«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет169/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   188
Байланысты:
материал пед

 
КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ 
БОЛАШАҚ МАНСАБЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Өмірбекова М.Ж 
«Зияткер» ММЛ қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімі 
 
Абайдың жасы он үшке келгенде әкесі оны асығыс ауылға алдырды. Ол 
балаларының ішінен әзірге өзіне көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде, 
Абайға тоқтады. «Әке – балаға сыншы» деген мақал бар. Оның үстіне Құнанбай 
сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Он үш жасар балаға үлкендермен 
келелі істерді кеңесу оңай ма! Бірақ ақылды бала тез төселіп, ел басқару ісіне 
еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны туралы алғашқы жазған жақын 
туысы Кәкітай: «Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, 
жұртты өзіне қаратып, әкесіне үлкен көмегі тиген», - деп айтқан болатын. 
Байқағанымыздай әке бала бойындағы ерекшелікті байқап, үлкен үмітпен үлкен 
жолға салған еді. Абай әке үмітін ақтап шықты емес пе? Ол бір елдің емес, 
дүйім қазақтың ұлы болды. Ол бір қазаққа ғана емес, әлемге танымал болды. 
Сондықтан жастайынан балаға көңіл бөліп, дұрыс бағыт-бағдар беру - әр 
үлкеннің қолында деп ойлаймын. Мейлі ол ата-анасы болсын, мейлі ұстазы 
болсын. 
«Өсер елдің баласы он бесінде баспын дер, Өшер елдің баласы отызында 
жаспын дер» - дейміз де өз пікірімізге қайшы келіп жатамыз. Жас буын 
жеткіншектерге сенімсіздік танытып, күдікпен қараймыз, басынамыз. Ал, болар 
бала, шаршы топқа осы жасында танылып жатпай ма? Балалардың болашағы 
олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата - анасының 
сіңірген еңбегіне, тәлім - тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан әрбір ата - 
ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеуі міндет. 
«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» дейді дана халқымыз. Соның 
алғашқысы – мамандық таңдау болса, екіншісі – жар таңдау! Осы күні мектеп 
бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындық үстінде. 
Қайқайсысының болсын, «түн ұйқысын төрт бөлген» сындарлы сәттің де ауылы 
алыс емес. Болашақты болжап, таңдау пәнін ой елегінен өткізіп, санасы 


408 
сансаққа жүгіретін кез ғой. Алда – үлкен өмір жолы, үлкен таңдау күтіп тұр. 
Ол, әрине – мамандық таңдау мәселесі. 
Жоғарыда келтірілген мысалдардан не байқаймыз? Кәсіптік бағдар беру 
жұмыстары қазақтарда ертеден жүріп отырған. Оған мынадай мақал-мәтелдерді 
мысалға келтіре аламыз. «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады», 
«Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп», «Мың кәсіпке талпынсаң, Бір кәсіптен айрыласың», 
т.б. 
Әдебиет сабағында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүріп отырады. Бірақ 
басты мәселе тек жалаң білімде емес. Мәселен, Мұхтар Шахановтың «Арман» 
өлеңін мысалға келтірейік. Небәрі он екі жасар балалардың таңдауына назар 
салсақ. 
Басты кейіпкер Дойыл қандай кәсіп таңдап еді, қандай мақсат қойып еді?
Шектесетін қулықпен де, ар мен де... 
Саудагер боп шықсам деймін, жан баба. 
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке 
Өмірімді құрсам деймін есепке. 
Қаншама елмен сауда-саттық жасауға 
Соншама елдің тілін білу керек қой,- 
деп саудагерлік жолды таңдаған еді. 
Ал Әбу ше? Әбудің мақсаты не еді?
Ұлы баба, бірақ менің арманым 
Парыз бенен махаббаттан құралған. 
Шамын жақсам ғылым менен өнердің, 
Елімді зор мерекеге бөлермін. 
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен 
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел. 
Мен өзіме риза емеспін, елімнің 
Сүйеніші бола алмасам егер де,- деп таңдаған кәсібінің елге пайда 
әкелгенін қалайтынын көреміз.
Яғни, алған білімің мен бойыңдағы өнер жүрекке бағынбаса, не пайда? 
Мен біледі екенмін, мен жасай алады екенмін десе де, елге пайдасы жоқ , тек 
қара басының қамы үшін ғана жұмсалса, ол білім мен өнерден не пайда? Не 
ғайбыл?
Дойыл керемет білімді, бірнеше тіл білгенімен, соңында«Саудагерді өзге 
түгіл өзінің 
Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда» делінген.
Ал Әбуіміз 
«Кеңге жайды ол қанатын, 
Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын, 
Әбуіміз - біздің ұлы бабамыз 
Әбу-Насыр әл-Фараби болатын», - деп «Екінші ұстаз атанған», 
«Энциклопедист-ғалымды» мысалға келтіреді.
Тылсым өмірде нағыз азамат, адам атты адам болу – оңай емес. Заманның 
үнемі құбылмалы, өзгеріс айналымында жүретініне қарамастан, ең бағалы 


409 
адамгершілік қасиетті мәңгілік тұтуымыз керек. Мәселен, қазіргі жастардың 
өзіндік өмірлік ұстанымы бар. Біреулері мемлекеттің мәселелеріне назар 
аударып, дамуына үлес қосса, өзгелері жеке басын ойлап, шетелдің мәдениетін 
өздігінен артық көреді. Бірлікте көптеген белестерді бағындырамыз демекші, 
қоғам мәселесін қозғай отырып, ортақ шешім қабылдауымыз керек. Шынымен, 
қазіргі таңда шет елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып жүрміз, бірақ өзге 
елдің тарихымен таныспас бұрын, туған елдің қадір-қасиетін түсінуде 
қиыншылықтар бар екені сөзсіз. Қазақ жастарының мәдениеттілігін таразыға 
салсақ, екеуінің бірі басым деп айтуға тура келеді. Ұлтымызға сай, кеңпейіл, 
қарапайым қазақи мінезді жадымызда сақтап, мақтан еткеніміз абзал. Соңғы 
кезде, заманауи талаптың сұранысы бойынша, техника әлемінің құлдарына 
айналдық. Адам баласының ой-өрісі, сөздік қоры, сенімділік қасиеттері 
жылдан-жылға кеміп барады десек, қателеспіз. Кез-келген адамның 
жұртшылықпен байланысы, пікір алмасушымен ой бөлісу, әңгіменің анық та, 
тартымды болуына негізделеді. Сондай-ақ, адамзат табиғатынан көркем сөз бен 
өнерге құштар болып келеді, шынайылыққа тікелей қарайтын болсақ, осындай 
құштарлық бүгінгі күні көпшіліктің назарынан тыс, керісінше техника 
төңірегінде тіршілік етіп, жансыз дүниеге құмармыз. 
Сонымен қорыта келе, кәсіптік бағдар беруде ұстанатын басты қағидат- ар 
мен ұят, отаншылдық, рухани байлық бірінші орында болғаны дұрыс. Қандай 
маман иесі болсаң да, халқыңа пайда әкелер болса, сол игі. 
Абай атамыздың қара сөзінен мысал айтпай кету мүмкін емес. Отыз 
үшінші қара сөзінде «Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың 
әулиесі сол» деген еді. Бірақ өнерлі қазақтардың өзінде кеселдер болады екен. 
Атап айтсақ, талапсыздық, еріншектік, салғырттық, кербездік, мақтаншақтық, 
тамыршылдық. Сондықтан артылғаан істің жауапкершілігін сезіне білу керек. 
Ардың жүгін арқалаған 550 жылдық тарихы бар ұлттың болашағына мұндай 
кері пиғылдар жараспасы хақ. Болашақ жеткіншектерді содан аулақ 
ұстағанымыз жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет