Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет17/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

60-ші жылдың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебеп партиялар деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі – партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешіліктеріне мән берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка елдерінде тез етек алуда. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады;
Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатысуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрыңғы СОКП.
Сайлаушылар партиясы. Олардың негізігі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру; қаржы жинау, үгіт жүргізу т.т. Оларды тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және дамократиялық партиялар.
Парламенттік партия. Ол негізігі екі қызметті атқарады. Сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерде (жерглікті өзін-өзі басқару органдары) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер-министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.
Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелері талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға “Жасылдар” партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.
Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр:
Коммунистік партиялар мен социал радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады.басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба бұрыңғы КСРО батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет