Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi



бет9/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Кальций зат алмасуда үлкен роль атқарады. Ол бар жерде аммиак азоты жақсы сiңiрiледi. Кальций тамыр жүйесiнiң жақсы жетiлуiне мүмкiндiк бередi. Ол жетiспесе жемiс «ащы шұңқырлыққа» ұшырайды, сору тамырларының клеткалары бұзылады, сондай-ақ шырыштанады, өсiмдiктiң жерүстi бөлiгiнен шайыр ағады, ал бұл элемент артық болса өсiмдiк хлорозға шалдығады. Бұл кемшiлiктер калий тыңайтқыштарын енгiзсе ғана жойылады. Әсiресе, құмды жерлерде кальций өте қажет.
Магний – хлорофильдiң негiзгi бөлiгiнiң бiрi. Көмiрсулар құрауға қатысады, фитин формасында тұқымға жиналады. Магний жетiспесе алма, алмұрт, алхоры және шие жапырақтары жүйкелерiнiң аралығында ашық жасыл немесе қоңыр-жасыл дақтар пайда болады. Олардың жапырақ жиектерiне дейiн таралуы жиi кездесетiн құбылыс. Ауру жапырақтар түсе бастайды, жұмсақ, жұқа, жасыл жапырақтардың сағақтары ғана қалады. Бүлдiргеннiң ескi жапырақтары хлорлы болып, сарғаяды немесе реңi қызыл тартады.
Темiр қышқылдандыру қалпына келтiру процесстерiне қатысады. Бұл процесс өсiмдiк клеткаларында хлорофилл құрау үшiн қажет, сондай-ақ тыныс алу ферменттерiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Ол жетiспесе өсiмдiктiң өсуi тежеледi, хлорозға жиi шалдығады, жапырақтары түсiп қалады. Темiрдiң жетiспеушiлiгiн қалпына келтiру үшiн тұз ерiтiндiсi енгiзiледi, тамырдан тыс, үстемелеп бүрку әдiсi қолданылады және органикалық-минералды темiр қосылысы болып табылатын, арнайы препараттар-хелаттар қолдануға да болады.
Микроэлементтерден Қазақстан топырағында ең алдымен мырыш пен бордың жетiспеушiлiгi көбiрек байқалады.
Мырыш өсiмдiктiң барлық мүшелерiнде бар. Ол көмiрсулар балансын жақсартады, жатындардың (түйiндердiң) түсуiне кедергi жасайды, саңырауқұлақ және бактерия ауруларына төзiмдiлiгiн арттырады. Мырыш жетiспеушiлiгiнiң негiзгi белгiсi қысқартылған бұтақтарда ұсақ та, жiңiшке жапырақтардың, дегелектердiң пайда болуы. Бұл элемент жетiспегенде топыраққа күкiрт қышқылды мырыш енгiзiледi. Ең тиiмдiсi – ағаштарға ерте көктемде күкiрт қышқылды мырыштың 3-12%-дың ерiтiндiсiн шашу.
Бор қанттардың протоплазма аралық қабырғалардан өтуiн тездетедi.Алма мен алмұрттарда бұл элементтiң жетiспеушiлiгi басқа жемiс дақылдарына қарағанда жиi, әрi қатты байқалады. Жемiстерде ол құрғақ, түсi қызыл сұр дақ сияқты, яғни жемiс бетi ұлпасының некрозы түрiнде бiлiнедi. Одан әрi ол жемiстiң терең жаралануына әкеп соқтырады. Өлген учаскелер кеуiп жемiс кейiпсiз түрге енедi. Бор мүлдем жетiспеген жағдайда ағаш қурайды. Бор тыңайтқыштары, бор қышқылы күйiнде және тамырдан тыс үстеп қоректендiру түрiнде енгiзiледi.
Марганец хлорофилл құрауға және қант қозғалысына қатысады. Оның жетiспеушiлiгiмен топырақта өте көп сiлтiлi және бейтарап реакциялы, органикалық заттар құрамы байқалады. Марганец тыңайтқыштары ретiнде - күкiрт қышқылды марганец және хлорды марганец пайдаланылады.
Қарастырылған қоректiк элементтерден басқа өсiмдiктер, кобальт, иод, молибден және басқа да элементтердi тұтынады. Осы элементтердiң бiрiнiң жетiспеушiлiгi өсiмдiктiң қалыпты өсуi мен бұзылуына әсер етедi. Олар топырақ пен өсiмдiкте аз болады, оның үстiне бiрiн-бiрi алмастыра да алмайды.
Тыңайтқыштарды енгiзген кезде жемiс өсiмдiктерiнiң биологиялық, тiптi сорттық ерекшелiктерiн, активтi тамырлардың топырақта орналасуын, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерiн, қоректiк заттардың қаншалықты екенiн т.б. ескерту керек. Жемiс ағаштарының қоректiк элементтерге деген қажеттiлiгi жас кезеңiнде әр түрлi болады. Мысалы, жемiс ағаштары жас кезiнде азотты көбiрек қажет етедi де, толық жемiс салу кезiнде калийге деген қажеттiлiгi артады. Маманға тыңайтқыштың қандай факторға әсер ететiнiң және олардың мiндеттерiн бiлу қажет. Мысалы, жас бақтарда өнiмсiз кезеңнiң тездетiп өтуiн қамтамасыз етудiң маңызы зор. Жемiс салу кезеңiнде ағаштарға өнiм құрауға, вегетациялық масса құрауға, жемiс бүршiктерiн салуға және дамуына жұмсалған қоректiк заттар шығынын қалпына келтiру керек.
Толық жемiс салу кезеңiнде өнiмдi кезеңдi ұзартудың, ағаштардың жақсы жапырақтануын сақтаудың маңызы зор. Баққа тыңайтқыштар енгiзудiң мақсаты – жемiс өсiмдiктерiн қажеттi мөлшерде, қолайлы мерзiмдерде, жеңiл сiңiрiлетiн түрде және қоректiк элементтер арасындағы дұрыс қатынаста қамтамасыз ету үшiн табиғи қорды толықтыру. Сондай-ақ, жемiс ағаштарының жасы ұлғайған сайын, олардың тыңайтқыштарға, яғни қоректiк элементерге деген қажеттiлiктерiнiң де артатынын ескеру керек.
Баққа енгiзiлетiн тыңайтқыштар, минералды және органикалық болып, екiге бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет