Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Оқушылардың физиологиялық дамуы міндеттері мен әдістері



бет3/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
2. Оқушылардың физиологиялық дамуы міндеттері мен әдістері.
1. Педагог жұмысына қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері жайлы білім беру.
2. Балалар мен жасөспірімдер ағзасының дамуының негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс диалектикалық түсінік қалыптастыру.
3. Балалар мен жасөспірімді оқыту мен тәрбиелеуде негізгі шартты рефлекторлы процестермен таныстыру.
4. Сезу, қабылдау, көңіл аудару (зейін), түйсік, ойлау сияқты күрделі психологиялық процестердің физиологиялық механизімен, сөйлеудің физиологиялық негізімен және эмоционалды реакциялармен таныстыру.
5. Болашақ ұстаздар мен тәрбиешілерде балалар мен жасөспірімдердің ағзасындағы морфофункционалдық ерекшеліктері туралы және оқу-тәрбие процесі кезіндегі жоғарға нерв жүйесінің қызметі туралы, педагогикалық процестер мен құбылыстар анализі туралы ілімді дамыту.
Оқушылардың физиологиялық дамуы эксперименталды ғылым. Оқушылардың физиологиялық дамуын зерттеудің ғылыми 3 әдісі бар: бақылау, табиғи және лабораториялық эксперимент.
1. Бақылау әдісі- әр ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бұдан физиологиялық құбылысты немесе процесті зерттеуші арнаулы жағдайларды таңдайды немесе қолдан жасайды және жағдайлар процестің немесе құбылыстың толық сипатын беуін қадағалайды.
2. Табиғи эксперимент әдісі- бақылау мен лабораториялық эксперименттің аралық формасы. Зерттеуші оның ағза тіршілігінің табиғи жағдайларында жүргізеді және оны өзінің зерттеуіне керекті мақсаттар мен міндеттерді таңдау арқылы жүргізеді. Мысалы, оқушылардың көргіштігіндегі ауытқуларды бақылау үшін сабақ басталғанға дейінгі және сабақтан кейінгі мерзімдегі олардың көру мүшелерінің қызметінің ерекшеліктерін анықтайды.
3. Лабораториялық эксперимент әдіс- табиғи эксперименттен арнаулы жасалған жағдайдағы ағзаның қандайда бір функциясын зерттеу арқылы жүргізетіндігімен ерекшеленеді.
3. Оқушылардың физиологиялық ғылымының даму тарихы.
Балалардың мүмкіндіктерін толықтай дамыту үшін баланың жеке бас қасиеттерін зерттеу 14-16 ғасырларда педагог-гуманистерінің еңбектерінде көрсетілді.
Н.М. Амбодик-Максимович 1787 жылы Адам жаратылысының тарихы және физиологиясы атты еңбегін жазды және оның оқыту мен тәрбиелеудің физиологиясының маңызды проблемалары алғаш қарастырылды. 1884 жылы Москва университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны Ф.Ф. Эрисман (1842-1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығы қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін дәлелдеді. 1887 жылы Ф.Ф. Эрисманның Ой және дене еңбегінің кәсіптік гигиенасы деген еңбегі шықты.
1906 жылы училище дәрігері және Ресейдегі училищелер дәрігерлер қоғамының басшысы Д.Д. Бекарюков (1861-1934) Мектеп гигиенасының негізгі бастамалары атты еңбегін жарыққа шығарды. Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы мен гигиенасын дамытуда И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың зерттеулерімен ашқан жаңалықтарының да маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет