Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi



бет13/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Документ Microsoft Word (7)

Суыртпақтап суару. Бұл әдiспен жақсылап тегiстелген учаскелер ғана суарылады. Су жан-жағы 20-25 см биiктiкте жалшалап көтерiлген суырпақтармен ағады. Суыртпақтардың енiн бақтың қатар аралықтарының қашықтығына қарай (орта есеппен 1-4 м) анықтайды, ұзындығы 70-100 м және одан да астам суыртпақтың 1 м енiне топырақтың су өткiзгiштiгiне қарай суару ағынының мөлшерi секундына 1,5-3 л, ал аздаған еңiстiктерде 5-7 литрге дейiн болуы мүмкiн. Бұл әдiстiң таулы жерлердегi жемiс шаруашылығында, бақты текшелерде өсiргенде және көпжылдық шөптер еккенде маңызы зор.
Жаңбырлатып суару - бақтарды суарудың ең қолайлы түрлерiнiң бiрi. Қарықтап суаруға қарағанда су 20-30% үнемделедi. Жер бетiмен суаруға қарағанда негiзгi артықшылығы мынада: қарықтар қазылмайды, жалшалар көтерiлмейдi, бас қарықтар тартылмайды, топырақ өңдеу және бақтан жемiстердi жинау жағдайлары жақсарады, толық механикаландыруға мүмкiндiк жасалады, жер бедерi тегiс болмаса да суара беруге болады, жемiс тұқымдарының қажетiне қарай суару мөлшерлерi анағұрлым дәлiрек берiледi, сондай-ақ топырақтың ылғалдану тереңдiгi жақсы реттеледi т.с.с.
Жаңбырлату жүйелерi жылжымалы, жартылай тұрақты және тұрақты болып бөлiнедi.
Жылжымалы жүйелерде жаңбырлату қондырғылары суарылатын алаңмен жылжып жүрiп отырады, жартылай тұрақты жүйелерде - тек су таратқыш құбыр желiстерi мен жаңбырлату қондырғылары ғана жылжиды, ал басты құбыр желiсi мен насос стансасы тұрақты болады, яғни жылжымайды. Тұрақты жаңбырлату жүйесi су көзiнен, насос стансасынан, басты таратқыш және суару құбыр желiстерiнен, сондай-ақ жаңбырлатқыш қондырғылардан тұрады. Суландыру жүйесiне қосылған құбыр желiстерi жабық типтi. Ағаш бөрiкбастарының үстiнен әсер ету радиусы 15-20 м. Орташа ағынды (РОСА-1, РОСА-2, СДА-2М) және әсер ету радиусы 35-50 м ағыны алыс ағынды жаңбырлатқыш аппараттары бар (ДА-2, ДД-30, ДД-15), биiк тiреулер қондырылады.
Механикалық құрамы бойынша жеңiл және орташа топырақтарда, тегiстелген жерлерге отырғызылған ағаш бөрiкбастары шеңберлi жемiс ағаштарын суару үшiн ағындары алысқа шашатын ДДН-70, ДДН-100 жаңбырлатқыш машиналары қолданылады. Жаңбырлатқыш машиналардың пайдалы артықшылықтарымен қатар көптеген кемшiлiктерi де бар: қымбат жабдықтарды пайдалануға шығындар көп кетедi, суарылатын судың есептелу мөлшерiн беру қиын, энергия көп жұмсалады, ауыр топырақтарда онша терең ылғалданбайды, еңiс жерлерде (0,020-тен астам) қолдану қиын, жаңбыр тамшы-лары тым қарқынды, iрi болғандықтан ағаштар жапырақтары зақымданады, сондай-ақ саңырауқұлақ ауруларының таралу қаупi бар.
Шағын 30-50 га бақтарды суару үшiн КИ-50 қондырғысын қолдануға болады. Соңғы кездерде Щехославакияның «Сигма-3-50-ПЛ» жаңбырлатқыш шлангты қондырғылары сынақтан өткiзiлуде. Оның ПЛ-67 немесе ПЛ-90 жаңбырлатқыш тетiктерi бар. Бұл қондырғыны қолдану жаңбыр қарқынын реттеуге мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет