Жануарлар этологиясы



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1431
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қиыр  шығыстық  ірі  сусарлардың  кабаргаға  үйірлік  аңшылығы  біршама 
қызығушылықты  тудырады.  Е.Н.Матюшканың  бақылаулары  бойынша  2-5 
сусардан  тұратын  топ  өзен  аңғарын  зерттейді,  біресе  тарап,  біресе  қайта 
жиналады.  Кабарганы  тапқаннан  кейін  құрбанын  жағадан  өзен  мұзына  қууға 
тырысады.  Кабарганы  қуа  отырып,  біресе  біреуі,  біресе  екінші  сусар  бүйірден 
соғып,  бауырдан  шабуылдайды.  Жануардардың  «кооперациясы»  аңшылық 
жетістігін  бірден  арттырып  жібереді.  Әдетте  кабарга  өлімнен  қаша  алмайды.
 
Д.В.Радаковтың  бақылаулары  бойынша  үйірлік  жыртқыш  балықтар 
құрбанды қоршап, үйірден бір балықты қуып шығып, панасынан алып шығуға, су 
шетіне  қуып  тығуға,  оны  бағытынан  шатастырып,  бір-біріне  олжа  тауып 
алғандығы туралы белгі беруге тырысады.  Бір балықты бірнеше жыртқыш қуған 
кезде құрбан  қашып  құтылмақ  болып,  ең  соңында  есеңгіреп  қалады,  қозғалысын 
тоқтатып,  оңай  олжаға  айналады.  Қудаланатын  жануарлардың  есеңгіреуі  туралы 
көптеген авторлар да жазады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ерекшелеу қызметіне байланыстырылған мінезқылық 

 
126 
 
Ерекшелеу  қызметі  және  жылуды  реттеумен  байланыстырылған 
мінезқұлықтар: 
1. Ерекшелеу қызметімен байланысты мінезқұлық. 
2. Жылу реттеуімен байланысты мінезқұлық. 
3. Жылу реттеу 
Өкінішке  орай  біз  иттердің  иіс  сезу  белгілері  мен  олардың  көздері  туралы 
әлі  аз  білеміз  (жалпы  жануарлардың  химиялық  коммуникациялары  туралы). 
Мысалы, иттердің артқы жағында дара үшін ерекше иіс беріп, нәжіске сөл бөлетін 
қос  без  бар  екендігі  белгілі.  Оның  үстіне  ит  құйрығы  негізінің  үстіңгі  жағында 
1925  жылы  Сетон  сипаттап  берген  ерекше  без  бар,  оны  сөлі  де  аталған 
индивидуум  туралы  ақпарат  көзі  болуы  мүмкін.  Сондықтан  да  иттер  өздерінің 
аталастарының анал ауданы мен нәжісіне соншылықты қызығушылық танытатын 
тәрізді. 
 
 
Нәжісті  иіс  шығаратын  басқа  да  заттек  көздері  тәрізді 
иттер территорияны белгілеу үшін қолданады. Белгілеу – жер беті жануарларының 
көптеген түрлері үшін маңызды болып табылады: өзінің мекендеу ауданының әр 
түрлі  нүктелерінде  иіс  шығаратын  заттарды  қалдыра  отырып,  олар  өзі  туралы 
басқаларға хабарлайды. Иіс шығаратын белгінің арқасында даралардың популяция 
ішінде  құрылымдық  бөлініс  жүзеге  асырылады,  жыныстық  серіктестер  бір-бірін 
оңайырақ  тауып  алады,  ал  қарсыластар  тура  байланыстан  қашып,  «қожайыны» 
туралы біршама толық ақпарат алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кейбір  кездері  иісті  белгіге  көрінетін  белгі  де  қосылады:  сондықтан  да 
төбеттер  асқазанын  босатқаннан  кейін  сол  жердің  маңайын  аяғымен  қопарады, 
алайда  ол  иттің  нәжісін  тығу  қажеттілігімен  байланысты  емес.  Алайда 
территорияны  белгілеу  үшін  иттер  әдетте  зәрін  қолданады.  Қаншықтар  мен 
төбеттердің зәр сындыру үдерістері әр түрлі. Басқа дараның белгісіне жақындаған 
төбет оны мұқият иіскеп, аяғын көтеріп, сол жерге кішігірім өз зәрін қалдырады. 

 
127 
 
Ол үдерістің басқа да белгісінің жанында болуы алдыңғы түсініктемеден түсінікті 
болуы  тиіс:  себебі  дәл  осы  жерде  «ақпаратпен  алмасу  пункті»  орналасады. 
Бұрындары ешбір ит болмаған таныс емес жерде ит әдетте тым болды аздап биік 
орналасқан жерге (тас, бұта) жақындап, соған зәр сындырады. Оның үстіне оның 
өзінің зәр иісі оның дәл осы жерге басқа ит белгісін тастап кеткенге дейін кедергі 
келтіретін болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Торлы орында немесе басқа иттер кірмейтін алаңда өмір сүретін иттер сирек 
белгі жасайды. Оқшау жерде өскен ересек төбеттер әдетте белгі жасамайды.  
 
Алайда  иіс  шығаратын  белгілермен  территория  шегі  мен  оған  деген  құқық 
ғана белгіленіп қоймайды. Басқа итті кездестірген әр ретте төбет ыңғайлы (кейбір 
кездері  қожайынының  көз  тұрғысынан  ыңғайсыз)  жерде  белгі  қалдырады. 
Сонымен  қатар  төбет  белгісін  неғұрлым  биік  қалдырса,  оның  иерархиялық 
жүйедегі алатын орны да соғұрлым биігірек деген пікір бар. Алайда ол әділ емес 
тәрізді:  кейбір  кездері  физикалық  тұрғыда  белгіні  биік  қалдыра  алмайтын  ұсақ 
иттер доминант болып шығады. Бұл жерде ең маңызды фактор белгілеуші дараны 
«өз эмоциясын күштірек білдіруге» мәжбүрлейтін қозу деңгейі болып табылады. 
 
Иттер басқа иттің белгісін иіскеу кезінде қандай ақпарат алады? Ол сұраққа 
жауап беру оңай емес, алайда С.А.Корытиннің тәжірибелері бұл мәселеге біршама 
жарық түсіруге мүмкіндік береді. 10 км жолда әрбір 200 м сайын арша бұтақтарын 
қойып,  жартысына  алты  айлық  аталық  зәрін  құйып,  қалғандарына  –  ересектің 
зәрін құйған. Жол бойынша үш рет өткізген ересек төбет ересек аталық белгілеген 
бұтақтарды  жиірек  белгілеген.  Осылайша,  төбеттер  зәрлік  белгі  қалдырған 
даралардың жастарын ажыратады.   
 
 
 
 
 
 
Ерекшелеу 
қызметімен 
байланысты 
аналықтардың 
мінез-құлығы 
аталықтардың мінезқұлығынан ерекшеленеді. Аналық иісті белгілер қалдырылған 
белгілі бір жерлерге ғана барады, оның үстіне өз үйіне жақын жерде ғана болады. 
Әдетте  зәр  сындыру  кезінде  ол  отырады  (алайда  кейбір  кездері  аналық  аяғын 

 
128 
 
көтеретін кездер де болады, алайда ол өте сирек болатын жағдай). Нәжіс шығару 
кезінде  қаншықтар  төбеттер  тәрізді  әрекет  жасайды,  алайда  қаншықтар  жерді 
аяғымен сирек қопарады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Арнайы  келтірілген  зерттеулерде  әр  түрлі  тұқымды  ит  төбеттері  жынысы 
бірдей  дараларды  қарама-қарсы  жыныстылардан  зәр  иісін  ажырата  алады. 
Аналықтардың эструсы жайлы ақпарат зәрде ғана емес, нәжісінде де болады. Ол 
кезде  қаншықтарда  ерекше  иісті  заттар  –  жыныстық  феромондар  пайда  болады, 
дәл  солар  төбеттерді  өзіне  тартады.  Жалпы  феромон  деп  жануардың  қоршаған 
ортаға  шығаратын  және  басқа  дараларда  белгілі  бір  мінезқұлықтық  және 
физиологиялық реакциясын тудыратын жеке заттар немесе сол заттардың қоспасы 
аталады. Әдетте сүт қоректілердің феромондары  – құрамына бірқатар компонент 
кіретін  заттардың  күрделі  қоспасы  болып  табылады.  Алайда  өзара  қарым-
қатынастың  жыныстық  саласында  ол  әрқашан  солай  бола  бермейді:  жемісті 
феромондар  бір-екі  қоспадан  тұратын  қарапайым  құрам  да  болуы  мүмкін.  1979 
жылы  М.Гудвин  әріптестерімен  бірге  қаншықтарда  ерекше  зат  –  метил-р-
гидроксибензоатты  аңғарған.  Егер  оны  анэструс  жағдайындағы  аналықтың 
жыныстық мүшелеріне жақса, төбеттің мінез-құлығы өзгере бастайды.  
 
 
Басқа  авторлар  бигльдер  анэструстегі  аналықтарға  қарағанда  эструстегі 
аналықтардың  зәріне  екі  есе  көбірек  назар  аударғандығын  анықтаған.  Егер 
эстралды  аналық  зәрінің  химиялық  құрамын  өзгертіп,  одан  негізгі  және  қышқыл 
қоспаларды  алып  тастайтын  болса,  онда  ол  анэструс  жағдайындағы  аналыққа 
ұқсайтын  болады.  Оның  үстіне  анэсталды  қаншық  зәріне  метил-р-
гидроксибензоатты қосу  оны  зерттеу  уақытын  ұлғайтпайды.  Сондықтан иттердің 
жыныстық феромонының химиялық табиғаты мәселесі әлі шешілмеген жағдайда. 
 
Иттер эструс жағдайын өз тұқымдастарында ғана емес, сонымен қатар ұқсас 
түрлердің  аналықтарында  жақсы  анықтайды.  Керемет  аңшылық  қасиеттерге  ие 
Гудвин  атты  такса  төбеті  апаннан  жанаттәріздес  иттің  аталығын  алып  шығып, 

 
129 
 
кейін  аналық  қалған  апанға  қайта  кіргеннен  кейін  кенет  үруін  қоя  қояды. 
Қожайынының бұйрығы бойынша ол бәрібір аналықты апаннан алып шығады, ал 
ол  өлген  болып  өтірік  істеген  жағдайда  (жанаттәріздес  иттердің  жақсы  көретін 
тәсілі) оған жағына бастайды, ол кезде аналық эструс жағдайында болып шықты. 
 
Иттер  үшін  тағы  бір  маңызды  қабілет  –  жеке  индивидуумдардың  иістерін 
тану. Шынымен  де,  жеке  тану  –  жануарлардың  химиялық  коммуникациясын 
зерттеушілер  үшін  ең  тартымды  міндет  болып  табылады.  Алайда  біз  әлі  иттерде 
ғана емес, сонымен қатар қандай да бір сүтқоректілер түрінде индвивидуумдарды 
тану қалай жүретіндігі туралы ештеңе білмейміз десе де болады.  
 
 
 
Көптеген  иттер  қасқырлардан  қорқады,  оның  иісін  сезгеннен  кейін  із 
бойынша  жүрмей,  қорыққаннан  жүнін  көтеріп,  құйрығын  қысып,  қожайынының 
аяғына  қарай  тығылады.  Жоғарыда  аталған  С.А.Корытин  өлген  кәрі  қасқыр 
қаншығының құйрықасты бездерін кесіп алып, сол без салынған шыныны әр түрлі 
иттерге ұсынған. Тоғыз иттің сегізінде қорқыныш білінген, алайда олардың бір де 
біреуі бұрындары қасқырлармен кездеспеген. Осылайша, қасқыр иісіне деген тума 
реакциясы болуы мүмкін. 
 
Біз оқырман иістер иттер өмірінде қаншалықты 
маңызды  екендігіне  және  иттер  оны  бір-бірімен  араласу  кезінде  қалай  қолдана 
алатындығына  көз  жеткіздік  деп  үміттенеміз.  Кейбір  кездері  қожайын  итін 
қардағы  белгіден  (басқа  жерде  оны  көре  де  алмайсың)  сүйреп  әкетіп  бара 
жатқанын  немесе  итіне  басқа  итке  жақындағаны  үшін  ұрысып  жатқанын  көруге 
болады.  Алайда  иттер  қоғамдастығының  мүшесі  және  «толыққанды  тұлға»  болу 
үшін мұндай қарым-қатынас түрі міндетті түрде қажет қой. Иіскеуге тыйым сала 
отырып,  біз  оны  мұндай  мүмкіндіктен  айырамыз,  оның  сыртқы  өмірін 
кедейлетеміз.  Сол  сияқты  итке  қарама-қарсы  жынысқа  деген  табиғи  қарым-
қатынасы үшін де ұрсуға болмайды. Сіздің төбетіңіз қандай да бір «ханымға» тым 
көп  назар  аударатыны  ұнамаса  –  көрген  кезде  оны  басқа  уақытта  шығарыңыз 
немесе көшенің басқа жағында қыдыртыңыз, алайда жазаламаңыз. «Адамгершілігі 

 
130 
 
жоғары» ит көбейту үшін тиімсіз болып қалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алайда біздің үйдің иті нәжісте немесе өлікте жатқанын көрген кезде – бұл 
жерде ешбір қожайын шыдамайды. Шындығына келгенде мұндай мінезқұлықтың 
да коммуникацияға тура қатынасы бар. Денесіне уқалау арқылы иіс жағу (ол өлік 
немесе нәжіс болуы міндетті емес) тергоралық реакция деп аталады. Ол көптеген 
сүтқоректілерде,  сонымен  қатар  жыртқыштарда  ғана  емес,  сонымен  қатар 
кеміргіштерде  де,  тұяқтыларда  да  және  басқаларында  да  белгілі.  Тергоралық 
оқыту барысында емес, мұралық жолмен беріледі. Ол үшін қоздырғыштар қызмет 
етеді. Тергоралық реакцияның биологиялық мәні қандай?  Қызметтерінің  бірі  – 
ольфакторлық  мимикрия,  яғни  басқа  нысанға  еліктеу.  Иттер  үшін  бұл  қызметті 
атавизм  ретінде  қарастыруға  болады.  Дәл  соны  иттердің  жабайы  ата-бабалары 
олжаға байқаусыз жақындау үшін басқа жануарлардың иісін өзіне жаққан. Кейбір 
кездері  жыртқыштар  өздеріне  басқаларын  тартатын  заттарды  жағады,  мысалы, 
мускус  (кейбір  кеміргіштерде,  жыртқыштарда  және  тұяқтыларда  бөлінетін 
мускусты бездердің сөлі көптеген жануарларға қатты әсер етеді). Енді олар басқа 
түрлерге еліктемей, құрбандарын өздері шақырады.   
 
 
 
 
 
Үстіне  өлік  иісін  жағу  басқа  дараларға  тамақ  көзіне  деген  жолды  іздеп 
табуға көмектеседі. Өліктен қайтқан итті иіскегеннен кейін басқа иттер соның ізі 
бойынша қоректі іздеп тапқан жағдайлар да болған. Әрине, тұрмыстық өмірде бұл 
әдет  аса  ыңғайсыз  және  итті  одан  арылту  қажет,  алайда  ол  оңай  болмай  шығып 
жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кейбір кездері жануарлар қандай да бір заттың иісінен ерекше рахаттанатын 
кездер болады, сол кезде  олар сол иісті өзіне жағуға тырысады. Біз иттер жайлы 
айтып  жатқанымен,  еденге  бірнеше  валерьяна  тамшысын  тамызған  мысықтар 
туралы еске түсірмей болмайды.    
 
 
 
 
 
 
Тергоралық  реакцияның  тағы  бір  қызметі  –  антипаразиттік.  Үстіне  иіс 

 
131 
 
шығаратын  заттарды  жаққан  ит  бүргелер  мен  басқа  да  эстопаразиттерден  арыла 
алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осылайша, біздің асырандыларымыздан бақылайтынның барлығы өте заңды 
және  өз  тамыры  мен  биологиялық  қызметі  бар,  бақылап,  әр  түрлі  деректерді 
салыстыруды  үйренсек  болды,  достарымызды  жақырақ  түсініп,  оны  жазалауды 
доғарамыз және осыдан кейін ол бізге адал қызмет ететін болады. 
Жылуды  реттеумен  байланысты  мінезқылық.  Пойкилотермді  ағзалар. 
Пойкилотермді  ағзаларға  (грек.  poikilos  –  өзгеретін,  ауыспалы)  құстар  мен 
сүтқоректілерден  басқа  органикалық  әлемнің  барлық  таксондары  жатады.  Оның 
атауы  осы  топтың  өкілдерінің  барынша  көрінетін  қасиеттерін  атап  көрсетеді: 
қоршаған  орта  температурасының  өзгеруіне  байланысты  кеңінен  өзгеретін  дене 
температурасының тұрақсыздығы осыған тән.   
Дене 
температурасы. 
Пойкилотермді  ағзалардың  жылу  алмасуының  басты  ерекшелігі  метаболизм 
дейгейінің  төмендігі  арқасында  қуат  көзін  сыртқы  шығару  болып  табылады. 
Пойкилотермді 
ағзалардың 
дене 
температурасының 
сыртқы 
орта 
температурасына,  дәлірек  айтқанда  сырттан  келетін  жылу  ағымына  тура 
тәуелділігінің  түсіндіріледі,  себебі  пойкилотермді  формалардың  радиациялық 
жылытуды қолдануында.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дене  температурасы  мен  орта  температурасының  толық  сәйкестігі  сирек 
кездеседі.  Көптеген  жағдайда  осы  көрсеткіштер  арасында  белгілі  бір 
айырмашылық  болады.  Ортаның  төмен  және  қоңыржай  диапазондарында  есін 
жиған жағдайдағы ағзалар денесінің температурасы жоғары, ал ыстық жағдайда – 
төмен  болып  келеді.  Дене  температурасының  орта  температурасынан  артуы 
алмасу деңгейі кезінде де эндогенді жылудың шығуымен түсіндіріледі  – дәл осы 
дене температурасының артуын туындатады. Ол негізінен белсенді қимылдайтын 
жануарларда  байқалады.  Мысалы,  қалыпты  жағдайдағы  бунақденелілерде  дене 
температурасының  орта  температурасынан  артық  болуы  градустың  оннан  бір 

 
132 
 
бөлігімен  көрінсе,  белсенді  ұшып  жүрген  көбелектер,  аралар  мен  басқаларында 
температурасы  сыртта  100С  болғанына  қарамастан  36-400С  деңгейінде 
сақталынады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ыстық  аптап  кезіндегі  сыртқы  орта  температурасына  қарағандағы 
дененікінің  төмен  болуы  ең  алдымен  температураның  жоғары  және 
ылғалдылықтың  төмен  болуы  кезінді  артатын  булану  салдарынан  жылуды 
жоғалтумен байланысты.  
 
 
 
 
 
Пойкилотермдердің  дене  температурасының  өзгеру  жылдамдығы  оларды 
көлемдерінің  кері  тәуелділігімен  байланысты.  Ол  ең  алдымен  салмақ  пен  үстіңгі 
беттің  қатынасымен  анықталады:  ірі  формаларда  дененің  салыстырмалы  үстіңгі 
беті азаяды, сәйкесінше ол жылуды жоғалту жылдамдығын да төмендетеді. Ол әр 
түрлі  тұқымдастар  үшін  температурасы  белгілі  бір  қалыпты  географиялық 
аудандарды  немесе  биотоптарды  мекендеу  мүмкіндігін  анықтағандықтан  орасан 
зор экологиялық мәнге ие. Мысалы, суық суларда ауланған ірі терілі тасбақаларда 
тұңғиықтағы  дене  температурасы  теріс  болған,  су  температурасынын  180С 
жоғарырақ;  ол  тасбақалардың  дәл  сол  үлкен  көлемдері  мұхиттың  ең  суық 
аудандарына енуге мүмкіндік береді, ал ол көлемі кішірек түрлерге тән емес. 
 
Енжар  тұрақтылық.Қарастырылып  отырған  заңдылықтар  шеңберінде 
белсенді  тіршілік  сақталатын  температура  өзгерістерінің  диапазонын  қамтиды. 
Суыққа  төзімді  өсімдіктердің  «шынығуы»  -  кезең  бойынша  жүріп  өтетін  және 
ағзадағы  біршама  күрделі  физиологиялық  және  биохимиялық  өзгерістермен 
байланысты  белсенді  маусымдық  үдеріс.  Жануарларда  табиғи  жағдайда  естен 
тануға  өту  үдерісі де  көптеген жағдайда  маусым  бойынша  жүреді және  ағзадағы 
физиологиялық өзгертулер кешенімен анықалады. Естен тануға өту үдерісі қандай 
да  бір  көлденең  факторлармен  реттелуі  мүмкін,  осыған  байланысты  объективтік 
материал кеңінен тұжырым жасау үшін жеткіліксіз болып табылады.   
 
 
Температурлық  адаптация.Пойкилотермді  тірі  ағзадер  барлық  орталарда, 

 
133 
 
температуралық  шарттары  әртүрлі  жерлерде  таралған.  Барлық  жағдайларда 
температуралық  реакцияның  принциптерін  сақтай  отырып,  әр  түрлі  түрлер  мен 
тіпті популяцияның бір түрінің ерекшелігіне сәйкес климатқа өз шыдамдылығын 
көрсетеді. Атап айтқанда, ол жылу және суық нысандарынан өз көрінісін табады, 
яғни  суық  климатта  мекендейтін  түрлер  жоғары  температураға  қарағанда  төмен 
температураға  шыдамды  болып  келеді,  ал  жоғары  температурада  мекендейтін 
түрлер кері реакцияны көрсетеді.   
 
 
 
 
 
 
Артикалық 
және 
антрактикалық 
балықтар 
керісінше, 
төмен 
температураларға  жоғары  төзімділігін  және  температура  жоғарлағанда  өте 
сезімтал екенін көрсетті. 
 
 
 
 
 
 
 
Гомойтермді  ағзадер.Осы  топқа  жоғары  омыртқалар  –  құстар  мен 
сүтқоректілерді жатқызамыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Гомойтермді,  пойкилотермді  жануарлардан  негізгі  айырмашылығы 
органның  ішкі  ортасын,  жылу  гомеостаздың  белсенді  қызмет  көрсету  кешенді 
реттеу тетіктерін, оларды пайдалану негізінде қоршаған ортаның температуралық 
жағдайларына  бейімделуі.  Биохимиялық  және  физиологиялық  үрдістер  үнемі 
оңтайлы температуралық жағдайларда жүзеге асады.  
 
 
 
 
Гомойтермді  жылуалмасу  типі  құстар  мен  сүтқоректілерге  тән 
метаболизімнің  жоғары  деңгейіне  негезделеді.  Бұл,  жануарлардың  зат  алмасу 
қарқындылығының  оңтайлы  темпретурасында  басқа  тірі  ағзаларға  қарағанда 
жоғары болып келеді. Дене салмағы бірдей болғанда (2,5 кг) жыланның тәуліктік 
метаболизмінің саны 32,3 Дж/кг (382 Дж/м2) құрайды, суырда – 120,5 Дж/кг (1755 
Дж/м2), коянда – 188,2 Дж/кг (2600 Дж/м2). 
 
 
 
 
 
 
Метаболизмнің  жоғары  деңгейі    жылу  балансының  пайдалану  арқылы 
гомойтермді  жануарлардың  өз  жылу  өндіру,  сыртқы  жылу  құны  салыстырмалы 
түрде  шағын  екендігіне  әкеледі.  Сол  себептен  құстар  мен  сүтқоректілерді 
эндотермді ағзаларға жатқызамыз.   
 
 
 
 
 
Эндотермия 

 
134 
 

маңызды  қасиет  болып  саналады,  соның  арқасында  сыртқы  орта 
темпратурасынан ағзаның тәуелділік тіршілігі төмендейді.  
 
 
 
Дене температурасы.  Гомойтермді  жануарлар  өз  жылу  өндіру  есебінен 
жылумен  ғана  емес  ерекшеленеді,  бірақ  өндіру  мен  жұмсау  қабілеті  белсенді 
болады. Осының арқасында оларға жоғары және тұрақты дене температурасы тән. 
Құстардың қалыпты түпкі дене температурасы шамамен 41-С әр түрлі түрлерінің 
құбылуымен  38  –  43,5  С.  Толық  тыныштық  жағдайында,  бұл  айырмашылықтар 
бірнеше  ажыратылады,  39,5  -  43,0  С  дейін  құрайды.  Жеке  ағза  деңгейінде  дене 
температура жоғары дәріжесін көрсетеді. Оның тәуліктік өзгерісі  әдетте 2-4 С-дан 
аспайды және бұл тербелістер ауа температурасына байланысты емес, зат алмасу 
ырғағын көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тұяқты  және  жыртқыш  жануарларда  дене  температурасы  өзіне  тән 
деңгейінде  сақталады.  Түраралық  айрмашылық  әдетте  35,2  –  39  С  дейін 
диапазонында  өзгереді.  Көптеген  сүтқоректілерге  ұйқы  кезінде  дене 
температурасының төмендеуі тән.   
 
