«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
негізгі бӛлігіне 
оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының 
түрлері енгізіледі. Мақсаттары: дененің қимыл-қозғалыс сапасын жетілдіру; 
қимыл-қозғалыс негіздерінің (жүру, жүгіру, лақтыру, ӛрмелеу, тепе-теңдікті 
сақтау, би жаттығулары); спорттық жаттығулардың (акробатика, күрес, шанамен 
сырғанау, шаңғы тебу, жүзуге дайындық); спорттық ойындардың орындалу 
техникасын меңгерту. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың кӛңіл-күйін 
туғызады. Осы кӛтеріңкілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау 
сабақтың үшінші, 
қорытынды бӛлігінің
міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, 
қорытынды жасаумен аяқталады. Бұл бӛлімнің мақсаты – жаттығулардан кейін 
қозғалысты баяулатып, алқынын басып, организмнің қызметін бәсеңдету. Ол үшін 
оқушылар жай қимыл-қозғалыста болатын ойын, би жаттығуларын орындап, 
немесе ән, тақпақ айтып, ӛз еріктерімен жаттығулар жасау жолымен сабақты 
аяқтайды. 
Кез келген сабақ мақсатының орындалуы, оның тиімділігі кӛп жағдайда 
оқушыларды жаттығу орындауға ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты болып 
келеді. Дене шынықтыру сабағына балаларды ұйымдастырудың бірнеше тәсілі 



Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
бар. Олар бәрі бірдей, лек-легімен орындайтын, алма-кезек орындайтын, топ 
болып орындайтын, жеке орындайтын болып бӛлінеді.
Оқушылар кӛп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзақ ойындар жалықтырып 
жібереді. Сондықтанда ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа дем алу 
аралықтарымен болса жақсы. 1- сынып оқушылары шыдамсыз, ӛздерін тоқтата 
алмайды, ықыластары тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте 
орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап оырндауға қызығып, ықыластана 
бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының дене қуаты дамыту жаттығуларын 
бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру 
қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, ӛкпенің тіршілік кӛлемі 
жоғары болады. Бұлшықет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез 
жүгіреді, ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, олар күшті, әрі шыдамды. 
Сондықтан
2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық кӛтергенде, ұзаққа жүгіргенде, секіргенде, 
лақтырғанда кӛбірек жүктеме беруге болады. Қыздарға 3-сыныпта ұлдарға 
қарағанда кӛбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады. 
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің тӛмендегідей ерекшеліктері бар: 
1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар табиғи қимыл, 
әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, 
ӛрмелеу т.б. 
2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үдерісінің 2-3 
міндетін ғана орындаса жеткілікті болады. 
3. Сынып тӛмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға 
қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша кӛңіл бӛлу қажет. 
4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып 
оқушыларымен сабақ ӛткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50 пайыз уақытын 
алса дұрыс болады. 
5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және 
нақты орындауға кӛп кӛңіл бӛлу керек. Оқу үдерісі кезінде жаттығуды үйрету 
және жетілдірумен бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірдей кӛңіл бӛлген 
дұрыс болады. 
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсіну үшін нақты не 
істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұста, жетіп ал, допты ойыншыға 
тигіз және т.б. 
2-3 сыныптарда қимыл жілігін дамыту жаттығуларын кӛбірек берген дұрыс 
болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8с уақытқа ғана 
беру қажет. 
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде 
негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін 
меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты ӛмір салты туралы негізгі 
теориялық мағлұматтар беру. 
Елімізде қазіргі кездерде білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда 
дене тәрбиесі сабағын кӛбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып 
мұғалімдері жүргізеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, келешек ӛздеріне келетін 
оқушылардың тӛрт жыл уақытын бос ӛткізулеріне жол бергізбей, бастауыш 
сыныптардың оқуларын, оқу жоспарларын қадағалап, кӛмектесіп, бастауыш 
сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар ӛткізіп отырулары керек. 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті: 
1. Бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік дұрыс сабақ ӛткізу. 
2. Дәрігерлік бақылауды, дәрігерлермен бірге ӛткізу, бақылау қорытындысын 
жұмыста пайдалану. 
3. Сабақ ӛткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау. 
4. Оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау. 
5. Сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды 
тарту. 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
6. Ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы 
туралы әңгіме ӛткізу. 
7. Оқушылардың дене тәрбиесі кӛлемідегі алған білімін тұрақты жетілдіру. 
8. Балаларды тұрақты дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға қызығушылығын 
арттырып, ынтасын ояту. 
15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет