Николай вАСилЬев,
академик
Серия негізі 2010 жылы қаланған.
Серияның алғы томдары қырғыз, өзбек,
ұйғыр, түркие және басқа да бауыр-
лас түрік ұлт-ұлыстарының әдебиеті,
жалпы мәдениеті жайында. Нақтылап
айтар болсақ, ол жинақтағы мақалалар
арқылы қазақ әдебиетінің классигі
Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Әбіш
Кекілбаев, ХХ ғасырдың аса көрнекті
түркологтары Э.Нәжіп, Б.Кенжебаев,
қырғыз жазушысы Түгелбай Сыдық-
беков және басқалармен танысар еді
оқырман. Ұлы Шыңғыс Айтматов
(«Шыңғыс шыңы»), өзбекстан халық
жазушысы Адыл Яқубов, Насыр Фа-
зылов, ғалымдар қырғыз Абдылдажан
Акматалиев, түркиелік Намық Кемал
Зейбек, алтайлық Шот Еншинов, саха
Максим Аммосов өзге де түрік әлемінің
ірі тұлғалары жайында шығармашылық
портреттер орын алған.
Жинақтағы мақалалар тарихи та-
мыры бір туыс халықтардың тек өткені
туралы ғана емес, бүгіні, бүгінгі әдебиеті
туралы да. Әдебиеті туралы ғана ма? Жоқ
түрік халықтарының тұтас мәдениеті
туралы. Мәдениеттану жинағы деу-
ге де болады. Белгілі бір халықтың
ғасырлап жинақталған асыл қазыналары
сақталатын музейлерден репортаж
түрінде де материалдар беріледі. «Еділ
бойына саяхат» сафари жазбасы татар,
башқұрт, шуаш ұлт-ұлыстары, «Соңына
патшалары музейлер қалдырып өткен
өлкеде» аталатын жазбалары Түркие
музейлері туралы. Тіпті түкпірдегі бір
шағын музейдің кездейсоқ бір экс-
понаты түрік ұлт, ұлыстарының өзара
туыстығы туралы тарихқа айналып
адам ажыратып болмастай бұрмаланып,
ұрпақтар жадынан ұмыттырылған. Ат-
тила империясы кезеңінен (V ғасыр)
түрік халықтарын бір-біріне айдап салу
тынымсыз жүріп келеді. Ал біз тарихи
тамырға ұмтылуымыз керек. Халықтар
достығы бірін-бірі танудан, бір-бірінің
салт-дәстүрін құрметтеуден басталады.
«Түрікстан жинағы» міне осындай асыл
мақсатқа арналады, осындай ізгілікті
адамгершілікті іске өз үлесін қосады.
Осындай құнды еңбектің авторы
танымал түрколог, әдебиетші ғалым
филология ғылымының докторы Құлбек
Ергөбек. Менің ойымша, ол осын-
дай еңбегімен тек өзінің туған қазақ
халқына ғана емес, сонымен қатар тұтас
түрік жұртына, тіпті барша адамзатқа
адал қызмет етіп отыр деп ойлаймын.
Өйткені ол жасаған зерттеулер мен
жазған көркем деректі дүниелер қазақ
халқының рухани жан әлемін барша
әлем халықтарымен туыстыра түседі.
Ғылым және әдебиет адамының басты
мұраты да осы болса керек.
Оны Шыңғыс Айтматов та 2002
жылы Құлбек Ергөбекке жолдаған ха-
тында: «Ты был и остаешься талантли-
вым ученым, чутко улавливающим цену
слова, красоту стиля, качества, которы-
ми, к сожалению, владеют далеко не все
литераторы. Еще одно твое замечатель-
ное качество, вызывающее всеобщее
уважение, так это ты никогда не замы-
кался одной лишь родной литературой, а
выступаешь как тонкий знаток и арбитр
литератур нашей Центральной Азии»
деп жақсы айтыпты.
Далада мал баққан қарапайым май-
экспозициялап қолымен құрды, 2007
жылы өзінің жылдап жинаған жеке
кітапханасы қорымен «Түрік тілдес
халықтар кітапханасын» ұйымдастырып
жасақтады. Әлемнің әр шалғайынан
келіп білім алып жатқан студенттер енді
Түрік халықтары музейін тамашалап,
күллі түрік халықтары әдебиетімен
еркін таныса алады Түркістанда. Барлық
жерде бірдей мұндай мүмкіндік қайдан
болсын?! Басқа жерде мұндай мүмкіндік
жоқ қой. Түркологиялық конгреске
дүниежүзінен келген түрколог ғалымдар
«Түрік халықтары музейі» мен «Түрік
тілдес халықтар кітапханасы» жай-
ында таңғала тамаша пікірлерін жа-
зып қалдырып отырады. Оқып жаның
р а қ а т т а н а д ы . О л ұ й ы м д а с т ы р ғ а н
түріктану музейі мен «Түрік тілдес
халықтар кітапханасы» мән-маңызы күн
санап арта берері күмәнсіз. Қазақтың
мақалдары мен мәтелдерін тұңғыш
рет альфавиттік жүйеге түсіріп, ар-
найы кітап етіп бастыруынан-ақ оның
танымының халықтық тарихи терең
тамырлы екенін анық көруге болады.
Осының баршасын жинақтап айтсам,
Құлбек Сәрсенұлы жемісті атқарып келе
жатқан осыншалық істер күллі түрік
халықтарының мәдениетін өзара бай-
ланыстыру, бір жерге жинақтау болып
табылады! Не деген жанкешті еңбектер!
Талдауға құра жазатын сыншы
мінезіне қарай образды түрде оны
«әдебиет дегустаторы» атауға болар.
Ал әдебиет дегустаторы дегеніміз –
әдебиетпен бірге, сол халықтың тари-
хын да терең меңгеріп, жақсы игеруге
міндеттейді. Нәзік талғайтын да жіті
«ҚазаҚ тілін үйренеміз!
Изучаем казахский язык!»
«ҚазаҚ тілін үйренеміз!
Изучаем казахский язык!»
Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет
в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте:
anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75.
Рубрику ведут: Дәуіржан ТӨлеБАев, Динара МАСАКОвА
Выучите пословицы и поговорки:
в сегодняшней рубрике «Қазақ тілін үйренеміз! изучаем казахский язык!»
мы рассмотрим тему «Той», и предложим к вашему вниманию краткий сло-
варь, а также примеры из разговорной речи для лучшего освоения.
Той – той, пир, праздник, торже-
ство.
Тойбастар – обряд в конце тоя (то
есть примета, надо брать что-либо
на счастье).
Бесік той – той по случаю уклады-
вания ребенка в колыбель.
Келін түсіру тойы – той по поводу
женитьбы сына.
Қыз ұзату тойы – той по поводу за-
мужества дочери.
Тұсаукесер тойы – той по поводу,
который отмечают первые шаги
ребенка.
Шілдехана тойы – той по поводу
достижения новорожденным соро-
кадневного возраста.
Тойлау – праздновать.
Той-думан – пир, пиршество.
Той-томалақ – пирование, то есть в
небольшом семейном кругу.
Той залы – зал торжеств.
Асаба – тамада.
Сарқыт – гостинцы.
Үйлену тойы – свадьба.
Мерейтой – юбилей.
Қырықжылдық мерейтой – сорока-
летний юбилей.
елужылдық мерейтой – пятидесяти-
летний юбилей.
Шақыру билеті – пригласительный
билет.
Шақыру – пригласить.
Тапсырыс – заказ.
Тапсырыс беру – сделать заказ.
Безендіру – оформлять.
Шашу – подарки, гостинцы, при-
носимые на свадебные торжества.
Төр – почетное место.
Төрлеу – занимать почетное место,
проходить на почетное место.
Тілек – пожелания.
Құттықтау сөз – поздравительные
слова.
Әнші – певец, певица.
Ән айту – петь.
Биші – танцор, танцовщица.
Билеу – танцевать.
Сиқыршы – фокусник.
Үзіліс – антракт.
Қонақ – гость.
Күйеубала – зять, жених.
Келін – невеста.
Құда – сват.
Құдағи – сватья, сваха, мать одного
из супругов по отношению к роди-
телям другого супруга.
Құда-жегжат – люди, находящие-
ся в родственной связи по линии
сватов.
Құдаласу – свататься.
Құдалық – сватавство со всеми
обычаями.
ырым-сырым – подарки, связан-
ные с национальным обрядом,
обычаем и традицией.
Салт-дәстүр – обычаи.
Жас жұбайлар – молодожены.
Фотограф (суретке түсіруші адам)
– фотограф.
Мейрамхана – ресторан.
Үйлену – жениться.
Тұрмысқа шығу, күйеуге шығу – вы-
ходить замуж.
Неке – брак.
Заңды неке – законный брак.
Күйеу– муж.
Әйел – жена.
Төркін – отцовский род замужней
женщины.
Қуаныш – радость.
Қуану – радоваться.
Қуанысу – радоваться вместе (с
кем-либо).
Туысқан – родственник.
Дос-жаран – друзья.
Сыныптастар – одноклассники.
Әріптестер – коллеги.
Ұл жолдас – дружок.
Қыз жолдас – дружка.
Бала-шаға – дети.
Әртістер – артисты.
Машинаны жалға алу – прокат авто.
Сән салоны – салон красоты.
Әмина, сені тойға шақырамыз
Амина, приглашаем тебя на той
асаба табу қиындық туғызбайды
Найти тамаду не составит большого
труда
Сарқыт салдым, балалар жесін
Положила гостинцы, угости детей
Жас жұбайлар келе жатыр
Молодожены идут
Қазір үзіліс болады, бәріміз билейміз
Сейчас будет антракт, все будем тан
цевать
Менің қызым тұрмысқа шығады
Моя дочь выходит замуж
Құдаларды төрге отырғыз
Посади сватов на почетное место
залды қызыл түспен безендірейік
Оформим зал красным цветом
Келесі сөз кезегі жас жұбайлардың дос-
жарандары мен сыныптастарына беріледі
Следующий тост предоставляется дру
зьям и одноклассникам молодоженов
Келесі құттықтау сөз кезегі Әселдің
әріптестеріне беріледі
Следующий тост для поздравления
предоставляется коллегам Асемы
200 адамға тапсырыс бердік
Сделали заказ на двести человек
Мейрамхана адам басына 6000 теңгеден
алады
Ресторан берет 6000 тенге с человека
Келініміз сағат 9.00-ге сән салонына жа-
зылды
Невестка записалась в салон красоты
на 9.00.
Әкем елуге толады, алда елужылдық ме-
рейтой
Отцу исполнится пятьдесят лет, впере
ди пятидесятилетний юбилей
тойға белгілі әртістерді шақырдық
На той пригласили знаменитых артис
тов
Құдағи, жүріңіз билейік
Сваха, идемте танцевать
туған-туыс, дос-жаран, бала-шағаны жи-
нап, үлкен той жасаймын
Хочу собрать родственников, друзей,
детей, и сделать большой той.
Тосты, пожелания на свадьбу:
Құрметті жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңмен құттықтаймыз!
– Дорогие молодожены! Поздравляем вас вступлением в законный
брак!
Бүгінгі күн – сендердің өмірлеріңдегі ең бақытты күн! – Сегодня са-
мый счастливый день в вашей жизни!
Өмір бойы бір-біріңе сүйеніш болыңдар! – Станьте опорой друг-другу
на всю жизнь!
«Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді дана халқымыз – В народе гово-
рят, что: «Женится легко, семью создать трудно».
Әр күндерің қуанышқа толы болсын. Мейлі, ол кішкентай немесе үлкен
қуаныш болсын! – Пусть каждый ваш день будет полон радостей,
пусть это будет маленькая или большая радость!
Махаббатарыңның баянды болуын тілейміз! – Желаем вам сохранить
вашу любовь!
Бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын! – Желаем вам пронес-
ти свое счастье через всю свою жизнь!
Тілектеріміз періштенің құлағына шалынып, қабыл болсын – Пусть
услышат наши пожелания ангелы и примут их с благосклонностью.
Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.
***
Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.
***
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
***
Той дегенде қу бас домалайды.
Примеры из разговорной речи:
Қысқаша сөздік – Краткий словарь:
о ң т ү с т і к қ а з а қ с т а н о б л ы с ы
МАҚТАРАл АУДАНы
Мақтарал – Мақтарал ауданы 1928
жылы құрылған. 1963 жылы Жетісай, Ки-
ров, Мақтарал аудандары Өзбекстан Рес-
публикасына берілген. 1971 жылы бұл
аудандар сол кездегі шекаралар бойынша
Шымкент облысына қайтарылған. Жетісай,
Киров, Мақтарал аудандары 1997 жылы
біріктіріліп, Мақтарал ауданы құрылған.
Жетісай – қала. Жетісай өңірін халық
Киров каналының қазылуына орай 1940
жылдан кейін мекендей бастағандықтан,
негізінен, жер-су атауларына байланыс-
ты аңыз-әңгімелер көп сақталмаған. Ал
«Жетісай» атауының шығуын жұрт аудан
төңірегіндегі жеті саймен байланыстырады.
Олар – Сардаба, Оңтүстік, Қараой, Батыс,
Жер және Тоғай мен Еңбек. Алайда, екінші
бір деректе бұл жайт басқаша түсіндіріледі.
Соғыстан кейінгі жылдары Киров кана-
лына су келген соң, Көкшетаудан осы
өңірге 5 колхоз көшіп келіпті. Соның
ішінде «Жетісай» деген ұжымшар бар.
Кейін сол маңда базар ашылады да,
Жетісайдың базары аталып кетеді. Сөйтіп,
«Жетісай» атауы осыдан шығыпты-мыс.
Ауданда жер атауына байланысты назар
аударатын елді мекендер – Қарақай мен
Қараой. Көнекөз қариялардың айтысына
қарағанда, қазіргі «Қарақай» ұжымдық-
жарналық кәсіпорынның төңірегінде
ертеректе қарағай өте көп өскен көрінеді.
Міне, сол «қарағай» бертін келе дыбыстық
өзгеріске ұшырап, «қарақай» болып кетсе
керек.
Мырзакент – кент. Мактарал өңірі
– Мыр зашөл аймағының бір бөлігі. Бұ-
рындары бұл жер кенезесі кепкен, ұшқан
құстың қанаты талып, жүгірген аңның
тұяғы күйетін шөл дала болған. Кейін бұл
өңір суландырылып, халық кәдесіне жарам-
ды аймаққа айналдырылды. Бүгінде жасыл
желек жамылған, гүлденген, жерінің берері
мол, ел-жұртына пейілі кең бұрынғы Сла-
вянка поселкесі Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімшілігінің 1994 жылғы 29 қарашадағы
Қаулысымен Мырзакент кенті болып
өзгертілген.
Асық ата – кент. Мұсылман дінінің
әлі кұлаш жайып кең тарамаған кезі болса
керек, Мұхаммед (С.А.С.) Пайғамбарымыз
өзінің сенімді адамдарын жер-жерлерге
мұсылман дінін дәріптеп таратуға және
осы мұсылман дініне енгізуге өз өкілдерін
жібереді. Олар: Зеңгі ата, Ұзын ата, Асық
ата, тағы басқа осы кісілер сиякты да-
рынды, әулие кісілер еді. Соның ішінде
Онтүстік өңірге жіберген өкілі Асық ата
әулие екен.«Асық ата бұл өңірге келгесін,
ел ішін аралап, мұсылман дінін наси-
хаттайды. Ел ішіңдегі ауру-сырқауларды
емдейді. Әйтеуір, не керек, халықпен тіл
табысып, мұсылман дінін кеңінен дәріптей
бастайды. Халыққа өзінің көп септігін
тигізіп, елге жақсылық жасағасын жұрт
оның соңынан еріп, мұсылман дініне кіреді.
Ешқандай қантөгіссіз, дау-жанжалсыз түпкі
мүддесіне жеткен әулие түпкілікті осы
жақта Пайғамбарымыздың өкілі ретінде
қалып койған екен» дейді. Бертінде сол
маңға Шардара су коймасы салыныпты.
«Оңтүстік Қазақстан
облысындағы жер-су, елді мекен
атауларының қысқаша тарихы» кітабы
бойынша дайындаған өлкетанушы
Молдияр СеРІКБАЙҰлы
ұлы Дала атаулары
тіл – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. ол атамыздың ақылы мен
анамыздың ақ сүтінен жаралған. «Қазақтың өз тілі қазақ үшін алтын бесік» де-
ген екен жазушы шерхан Мұртаза. Есте жоқ ескі дәуірлерден қалған осынау асыл
дүниені көздің қарашығындай сақтап, қадірлеп, оның бар маржан, жақұтын шашып
алмай кейінгіге жеткізу үшін қаншама тер төгілді десеңші!
«Тіл байлығы – бәрінен де
сенімді байлық»
Хат жолДарынан
сөз сыры
Қазақ бар байлығын тілі мен
діні нен, жері мен дәстүрінен тап-
қандықтан қадір тұтады, қас тер-
лейді, үкілеп ұрпағына аманат тайды,
болашағына болжам жасайды. Тіл
үшін бар санасын, ғұ мырын сарп
етіп, шыбын жанын шүберекке түйіп,
тұтастығын сақтап қалуға тыры-
сып бағады. Тіл тұнығын лайламай,
тәттісін зәмзәм суындай тамсана ішіп
мейірін қандыруға тырысады.
Тіл – қасиетті де, құдіретті. Құді-
реттілігі сонда, өз тілімді өзімнің
анама балап, бойыма ана сүтімен
дарыған асыл да қасиетті рухани
байлық, баға жетпес құндылыққа
теңеп жататынымыз да содан болар.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.
Ұлан-байтақ жеріміз, тәуелсіз
еліміз, ана тіліміз бар. Кешегі күнде
тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген
Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағ жан,
Мұхтарлар қазақ тілінің тағдыры үшін
күресті. Бүгінгіге Мағжан сөзімен
айтсақ, «алтын күннен бағасыз бір
белгі боп, нұрлы жұлдыз, бабам тілі»
ұрпаққа мұра болып қалдырылды.
Заңдық мәртебесі бар тілдің бүгінгі
шыққан жетістігіне қуана да шаттана
да қарайсың. Қазақтың сайын дала-
сындай қазақ тілінің мәртебесі өсіп,
кеңдігі мен пәктігінің, мөлдірлігі мен
шынайылығының арқасында көкірек
кеудеге нұрын құйып, сәулесін
шашса,мәңгі өлмейтіндей асыл мұра
болары хақ.
Иә, қазақ – ата-бабасынан бері
қарай өз тілінің қадір-қасиетін
қанына сіңдірген ұлт. Әйтсе де,
кейінгі буын, кешегі тотаритарлық
жүйе тұсында тілдің бұзылып, сөздің
сыры көмескіленген тұсында, тіпті
жойылып та кетер қауіп төнген тұста
тіл тағдырымен қаншама ғұлама
білгірлер, тілжанашырлары жанын
ауырта күресті, таласты, әйтеуір
тілін аман алып қалды. Сол кезде
тілді шұбарлау, бе рекесіз бұрмалау
кездесті.Соның сарқыншағы бү-
гінгіге жетіп қалып та жатыр. Кейде
күнделікті өмір ден, ақпарат құрал-
дары нан сүріншек сөйлемдерді,
сөз бұ зарлық сөйлемдерді естіп не
оқып қалғанда, құлағыңа түрпідей
тиеді. Халықпен сөйлесетін осын-
дай ақпарат құралдарында тілдің
мәдениетін сақтау қасиетті борыш.
Б і з д і ң е л і м і з д е қ а з а қ т і л і
мемлекеттік тіл болғандықтан, әрбір
Қазақстан азаматы қазақ тілінде
сауатты жазып, сауатты сөйлеуге
міндетті,сондай-ақ қазақ тілін
әлемдік деңгейге көтеру барлық
Қазақстан азаматтарының міндеті
болу керек. Тілді қадірлеу дұрыс
сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып
айтылған сөз жүрекке жетіп еді. Адам
мәдениетінің алғышарты – дұрыс
сөйлей білу. Тілін білмеген – түбін
білмейді.
Қорытындылай келе, сөз зер-
гері, Қазақстанның Халық жазушы-
сы Ғабит Мүсірепов: «Түрлі-түрлі
байлық бар. Солардың таңдауын
берсе, мен тіл байлығын таңдар
едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен
де сенімді байлық» деген екен.
Заманымыздың білгірі айтқан осы
сөзді әрбір қазақ жадында ұстаса екен
деймін.
Жанша ТеКеевА,
Атырау қаласы химия-биология
бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ислам діні түркі халықтарына тікелей арабтар арқылы емес, түркілер мен арабтар ара-
сында көпір болған парсы жұрты арқылы тарағаны тарихтан мәлім. парсылар түркі
жұртына ислам дінімен бірге ислам мәдениетін әкелді. осылайша екі халыққа ортақ исла-
ми мәдениет қалыптасып, ортақ мәдени кеңістік қалыптасты. түркілер дінмен бірге пар-
сылардан араб-парсы жазуын қабылдап, өз тілдерінде тамаша ислами әдебиет туғызып,
ислам өркениетіне өз үлестерін қосты. Қазақ тіліндегі діни терминдердің басым көпшілігі
араб тілінен кірсе де, негізгі, кең қолданыстағы терминдер парсы текті.
«Ишан» сөзі қандай
мағына береді?
Тілімізде кең қолданысқа ие құдай,
пайғамбар, бесін намаз, намазшам,
құптан намаз, ораза, күнә, періште
және т.б. сөздер бұған дәлел бола ала-
ды. Бұл ата-бабаларымыздың Құранды
арабша оқи отырып, шариғат негіз-
дерін парсы тілінде оқып-үйренгенін
көрсетеді.
Осындай тілімізде діни термин дер
қатарында саналатын, парсы сөз дерінің
бірі – ишан сөзі. Қазақ тілінде беретін
мағынасы төмендегідей:
Ишан зат.діни. 1.Халық арасында
діни сауат ашу, ғибадат айту қызметін
атқарып жүрген діни сауатты адамға
берілетін қазы, имам тәрізді лауазым
болып саналмайтын діни атақ. Бұл
жақтың ишаны, хазіреті көп болады
екен (М.Дулатов, Шығ). 2. Діни ғұлама,
діни ұстаз. Ишандардың шәкірттері
(муридтер) болды (Қ.С.Э) [ҚӘТС7.
391].
Қазіргі парсы тіліндегі мағынасы-
мен салыстырсақ, дінге еш қатысы
жоқ, олар мағынасындағы кең таралған
есімдікті көреміз:
ایشان (ишан, классикалық тілде
– ешан, орта парсы тілінде – әвешан),
есімдік. Олар (3-жақ, көпше түрдегі
жіктеу есімдігі), кейде жекеше түрге
құрмет ретінде қолданылады [М1. 416;
Д2. 574].
Бұл сөз тілімізге кіргенде неге
бастапқы мағынасынан ажырап кеткен
деген сұрақ ирантанушылар арасында
бұрыннан айтылып жүретін. Өткен
жылы Иранның Шахид Бехешти
университетінде өткізген ғылыми
іссапар барысында әйгілі «Эсрар-
от-тоуһид» кітабынан бұл сұрақтың
жауабы табылды. Осы кітаптың Теге-
ранда «Агаһ» баспасынан 1367/1988
жылы шыққан нұсқасының 16-бетінде
төмендегі жолдар бар: ...شیخ ما، هر گز
خویشتن «من» و «ما» نگفته است، هر
کجا ذکر خویش کرده است گفته است،
«ایشان» چنین گفته اند و چنین کرده
اند. (.....Шейх-э ма, һәргез хиштән «мән»
вә «ма» нәгофте әст. Һәр коджа зекр-э
хиш кәрде әст, гофте әст: «ишан» ченин
гофте-әнд вә ченин кәрде-әнд ) – ....
Біздің шейхымыз, ешқашан өзі туралы
айтқанда «мен» және «біз» деген емес,
«олар» деп айтатын және істейтін.
Осы жоғарыдағы мысал қазақ
тіліндегі ишан сөзінің шыққан төркінін
айқындап беріп отыр. Иран әдебиеті
тарихында мойындалған алғашқы та-
нымал сопы, парсы сопыларының ата-
сы Әбу Сейд Әбулхейр өзіне қатысты
«мен» немесе «біз» сөздерінің орнына
«олар» сөзін қолданған екен. Кейіннен
мәшһүр сопының өмірі жөнінде
оның ұрпақтарының бірі «Эсрар-
от-тоуһид» деген атпен жоғарыда
аталған кітапты жазған. Жоғарыдағы
сілтеме осы кітаптан алынып отыр.
Соған қарағанда оның жолын қуушы
ізбасарлары, яғни одан кейінгі сопы-
лар да ұстаздарына еліктеп, өздерін
ишан деп атаған сияқты. Ендеше,
түркі жұртынан шыққан сопылардың
ұстаздары ирандық сопылар болғанын
ескерер болсақ, бұл сөз түркі тілдеріне
молда, ахун мағынасында кірген болып
шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |