Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет64/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Адастырар талайды (Тұман)
У. Сабақты қорытындылау, бағалау. Бүгінгі сабақта адамның сезім мүшелерімен таныстыңдар. Адам сезім мүшелерінің көмегімен қоршаған ортаны, айналаны танып, біледі, сезінеді. Мысалы терінің көмегімен қоршаған ортаның жылы-салқындығын, ыстық-суықтығын сезінеді, соған байланысты киініп, денсаулығын сақтайды. Табиғатта жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа райында өзгерістер болады. Осы өзгерістерді адам сезім мүшелерімен сезінеді. Табиғаттың әдемілігі, тағамның дәмі, ауа райы өзгерістері, жағымды- жағымсыз иістер, су сылдыры, жапырақ сыбдыры, құстардың үні, жануарлардың дауысы, адамдардың сөзі т. б. адам көру, дәм сезу, тері- сипап сезу, иіс сезу, есту сезім мүшелерінің көмегімен біледі. Олардың барлығын бір сөзбен ''сезім мүшелері'' деп атайды. Сезім мүшелерін күту керек, олар адамның өмірінің аяғына дейін қажет, солар арқылы қоршаған ортамен қарым- қатынасқа түседі. Сезім мүшелерінің бірінің қызметі бұзылса, адам дәрігерге көрінуі, емделуі қажет. Мысалы көздің көргіштігі төмендегенде, міндетті түрде дәрігерге көрініп, көзге көмектесетін көзілдірік алған дұрыс. Көзді лас орамалмен сүртуге,лас қолмен ұстауға болмайды. Үшкір заттармен жұмыс істегенде абайлау керек. Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды. Күнделікті таңертеңгілікте құлақты сумен жуып, сүртеді. Құлақ ауырғанда дереу дәрігерге қаралған жөн.
. Сонымен бүгінгі сабақта не үйрене алдыңдар? Сабақ ұнады ма? Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.
УІ. Үйге тапсырма беру. Ауа райын бақылауды жалғастыру. Түскен ағаш жапырақтарын жинау (4-5 түрін), кептіру.
(16-20 беттердегі суреттермен жұмыс)
Тақтадағы тірек сызбасының үлгісі


3 класс, дүниетану, ''Жануарлар әлемін қорғау. Қорықтар''
Білу керек: жануарлар әлемінің азайып, кейбір түрлердің жойылу қаупінде тұрғандығы жайлы, Қызыл кітап, оған енген түрлер, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауда қорықтардың ролі жайлы, ШҚО өңіріндегі қорғауға алынған жануарды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет