6.Гипофиз бен эпифиздің атқаратын қызметі. Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы-салмағы 0,5-0,7 гр шағын без. Ол үш –алдыңғы, аралық және артқы бөліктен тұрады. Гипофизде қанға және жұлын сұйықтығына бөлінетін көптеген әртүрлі гормондар жасалады. Бұл гормондар алуан түрлі қызметке әсер етеді. Гипофиздің алдыңғы бөлігі организмнің өсіп жетілуіне әсер ететін өсу гормонын жасап шығарады. Оның жеткіліксіз түзілуі бойдың өсуін тежеп, гипофиздік нанизм немесе ергежейлікке әкеп соғады. Ергежейлілердің дене пропорциясы, ақыл-ой қабілеттілігі мен психикалық дамуы қалыпты болады. Оларда ұрпақ, қосымша жыныстық белгілер (мұрт, сақал және т.б.) болмайды.
Балалар өсіп келе жатқанда организмде өсу гормоны мөлшерінің артық болуы дененің ұзаруы –алыптыққа әкеп соғады. Егер организмнің өсіп, қалыптасуы аяқталған болса, онда дене бөліктерінің пропорционалдығы бұзылады: аяқ-қол, мұрын ұзарады, ерін мен жақ қалыңдайды. Бұл акромегалия деп аталады. Ауру тез асқынып өлімге әкеп соғады, оның барысын сирек жағдайда ғана тежеуге болады.
Эпифиз (томпақша без), немесе жоғары ми қосалқысы ортаңғы ми аймағында орналасқан, салмағы 0,2 гр. Ол 4 жасқа дейін дамиды, одан соң кері даму процесі байқалады.
Эпифиз гормоны мезгілінен ерте жыныстық жетілуді тежеп, зат алмасуының кейбір түрлері мен организмдегі көптеген процестерге әсер етеді. Эпифиз бен гипофиз, сондай-ақ бүйрек бездері арасында физиологиялық антагонизм болатыны анықталған.
7. Мойын мен кеуде қуысы тұсында орналасқан бездердің ішкі секрециясы. Қалқанша безі мойында көмейдің алдыңғы жағына орналасқан, ол екі бөлік пен алқымнан тұрады. 7 жаста оның салмағы 6,5г, 11-15 жаста-15г, 16-20 жаста-23 грамға дейін жетеді. Қалқанша безі көптеген қан және лимфа тамырларымен, нерв талшықтарымен торланған. Оның безді көпіршіктері-фолликулдері бар, олардың іші құрамында иоды бар гормонды коллоидты заттарға толы. Нәресте мектеп жасына дейінгі балалар және төменгі сынып оқушыларында бездер активті қызмет атқарады, бірақ жыныстық жетілуге байланысты ортаңғы және жоғары сынып оқушыларында оның активтігі артады.
10-15 жастағы балаларда бездердің жедел өсуі ата-аналар тарапынан бұғақ (зоб) ауруына күдік тудырады, бірақ жыныстық жетілу аяқталған соң бәрі де қалпына келеді.
Ұйқы безі- құрсақ қуысында орналасқан. Оның салмағы нәрестеде 2,84 г, 1 жастың аяғында -11,36 г болады. 13-15 жасқа қарай оның салмағы ересек адамдағы ұйқы безінің салмағымен шамалас болады. Ұйқы безі қызметінің төмендеуі және қанда инсулиннің болуы ондағы қант мөлшерінің артуына себепші болады. Бұл жағдайда қант диабеті деп аталатын науқастың ауыр түрі пайда болады.
Бүйрек безі- бұл құрсақ қуысында бүйректің жоғарғы ұшында болады. Салмағы 10-16 гр. Бүйрек безі негізгі екі қыртысты және ми қабатынан тұрады. Қыртысты қабаттың үш аймағы бар, олар үш түрлі гормондар жасап шығарады.