35
Болмысындағы мейірімділік, рақымдылық нұры өшіп, жыртқыштық,
қайырымсыз қатігездік үстемдік алғанда, адам адам болудан қалып, жабайы
аңға, қорқауға, қасқырға ұқсайтыны ақынның жүрегін шошытады.
Адамның өзі сияқты
басқа адамға адамшылықпен, мейірімділікпен
қарауы – үлкен рухани құндылық. Кісінің өзіне тілемеген жамандықты өзгеге
де тілемеуі, өзіне тілеген жақсылықты өзгеге де тілеуі – адамшылықтың
бірден-бір басты негізі. Бұлардың қайнар көзі – үш сүюде. Оның біріншісі
және әуелгісі – Аллатағаланың адамды сүюі; екіншісі – адамның адамды сүюі;
үшіншісі – адамның адамзаттың бәрін сүюі бауырым деп. Бұл үшеуінің
тұтастығын Абай «имани гүл» деп түсіндіреді. Адамның жүрегінде осы
үшеуінің бірі болмаған жағдайда, қалған екеуіне де орын жоқ. Құдайға құрметі
жоқ адам өзге адамның қадіріне жетпейді.
Адамның өзгеге жақтырмай,
жыртқыштың, қорқаудың, қасқырдың көзімен қарауының себебі осында.
Ақынның суреттеп отырғаны біреу немесе екеу емес, одан әлдеқайда көп.
Екінің бірі емес, екінің екеуі де біріне-бірі «қасқыр көзбен қарап», тісін
қайрайтынға ұқсайды. Ал мейірімділіктің безбені бос тұр.
Бұл ақынның
ойынан шығарғаны емес, көз алдындағы шындық көріністі шынайы қалпында
бейнелеуі нәтижесінде туған көркем сурет. Автор фәнилік драма өзегіндегі
қайшылық пен тартыстың сыртқы қыры мен ішкі сырын осы шындықтан
табады.
Замана өзгереді... Ол түсінікті...
Ел арып, аз ғана топ ісініпті.
Сол топтың жастарына жан ашиды,
Білместен кетер ме екен кісілікті...
Ел арыған. Аз ғана топ ісінген. Ел жоқтықтан арыған болса, аз ғана топ
тоқтықтан, байлықтан ісінген. Фәнилік драманың бір желісін ақын жердің үсті
мен астындағы қазына-байлықты өзінің иелігіне алған аз ғана топ пен сол
топтың жастарына тән мінез-құлықтың, соларға тән таным мен тағылымның
кісілікке жатпайтын ынсапсыз сойқанынан,
тоймайтын көзінен, толмайтын
аранынан таратып айтады. «Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған
орныма ағып келе берсін деген ол не деген ынсап?» [2, 205-206], не деген
кісілік? Бұл - кісіліктен кеткен жанның мінез-құлқының көрінісі. Кісіліктен
кеткен, ынсапсыз жанды кісі деуге негіз жоқ.
Фәнилік драмадағы тартыс
өзегіндегі қайшылықтың бір қыры осындай.
Қолыңда болсын мейлі Жер кіндігі,
Ашылсын әміріңмен ел түндігі,
Құдірет емес оның бәрі, бәрі,
Құдірет – өз ойыңның еркіндігі! –
төрттағанындағы ақындық ойдың түйіні – ойдың еркіндігі. Рубаятта ойдың
еркіндігімен тең түсер күш жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: