Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi


Бақ топырағының эрозиясымен күрес



бет16/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Документ Microsoft Word (7)

3.1 Бақ топырағының эрозиясымен күрес.
Жемiс бақтарында жүргiзiлетiн агротехниканың маңызды мiндеттерi - топырақты жауын-шашынның жуып кетуiнен, яғни су эрозиясынан сақтау болып табылады. Қазақстанының оңтүстiк шығысындағы таулы аймақтарында көктемде, қар ерiгенде, жаз бен күзде, нөсер жаңбырда су эрозиясы жиi байқалады. Су эрозиясы әсiресе тiк жарқабақты жерлерде, сонымен бiрге беткейлерде де бiлiнедi. Эрозия процесстерi егер бақ қатар аралықтары қара сүр жер түрiнде ұсталса, қарқындырақ жүредi.
Осы эрозияны болдырмас үшiн немесе эрозия процес-стерiн бәсеңдету үшiн келесiдей шаралар жүйесi қолданылады: бақ орнын, жер бедерi ерекшелiктерiне сай (беткейге кесе көлденең контурлап отырғызу) қатарлар бағытын дұрыс таңдау, отырғызар алдында тиiстi топырақ өңдеу, баққа қорғаныш жолақтар отырғызу т.б.
Таулы аймаққа бақ отырғызғанда негiзгi эрозияға қарсы шаралар - топырақ күтудiң тиiмдi жүйелерiн үйлестiру, жемiс ағаштарын қатарларын жер бедерiне сай иiрiмдi (контурлы) орналастыру, беткейге отырғызылған ағаш қатар аралықтарын күту жүйесiн дифференциалау. Тау бақтарында қатар аралықты ұстау жүйесiнiң ең тиiмдiсi – топырақты шымдау. Шымдау-қара шiрiктеу жүйесi де тиiмдi.
Iле Алатауының теңiз деңгейiнен 1100-1300 м биiктiкте орналасқан орташа таулы аймағында Қазақ жемiс және жидек шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары еңiстiгi 8-100 тiк беткейлердегi жас бақтардың қатар аралықтарын қара сүр жер түрiнде ұстауды, ал жемiс берiп тұрған бақтарда шымдау-қара шiрiктеу жүйесiн қолдануды ұсынады. Еңiстiгi 10-120-тан астам беткейлерде жемiс ағаштарын текшелеп отырғызу керек. Таулы аудандарда өңдеу үшiн ыңғайсыз бақтарда тұтас шалғындандырудың маңызы зор.


3.2 Жеміс ағаштарын суықтан зақымдануы және оларды емдеу.
Жеміс өсімдіктерінің түрлі ткандерінің органикалық тынығу кезеңінде қыстыкүнгі төменгі температураға төзімділігі әр түрлі. Мәселен, ағаштың өзегі бұл кезеңде төменгі температураға, камбийға қарағанда, онша төзімді келмейді. Ал мәжбүрлі тынығу кезінде, яғни көктемге жақын камбий төзімділігі өзегіне қарағанда нашарлайды.
Көптеген жағдайларда жеміс-жидек дақылдарының суыққа төзімділігінің нашарлығы күтімге байланысты. Соның салдарынан жеміс өсімдіктері қыстыгүнге қажетті қоректік қорын жеткілікті жинай алмайды. Сондай-ақ жазда, әсіресе екінші жартысында тым көп суару ағаштардың, әсіресе жас жеміс ағаштарының вегетациялық кезеңін ұзартып жібереді. Сөйтіп қыстыгүнгі суыққа дайындала алмаған жеміс ағаштары үсікке шыдамсыз келеді. Жеміс ағаштары ауруларға шалдығып, зиянкестермен зақымданса да, агротехникасы төмен болса да, мол өнім салу салдарынан әбден «әлсіреген» өсімдік те қоректік заттар қорын аз жинайды. Өйткені мұндай жағдайда ағаштардың өнімі кеш жиналып, қоректік заттардың қысқы қорын жемісі пайдаланады. Сөйтіп олар органикалық тынығуға азғантай ғана қоректік заттар қорымен кіреді. Вегетация кезеңінде кейбір фенофазалардың қалыпты өтуін бұзатын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары да олардың төзімділігін төмендетуге әкеп соқтырады.
Жеміс ағаштарының төменгі температураға төзімділік дәрежесіне, сондай-ақ бақтың топырақ жағдайы да әсер етеді. Ылғалды және ауыр топырақ бұтақтардың пісуін кідіртіп, ағаштың суыққа төзімділігін төмендетеді. Жер бедерінің де зор маңызы бар. Мәселен, бақ отырғызылған жер бедерінің ойпаң учаскелерінде жеміс ағаштары биіктеу учаскедегі ағаштарға қарағанда суықтан көбірек зардап шегеді. Себебі төменгі ойпаң жерлерде қыстыгүні суық ауа ұзағырақ тұрып алады. Сөйтіп ағашты үсікке шалдықтырады.
Жеміс өсімдіктерінің зақымдану дәрежесі көбіне ауа темпертурасының күрт өзгеруіне де байланысты болады. Мәселен, 1987 жылы Алматы облысында қараша айында ауаның температурасы +18, +200-тан (күндіз) - 240-қа (түнде) дейін суытты. Соның салдарынан көптеген жеміс дақылдарының жеміс бүршіктері (шие, алхоры, өрік және алманың кейбір сорттары) үсіп кетті. Ал алмұрттың әсіресе Талгарская красавица сортының бір-екі жылдық бұтақтарының үсігені байқалды. Зақымдану кейбір жеміс дақылдарының (сортының) қысқа дайындалып үлгермегендігінің салдарынан да болады.
Жеміс ағаштарының кейбір органдары, бөліктері үшін Қазақстан жағдайында мынандай зақымданулар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет