«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Секiрулер
: орнынан (ұзындыққа, екi және үш аттап ұзындыққа секiру
кедергiге ырғып шығу және одан секiрiп түсу; екпiн алып оң және сол аяқпен, екi 
аяқты алмастырып, жартылай отырып екi аяқпен толықтай отырып ―құрбақаша 
секiру), бiр не аяқпен серпiлiп кедергiге секiрiп шығу; бұтаққа қолды жеткiзе 
биiктiкке секiру. 
2. 
Жүгiру
: әр түрлi оңтайлы кедергiлерден ӛте (басып ӛтiп, секiрiп ӛтiп, астынан 
жорғалап ӛтiп); тауға жүгiрiп шыға және жүгiрiп түсе; бағытты кӛп қайтара 
ӛзгерте; қайталап жүгiру; оң және сол жақ бүйiрiмен қосарланған адыммен; 
артпен жүгiру. 
3. 
Лақтыру:
нығыздалған допты орнынан (жас пен дайындыққа байланысты1-2 
кг), тӛменнен алға лақтыру; тӛменнен ӛзi арқылы артқа, бастан асыра алға, жұпта 
ұстап алумен әртүрлi лақтырулар. 
Допты тек дұрыс лақтыру ғана емес, сонымен бiрге дұрыс ұстауға да балаларды 
үйрету маңызды. 
4. 
Ӛрмелеу мен асылулар
. Гимнастикалық қабырға: екi қол және аяқтармен 
тiрей немесе екi қолмен үздiксiз ұстап асылу және қабырғадан түсу. 
5. 
Қолданбалы дағдылар
: ауыр заттарды кӛтеру және алып жүру; алға және 
артқа құлау. 
Соңғы жаттығуларға толығырақ тоқталуға тура келедi, ӛйткенi тiрек-байланыс 
аппараттарының ауруымен пайда болған кӛптеген жарақаттар осы дағдыларға бiз 
балалық жастан үйретпегендiктен болады. 
Ауырлықты кӛтерудi мүмкiндiгiнше жауырынды (арқаны) бүкпей және ауыр 
затты денеге барынша жақындатып аяқтын қозғалысымен (жартылай және 
толықтай отырған жағдайдан) бастау керек. Ауыр болмаса да, бiрақ iрi, алып 
жүруге ыңғайсыз заттарды екеулеп кӛтерiп барып жерге қойған жақсы. 
Ауырлықты кӛтеру мен алып жүру дағдыларына үйрете отырып, заттарды әр 
түрлi биiктiкке (еденге, тiзеге, бел деңгейiне және т.б.) қойылған нұсқаларды 
пайдалану жақсы. Әр түрлi деңгейден салмағы бiрдей затты кӛтере отырып, 
ұсынған үлгiде нелiктен осылай жасау керектiгiн баланың ӛзi түсiнедi. 
Маңызды қолданбалы дағдылардың бiрi құлай бiлу бiлiктiгi болып табылады. 
Адам кӛп жағдайда сүрiнiп кетсе, алға тайып кетiп артқа немесе жанға-артқа 
қарай құлайды. 
Соққының күшiн азайтуды ол қатты, тура ұсталған қолдың жәрдемiмен 
әлсiреткiсi келедi. Артқа қарай құлағанда қол құлаған дененiң астында жиi қалады 
да, сынуы мүмкiн. Алға қарай құлағанда бiлек сүйектерi мен саусақ буындары жиi 
зақымданады. 
Құлау кезiндегi қауiпсiздiктiң жалпы қағидаларына тоқталалық. Iлгерi қарай 
құлағанда аяқтарды шамалы ғана бүгiп, шынтақтан шамалы ғана бүгiлген 
қолдары iлгерi-тӛмен созу қажет; соққыны азайту үшiн қолдар мен аяқтар денеге 
қарағанда жерге бұрын тиюi керек; дене жерге алғашқы созылғанда құлау 
бағытын ӛзгерте жанға, тiптi жауырынға аударылып түссе соққының күшiн тағы 
да азайтуға болады. 
Артқа құлау. Адам тайғанап, қолдары жоғары кӛтерiлiп, шалқасынан құласа 
оның зардаптары ӛте ауыр болмақ. Құлау кезiнде ӛзiн ӛзi қауiпсiздендiру 
дағдыларына үйретiлмегендерде бүкiл түйсiк арқылы жүзеге асады, ӛйткенi тiк 
тұрған адам артқа құлаудың бастапқы сатысында (мысалы, мықты таянышта 
тұрып, тепе-теңдiктi жоғалтқанда) қолдарды сiлтей немесе жоғары-артқа 
айналдыра тiке қалыпқа келе алады. Ӛзiңiздi ӛзiңiз тексерiңiз: тiке тұрғанда тепе-
теңдiгiңiзден шамалы ғана айырыласыз. Қолдарды айналдыру немесе сiлтеу сiздi 
орнықты жағдайға келтiредi. 
Сырғанап кеткенде мұндай қимыл-қозғалыстар артпен (жауырынмен) құлауға 
себебшi болады. Сондықтан да тайып кету қаупi тӛмендегi жүру кезiнде аяқтарды 
әдеттегiден де тыс бiршама бүгiп, қолдарды түсiрiп жiберу қажет. Құлаудың 
басталуының ӛзiнде аяқтарды тiзеден жылдам бүгiп, бiр мезгiлде алға еңкейiп 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
және иектi кеудеге қарай қысып отырып қалу керек. Шамалы ғана жанға-тӛмен 
созылған қол жерге түсудi жұмсарта денеден бұрын жерге тиюi керек. 

13-
14 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет