4. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Әрбір адам өзінің дамуында 3 кезеңді басынан өткізеді: жетілу, кемел жас және кәрілік. Бала организімінің жетілуі- өсу және даму арқылы жүреді.
Баланың өсуі- жетіліп келе жатқан организмдегі сандық өзгерістер, яғни клеткалар санының дене салмағының және дене мөлшерінің артуы арқылы өтеді.
Баланың дамуы-организмде өтетін сапалы өзгерістер арқылы білінеді. Организмде болатын тұрақта сандық және сапалық өзгерістер бүкіл өмір бойы үздіксіз өтіп отырады. Бала организмі өсу мен даму процесінде өзгереді, жаңарады, онда жаңа клеткалар пайда болады, ескі клеткалар тіршілігін жояды, организмнің кейбір функциялары дамып отырады. Баланың өсуі мен дамуы үздіксіздігімен ғана емес сондай-ақ әркелкігімен де көзге түседі. Балалардың әркелкі дамуы олардың дене салмағына да әсер етеді. Бала организмінің өсуі мен дамуының әркелкілігі денесінің өсуіне ғана емес, сонымен бірге психикалық дамуына да әсер етеді.
5. Нерв жүйесінің маңызы және нейронның функциялары.
6. Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстерден ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
7. Балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтері.
8. Балаларды ұйықтатуға қойылатын талаптар.
5.Нерв жүйесінің маңызы және нейронның функциялары. Нерв жүйесі организмнің сыртқы орта әсеріне бейімделуін және біртұтас ретінде оның әсерінің іске қамтамасыз етеді. Рецептор қабылдаған тітіркендіру нерв импульсін тудырады, ол орталық нерв жүйесінде қайта жасалады және жұмыс мүшелеріне беріледі. Нерв жүйесі әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттейді, жекелеген сәттерде, сондай-ақ мүшелердің бүкіл өмір бойы олардың жұмысын өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдейді. Нерв жүйесінің жоғары бөлімі- ми қыртысы қызметінің арқасында адамда ойлау мен психика бар, ол өз мінез-құлқын реттей алады. Организмде нерв жүйесі басты бірінші болып қызмет атқарады. Себебі, организмдегі барлық процесттерді басқарып реттеп отыратын осы нерв жүйесі. Егерде, осы нерв жүйесі бұзылатын болса , онда организмнің барлық қызметі бұзылады. Нерв жүйесінің құрылысы өте күрделі болып келеді. Сыртқы немесе ішкі ортада жасалатын тітіркенулерді қабылдауға және пайда болған импульстерді орталыққа немесе жұмыс мүшелеріне өткізуге қабілетті, жоғары дифференциялы жасушалар мен олардың өскіндерін нейрондар деп атайды. Өскіндердің өзі 2-ге бөлінеді:оның ұзыны аксон, қысқасы дендриттер деп аталады. Өскіндердің тарамдары барлық ұлпалар мен мүшелерге өтеді, функциональды әрекеті бойынша арнайы ұштар түзеді. Олардың біреулері- тітіркенулерді қабылдайтын және импульстерді генерациялайтын (пайда болу) орын, ал басқалары-импульстерді жұмыс мүшелеріне беретін орын. Біріншілері рецепторлар деп, ал екіншілері-эффекторлар деп аталады. Рецепторлардың өзі экстерорецепторлар (сыртқы) және интерорецепторлар (ішкі) деп 2-ге бөлінеді. Экстерорецепторлар терінің, сілемейлі қабықтардың сыртқы қабатында, көздерде, құлақтарда т.б. орналасады. Олар сыртқы орта факторларының –температураның, жарықтың т.б. әсерлері мен өзгерістерін қабылдайды. Интерорецепторлар- ішкі мүшелерде жатады әрі мүшелер қызметінің өзгеруімен және организмнің ішкі ортасының күйімен байланысты тітіркенулерді қабылдайды.
Интерорецепторлардың кейбіреулері бұлшық ет пен сіңірде, сондай-ақ буын қалталарында орналасады және ет-буын сезімінің рецепторлары деп аталады.
Нейрондар әртүрлі формалы болып келеді; домалақ, сопақша, алмұрт, жұлдызша т.б.