 
 
 
 
 
 
Аталғанының  барлығы  терең  дене  температурасың  сипаттайтын  жылулық 
жай-күйі  деп  аталатын  термостатикалық  денеге  «ядро»  жатады.  Барлық 
гомойтермді  жануарларда  сыртқы  қабаттары  (денесінің  жамылғысы,  бұлшық  ет 
бөліктері  және  т.б.)  кем  немесе  айқын  «қабыршағын»  құрайды.  Осылайша, 
тұрақты  температура  маңызды  ішкі  ағзалар  мен  үрдістерді  окшаулап  ғана 
сипаттайды.  Тіннің  үстірттіктері  температурасының  айқын  ауытқуын  қстайды. 
Ағзаға  үшін  бұл  пайдалы  болуы  мүмкін,  өйткені  мұндай  жағдайда  температура 
градиенті ағза шекарасында және қоршаған ортада төмендейді. 
Терморегуляция  және  оның  механизмдері.  Физиологиялық  механизмдер 
ағзаның  жылу  гомеостазын  қамтамасыз  етеді.  Ол  екі  функционалдық  топтарға 
бөлінеді: химиялық механизмдер және физикалық жылу реттеу. Химиялық жылу 
реттеу ағзаның дене қызуын білдіреді. Жылу үнемі ағзада метаболизмнің тотығу-

 
135 
 
тотықсыздану  реакциялар  үрдісінде  өндіріледі.    Дене  температурасы  жоғары 
болғанымен,  оның  бір  бөлігі  сыртқы  ортаға  беріледі.  Сондықтан,  тұрақты  дене 
температурасының төмендеуі кезінде метаболизм тиісті күшейту үрдістерін талап 
етеді.  Дене  қызуының  рефлекторлық  үрдісі  химиялық  жылу  реттеу  деп  аталады. 
Жылу,  энергия  бөлу  түрінде  барлық  ағзалар  мен  тіндердің  және  барлық  тірі 
ағзаларға  тән.  Жылу  реттеу  негізінен  ерекше  нысандармен  байланысқан  бұлшық 
еттерде  шоғырланған.  Тыныштықта  жатқан  бұлшық  етте  жылу  арттуы  мүмкін, 
сондай-ақ жасанды функциялар әрекетімен ерекшеленеді.   
Жылу  реттеудің 
ең  көп  таралған  тетіктердің  бірін  жылу  реттеу  тонусы  деп  атайды.  Жылу  реттеу 
тонусы орналасқан бұлшық еттер оттегіні пайдалануды  жоғарлатады. Аса қатты 
салқындату кезінде онымен қатар жылу реттеу тонусының күрт артуымен бұлшық 
еттінің  жиырылуы  пайда  болады.  Бұл  ретте  газ  алмасу  300  –  400%-ға  дейін 
арттады.  Сүтқоректілерде  шайнау  бұлшық  етінің  рөлі  зор.Суық  ұзақ  әсері  еткен 
кезінде  термогенездің  түрі  өзге  дәрежеде  болуы  мүмкін.  Бұл  механизм 
қысқартылған  бұлшық  ет  қызметімен  байланысты.  Еркін  тыныс  шығарған 
қызудын жалпы салмағы, термогенез сияқты бірдей, бірақ жылу энергиясы бірден 
тұтынылады, тотығу үрдістері АДФ немесе бейорганикалық фосфаттың болмауы 
салдарынан тоқтауы мүмкін.  
 
 
 
Сүтқоректілерде  тағы  бір  термогенездік  нысан  бар,  ол  қоңыр  май 
тіндеріндегі тотығумен байланысқан тері астында, мойында және кеуде бөлігінде 
қоңыр  май  тіндері  қалыптасады.  Коңыр  майдың  құрамында  көп  мөлшерде 
митохондриялар мен пронизан болады. Суык әсерінен коңыр майда қан айналымы 
көбейіп, жылудың бөлінуі мен оның тынысы артады. Оның маңыздылығы, тікелей 
жақын орналасқан ағзалар кызады: жүрек, ірі тамырлар, лимфа түйіндер, сондай-
ақ  орталық  жүйке  жүйесі.  Ұйқыдан  оянған  жануарлар  негізінен  қоңыр  майды 
пайдаланады. Құстарда қоңыр майдың қызметі әлсіз.  Зат  алмасуының  өзгеруі, 
гомойтермдік  жануардың  ағзасының  және  ортаның  температура  әсерінен 

 
136 
 
туындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ағзаның қоршаған ортамен жылу алмасуы реттелген күйде болады. Мұндай 
температуралық  интервалды  термонейтральды  аумақ  деп  атайды.  Зат  алмасудың 
дәрежесі бұл аумақта аздаған болады. Қоршаған ортамен жылу балансы орнайтын 
температураның  нақты  мәнін  ескере  отырып  критикалық  нүкте  туралы  ылғи 
айтылады.  Тоериялық  тұрғыдан  бұл  дұрыс,  алайда  тәжірибелік  жағынан  мұндай 
нүктені  орнату  мүмкін  емес,  өйткені  метаболизмнің  ұдайы  заңдылыққа 
бағынбайтын  тербелістері  мен  жабындарының  жылу  өткізгіштік  қасиетінің 
тұрақты еместігі байқалады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Термонейтральды  аумақтан  тыс  қоршаған  ортаның  температурасының 
төмендеуі  зат  алмасудың  дәрежесінің  рефлекторлық  көтерілуін    және  жаңа 
жағдайлардағы  ағзаның  жылу  балансын  орнатқанға  дейінгі  жылу  өндірісін 
тудырады.Осыған  қарамастан  дененің  температурасы  өзгеріссіз  қалады.
 
Термонейтральды  аумақтан  тыс  қоршаған  ортаның  температурасының 
көтерілуі де зат алмасудың деңгейінің жоғарылауын тудырады, олар өз кезегінде 
жұмысына  қажетті  қосымша  энергияны  жұмсауды  талап  ететін  жылу  беру 
механизмінің  қосылуымен  сипатталады.  Белгілі  бір  дәрежеге  жеткенде  жылу 
берудің  күшейтілген    механизмдері  эффективті  емес болып  шығады,  қызып  кету 
байқалып, соңында ағзаның өлуі болады.  
 
 
 
 
 
 
Химиялық  терморегуляцияның  түрлік  ерекшеліктері  негізгі  алмасудың 
(термонейтральдықтың 
аумағында), 
термонейтральды 
аумақтың 
көлемі, 
орналасуы, химиялық терморегуляцияның интенсивтілігі (ортаның температурасы 
10С-қа  төмендегендегі  зат  алмасудың  артуы)  және  де  терморегуляцияның 
эффективті    әсерінің    дәрежесінің  айырмашылығымен  сипатталады.  Аталған 
барлық параметрлер жеке түрлердің экологиялық спецификасын сипаттайды және 
бейімделушілік  түрде  географиялық  орналасуына  қарай  аудан,  жыл  мезгілі  және 
басқа да экологиялық факторлардың әсерінен өзгеріп отырады.    
 

 
137 
 
 
Физикалық 
терморегуляция 
морфофизиологиялық 
механизмдердің 
жиынтығын құрайды,  жалпы жылу балансының бір құрама бөлігі ретінде ағзаның 
жылу 
беруінің 
тұрақтылығымен 
байланысты 
болады. 
Гомойотермді 
жануарлардың  жалпы  жылу  беру  дәрежесін  анықтайтын  негізгі  тетігі  –  жылу 
өткізгіш  жамылғылардың  құрылымы.      Жылі  өткізгіш  құрылымдар  (құс  жүні, 
шаш)  гомойотермияға  себепші  болмайды,  көбіне  аз  энергиялық  күш  жұмсап 
гомойотермияны іске асыруға жәрдем береді деген қате түсінік қалыптасқан. Бұл 
қалыпты  төменгі  температура  жағдайында  өмір  сүру  кезінде  ерекше  маңызды 
болып  табылады.  Сондықтан  жылу  өткізгіш  жамылғы  құрылымдары    мен  тері 
асты  майларының  қабаттары  салқын  климатты  аймақтарда  өмір  сүретін 
жануарларда  айқын  байқалады.  Көптеген  жануарларда  терморегуляция  нәтижелі 
жұмыс  істеуіне  бағытталған  оптимальды  дене  температурасы  болады.  Осы 
белгіленген  температура  төмендесе олардың  зат  алмасуы  төмендейді, бұлшық  ет 
белсенділігі  азаяды  және  жануар  әлсірейді.  Егер  оптимальды  температурадан 
жоғары  болса,  зат  алмасу  үрдісі  күшейеді  және  оның  тиісті  дәржесін  ұстап  тұру 
үшін көптеген шығын жұмсалады. Сонымен қатар, ағзаның өмір сүруінің жоғарғы 
температуралық  шегі  болады.  Көптеген  түрлерде  бұл  шекті  көрсеткіш  47°С-ты 
құрайды.  Ағзаның  зат  алмасушылық  реакциялары  үздіксіз  жылу  бөліп  отырады 
және  жануар  қаншалықты  белсенді  болса,  соншалықты  жылу  көп  мөлшерде 
бөлінеді.  Бірақ  кей  жағдайларда  суық  қоршаған  ортада  қалыпты  зат  алмасу  мен 
белсенділіктен  алынатын  калориялар  суыққа  төзу  үшін  аз  болады  және  де  сонда 
жануарлар  зат  алмасуды  күшейте  отырып  қосымша  күш  өндіре  алады.  Көптеген 
омыртқасыздар олардың температурасының қоршаған ортаның температурасымен 
бірдей болуына байланысты салқынқанды болып келеді.     
 
 
 
 
Зат  алмасу  реакцияларының  интенсивтілігі  температурамен  анықталатын 
болғандықтан,  мұндай  жануарлар  дене  температурасы  төмендей  бастағанда 
белсенділігін  азайтуға  мәжбүр  болады.  Бірақ  кейбір  омртқасыздарда,  мысалы 

 
138 
 
Porcellio  scaber  есекқұртында  және  қырықаяқтың  дене  температурасының 
төмендеуі  қосымша  белсенділікті  стимулдайды  және  осылайша  сыртқы  орта 
температурасына  қарағанда  жоғарғы  температураны  ұстап  тұруға  қабілетті 
болады.    Жылықанды  жануарлардың  калорияларының  түзілуін  интенсивтендіру 
үшін,  бұлшықет  белсенділігін  арттырады,мысалы  дірілдеу  және  тиреоидты 
гормондардың  зат  алмасудың  интенсивтілігіне  тура  әсер  етуімен  күшейтуге 
болады.  Азық қабылдау да  жылу бөлінуді күшейте алады, өйткені ол ас қорыту 
кезінде  бөлінеді.  Салқын  жағдайларда  көптеген  жануарлар  азықты  күштеп 
қолданады. Жылуды  негізінен  сыртқы  көздерден  алатын  жануарларды  – 
экзотермді,  ал  ішкі  үрдістердің  ғана  энергиясын  қолданатын  жануарларды  – 
эндотермді деп атайды.  
 
 
 
Экзотермді жануарлар кейде өзінің 
қызуын күн сәулесі арқылы күшейтеді, мұнда ашық иүсті обьектілерге қарағанда, 
қара  түсті  обьектілер  күн  сәулесін  көп  тұтынады.  Кейбір  кесірткелердің  түрлері 
жылулық  қажеттіліктеріне  қарай  түсін  өзгерте  алады.  Мысалы,  шөл  далалық 
игуана Dipsosaurus dorsalis. Таңертеңгі уақытта дене температурасы төмен кезінде  
қара түсті болады, кейін температураның көтерілуіне қарай бозғылттана бастайды, 
40°С температурада түсінің өзгеруінің орта деңгеіне жетеді.  Осындай әдістермен, 
кейбір  тасбақалар  көп  жылу  алу  үшін  күн  көзіне  өзінің  қара  табанын  шығарып 
жатады.  
 
 
 
Зат алмасу реакциялары тоқтаусыз жылу шығарады және жануарлар әсіресе 
белсенді  күйде  болса  тез  қызады.  Қызып  кету  өте  ыстық  ортада      және  жылу 
шығару  үрдісі  бұзылғанда  дами  бастайды.  Жануарлардың  денесінің  летальды 
температурасы  өте  жоғары  болмауына  байланысты,  салқындатқыш  механизмдер 
тез және нәтижелі болуы керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дене  бойынан  жылуды  төрт  тәсілмен  жоғалтады:  өткізгіштік,  конвекция, 
сәулелену, булану. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өткізгіштік, немесе жылу өткізгіштік – қатты және сұйық денелерде әр түрлі 

 
139 
 
температурадағы  жылу  аймақтарында  тасымалданады.  Ол  ағзаның  ұлпаларында, 
немесе  олардың  араларында  және  сыртқы  обьектілерінде  орналасуы  мүмкін.  
Өткізгіштік  дене  ішіндегі  май  қабаттары  арқылы  және  дененің  бетінде 
қылшықтық  және  жүнді  жамалғымен  ұсталынып  тұратын  ауа  арқылы 
туындалатын жылу изоляциясымен төмендетілуі мүмкін.    
 
 
 
 
Конвекция  –  ағымды  ортадағы  жылудың  тасымалдануы.  Жылу  салқын 
беткейлік  ұлпаларға  дененің  ішкі  жағынан  келетін  жылы  қанның  ағымы 
нәтижесінде жоғалады.  Осылайша, қан ағымының периферияға бағытталуы жылу 
регуляциясының маңызды бөлшегі ретінде қызмет етеді.    
 
 
Сәулелену  –  бұл  жылу  тасмалдаушыға  тәуелді  емес  және  вакуумда 
орындалатын  жылу  берілудің  формасы.  Сәулелену  кезіндегі  жылудың  жоғалуы 
шамамен жануар мен сыртқы ортаның арасындағы температура айырмашылығына 
пропоциональды болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Сәулелену  барысында  жылу  біресе  жойылады,  біресе  қайта  келеді  және 
жануарлардың түсі жылу жоғалуына әсер етпейді. Қара жануарлар ақ түстілеріне 
қарағанда  көбірек  күн  сәулесін  тұтынады,  ал  ақ  түстілері  жарықты  қатты 
шағылыстырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарлардың  денесінің  дымқыл  беткейлерінен  судың  булануы  жылудың 
бөлінуіне  байланысты  және  сергектенудің  маңызды  тәсілі  ретінде  көптеген 
түрлерде қодлданылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әр  түрге  жататын  жануарлар  әр  түрлі  дәрежеде  осы  төрт  тәсілдермен 
берілетін  жылудың  мөлшерін  қадағалап  отыра  алады.  Олар  көбіне  жылу 
изоляциясын  өзгерте  отырып  өткізгіштікке  байланысты  жылудың  бөлінуін 
қадағалайды. Ұзақ уақытқа созылатын регуляция май бөлінудің күшеюімен және 
қыс мезгілінде түктің өсуімен, жазда осы үрдістердің баяулауымен  жүзеге асады.  
 
 

 
140 
 
Дене  температурасы  зат  алмасудың  бастапқы  субстраттары  мен 
макроэрикалық  қосындыларының  (АТФ)  барлық  биохимиялық    үрдістерінің 
жанама  өнімі  болып  табылады.  Биологиялық  субстраттардың    ыдырауының 
барлық  үрдістері  жылудың  бөлінуіне  әкеп  соғады.    Температураға    жасушалық 
мембрананың 
өткізгіштігі, 
жүйкенің 
қоздырғыштығы 
мен 
бұлшықет 
жасушаларының  өзгергіштігі  байланысты  болып  келеді.    Дененің  тұрақты 
температурасы  тек,  жылу  өндіру  мен  жылу  бөліне  үрдістерінің  арасында  тепе  – 
теңдік орнағанда ғана сақталады.     
 
 
 
Химиялық 
үрдістер 
барысында 
туындайтын 
жылуды 
химиялық 
терморегуляция деп аталады. Әсересе гомойотермді жанкарлардың жылу бөлудегі 
регуляцияға  қабілеттілігі  маңызды  орын  алады.  Бұл  физикалық  терморегуляция. 
Жылу  бөліну  негізінен  радиацияның  көмегімен  жүзеге  асады  (  жайлылық 
температуласында  45-55%  жылу),    15-30%  жылу  конвекция  есебінен  бөлінеді 
(дененің сыртқы орта есебінен қызып кетуі), булану ( температураның көтерілуіне 
байланысты). Бұл дененің беткейінен тердің булану үрдісі және  5%-ын кондукция 
құрайды.  Жылу  беру  үрдістерін  көбіне  жүрек  –  қан  тамырлар  жүйесінің  әсер 
етуімен анықтайды, өйткені ол қан ағымын терең ұлпалардан беткейлік ұлпаларға 
тасымалдай алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оның  әр  түрлі  аумақтарының,  тіпті  гомойотермді  жануарлардың  да 
денесінің  температурасы  әр  түрлі  болып  келеді.  Терморегуляцияның  жүйесі  
шамамен 37с болатын дененің температурасын ұдайы қалыпта ұстап тұруы қажет 
(  теріден  2  см  тереі  барлық  ұлпаларда).    Терморегуляцияның  рецепторлары 
ағзаның  барлық  жерінде  орналасқан,  бірақ  оларда  30С-қа  дейінгі  температура 
ауытқулары  болуы  мүмкін.  Мұзда  жатқан  итбалықтың  денесінің  температурасы 
0С-қа  тең.    Осылйша,  перифериялық  рецепторлар  температура  жайлы  әр  түрлі 
ақпараттарды  саралайды.  Интерорецепторлар  ағзалардың  функционалды 
белсенділігіне  байланысты  бірдей  емес  параметрлерді  бағалайды.  Орталық 

 
141 
 
терморецепторлар біркелкі емес температураны ба,алайды, олар 1-2С шамасында 
ауытқуы  мүмкін.  Терморегуляцияның  жағдайы  жайлы  мәліметтер  барлық 
термикалық  белгілер  қосылатын  гипоталамуста  талданады.  Терморегцляцияның 
орталығының  алдыңғы  бөлімі  жылу  беруге,  ал  артқы  бөлігі  жылу  өндіру  ме 
химиялық терморегуляцияға жауап береді.  
 
 
 
 
 
 
 
Гомойотермді жануарлардың ағзасына қоршаған ортаның температурасы 
үш түрде әсер етуі мүмкін: 
1.Директивті  (  мысалы  –  құстар  орташа  тәуліктік  температураның 
төмендеуіне  байланысты  жылы  жаққа  ұшып  кетеді).  Яғни  температура 
жануарлардың мінез – құлқына едәуір әсер етеді. 
 
 
 
 
 
2.Реттеуші.  Температура  тер  бездерінің  жұмысын,  гормондардың  жұмысын 
–  ең  алдымен  энергетикалық  сипаттағы  гормондар,  катехоламиндер,  зат  алмасу 
үрдістерін,  бұлшықеттердің  жұмысын  реттейді.  Бұлшықеттер  жылу  өндірудің 
негізгі  жүйесі  болып  табылады,  олардың  ықшамдалуынан  көп  мөлшерде  жылу 
пайда болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.Патогенді,  терморегуляцияның  бұзылуының  барлық  үрдістері  2  фазада 
өтеді: компенсация және декомпенсация.  
Қалтырау  –  пирогендердің  әсеріне  гомойотермді  жануарлардың  типтік 
терморегуляциялық  реакциясы,  ол  терморегуляцияның  жаңа  деңгейдегі 
орнатылатын  нүктесінің  өзгеруімен  байланысты.  Қалтырау  –  ол  типтік 
патологиялық  үрдіс,  оның    жеке  нозологиялық  формалары  болмайды. 
Қалтыраудың  дамуына  пирогендер  –  бергілі  бір  терморегуляторлы  белсенділігі 
бар заттар себеп болуы мүмкін.     
Пирогенді  заттар  екі  формада  болады: 
экзогенді  және  эндогенді.  Экзогенді  пригенді  заттар  қалтырауды  тудырмайды. 
Олар  тек  ағзаде  эндогенді  пирогенді  заттардың  қалыптасуына  ықпал  етеді. 
Экзогенді  пирогенді  заттар  2  топқа  бөлінеді:  жұқпалы  және  жұқпалы  емес. 
Экзогенді пирогендер микробтардың токсикалық, әсіресе грамтеріс қасиеттерімен 

 
142 
 
тығыз байланысты. 
Температура қаншалықты жоғары болса, интоксикация да 
соншалықты  көп  болады  деген  тұжырым  бар.  Бұл  дұрыс,  бірақ  пирогендер 
өздігінен  токсиндер  бола  алмайды,  олар  микробтардың  цитоплазмалық 
мембраналарының  және  түрлік  спецификасынан  айырылған    липопротеидтердің 
ыдырауының өнімдері болып табылады. Олар бөгде заттар болғандықтан, ағзаның 
фагоциттерімен  сіңіріледі.  Жұқпалы  емес  пирогендер  –  бұл  жасушалардың 
ыдырауынан  пайда  болған  өнімдер.  Осы  барлық  құрылымдар  фагоцитозға 
ұшырайды.  Фагоцитоз үрдісі кезінде ақуыздық комплекстердің жаңа туындылары 
пайда  болады  және  оларда  эндогенді  пирогендердің  (лейкоцитарлы)  пирогенді 
белсенділігі бар.  Пирогендерді туындату қабілеті  ағзаның барлық фагоциттеріне, 
бекітілген  (альвеолалық,  өкпелік)  және  бекітілмеген  –  макрофагтар  мен 
микрофагтарға    тән.  Микрофагтар  –  қанның  гранулоциттері  тез  әре  жылдам 
пирогенді заттарды түзеді (506 сағат шамасында), кейін өздері ыдырайды немесе 
синтезді  тоқтатады.    Макрофагтар  пирогендерді  2  тәулекке  дейін  өндіре  алады.
 
Пирогенді  заттар  гематоэнцефалитикалық  барьерден  өтіп,  гипоталамустың 
алдыңғы  бөлігінде  орналасқан  термосезәмтал  нейрондарға  жетеді,  ол  жерде  еі 
алдымен  суыққа  сезімтал  нейрондардың  функциясын  өзгертеді  және  эндогенді 
пирогендердің 
ықпал 
етуінен 
арахидин 
қышқылынан 
(мембрананың 
фосфолипидтерінің  ыдырауының  өнімдері)  Е  тобындағы  простогландиндерге 
алмасу  үрдісі  басталады.  Простогландиндер  циклдық  нуклеотидтерлің 
ыдырауының  ферменттерінің  функциясын  басу  қабілетіне  ие  (циклдық 
аденозинмонофосфатт бұзатын фосфодиэстеразаны баяулатады).  Осылайша олар  
цАМФ  –  тың  жасуша  ішілік  концентрациясын  ұлғайтады.  Жасушадағы  цАМФ 
концентрациясының  ұлғаюы  қарапайым  әсерлерге  оның  сезімталдығын 
арттырады.Терморегуляция  орталығының  белсенділігі  мен  сезімталдығы  артады. 
Қарапайым температуралық режиммен байланыстының барлығы, терморегуляция 
орталығы арқылы суытушы эффект ретінде қабылданады.  Сондықтан, ауырғанда 

 
143 
 
ең  алғашқы  сезетініміз  ол  тоңу  белгілері  және  дірілдеу.    Қалтыраудың  бірінші 
сатысы  дами  бастайды.  Ең  алдымен  ағза  жылу  бөлуді  тоқтатады.  Ағзаның 
перифериялық  бөлімдерінің  қан  айналымы  төмендейді  –  тері  жабындылары 
бозданады.    Бірден  бұлшықеттің  тұйықталу  үрдісі  –  дірілдеу  басталады.  Ағза 
іштей  жылына  бастайды,  бірақ  жылуды  сыртқа  бөліп  шығармайды.  Бұл  басында 
жылу  бөлінудің  азаюына  байланысты  жүреді.    Дене  температурасы  жоғарылай 
бастайды  –  жүрек-қан  тамырлар  жүйесінің  жұмысы  өзгереді,  қа  айналымның 
жылдамдығы артады, тыныс алу функциясы өзгереді.  Температураның көтерілуі 
патогенездің 2 факторына тәуелді болады: 
1.Эндогенді пирогенді заттардың мөлшеріне байланысты; 
2.Терморегуляция орталығының индивидуалды сезімталдығына байланысты 
(егеуқұйрықтарға  қарағанда    қояндар  қалтырауға  бейім,  бұл  терморегуляцияның 
орталығының сезімталдығының түрлік спецификалығына байланысты ). 
Қалтыраудың  екінші  дәрежесі  –  температура  көтерілгеннен  кейін,  ұдайы 
жоғары  температурада  болуға  тұрақтандырылады.    Терморегуляция  орталығы 
басқа  деңгейге  өтіп,  жылу  бөлінудің  көбеюіне  байланысты  терморегуляцияны 
қосады. Бұл деңгейде тамырлы реакциялар байқалады: бозғылттық гиперемиямен 
алмасатын  перифериялық  тамырлардың  созылуы.    Аурулары  да  сау  жануарлар 
секілді  бұл  деңгейде  жылу  мен  суыққа  тиісті  реакциялармен  жауап  қайтарады. 
Температураның 1 градусқа көтерілуі кезінде жүрек соғысының жиілігі минутына 
10-12  соққыға  дейін  төмендейтіні  белгілі.    Тер  пайда  болғанда,  температураның 
төмендеуі  байқалады  және    қалтыраудың  3  сатысы  –  ажыратылымдық  сатысы 
басталады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Терморегуляция 
орталығы 
өзінің 
бұрынғы 
белсенділігіне 
қайта 
қалыптасады. Тер бөлінуінің әсерінен жылу бөлу жылу өндіруге қарағанда үстем 
болады.  Температураның төмендеуі мен жоғарылауына байланысты 2 жағымсыз 
кезеңдері  пайда  болады:  біріншісі  температураның  көтерілуі  кезінде 

 
144 
 
терморегуляция  ақаулары  –  орталықтан  пайда  болған  қызу.  Егер  қалтырау  – 
қорғаныш  үрдісі  болса,  онда  қызып  кету  –  бұзушы  үрдіс  болып  табылады. 
Олардың  емделуі  де  әр  түрлі:  қалтырау  кезінде  антипростогландинді  ем 
қолданады, антипиретиктерді тағайындайды, ал қызып кету – бұл декомпенсация, 
ал  қалтырау  –  ағзаны  қорғаудың  ерекше  формасы.  Қалтыраумен  байланысты 
екінші  жағымсыз  кезі  –  егер  температура  өте  тез  төмендесе,  тамырлық 
жеткіліксіздік – коллапс пайда болады.  Көлеміне байланысты циркуляцияланатын 
қанның  жетіспеушілігі  байқалады.  Сон-дықтан  да  ауру  жануарларға 
температураның ақырындап төмендеуі (литикалық) оңай өтеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет