Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi


Бақтарды импульстi жаңбырлату



бет14/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Бақтарды импульстi жаңбырлату - су ағынын бiр орынға барынша шоғырландыруға бағытталған жаңбырлатудың жаңа әдiстерiнiң бiрi. Оның мәнi - аздаған мөлшерлерiмен жиi-жиi суару. Соның арқасында жасанды жаңбыр өсiмдiкке қолайлы болады. Қазiр 10 гектарлық бақты суландыра алатын КСИД-10 жабдығының жиынтығы шығарылды. Бұл жабдық импульстi жаңбырлату үшiн қолданылады. Суаруға су жетiспеген жағдайда синхронды-импульстi жаңбырлату әдiсi тек өсiмдiктер мен топырақ бетiн ылғалдау үшiн ғана қолданады.
Микросуару. Тамшылатып суару - суарудың жаңа прогрессивтi әдiсi болып табылады, ол суды едәуiр үнемдеуге, онымен бiрге минералды тыңайтқыштардың қатаң түрде мөлшерлеп енгiзуге мүмкiндiк бередi. Оны кез-келген беткей-лерде қолдануға, ағынды және минералданған суларды пайдалануға бола бередi. Бұл суарудың ерекшелiгi: жабық полиэтилендi қубыр желiстерi жүйесiмен берiлетiн су, әрбiр өсiмдiк маңындағы топырақтың белгiлi бiр көлемiн ғана ылғалдайды. Ол топырақ құрылымын бұзбайды және оны нығыздамайды.
Бұл тәсiлде өсiмдiктiң ылғалға деген қажетi өтеледi, ал топырақтың тамыр жататын қабатынан терең өтетiн су шығыны өте аз. Полимерлi құбырлар ағаштар отырғызылған әр қатарды қуалай 50-60 см биiктiкте тартылады. Оларға әрбiр ағаш бөрiкбасының түбiне екi тамшылатқыш қондырылады. Су осы тамшылатқыштардан автоматты түрде тамшылайды. Суарудың бұл әдiсi суды тиiмдi пайдалану коэффициентiн жаңбырлату кезiндегi 70-80%-дың және жер бетiмен суғарғандағы 50-60%-дың орнына, 80%-дан 95%-ға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Тамшылатып суарудың кемшiлiктерiне жабдықтың қымбаттығы, ұзақ пайдалануға жарамайтындығы, тамшылат-қыштардың жиi бiтелiп қалуы жатады.
Топырақ астымен суару - бақты жер астынан тартылған құбырмен суару әдiсi. Су топыраққа тамыр жататын қабаттың 60-80 см тереңдiгiне көмiлген құбырлар саңылауларынан келедi. Бұл әдiстiң көптеген артықшылықтары бар: су өте көп үнемделедi, топырақ эрозиясы жөнiнде ешқандай қауiп жоқ, кез-келген жер бедерiнде қолдануға болады, учаскенi суару үшiн дайындауға (тегiстеу) байланысты жүргiзiлетiн жұмыстар жасаудың қажетi жоқ. Суару толығымен автоматтандырылған. Кемшiлiгi: оларды құру өте қымбат, ылғалдағыштар жиi бiтелiп қалады, кейде саңылауларды өсiмдiк тамырлары жауып тастайды. Суарудың бұл әдiсi Қазақстан жағдайында эксперименттiк және өндiрiстiк зерттеу сатысында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет