Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау



Pdf көрінісі
бет12/93
Дата07.09.2023
өлшемі8,26 Mb.
#106544
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93

Глава 12. Требования к уровню подготовки обучающихся 9 класса


140. Предметные результаты.
141. Обучающиеся будут знать:
1) ранее усвоенные произносительные навыки;
2) правила использования нормальной силы голоса;
3) воспроизведение звуков и их сочетаний в словах, фразах, связном тексте;
4) дифференциацию родственных по артикуляции звуков;
5) правила работы над интонацией.
142. Обучающиеся будут уметь:
1) говорить внятно, достаточно естественно и выразительно, голосом нормальной 
высоты, силы и тембра;
2) адекватно использовать неречевые средства коммуникации (выразительную 
мимику, позу, пластику), сопровождающие речь (в рамках речевого этикета);
3) в самостоятельной речи и при воспроизведении отработанного речевого 
материала соблюдать нормальный темп;
4) передавать различные эмоциональные оттенки высказывания, произносить слова 
слитно, с ударением, реализуя умения воспроизведения звукового состава и соблюдая 
орфоэпические правила;


5) произносить фразы слитно и деля на синтагмы, выделяя логическое и 
синтагматическое ударение, по возможности соблюдая мелодический контур фраз;
6) самостоятельно распределять дыхательные паузы, при произнесении длинных 
фраз;
7) правильно произносить новые слова, руководствуясь надстрочными знаками;
8) соблюдать орфоэпические правила;
9) осуществлять самоконтроль за различными сторонами произношения.
Глава 13. Требования к уровню подготовки обучающихся 10 класса
143. Предметные результаты.
144. Обучающиеся будут знать:
1) ранее усвоенные произносительные навыки;
2) правила использования нормальной силы голоса;
3) воспроизведение звуков и их сочетаний в словах, фразах, связном тексте;
4) дифференциацию родственных по артикуляции звуков;
5) правила работы над интонацией.
145. Обучающиеся будут уметь:


1) говорить внятно, достаточно естественно и выразительно, голосом нормальной 
высоты, силы и тембра;
2) адекватно использовать неречевые средства коммуникации (выразительную 
мимику, позу, пластику), сопровождающие речь (в рамках речевого этикета);
3) в самостоятельной речи и при воспроизведении отработанного речевого 
материала соблюдать нормальный темп;
4) передавать различные эмоциональные оттенки высказывания, произносить слова 
слитно, с ударением, реализуя умения воспроизведения звукового состава и соблюдая 
орфоэпические правила;
5) произносить фразы слитно и деля на синтагмы, выделяя логическое и 
синтагматическое ударение, по возможности соблюдая мелодический контур фраз;
6) самостоятельно распределять дыхательные паузы, при произнесении длинных 
фраз;
7) правильно произносить новые слова, руководствуясь надстрочными знаками;
8) соблюдать орфоэпические правила;
9) осуществлять самоконтроль за различными сторонами произношения.
146. Личностные результаты отражаются в:
1) проявлении уважения к символам Республики Казахстан;
2) воспитании у детей интереса к чтению казахской литературы;


3) проявлении любви родному краю к своей Родине, Республике Казахстан;
4) владении родным языком, уважение к истории, культуре и традиции 
многонационального народа Казахстана;
5) стремлении беречь природу родного края и бережном отношении к окружающей 
среде;
6) проявлении уважительного отношения к себе, к родителям, к старшим, 
заботливая отношение к младшим, проявление доброты и чуткости к другим;
7) ведении здорового образа жизни.
147. Системно - деятельностные результаты отражаются в умении:
1) отвечать на поставленный вопрос предложением;
2) подробно, кратко и выборочно пересказывать наиболее значимые части 
произведения;
3) выразительно читать произведение по ролям;
4) называть тему произведение, его жанр, автора;
5) вести диалоги на разные темы;
6) описывать внешний вид и поступки героев;
7) читать наизусть стихотворение;


8) сознательно и бегло читать незнакомый текст;
9) описывать, оценивать и сопоставлять героев одного или нескольких 
произведении, выявляя в них общее и индивидуальное;
10) воспринимать, различать и опознавать предлагаемый речевой материал 
слухо-зрительно и на слух.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 326-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта 
білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Ым-ишаралық тіл" пәнінен үлгілік
оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 326-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 
сәйкес әзірленген.
стандартына


2. Оқу пәнінің мақсаты - естімейтін балалардың ым-ишара тілін қарым-қатынас 
құралы арқылы ой-пікір алмасу үшін қалыптастыру. Бағдарламаны орындауын талап 
ету үшін тілдік жүйені, соның ішінде оның негізгі тәсілін - ауызша және жазбаша түрін 
және қосымша дактиль тілі мен ым-ишара тілін пайдалану.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) білім алушылардың білік, дағды, білім алу сапасын жоғарылату;
2) ым-ишара тілін бекіте отырып, сөздік материалды қабылдауды жақсарту;
3) ауызша сөйлеу тілін меңгеруі мен еріннен оқуын жеңілдету;
4) ақпаратты қабылдау мен өңдеу процесінде баланың тұлғасын қалыптастыруға 
көмектесу;
5) өз ойын сөзбен жеткізуге үйрету, білім алушылардың өздеріне таныс өмірлік 
ақпараттары жайлы дүниетанымын кеңейту;
6) билингвальды сананы қалыптастыру (екі тілдік әлем жайлы түсінікті және сөздік 
және им-ишара тілін қалыптастыру).
4. Естімейтін білім алушылардың даму ерекшеліктері сөйлеу тілінің бұзылуы 
вербальды қарым-қатынасқа түскенде білінеді. Білім алушыларда қарым-қатынастық 
ой-пікір алмасу үшін арнайы қажеттіліктер туындайды. Білім алушы қолы – естімейтін 
білім алушылалар үшін табиғи сөйлеу құралы болып табылады. Естімейтін білім 
алушының арнайы психикалық дамуының ерекшелігіне орай, ауызша сөйлеу тілін 
ым-ишара тілінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Естімейтін білім алушылар үшін 
ым-ишара тілі күнделікті өмірде, қазіргі қоғамда интеграциялануға мүмкіндік туғызады
.


5. Ым-ишаралық тіл – тілдік жүйеде, арнайы сөздік құрамы мен грамматикалық 
құрылымында өзгеше болады. Есту кемістігі бар білім алушыларға ой-пікір алмасуға 
ым-ишара тілі тұлғааралық қызмет көрсете алады. Ол микроәлеуметтік тіл болып 
көмекші құрал ретінде сөздерді оқуға қызмет етеді. Естімейтін білім алушыларда 
ым-ишара тілін оқыту ауызша оқытумен бірдей жүргізіледі, оны мектептегі алғашқы 
күннен бастап жүзеге асыруды қамтамансыздандыру маңызды нысана: білім 
алушыларды екітүрлі әлеуметтік өмірге дайындау: еститін білім алушылар әлемінде 
ауызша сөйлеу тілі және естімейтін білім алушылар әлемінде ым-ишара тілі.
6. Естімейтін білім алушылардың жан-жақты дамуы ым-ишара тілі бар ортадағы 
жағымды тәрбиеге тікелей байланысты. Тура және ауыспалы түрдегі аудармаларды 
ым-ишара тілі мен сөздік тілде салыстырмалы талдау жасай алуға, ым-ишара тілінің 
калькаланған түріне баса назар аударылады.
7. "Ым-ишарлық тіл" пәні төмендегі кезеңдерге бөлінеді:
1) 1-кезең – пәннің бастапқы негіздері оқытылады (5 сыныптары);
2) 2-кезең – байланыстырып сөйлеу тілін және калькаланған ым-ишаралық тіл 
дамытылады (6-7 сыныптары);
3) 3-кезең – қарым-қатынас дағдылары дамытылады (8-10 сыныптары);
4) 1-кезеңде ым-ишаралық тілін дамытуға күнделікті сөйлеу аясында негізгі 
тақырыптар бағдарламада белгіленген. Әр тақырыпқа шамамен сөздік материал 
алынған. Бұл кезеңде ым-ишаралық тілін дамыту: әр түрлі тақырыпқа диалогтар 
ұйымдастыру, мәтінмен жұмыс жүргізу, ым-ишаралық аударма дағдыларын үйрету 
арқылы іске асырылады;
5) 2-кезеңде белгіленген тақырыптар бойынша қарым-қатынас дағдыларын 
дамытатын шығармашылық ойындарды, тапсырмаларды ұсынуға болады. Оқу 
материалына өлеңдер, мәтіндер, сөздік ойындар таңдалады. Сонымен қатар 


ым-ишараттық сөйлеу тілінің лингвистикалық негіздері үйретіледі: білім алушылар тіл 
дегеніміз не және оның адам өміріндегі негізгі қызметтері туралы жалпы мәліметтерді 
алады, ым-ишараның құрылысы және оның қалай дамитыны туралы біледі;
6) 3-кезеңде естімейтін білім алушылардың сөздік қорын кеңейту мақсатында 
жинақталған жалпы тақырыптық материалдар ұсынылған. Осы кезеңде ым-ишаралық 
тілдің тарихы және мәдениетімен танысады және олардың мәселелерін де талқылайды. 
Осыған орай, ым-ишаралық сөйлеу тілін дамытудың алдына қойған мақсаттары 
белгіленеді: білім алушылардың сөйлеу тілін дамыту және жетілдіру, ым-ишаралық тіл 
құралын пайдалана отырып, олардың коммуникативті қызметінің тиімділігін арттыру, 
сөйлеу тілдік қатынастың мәдениетін жетілдіру.
8. Ым-ишаралық тіл сабағында калькаланған ым-ишаралық тілін пайдалана отырып,
мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері келесідей іске асырылады:
1) оқу, оқудан кейін-оқығанын айтып беру;
2) оқу және сұрақтарға ым-ишаратпен жауап беру;
3) мәтін бойынша таңдап оқи отырып, әңгімелесу;
4) оқу және шығарманың несімен ұнағаны, ненің есте қалғаны туралы 
ым-ишаратпен айтып беру;
5) диалогты рөлдерге бөліп оқу;
6) калькаланған ым-ишарат сөйлеу тілін пайдалана отырып, конкурстық өлең оқу.
9. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылына - 34 сағат;


2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылына - 34 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылына - 34 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылына - 34 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылына - 34 сағат;
6) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылына - 34 сағат.
10. Жеке тақырыптарды өтуге сағаттарды бөлу шамалап алынады. Мұғалім білім 
алушылардың мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне қарай өзгерту енгізе алады. Оқыту 
барысында білім алушылармен қайталау, өткен тақырыпты бекіту жекелей және 
дифференциалды түрде ұйымдастырылады.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
11. Ым-ишаралық тіл - қарым-қатынас құралы (2 сағат):
1) ым-ишара тілі қалай пайда болды. Ым-ишара тілі және сөздік тіл. Сөздік тілдің 
тағайындалуы - ым-ишара диалогы арқылы жүргізіледі.
12. Дактилология - саусақ әліпбиі (2 сағат):
1) дактильдеу техникасы. Ым-ишараны жасау мен дактилема үшін қол 
саусақтарының қалпы (алақан, саусақ қалпы). Әріптер мен дактилема. Дактилемамен 
ұқсас, қайталанатын ым-ишараны орындау. Мысалы: Мен "мен", кім? - "к", "қызық" - "
қ", шын – "ш". "Тауып көр" ойыны.
13. Ым-ишара тілінің бірлігі - ым-ишара (2 сағат):


1) ым-ишараның құрылымы. Саусақтардың, қол буынының бағыты. Әрбір 
ым-ишара элементінің рөлі. Бір қолдық, екі қолдық ым-ишара. "Көрсет" ойыны (сілтеу 
сипатындағы ым-ишара).
14. Ым-ишараның білім алушымасы – танысу мағынасы (2 сағат):
1) танысу: (Сәлеметсізбе! Танысып қойыңыз менің атым. Мен оқимын. Менің 
сізбен танысқым келеді.) "Танысу" диалогы.
15. Ым-ишараның білім алушымасы – мектеп кеңістігіндегі заттарды атау (2 сағат):
1) "Не?" мағынасындағы атауларды жеткізу тәсілі: мектеп (сынып, кітапхана, 
мектеп мекен-жайы, жатын бөлме корпусы. Мектепте неше корпус бар? Сіздің жатын 
бөлмеңіз нешінші қабатта? Сіздің сыныбыңыз нешінші қабатта?). "Біздің мектеп" 
ойыны.
16. Сандық қатынас мағынасындағы атауларды жеткізу тәсілі (3 сағат). Сан белгісі. 
Көлем және уақыт түсініктерін айту тәсілдері: "қанша", "сонша" (қанша, санаңыз, 
өлшеңіз) арифметикалық әрекеттердің мағынасы. Сенің жасың нешеде? Сен қай жылы 
туылдың? Сағат қанша? Сатып алу кезіндегі болған оқиға жайлы диалог.
17. Ым-ишараның білім алушымасы – отбасы мағынасы (3 сағат):
1) ым-ишара – әр түрлі жастағы адамдардың атауы, жасы, жынысы, отбасылық 
жағдайы, туыстық қарым-қатынасы. Отбасы, отбасы мүшелері. "Қонақтар" ойыны.
18. Ым-ишараның білім алушымасы – тұрмыстық заттардың атауы (3 сағат):
1) үй. Тұрмыстық заттар (үй, бөлме, ас үй бөлмесі, қонақ үй бөлмесі, білім 
алушылар бөлмесі, газ);


2) бөлмедегі тәртіп үлгісі (үйдегі).
19. Ым-ишараның білім алушымасы – ауа- райы түсінігі (2 сағат):
1) жыл мезгілдері. Уақыт. Табиғи құбылыстар (бір сәт, мезгіл, маусым, кезең);
2) сұраңыз және айтыңыз: "Қандай айлар? Жылдың қай мезгілі жылы болады? Қай 
жерде жыл бойы қар болмайды? Сізге қандай жыл мезгілі ұнайды?";
3) Ы.Алтынсариннің "Кел білім алушылар, оқылық" өлеңін аудару.
20. Ым-ишараның білім алушымасы – мамандықтар туралы түсінік (3 сағат):
1) ым-ишараның білім алушымасы – кім? (мұғалім, архитектор, дәрігер, шахтер, 
сатушы, құрылысшы) мамандықтар атауда ым-ишара білім алушымасын қолдану тәсілі
(аспазшы - ым-ишара: тамақ әзірлеу-адам, сатушы – ым-ишара: сату-адам). Дәрігер 
бөлмесіндегі тәртіп үлгісі.
21. Ым-ишараның білім алушымасы – ас үйдегі ыдыстар туралы түсінік (3 сағат). 
Ас үйі. Ыдыстар. Қазіргі уақыттағы іс-әрекеттің мағынасын жеткізу тәсілі. (таңғы ас, 
кешкі ас, түскі ас, кеспе, ыдыс-аяқ, шұңғыл тәрелке. Сен не істеп жатырсың? ). "
Дастарханда" рөлдік ойыны.
22. Ым-ишараның білім алушымасы – жануарлар туралы түсінік (3 сағат):
1) ым-ишара арқылы жануарлардың мағынасы (жануарлар (үй, жабайы), жәндіктер, 
жыртқыштар). Тірі жандардың әр түрлі қозғалысының мағынасын жеткізу тәсілі. 
Ым-ишара арқылы диалог құрастыру. "Жануарлар бағында". Ым-ишараға аудару, 
әңгіме "Көксерек" М.Әуезов.
23. Ым-ишараның білім алушымасы – өсімдіктер атауы (2 сағат):


1) өсімдіктер әлемі, ым-ишара, өсімдіктердің мағынасы (өсімдіктер, ағаштар, 
жидектер, түбір, гүлдер). Ым-ишара арқылы әңгіме құрастыру. "Орманда", "Бақшада", 
"Біздің бақша".
24. Ым-ишараның білім алушымасы – "Мерекелер" (2 сағат):
1) мерекелер (мереке, Тәуелсіздік күні; туған күн; алтын күз; жаңа жыл; 8-наурыз; 
Наурыз мерекелерін тойлату). Әңгіме "Отбасылық мерекелерді қалай атап өтесіздер?" 
Қазақстан Республикасының Әнұранын ым-ишара тілі арқылы айту.
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
25. Өткен тақырыпты қайталау 5-сынып (3 сағат).
26. Ым-ишара – тіл арқылы ой-пікір алмасудың әдісі (3 сағат):
1) ым-ишара тілі және ауызша тіл. Ым-ишара әртүрлі ым-ишара тілінде. Ауызша 
тілдің калькаланғанын ым-ишара тілінде көрсету. Сөздік тілдің тағайындалуы 
ым-ишара диалогы арқылы жүргізіледі.
27. Дактилология - Саусақ әліпбиі (3 сағат):
1) дактильдік сөздер және сөз тіркестері. ым-ишарада тек конфигурациялық 
дактилема қайталанады. Дактильдік тіл мен ым-ишара тілінің белгісін салыстыру. "
Табу" ойыны (конфигурациялық дактилема арқылы ым-ишараны табу, қайталау және 
керісінше).
28. Ым-ишараның бірлігі – ым-ишара (3 сағат):
1) ым-ишараның құрылымы: конфигурациясы, локализациясы, қимыл-қозғалысы, 
ым-ишараның мағынасы бір компонентінің өзгеруіне байланысты өзгереді. 


Қимыл-қозғалыстың жылдамдығы ым-ишараның мағынасына байланысты. Ым-ишара 
тіліне Ы.Алтынсариннің "Жомарт адам" әңгімесін аудару.
29. Ым-ишараның білім алушымасы – "Киімдер атауы" (3 сағат):
1) ым-ишара тілінде киімді, аяқ-киімді көрсету (мезгілдік киімдер, аяқ-киімдер, 
сырт киім). Бағалау (мінездеме) заттың сапасына байланысты (ескі, жаңа, жылы). "
Менің атым Қожа" Бердібек Соқпақбаевтің әңгімесін ым-ишара тіліне аудару.
30. Ым-ишараның білім алушымасы – "оқу құралдары" (3 сағат):
1) оқу құрал-жабдықтарымен жекелей заттардың мағынасын түсіну тәсілі (сыныпта)
. Білімде ым-ишараның білім алушымасын түсінуін жинақтаудың тәсілі. (жиһаз, 
жабдықтар). "Ағаштар неге ашуланады" Бердібек Соқпақбаевтің әңгімесін ым-ишара 
тіліне аудару.
31. Ым-ишараның білім алушымасы – "Көпше түрінің мағынасы" (4 сағат):
1) көпше түрінің мағынасын түсіну тәсілі. Ым-ишара "көп" (ұлдар+ым-ишара, ұл+
ым-ишара), ым-ишара "әртүрлі" (конфеттер+ ым-ишара, конфет+ әртүрлі), көпті 
білдіретін белгілі ым-ишараны көрсету: үйір, топ, қаттама. Көпше түріндегі 
тапсырмаларды орындауда дифференцациялаудың белгілері.
32. Ым-ишараның білім алушымасы – "Спорт атаулары" (4 сағат):
1) ым-ишара тілінде спорт атаулары (жүгіру, жеңіл атлетика, теннис). Қимылдың 
мағынасына түсінік беру (жүгіру, секіру, ойнау). Стадионда өзін-өзі ұстай білуі.
33. Адамдардың эмоциялық жағдайын мағынасын түсінуі (4 сағат):
1) эмоциялық базаның жіберілу әдісі (қорқыныш, ашу, қуаныш, мұң). Әлеуметтік 
эмоцияның жіберілу әдісі (көңіл-күйді білдіретін: қызғаныш, тәкапарлық, 


сүйіспеншілік, реніш, көре алмаушылық, ұялшақтық) Интеллектуалды эмоцияның 
жіберілу әдісі (таңдану, күмән, сенімділік, қайран қалу). Эмоциялық күштеу жағдайына
диалог құру.
34. Ым-ишараның білім алушымасы – "Іс-әрекет жасау" (4 сағат):
1) "Іс-әрекеттің аяқталуының" мағынасын түсіну әдісі: ым-ишараның нақты 
қосылуы "болған", "енді", "бітті" (ым-ишара оқу+ болған (енді), ым-ишара (жеп қою+
бітті). Болашақта іс-әрекеттің мағынасын түсіну әдісі: нақты ым-ишараның 
ым-ишарамен қосылуы "болады", "ертең", "бір жылдан кейін" (барамын+ болады, 
айтамын+болады (кейін)). Оқуға байланысты іс-әрекеттің мағынасын түсіну әдісі (
оқыдық, жаттадық, жаздық).
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
35. 6-сыныпта өткенді қайталау (4 сағат).
36. Ым-ишара білім алушымасы – жалпы қолданыстағы атаулар (3 сағат):
1) жалпы қолданыстағы сөздерді ым-ишара тіліне аудару (барлығы, ортақ, басқа, 
босқа, арасында, ешқалай, ештеңе, өзімдікі, бүтін, мүмкін, жиі), "Алтын сақа" халық 
ертегісін ым-ишара тіліне аудару.
37. Біздің отанымыз – Қазақстан (3 сағат):
1) Қазақстан Республикасының рәміздері. Қазақстан Республикасының әнұранын 
ым-ишара тіліне аударып, жаттап алу.
38. Ым-ишара білім алушымасы – тәуелділік атаулары (тәуелділік мағынасының 
атаулары (4 сағат):


1) бірінші, екінші, үшінші жақта тәуелділік мағынасының атаулары (менің, сенің, 
оның). Кімдікі?: оныкі, апаныкі. Сөздерді ым-ишарат тілінде айта білу;
2) тәуелділік мағынасын жеткізу тәсілі: "сай келеді", "арналған" "тиесілі" (орамал 
апама арналған, шкаф аяқ киімге арналған) келесідей қарым-қатынас білдіретін 
ым-ишара (ағамның, досы, картоптың қабы); Тәуелділікті анықтайтын оқиғаны 
құрастыру (кімдікі?).
39. Ым-ишара білім алушымасы – ұлт атаулары (4 сағат):
1) ұлттарды білдіретін қазақ, орыс, татар. Тәуелділік қарым-қатынасты білдіретін 
ым-ишара "қазақ биі", "орыс әні", "қазақ тілі кабинеті".
40. Ым-ишара білім алушымасы - мәдениет түсінігіндегі атаулар (4 сағат).
1) "Өнер", "мәдениет" (әртіс, театр, артист, мәдениет, мысал, шақ, көрме, 
гастрольдік сапар, дирижер, сурет, байқау) тақырыптары бойынша: ым-ишара тілімен 
айту. Әр түрлі саладағы іс-әрекеттерді жағдайлық сипаттау. М.Мақатаевтың "Өткен 
күн" өлеңін ым-ишара тіліне аудару. Қазақ фольклоры. Қ. Сәтпаевтың жәрмеңкесіне 
барып көрдің бе? "Алдар Көсе мен Шық бермес Шығайбай" ертегісін ым-ишара тіліне 
аудару.
41. Ұжымдық қарым-қатынасты жеткізу тәсілдері (3 сағат):
1) санау ретінің мағынасын жеткізу (бірінші, екінші, үшінші). Атауы дәл 
көлемдерді жеткізу (миллиметр, сантиметр); салмақ түсініктерін жеткізу (килограмм, 
тонна); уақыт және оның ұзақтығын жеткізе білу (3 сағат, бір сағат 20 минут); жыл 
мезгілдерінің ретін жеткізе алу (жылдар, айлар, апталар, күндер). Уақыт, сауда-саттық 
оқиғалары жайлы диалогтар.
42. Ым-ишара білім алушымасы – мемлекет атаулары (3 сағат):


1) мемлекет, қала, астана атауларын ым-ишара тілімен айту (география оқулығының
бағдарламасына сәйкес). "Менің отаным", "Менің қалам" атты әңгіме құрау.
43. Ым-ишара білім алушымасы – объективті қарым-қатынас мағынасындағы 
атаулар (3 сағат):
1) "Кімдікі? Неге? Кімге? Не үшін? Кіммен? Немен?" сұрақтарына ым-ишара 
тілімен жауап беру; ым-ишараны қолдану бағытын локализациялау, айту кезінде 
қимылдарды жасау: білім алушыларға хат жазу, әкеме хат жазу, досыма сәлем айту, 
айту, әңгімелеу, хабарлау;
2) объективті іс-әрекеттердің ым-ишара тілімен айтылуы: (іс-әрекет+ іс-әрекет 
құралы) қаламмен жазу, дәрімен емдеу, аяқпен басу, жеңіспен мақтану.
44. Жағымды тәртіп ережелерін ым-ишара тілімен жеткізу (3 сағат):
1) мектептегі этика (қонақтағы, театрдағы, музейдегі) "Тәртіп ережелері" тақырыбы
бойынша аударма жасау және әңгімелеп айту. Ы.Алтынсариннің "бай білім алушысы 
мен жарлы білім алушысы" әңгімесін ым-ишара тіліне аудару.
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
45. 7-сыныпта өткен тақырыптарды қайталау (2 сағат).
46. Ым-ишара тілі – қарым-қатынас құралы ретінде (4 сағат):
1) ым-ишара тілінің тарихы. Ым-ишараның вариативтілігі. Ым-ишара тілінің 
контекстіге байланысты өзгеруі: кеңістікте орналасуына байланысты (үстінен 
қарағанда, астынан қарағанда, солдан, оңнан); іс-әрекет тәсіліне қарай (жүру – 
жоғарыға қарай жүру, төменге қарай жүру, айқасып жүру, аяқты ауыстырып жүру, тұру
, секіру, шалыну, құлау) өзгеруі.


47. Ым-ишара тілін мәнерлеп айту тәсілдері (3 сағат):
1) сыртқы көріністі сипаттаудағы мимика рөлі (үлкен-дәу, кішкентай –титтей, 
бұрыннан – бұрыннан-бұрын, тез-жылдам); қол қимылдарының мәнерлілігі, дене 
қимылдары.
48. Ым-ишара білім алушымасы бойынша – жалпы қолданыстағы сөздердің 
мағынасын атау (3 сағат):
1) жалпы қолданыстағы сөздерді ым-ишара тілімен жеткізу білу (мәңгілік, мүмкін, 
ешқашан, себебі, сол себепті, бұрын, айырмашылық).
49. Ым-ишара білім алушымасы – тұрмыстық заттар түсініктерін атау (3 сағат):
1) тұрмыстық заттардың ым-ишара тілімен айтылуы (тырма, дүние-мүлік, 
сыпыртқы, пеш, орындық, перде, терезе, баспалдақ, тоқ, сым, арба, бөшке, құдық).
50. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері (3 сағат):
1) қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері жайлы әңгімелерді ым-ишара тіліне 
аудару.
51. Ым-ишара білім алушымасы - медициналық түсініктер атауы (4 сағат):
1) медициналық терминдерді білдіретін сөздерді ым-ишара тілімен айту (дәріхана, 
дене, емделу, массаж, стерильді, бинт, мақта, дәрумен, дәрігер, тазалық, тұмау, құсу, 
жақсару, дене қызуы) "Дәріханада" сюжетті-рөлдік ойыны.
52. Ым-ишара білім алушымасы - уақыт түсініктерінің атауы (4 сағат):


1) нақты уақыт, тәулік уақытын, жыл мезгілі мен уақытын нақты көрсететін 
атауларды ым-ишара тілімен айту: қашан: таңертеңгісін, күндіз, кешке, күзде, жыл 
сайын, апта сайын, әрқашан, түстен кейін секілді сұрақтар. "Қай уақыттан бері?", "Қай 
уақытқа дейін?" сұрақтарды ым-ишара тілімен көрсету (сағат бесте, сағат беске, сағат 
бестен кейін, сағат беске дейін, сағат бестен онға дейін, бес сағаттан кейін, бестерде, 
бес сағаттан). Күн тәртібі туралы хабарлама. "Менің оқу күнім" диалогі.
53. Ым-ишара білім алушымасы – кеңістіктік қарым-қатынасты білдіретін атаулар (
3 сағат):
1) "іс-әрекет бағытын", "іс-"әрекеттің орнын" білдіретін мағыналарды ым-ишара 
тілінде айту. "Қашан? Қайда? Қайдан?" сұрақтарының мағынасын жеткізу. Қайда 
мағынасындағы сұрақтарды жеткізу (мектепке, үстелге, үстелдің астына, үстелден ары)
; қайдан? (мектептен, бұлттар арасынан, ағаштан, көрпе астынан). Асхана, сынып 
бөлмесін сипаттау.
54. Ым-ишара білім алушымасы – себеп-салдарлық қатынасты білдіретін атаулар (3 
сағат):
1) "себеп", "салдар" түсінігін жеткізу, "не себепті?", "мынау не себептен болды?" 
мағынадағы сұрақтарды жеткізу. Тұрмыстық жағдайлардың себептері жайлы диалогтер
, өз іс-әрекеттерінің себептері. Жеңіл және күрделі сөйлемдер құру; себеп-салдарлық 
байланыстар жайлы логикалық ой толғау. Қ.Жұмаділовтың "Адасқан білім алушы" 
әңгімесін ым-ишара тіліне аудару.
55. Ым-ишара білім алушымасы – мақсатты тәуелділікке байланысты атаулар (2 
сағат):
1) қарым-қатынасты білдіру тәсілдері (мағынаны жеткізу: азық-түлік алу үшін). 
Мақсатты тәуелділіктерді ым-ишара тілімен жеткізу (керек), (қажет), (біз от жақтық – 
жағу керек); ым-ишарамен дактилеманы біріктіре отырып (үшін), кино көру үшін, біз 
жол жүрудің негізгі ережелерін есте сақтауымыз керек.


6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
56. 8-сыныпта өткенді қайталау (3 сағат).
57. Ым-ишара тілінің ерекшеліктері (дыбыспен салыстырғанда) (2 сағат).
58. Ым-ишара тілінің лексикалық бірліктерінің синкретизмі (3 сағат):
1) ым-ишара тіліне мәтінді аудару. Ым-ишара тілімен мәтінді әңгімелеу.
59. Ым-ишара омонимдері, синонимдері, антонимдері (3 сағат).
60. Заттардың іс-әрекетін ым-ишара тілімен көрсету (2 сағат):
1) қазақ тілінің етістіктері (тазалау, сүрту, жылыту, қуып жету, келемеждеу, 
шомылу, көшу, аулау, жарылу, сыпыру, ашу, қадалып тұру, табу).
61. Мен – азаматпын (3 сағат):
1) талқылауға арналған тақырыптар: азаматтық, Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік рәміздері, білім алушының құқықтары мен міндеттері, дамуға қажетті 
шарттарға құқықтары, отбасыға құқығы, өз ойын жеткізуге құқығы, жауапкершілікке 
тартылған жағдайдағы білім алушының өз құқығы.
62. Ым-ишара білім алушымасы – болымсыз, қарсылық мәндегі атаулар (3 сағат):
1) қарсылық мәнді білдіретін ым-ишара амалдары: қарсылық –келіспеу (келіспеймін
, бермеймін, сенбеймін, мен бұған қарсымын, бұл лимон емес); жоққа шығару (түк 
шықпайды, қолымнан келмейді), бұйрық – тыйым (болмайды, секірме, өтірік айтпа); 


жоқ болу (менде жоқ); келісім бермеу (жасамаймын, қаламаймын, қарсымын); 
қарсы-мәндес сөздерді пайдала отырып диалог құру.
63. Ым-ишара білім алушымасы – медицина тақырыбындағы атаулар (3 сағат):
1) медицина және денсаулық сақтау ұйымы (емхана, талдау, бауыр, қан, тамыр, 
зертхана, бактерия, микроскоп, емделу, дәрумен, жүрек, алдын-ала емдеу, қан қысымы)
. "Мен емханада дәрігерде" тақырыбына диалог.
64. Ш.Айтматовтың "Атадан қалған тұяқ" әңгімесін ым-ишара тіліне аудару (3 сағат
).
65. Мен және менің болашақ мамандығым (3 сағат):
1) талқылауға тақырыптар: жасөспірімдердің өз қалауынша кәсіби бағдарлануы, 
мамандық таңдауға дайындалу, адамның қызығушылығы мен талпыныстары, 
мүмкіншілігі мен кәсіби жарамдылығы.
66. Мен – бозбілім алушымын (бойжеткенмін) (3 сағат):
1) талқылауға тақырыптар: жасөспірімдердің психофизиологиялық ерекшеліктері, 
жасөспірімдік шақтағы жеке тазалық ережелері, жаман әдеттер мен жасөспірімдердің 
денсаулығы. Дені сау болу, яғни сұлу болу.
67. Мен және экология (3 сағат):
1) талқылауға тақырыптар: адам және экология, адамның қоршаған ортаға әсері, 
қоршаған ортаның ластануының түрлері, қоршаған ортаны қорғау. Х.Андерсеннің "
Қайтпас қайсар калайы солдат" әңгімесін ым-ишара тіліне аудару.
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны


68. 9-сыныпта өткенді қайталау (3 сағат).
69. Калькаланған ым-ишара тілі мен сөздік ым-ишара тілі (3 сағат).
70. Қазіргі заманғы қоғам мен естімейтін адамдар (2 сағат):
1) естімейтін білім алушыларға арналған ең алғашқы мектептер.
71. Заманауи сөздердің ым-ишара тілімен айтылуы (4 сағат):
1) жалпы қолданыстағы сөздер: дискриминация, кибербулинг, ереже, примитивті, 
эрудиция, мәтін аудару.
72. Ым-ишара білім алушымасы – медицина тақырыбындағы атаулар (3 сағат):
1) медицина және денсаулық сақтау ұйымы (дене, анатомия, жүрек, өкпе, асқазан, 
бауыр, терапевт, салдану, наркоз, ота, инфекция, дезинфекция, донор, ыстық, жұқпалы,
көру қабілеті, соқырлық, ауру, аурухана, сауықтыру орталығы, бюллетень, 
кардиограмма, карантин). "Ауруханада" тақырыбына диалог.
73. Мен және менің жақсы қасиеттерім (3 сағат):
1) талқылауға тақырыптар: тәртіп ережелерінің пайда болу тарихы, этикет, 
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау тәртібі.
74. Қауіпті жағдайларда адамның қауіпсіздігі мен қорғанысы (3 сағат):
1) талқылауға тақырыптар: жолмен жүрудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт 
қауіпсізідігі ережелері және өрт кезіндегі тәртіп, суда шомылудың ережелері.


75. Өндіріс және өнеркәсіп (3 сағат):
1) ым-ишара тіліне сөздерді аудару (ағаш өңдеу өндірісі, көлік өндірісі, металл 
өңдеу, мұнай, газ өнеркәсібі, табиғи және жасанды тастар бұйымы өндірісі, ауыл 
шаруашылығы және балық шаруашылығы, жылумен қамтамасыз ету, көмір және 
таукен өндірісі, қара және түрлі түсті металлургия);
2) 14-16 ғасырдағы қазақ поэзиясы, Асан қайғыны ым-ишара тіліне аудару.
76. Мен – тұлғамын (3 сағат):
1) талқылауға тақырыптар: отбасы жағымды мектеп ретінде, сенім, рухани қолдау, 
жетістік жағдайы, қайғыға ортақтасу.
77. Тіл, тарих және мәдениет. Естімейтін білім алушылар қауымдастығы (3 сағат):
1) естімейтіндердің қоғамдық, мәдени, спорттық өмірі. Қазіргі кезеңдегі 
естімейтіндердің білім алу мәселесі.
78. Қауіпті және оқыс жағдайлардағы адамның қауіпсіздігі мен қорғанысы (4 сағат):
1) талқылауға тақырыптар: тұрмыстық химиядағы қауіпті құралдар мен заттар, 
таныс емес адамдармен қарым-қатынастағы қауіпсіздік ережелері, қауіпті табиғи 
құбылыстар және олардан қорғану.
8-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
79. Пәндік нәтижелер.


80. Білім алушылар:
1) дактилдеу техникасын;
2) ым-ишара құрылымын;
3) ым-ишараның грамматикалық элементін;
4) ым-ишара тілінде өтілген тақырыптарға сай заттардың атауларын;
5) ым-ишараттық тілінде іс-әрекеттердің мағынасын түсініп, айта білетін болады.
81. Білім алушылар:
1) болған жағдайды ым-ишара тілінде белгілеу;
2) қайталанып көрсетілетін дактилеманы ым-ишара тіліне аудару;
3) диалогқа қатысу (сұрақ қою,сұхбат құрушы адамды қолдау);
4) өткен материалдар бойынша екі жақты ым-ишара сөзбен және сөз-ым-ишара 
тілмен байланысқа түсу;
5) берілген мәтіндерді оқып, ым-ишаралық тілде орындау;
6) берілген сұрақтарға ым-ишарамен жауап беру;
7) ым-ишаралық тілде белгілі бір мәтін бойынша сөйлем құрастыру дағдыларын 
меңгеретін болады.


9-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
82. Пәндік нәтижелер.
83. Білім алушылар:
1) дактилдеу техникасын;
2) ым-ишара құрылымын;
3) ым-ишараның грамматикалық элементін;
4) тақырып бойынша ым-ишара тілімен заттарды белгілеуді;
5) ым-ишараттық сөйлеу тілін ауызша сөйлеу тіліне аударуды;
6) белгілі бір тұжырымды білдіретін сөз тіркестерін ым-ишаралық тілде 
іс-әрекеттердің мағынасын түсініп, айта білетін болады.
84. Білім алушылар:
1) болған жағдайды ым-ишара тілінде белгілеу;
2) хабарлама мазмұнына жоғары көңіл-күйін білдіре отырып, өз әсерін білдіру;
3) диалогқа қатысу (сұрақ қою, сұхбат құрушы адамды қолдау,жағдайын сұрау, 
сендіру);


4) өткен материалдар бойынша екі жақты ым-ишара сөзбен және сөз-ым-ишара 
тілмен байланысқа түсу;
5) керекті сөздік материалды өзбетінше дайындау;
6) өз тілегін ым-ишараттық сөйлеу тілінде білдіру;
7) өз басынан өткен қызықты оқиғаларды және отбасы жайында ым-ишара сөйлеу 
тілінде айту;
8) мұғалімнің берген тапсырмасына сәйкес ым-ишара тілінде әңгіме құрастыру 
дағдыларын меңгеретін болады.
10-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
85. Пәндік нәтижелер.
86. Білім алушылар:
1) заттарды номинациялауда ым-ишара тілінің рөлін (заттардың белгілеріне, 
іс-әрекеттеріне қарай);
2) тақырып бойынша ым-ишара тілімен заттарды белгілеуді;
3) дактильдеудің ережелеріне сәйкес артикуляцияны ілестіруді;
4) тақырып бойынша ым-ишарамен сөйлеу тілінің белгіленуін білетін болады.


87. Білім алушылар:
1) айтылған жағдай бойынша, ым-ишара тілімен сипаттай алу;
2) өткен материалдар бойынша екі жақты ым-ишара сөзбен және сөз-ым-ишара 
тілмен байланысқа түсу;
3) диалогқа қатысу (сұрақ қою, сұхбат құрушы адамды қолдау, жағдайын сұрау, 
сендіру);
4) өз бетінше ым-ишара тілін байыту;
5) мұғалімнің көмегімен диалогқа қатысу, ым-ишарат сөйлеу тілімен сұрақ қойып, 
оларға жауап беру;
6) ым-ишарамен сөйлеу тілімен сол күнгі болған оқиғаларды сипаттап, айту;
7) мұғалім және сыныптастарының берген тапсырмаларын түсіну және 
калькаланған ым-ишарат сөйлеу тілін қолдану дағдыларын меңгеретін болады.
88. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" 
құрмет көрсету;
Заңына
2) жоғары патриоттық сезімін көрсете білу;
3) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп
жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа 
құндылықтарына құрметпен қарау;


4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық 
нормаларды сақтай білу;
5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігі;
6) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алу дағдыларын танытады.
89. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:
1) ым-ишаратынан алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде пайдалана 
алуынан;
2) ым-ишарат негізінде көркем ойлай алатын және өз ойларын бейнелі тілмен 
шешен жеткізуге дағдылануынан;
3) өзіне қажетті ақпаратты іріктеп алып, өңдеп, өзгелерге түсінікті етіп жеткізуге 
дағдылануынан;
4) оқу процесінде алған түрлі ақпараттарды дұрыс қабылдауын және дұрыс түсінуін
ым-ишарат сөйлеу тілінде орынды қолдана білуінен;
5) ым-ишарат сөйлеу тіліндегі шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын 
қалыптастыруынан көрініс табады.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 327-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта 
білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Ым-ишаралық тіл" пәнінен үлгілік


оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 327-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет