Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi



бет17/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Документ Microsoft Word (7)

Бұтақтардың үсуі. Жас ағаштардың бәрінен де бұрын бір жылдық бұтақтарының жоғарғы жағы үсиді. Өйткені олар көмірсутегі қорының жеткілікті мөлшерін жинап үлгере алмайды. Күзгі кезде көмірсутегі қорын түрлі кідірту және бұтақтар өсуінің аяқталмауы ағаштардың қысқа төзімділігін, сөз жоқ, кемітеді. Аязға шалдыққан камбий әуелі түссізденеді, содан соң қоңыр тартады не қараяды. Бұл судың ағашбөркіне берілуін нашарлатады да, соның салдарынан келесі көктем мен жаздағы вегетациялық өсуі әлсірейді. Бұтақтардың үсуін азайту үшін олардың күзде өсуін дер кезінде тоқтатуға және көмірсутегін жинауға мүмкіндік беретін агротехникалық жағдай жасау қажет.
Бұтақтар сәл ғана үсісе және зақымданған бөліктері жақсы көрініп тұрса, оларды ерте көктемде (бүршік өнгенше) зақымдалмаған сүрегіне тақап шырпып тастау керек.
Бақтағы жеміс ағаштардың бұтақтары суықтан қатты зақымданса, онда шырпу жұмыстарын кешеуілдетіп жүргізу қажет. Ондай бақтарда ерте көктемде жақсылап суарып, қосымша азот тыңайтқыштарын беріп бүршіктері толығымен оянғаннан кейін шырпу жұмыстарын жүргізуге болады (Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында сәуір-мамыр айлары).
Қатал қыста көшеттіктерде және жас бақтарда ағаштардың қар жатқан тұстан жоғары, жер бетіндегі бөлігінің үситін кездері де бар. Мұндай жағдайда «қайырмаң кесу әдісі қолданылады. Осы шырпудың әсерінен сидамның төменгі бөлігіндегі зақымдалмаған бүршіктен жаңа бұтақ өсіп шығады. Одан жаңа ағаш бөрікбасын қалыптастыруға болады. Үсіген ағаштар кесілген соң вегетацияның бүкіл кезеңінде уақтылы жоғары агротехникалық шаралар қолданылып отырған жөн. Оған суару, үстеп қоректендіру, топырақ өңдеу т.б. жатады.
Сидамның зақымдануы. Сидамы зақымданған жеміс ағаштары ұзақ жасамайды. Жасы ұлғайған сайын сидамының беті өлген тканьдерден тұратын қабықпен жабылады. Осы жерден жарылып, оған зиянкестер мен ауру қоздырушылар жиналады. Ағаш сидамын зақым келтірмей сақтау үшін оларды, әсіресе, ескі ағаштарда жыл сайын қырғыштармен, металл щеткалармен жер үстіне пленка не кенеп төсеп тазарту қажет. Бұл жұмысты ылғалды күндері – күзде жасаған дұрыс. Сидамды ескі қабықтан тазарту үшін аса сақ болған жөн. Әйтпесе камбиді зақымдап алу қиын емес. Бүкіл шыққан қоқыстарды жиып алып, сыртқа шығарып өртеу керек. Өйткені олардың арасында неше түрлі зиянкестер болады.
Тазартылғаннан кейін сидамдарды әктеп, негізгі қаңқа бұтақтарын, ағаш қабығын күннің күйдіруінен, суықтың үсігінен сақтау үшін ВС-511 бояумен немесе 20%-ды жаңа сөндірілген әк ерітіндісімен әктеген дұрыс.
Жас ағаштар сидамы орамының 1/2 бөлігінен азырақ жерінің қабығы зақымданса, оны өткір пышақпен сау орнына дейін тазартып, бағбан нұмымен, өсімдік олифіне сұйылтылған майлы бояу, нигрол жағындысын (70% нигрол, 15% канифоль), сиыр қиы мен батпақ қоспасын (1:1) немесе петролатум жағады. Зақымданған орын болар-болмас болса, пластилин пайдалануға да болады.
Қабық бактерия тарататын аурулармен зақымданса жарақаттанған орын әдеттегідей әдіспен тазартылады да, мыс тотияйынының 3%-дық ерітіндісімен, темір тотияйынының 5-7% ерітіндісімен немесе 1% нитрафенмен міндетті түрде заласыздандырылады.
Сидам қабығы жартылай сақиналы (орамының 50%-дан астамы) немесе түгел орамы зақымдалғанда ол орынды ұластыру әдісімен қалпына келтірген анағұрлым тиімді. Ол көктемде, сел жүру кезінде жасалады. Ұластыру алдында жарақатталған орын тазартылып, бағбан нұмы немесе петролатум жағылады. Сүректелген қалемшелер күзде дайындалады. Олар температурасы 0-30С жертөледе, тоңазытқыш-қоймасында ылғалды топырақ астында сақталады. Жарақаттың үстінен және астынан (ол жердің қабығы сау болуға тиіс) Т тәрізді тілік тілінеді. Оған полярлылықты сақтап телмелердің камбиалды қабаттарын беттестіре отырып қалемше жанастырылады. Оларды бекіту үшін кейбір жағдайларда майда шегелермен шегелейді. Телімделген орын полимер таспалармен оралып байланады. Сидамдағы жарақатқа қарай 2 қалемшеден бірнеше қалемшеге дейін ұластыруға болады. Мұндайда қалемшелер жарақат бойын айналдыра 2-3 см сайын ұластырылады.
Кейде ұластыру үшін сидамның түбінен шыққан өскін де пайдаланылады. Ол үшін жетілген сабақ таңдалып алынады. Оның жоғарғы жағы қиғашталып кесіледі. Сөйтіп жарақатталған орынның үстінен тілінген «Т» тәрізді тілікке кірістіріледі. Өскіннің төменгі жағы ағаш тамырынан ажыратылмайды. Артық өскін бұтақтар кесіліп тасталады. Бұл әдіс сидам жарақаты тым үлкен болғанда қолданылады.
Жас бақтарда (5-6 жылға дейінгі) ағаш сидамдары қысқа қарай тышқаннан, қояннан, үсіктен сақтау үшін қамыс, күнбағыс сабақтарымен, жусанмен, қағазбен оралады немесе арнайы түтікті металл не болмаса полиэтилен торымен оралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет