Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi



бет12/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Документ Microsoft Word (7)

Жер бетiмен суару - жер бетiмен суару анағұрлым кең тараған және тиiмдi әдiс. Жүйектеп суаруды еңiстiгi 0,002-0,010, жақсылап тегiстелген учаскелерде ғана қолданады. Еңiстiгi 0,010-тан асып кетсе, эрозия қаупi бар, учаскенiң ең қолайлы еңiстiктерi 0,003-0,0050 болып есептеледi. Қарықтар тереңдiгi 18-20 см, енi 40-50 см, жеңiл топырақтардағы қарықтың ұзындығы 50-100 м, ауыр топырақтарда 150-200 м етiлiп тартылады. Олардың ара қашықтығы әдетте жеңiл топырақтарда 60-70 см, саздақты жерлерде 70-80 және ауыр топырақтарда 80-100 см болады.
Жас бақтарда қатардың әр жағынан 1-2, ал жемiс салып тұрған бақтарда 1-5 қарық қазылады. Шеткi қарықтар ағаштар сидамынан 1-1,5 м қашықтықта КОН-2,8 қопсытқышымен қазылуы керек. Судың берiлу көлемi қарықтың ұзындығына, топырақтың су өткiшгiштiгiне, жердiң еңiстiгiне байланысты секундына 0,3 литрден 1,5 литрге дейiн ауытқиды.
Қарықтап және тiлмелеп суарған кезде қарық түбiнен енi 3см, тереңдiгi 15-17см тiлме қазылады. Сонда оның жалпы тереңдiгi 30-40 см болып шығады. Бұл кейбiр ойлы-қырлы жерлерден су ағынының оңай өтуiне мүмкiндiк жасайды.
Судың бас қарықтан суару қатарына жетуiн жеңiлдету үшiн Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiк шығысында арнайы құбырлар мен сифондар қолданылады. Бас қарықтағы қажеттi су қысымын алмалы-салмалы металл қалқандармен немесе шымдар салу арқылы реттейдi. Қарықтап суарған кезде су қатар аралықтың бүкiл топырағы мен топырақ астын бiркелкi ылғалдайды, сөйтiп ағаш тамыр жүйесiнiң негiзгi бөлiгiн қамтиды. Топырақ бетi қабыршақтанбайды, тамырға ауа жеңiл барады, олардың тiршiлiк етуiне қалыпты жағдайлар жасалады. Суарып болған соң қарықтар тегiстеледi.
Қарықтап суарудың кемшiлiгi - су аса қажет бақ қатарларының iшiнде топырақ ылғанданбайды, жаз айларында суару мерзiмi мен мөлшерiн сақтағанның өзiнде, ылғалдылық мүлде төмен түсiп кетедi.
Тостағаншалап суару – бұл ағаш сидамының айналасындағы жан-жағы топырақпен 20-25 см биiктетiлген тостағаншаларға су құю. Ол қарықтардан төмен жатады, сондықтан да оған су оңай құйылады. Мұндай әдiс су эрозиясын болдырмайды, тостағаншалар алаңын және олардың 1 метрге дейiн айналасындағы топырақтың жақсы ылғалдануын қамтамасыз етедi, қарықтап суғарғанға қарағанда суды 1,5 есеге дейiн үнемдейдi. Бұл әдiспен суарғанда су мөлшерiн оңай реттеуге болады.
Кемшiлiк жақтары: жан-жағын биiктетуге және тостағанша топырақтарын қопсытып отыруға қол еңбегi көбiрек жұмсалады, үлкен жастағы ағаштардың бүкiл тамыр жүйесiн су қамти алмайды, тостағаншалардағы топырақ құрамы нашарлайды т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет