  т.б.

белсене ат салысты.

Сөйтіп, кезінде Әлиханның Қарқаралыда

алған білімі, оның Омбыдан кәсіптік техникалық

училищені бітіріп, Санкт-Петербургтен жоғары

білім  алуына  негіз  болды.  Осының  барлығы

келешекте Әлиханның саяси қызметімен қатар,

400-ден астам еңбектер жазып, монографиялар

шығарып ғалымдық қырының ұшталуына әсері

мол болған деп пайымдаймыз.

Қарқаралыда 

Санкт-Петербург

университетін  алтын  медальмен  бітірген

қазақтың тұңғыш құқықтанушы-заңгері Жақып



67

АЛАШТАНУ

2014  №4  (25)

Ақбаевта білім алып, қызмет атқарды.

Қарқаралының  тағдырында,  білім  беру

саласының  дамуына  айтулы  үлес  қосқан,

қазақтың  біртуар  ұлы,  ғалым-математигі  әрі

мемлекет қайраткері Әлімхан Ермековтің алар

орны ерекше. Қарқаралыда мектеп бітіріп, білім

алып, кейін қайта оралып келіп университетте

ұстаздық  қызмет  істеп,  мектеп  салдырып,

педагогикалық  техникум  ашқызған  да  осы

Әлекең  еді.  Сол  бір  қиын  кезеңде,

В.И.Ленинмен  бірнеше  рет  кездесіп,  Ресей

өкіметінің  отырысында  бұлтартпас  дәлелдер

келтіріп,  баяндама  жасап,  Қазақстанның

территориялық  біртұтастығын  сақтап  қалуға,

бүгінгі күнгі шекарасын бекітуге қол жеткізген

Әлімхан Ермеков болатын.

Қарқаралы жері ұлтымыздың ардақтысы

Ахмет Байтұрсыновтың кезінде суын ішіп, дәмін

татқан  өңір.  Ақтерек  ауылында  ол  кісінің

салдырған, білім берген мектебі бар.

Алаш  арыстарының  ізі  қалған  дәстүрді

Кеңестік  заманда  жалғастырған  ғалымдар

шоғыры болғаны тағы белгілі. Олар Қазақстан

қала  берді,  Одақтық  деңгейдегі  білім  мен

ғылымның  дамуына  да  өлшеусіз  үлес  қосты.

Соның  ішінде  айрықша  еңбек  еткен

Социалистік Еңбек Ері, елімізге белгілі академик

А.Сағынов  та  алғашқы  білімін  Қарқаралыда

алған.  Қаншама  ғалымдардың  ұстазы  болған

Қазақстан  Ғылым  академиясының  президенті

Ш.Шөкин, академик А.Жәутіков, әль-Фарабиді

қазаққа қайтарып, тірілткендей еңбек жасаған

Қазақстан 

Ғылым 

академиясының



корреспондент-мүшесі 

А.Машановтар

жолындағы алғашқы қадамдарын Қарқаралыда

жасаған.


Қорыта  келгенде  айтарымыз,  жоғарыда

айтқан  Алаш  арыстары  салып  кеткен  жол

жалғасын тауып, бүгінгі жастарымызды жоғары

технологиялар  заманында  көштен  қалмай,

сапалы білім алып, еліміздің болашағы жолында

жалынды еңбек етіп, тәрбиелеу тұрғысынан біз

үшін  алтын  арқау  боларлық  үлгі-өнеге  деп

білеміз.


Әдебиет

1.

Сұлтанов  Ө.С.  Қазақтың  экономика



ғылымы және Алаш қайраткерлері: монография.

- Семей, 2013. – 257 б.

2.

Қазақтардың  петициялық  қозғалысы.



Уикипедия. Ашық энциклопеясы.

Resume

Резюме

Статья  посвящена  алашординцам,  которые  оставили  незабываемый  след  в    истории

Каркаралы и   будущего поколения.

The article is devoted alashordins, that left unforgettabletrack in history of Karkaraly and future

generation ode.

68

ҚАЛИХАН АЛТЫНБАЕВТЫҢ  АЙТЫСКЕРЛІК  ШЕБЕРЛІГІ

Қ.ТӨЛЕБАЕВАфилология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Қазақ ауыз әдебиетінің аса мол дамыған

бір  саласы  –  айтыс.  Айтыс  жанры  жайында

А.Байтұрсынов,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,

Ғ.Мүсірепов,  Е.Ысмайлов,  Ә.Қоңыратбаев,

С.Қирабаев, М.Жармұхаметов т.б ғалымдардың

еңбектерінен көруге болады.

Ә.Қоңыратбаев айтыс жанрын түбегейлі

зерттеп «Айтыс - өмірге жақын тұрған, мадағы

мен сатирасы егіз поэзия, түрлі өнердің басын

біріктіріп тұрған синкреттік салт өлеңдер» [1,

186.],- дейді.

Айтыс  өлеңдерінің  ішінде  ең  көлемдісі,

тақырыбы  және  мазмұны  жағынан  күрделісі,

көркемдік  деңгейі  жағынан    жоғарысы  –

ақындар айтысы.

Осы  ақындар  айтысының  дәстүрін

жалғастырушылардың  алдыңғы  қатарындағы

халық ақындарының бірі – Қалихан Алтынбаев.

Айтыс  додасының  ортасынан  табылған

Қ.Алтынбаевтың 

К.Байқұтановпен

Т.Әміреновпен, С.Мұқановпен, Ғ.Шөкімұлымен,

М.Баймурзинмен, Көкен Шөкеевпен тағы басқа

ақындармен сайыстары айтыс өнері тарихында

өлең сөзден өшпес өрнек қалдырды.

Осы  өнер  жарыстарында  Қ.Алтынбаев

шын  дарындылығымен  көзге  түсіп,  жұрттың

таңдайын  қақтырып,  көпшілік  құрметіне

бөленді. Айтыстары кезінде «Ақындар жыры»

(1963), «Айтыс» 3-том (1966), «Жамбыл және

халық поэзиясы» (1975), «Қазақтың қазіргі халық

поэзиясы»  (1976),  «Мәңгі  көктем»  (1988)

жинақтарына басылып шықты.

Айтыс  өнерінің  ерекшелігі  жайында

М.Жармұхамедұлы былай дейді: «Қазақта екі

адамның  бетпе-бет  бәсекеге  түсуі  шешендік

қара сөзбен де, белгілі  бір аспапта өзара күй

тартысуы  арқылы  да,  кезектесіп  айтылатын

суырыпсалма өлеңмен болуы да мүмкін. Мұның

қай  түрін  алсақ  та  сезімтал  тапқырлық  пен

алғырлықты, қияннан қиыстыратын шеберлікті

керек етеді» [2,12].

Жоғарыда  айтылған  айтыс  ақынынан

талап етілетін қасиеттер Қ.Алтынбаев бойынан

табылды.  Осы  орайда  К.Туғанбаевтың  «Мен

өзім жақсы білетін, көзім жетіп, көңілім сезген

Қалиханның бірнеше қасиетін айтуды парыз деп

санаймын  Ол  –  нағыз  дарындарға  тән

сезімталдық қуатының молдығы, естігенін есте

сақтау зейін қабілеттілігі, оқығанын көкейінде

тоқығыштығы,  ең  соңында  осы  адамдық

факторлардың бәрін бір мақсатқа бағындырған

нық ұстамдылығы» [3], -деген орынды пікірін

естен шығара алмаймыз.

Тал байындағы дарынды  айтыспен ашқан

Қ.Алтынбаев  ең  алғаш  1947  жылы  Көсембек

Байқұтановпен сайысқа түседі.  Қалихан бұдан

арғы  шығармашылық  жолында  қаншама

өлеңдер  мен  дастандарды  жазумен  бірге,

біршама  айтыстарға қатысады.

1957 жылы Қазан төңкерісінің 40 жылдық

мерекесіне орай өткізілген мәжілісте Семейде

Тәңірберген  Әміреновпен  айтысады.  Бұл

айтыста  ақынның айтыскерлік шеберлігі жоғары

бағаланып,  «Айтыс»  жинағының 3-томында



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №4  (25)

Ұсынылған  мақалада  автор  халық  ақыны  Қ.Алтынбаевтың  лирик,  эпик  ақын  ғана  емес,

айтыскер ақын екендігіне баса тоқталады. Айтыстың көркемдік деңгейін айқындап тұрған ақын

тіліндегі ұтымды қолданыстарға талдау жасайды.

Тірек сөздер: Қалихан Алтынбаев, айтыс, өнер жарысы, ақындық дарын.

ӘОЖ 821.512.122-1



69

жарияланып,  соңынан  өзбек  тілінде  «Шарқ

юлдызы» журналында жарық көрді.

1961  жылғы  халық  ақындарының

республикалық  мәслихатында  Әбікен

Сарыбаевпен  жыр  додасына  түседі.  Осы

айтыста  Қазақстанның  халық  ақыны  атағын

алған Қалқа Жапсарбаевпен кездеседі. Ол кісі :

«Зор дауыс әншілік немесе шебер күйшілік өз

алдына, ал мына Қалиханның сөзі, төрт аяғы

тең түседі. Қайткенмен Абай аулының баласы

ғой»  »  [4],  -  деп  Қ.Алтынбаевтың  ақындық

шеберлігіне жоғары баға береді.

1970  жылы  В.И.Лениннің  туғанына  100

жыл  толу    мерекесіне  байланысты  Алматыда

Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының    әдебиет

және  өнер институтының ұйымдастыруымен

ғылыми творчестволық конференция өткізіледі.

Конференциядағы Қ.Алтынбаевтың  Көкшетау

облысының  Көкен  Шәкеевпен  айтысы

«Қазақтың  қазіргі  халық  поэзиясы»  атты

антологиялық жинаққа енді.

Дәстүрлі  ақындар  айтысының  бәрі  екі

ақынның бір-біріне «жол болсын» айтып, жөн

сұрасуынан  басталады.  Оны  тиімді  етіп

орнымен  пайдалана  білу  ақынның  айтыста

шыңдалған    шеберлігі  мен    тапқырлығын

танытады.

Әбікенмен  айтысында  Қ.Алтынбаев  өз

елінен шыққан  атақты  дара тұлғаларды пір тұта

отырып, Жетісу өңірінің  даңқты өнер иелерін,

сұлу табиғатын жырға қосады. Бұл жерден біздің

байқайтынымыз  ақынның  өз  туған  жерінің

тарихын  ғана  емес,  басқа  жер  тарихын  жетік

білетіндігі.

Ат беріп ақын деген өзіме де

Жіберді осы топқа арнап халық,

Болғанда сіз-ақ шортан,  мен балықшы,

Ал, кеттім, Ертіс бойлай қармақ салып.

Сөз  бастаған  ақынның  балық  пен

қармақты  айтуы  да  қарсыласының  жан

дүниесіне әсер ету арқылы алдын орап сөзбен

матаудың,  бұлтартпай идірудің тәсілі. Осы ойды

әсем  образға  бөлеп беру  де  үлкен  шеберлікті

қажет етеді.

Осы  айтыстың  негізгі  тақырыбы  -  өз

облыстарының  табысын  жырлап,  кемшілігін

сынау.  Әбікен  Сарыбаев  Алматы,  Жетісу

өлкесінің    жетістігін  жырласа,  Қ.Алтынбаев

Семей,  Ертіс  бойының  ұшан-теңіз  байлығын

мақтан етеді.

«Тоқсан ойдың түйіні тобықтай сөз»,

Қазақтың ұстанайық осы салтын.

Исадай шалқар емес шағын едім,

Демеймін ұлы Ертістей ағын едім,

 - дейді ақын.

Қ.Алтынбаевтың  қай  айтысын  алмайық,

ақын өзінің сурып салма  өнердің шебері екенін

танытады.  Ж.Жабаевтың  125  жылдық

тойындағы  оралдық  Сағынғали  Мұқановпен

айтысында:

Қайдасың, Сағынғали, әріптесім.

Даланың ағар Жайық жарып төсін.

Тап сондай тегеуірінді күш салмаса,

Ел сені бекер неге дәріптесін.

Індетер сөз түлкісін із қуалап,

Семейдің мен қыраны мұзды балақ.

Сөгілген қолтық еті жүйрік қой деп,

Отырмын осы топта сізді қалап.

Ұрысу, дұрыс емес, жамандасу,

Тартысу, керек бірақ, табандасу.

Еліне Ақ Жайықтың менен сәлем,

Қазақтың дәстүрі ғой амандасу,

-  деген  шумақтардан-ақ  әр  сөзді  өз  орнында

қолдана білу ақын шеберлігіне тән нәрсе екенін

аңғаруға  болады.  Айтысқа  өң  беріп,

көркемдендіріп тұрған салиқалы ой түйінделген

осындай  жолдардан  Қ.Алтынбаевтың

сыршылдығын,  байыпты  байсалдығын

байқаймыз.

Аман ба қора-қопсы, үй-ішіңіз,

Құданда, апа жезде, туысыңыз.

Екенсіз редакторға орынбасар,

Жайлы ма істеп жүрген жұмысыңыз?

Үстіңдегі костюмше қарағанда,

Жобасы осал емес тұрмысыңыз,

- деген  ойнақы ойға құрылған әзіл-қалжыңға

толы  шумақтардан  ақынның  тапқырлығы,

қысылған кезде қиыннан қиыстырып  айтатын

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №4  (25)


70

өткірлігі көрінеді.

Айтыс барысында әр ақын өз өлкесінің қол

жеткізген  игі  табыстарын,  үлгілі  еңбек

адамдарын айтыс арқауы ете отырып, қарсылас

ақының  жеріндегі  олқылықтар  мен

орындалмаған  жоспарлы  істерді  тиек  етеді.

Сағынғали ақын Оралды, Ақ Жайықты мақтап,

балығын  өлеңге  қосқан  бір  тұста  Қалихан

Алтынбаев:

Ұстаса қортпа мен бекірені,

Сіздің жақ қуанғаннан секіреді.

Біздің жақ қонағына қой соймаса,

«Апыр-ай, аш жатты-ау!»- деп өкінеді.

Шұбалтып су ішінен алып шығар,

Байлығың өзің айтқан балық шығар.

Балық пен бақа-шаян бір туысқан,

Құлағың бала жастан қанық шығар,

-  деген  тәрізді    өткір    шумақтарды

бастырмалатып  жеңіске  ие  болады.  Түйдек-

түйдегімен ағытылған сөз нөсері нысанаға  дөп

тиіп, әсерлі, жүйелі, уәжді шыққан.

Айтыс  ақындық  дарынмен  қоса    мол

білімділікті, тапқырлықты, төзімділікті талап етеді

десек, 

осы 


қасиеттердің 

барлығы


Қ.Алтынбаевтың бойында кездеседі. Ақын өз

өнерінің  мәнділігін,  көркемдігін,    өткірлігін

тереңнен  іздеп,  халық  жүрегінің  соғуымен

үйлестіреді.

Бұл Көкен мақтанады Көкшеменен,

Көкшенің сандық-сандық текшесімен.

Айыртау, Зерентауды қос салсаң,

Бір басар біздің Шыңғыс өкшесімен

Немесе:

Ежелден қол дарытпай  денесіне,



Антейді тік көтерген төбесіне

Алып қой Геркулестей біздің Семей,

Ертерек саған әлі теңесуге.

Сексен көл, тоқсан көлің – бәрін қоссаң,

Ертістің жұғын болмас өңешіне,

-  дейтін  Қ.Алтынбаевтың  көкшетаулық

К.Шәкеевпен  айтысының  өлең  шумақтарын

бүкіл ел жатқа біледі.

Ежелгі айтыста ақынның сырт пішіні мен

жеке басындағы  кемшін-міндерін тілге тиек ету

кездесе беретін. Ал қазіргі айтыстарды осының

сыпайы  әзіл-қалжыңға    өзгерген  жарасымды

түрлерін ұшыратамыз. Мұнда кемсіту жоқ, әзілге

сыйымды  жеңіл  юмор  ғана  бар.  Айталық,

Қ.Алтынбаев өзі айтысқа түскен Көкен Шәкеевті

байқаусызда  қағытып:

Айтысқа ағат кетсем кешіріңіз,

Қажымұқан секілді екен кесіміңіз.

Жалғыз-ақ осы жұртқа ұнамай тұр,

Екі ұшты Көкендеген есіміңіз.

Еркек пе, әйел ат пе Көкен деген,

Не нәрсе әрі бері секеңдеген?

-  дегенде,  К.Шәкеев  те  әзілге-әзілмен  жауап

береді:


Ал  сен  жас  боп,  мен  кәрі  боп  қалғаным

жоқ,


Айқаймен мені ұстайтын қармағың жоқ.

Түптеп тартып орнымнан қозғалмайтын,

Дәл өзімдей қарасам  салмағың жоқ,

-  дейді.  Бұл  жерден  «әзілің  жарасса,  атаңмен

ойна», «сөз тапқанға қолқа жоқ» тәрізді нақыл

сөздер  айтыс  негізін  құрайтындығын  көруге

болады. Ұтымды жауап, жарасымды әзіл, ұшқыр

ой ақындардың  айтысынан көрініп тұр.

Айтысқа түсуші ақын өзін өмірдегі әр алуан

асыл зат, қасиетті құбылыстарға балап, теңеуге

алынған  сол  сөздерге  жаңа  мазмұн  беріп

отырады.  Ақындық шабыт  үстінде туған сол

баламалар тыңдаушысын әсерлі сезімге бөлеп,

әсем  көріністерді  тізбектеп  көз  алдыңа

әкелгендей  әсер  қалдырады.  Айтысқа  түскен

ақынға  басты  нысана  да  жеңу  мақсатындағы

орамды  ой,  ұтымды  дәлел,  бұлтартпас

шындықтан  тыс  тыңдаушының  жүрегіне  жол

табатындай кестелі сөз, суретті образ да қажет.

...Сол таудың  көкжал арлан бөрісі бар,

Түңліктей алсаң соғып терісі бар

Бірақ қашан терісін сыпыртқанша,

Жем көрсе, жайнап кетер «перісі» бар

Немесе:


ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014  №4  (25)

71

Сол мықты байқауымша сіз болдыңыз,

Шоң балта, шоқтығы шың-құз болдыңыз.

Ұтымды  қолданылған  салыстыру,

баламалар (мен қыран мұзды балақ, сен қолтық

еті сөгілген жүйрік) айтыстың көркемдік деңгейі

мен суырып салма  өнеріндегі ақын шеберлігін

аңғартады.

Бұқтырма  тасқынынша буырқансам,

Қай тоспа, қай бөгетің шақ келгендей.

Алыппын сүрінсем де сыр бермейтін,

Арқалап Толағайды ап келгендей.

Қ.Алтынбаев  айтысындағы    образдар

жүйесі  жалпы  халық  поэзиясына  тән

ерекшеліктерді бойына мол  сіңірген, өзіндік

сипат-белгілері де сан алуан.

Қорыта келгенде, халық ақыны Қалихан

Алтынбаев лирик және эпик ақын ғана емес,

сонымен қатар, айтыскер ақын.  Әзіл-қалжыңға,

шындыққа негізделген  ақынның айтыстары –

айтыс өнерінің төрінен орын алары сөзсіз.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал