Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата11.01.2017
өлшемі2,73 Mb.
#1678
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Уәсила ШАЙМАРДАНОвА 

АЛМАТЫ


Бұл оқиға екінші дүниежүзілік 

соғыстан соң болған еді. Бір жас жігіт 

күннің ыстығы өтіп кетіп жығылады. 

Маңайындағы адамдар оған алғашқы 

көмек көрсетеді. Есін жиған соң әлгі 

итальян жігіті қайдағы бір түсініксіз 

тілмен сөйлеп қоя береді. Бұған 

басқалар қатты таңғалады. Қаладан 

арнайы шақырумен келген маман 

мұның ертедегі грек тілімен сөйлеп 

тұрғанын анықтайды. Бұл жөнінде 

баспасөз хабарларынан біліп, оқиға 

болған жерде Римнен грек тілінің 

екі филолог маманы, психо-анали-

тик, психиатр сарапшы-парапсихолог 

келеді. Зерттелушінің дені сау екені 

анықталғанымен, елес көріп жатқан 

адам кейпінде көрінеді. Филологтар 

жас жігіттің сөйлеген сөздерін жазып 

алып аударады. Сөйтсек, бұл сөздер 

әйгілі біздің заманымызға дейінгі 

480 жылдары өмір сүрген Саламин 

соғысына қатысқан жолдастары туралы 

хабар білмекші болған бір жауынгердің 

сөзі болып шығады. Біздің замандасы-

мыз, сол күндерде болған оқиғаларға 

қатты қайғырып жатқан көрінеді. 

Жігітті Римге әкеліп 10 күндей үздіксіз 

бақылауға  алады, біраздан соң оның 

жағдайы өзгере бастайды және тез 

арада қайтадан өзін-өзі табады. Содан 

кейін ол өз ана тілінде өзін көп уақытқа 

созылған азапты ұйқыдан оянған адам-

ша сезетінін айтып береді. 

Сізге бір кезде танымайтын жерде 

болғаныңызда «бұл жерде қашан да бір 

болғаныңыздай» немесе бір адаммен 

танысқаныңызда оны «бір жерден 

көргеніңіздей» бір сезім туған жоқ па? 

Көрнекті жазушы І.Есенберлиннің 

атақты «Алмас қылыш» романы 

желісімен қойылған спектакль Қазақ 

елінің іргетасы қалануын бейнелейді. 

Ең әуелі орта ғасырлардағы қазақ 

даласы көз алдыңа келеді, бейне бір 

қанды шайқастардың ішінде жүргендей 

сезімде боласыз.  Әдетте біз өткен 

дәуірлердің батырлары туралы – ертегі 

кейіпкерлеріндей айтамыз ғой. Біз 

Керей мен Жәнібек хандарды өмірге 

әкелген батыр халықпыз. Біз олардың 

тікелей ұрпағымыз. Көз алдыңызда 

Асан қайғы мен Әбілқайырға ай-

налатын заманауи кейіпкерлерге 

қарап, осындай ойды бастан кештік.  

Спектакльдің ерекшелігі де осында. 

Шымылдық ашылған алғашқы сәттен 

бастап жауынгерлік рух сезілді. Мұнда 

қойылым режиссері Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері Алма 

К ә к і ш е в а н ы ң     б а т ы р л ы қ   р у х т ы 

берудегі еңбегін байқадық. Қазақ 

ұлттық сахна өнеріндегі тарихи жанр-

ды байыту жағынан алып қараған 

кезде, әрине, «Алмас қылыш» тың 

туынды екендігінде дау жоқ. Ал енді 

оның таза көркемдік деңгейіне, 

режиссерлік шешімі мен артистер 

шеберлігіне, музыкасы мен пластика-

сына, сахналық безендірілуі мен киім, 

декорациясына тоқталсақ, көрерменді 

жалықтырмай, өзімен бірге ілестіріп 

әкететін ілкімді бедерлері жетерлік. 

Сонымен бірге спектакльдің сахналық 

нұсқасының авторы – Әннәс Бағдат 

тарихи драманы мейлінше көрерменге 

жақындастыруды мақсат тұтқанын 

байқау қиын емес. Қоюшы суретші 

Мұрат Сапаров пен композитор Шы-

рын Базарқұлованың  қойылымның 

тарихи сарынды сақтап қалуына үлкен 

мән бергенін аңғардық. 

XV ғасыр ортасы. Дешті-Қыпшақ 

даласы. Әбілқайыр хандығындағы 

толассыз қантөгіс соғыстар, ішкі 

қырқыстар мен аяусыз езгіден халық 



Алма КӘКІШевА, қойылым режиссері,  

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Уақыт өткен сайын біз тарихтың жаңа беттерін аша береміз.  Қойылым 

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналды. Жазушының бұл туындысы 

халқымыздың рухын асқақтатқаны анық. Біз осыны ұмытпауымыз керек.  

Қойылымды эпикалық түрде қоюды жөн санадым. Сахнаның өзі соған алып келді. 

Біз кейбір кездері бойымыздағы  батырлық рухты жасырғымыз келетін сияқты. 

Әсіресе, бүгінгі заманда еліктеушілік бар екені жасырын емес. Осы тұрғыдан 

алғанда  қойылымда жауынгер қазақты көрсеткім келді. Ол жырау болсын

ақын болсын, бәрі– қан кешіп, азаттық жолында күрескен.  Мәселен, бізде сол 

заманның философы  тек философиямен айналысқан деген қате пікір бар.  Ал 

шын мәнінде елдің қамын ойлаған  азаматтарымыз бірінші кезекте жауынгер 

екенін басты назарға алдым. «Аттан»  дегенді естіген әрбір қазақ сескенбей, 

жауға шабатын. Қазаққа ғана тән үлкен қасиет батырлықты дәріптеу парыз 

іспетті. Бүгінгі жұртшылыққа осыны көрсету қажет. Бұл өзіндік сахналық 

шешім.  Спектакльді дайындауға аз уақыт кетсе де,  үлкен жұмыс атқарылды. 

ауыр күйзелісте.  Ал хан өз тағын сақтап 

қалу үшін қол астындағыларды бір-

біріне айдап салып отырады.  Осындай 

алмағайып кезеңде Керей мен Жәнібек 

сұлтандар қазақ руларының басын 

қосып, бөлек ел болмаққа бекінеді. 

Бұл ретте актерлер Т.Сағынтаев пен 

Д.Мұсаевтың  образдары сәтті шыққан. 

Ен даланы жайлаған қазақтың қалай 

ел боламыз деп еңіреген ерлікке толы 

шежіресі сол замандар қатпарынан 

ақырындап алға оза бастайды. Сон-

дықтан драманың бірінші актісі өте 

тез, бір деммен шықты да,  екінші 

актіге келгенде шиеленіскен оқиғалар 

желісіне мән берілді. 

Режиссердің елді сақтап қалу ха-

қын дағы идеясы эпикалық сарынға 

негізделгені байқалады.  Әбілқайыр 

ханның көрегендігін, оның бүкіл 

бітім-болмысы арқылы  актер Б.Қожа 

ұтымды көрсете білген. Әсіресе, қызы 

әкесіне садақ атқалы тұрған сәт әсерлі 

болды.  Сүйіктісі үшін әкесінің өмірін 

қиюға бел буған қызға Саян «әкесін 

өлтірген қызбен ешқашан бірге бол-

маймын» дегені ханды толғандырып, 

ол бұл жігітті босатып сый-құрметке 

бөлейді. Мұнда тұтқынға түскен 

Саян ды сомдаған актер Е.Бектасов 

кейіпкерінің жан дүниесін ашуда 

еңбектенгені байқалады.  Сондай-

ақ таққа таласқан Әбілқайырдың 

уәзірі ұлы Сүйіншік батырды ханға 

қарсы айдауының өзі сол замандағы  

текетіресті көрсетсе керек.  Уәзірді 

сомдаған актер Б.Қаптағайдың  бейнесі 

айқын ашылған. Актер А.Максим  

Сүйіншік батырдың аңғалдығын 

көрерменге жеткізе білген. Моғолстан 

ханы Есенбұғамен келісімге келіп, 

азаттық аңсаған қазақ руларын бас-

тап батыс Жетісу жеріндегі Шу мен 

Талас өңіріне қоныс аударады. Спек-

такль жеке өз алдына хандық құру 

жолында небір тар жол, тайғақ кешу-

ден өтіп, ұлы тарих көшінен өзінің 

лайықты орнын алған халқымыздың 

рух мықтылығын көрсетеді.  



Ақбота иСлӘМБеК

тылсыМ


спорт

Міне, нақ осы сезім Рейнкарнация 

теориясының – адам жанының жаңа 

түрге ауысуына сену теориясының 

негізінде жатады. 

Т а р и х   а т а с ы ,   г р е к   Г е р о д о т 

(біздің дәуірімізге дейінгі V ғасыр) 

осы теорияның негізін салушылар 

ертедегі мысырлықтар болды деп са-

найды. Ежелгі мысырлықтар адам 

жаны мәңгілік екеніне сенген. Адам 

тәні жансызданғаннан кейін жан суда, 

жерде және ауада «жаңа түрге айна-

лып», қайтадан адам денесіне еніп, оны 

қабылдауға әзір тұрады. 

Индуизм Үндістанда мың жыл-

дан астам уақыттан бері үстемдік етіп 

келеді. Ол ағаш түбірінен тасқа дейін 

«рейнкарнациялық ассортиментті» 

кеңейтуде және адам қылықтарының 

салдары жөніндегі «Кармие» деп 

аталатын теорияны ұсынады. Рас, 

индуизм жақтаушыларына неліктен 

адамдар өздерінің өткендегілерінің 

жүзеге асырғандарын естеріне аз 

с а қ т а й д ы .   М ұ н ы ң   ө з і   о л а р д ы ң 

жетілуіне, қателіктерден аулақ жүруіне 

көмектескен болар еді ғой деген 

сұрақтар көп машақат туғызып келеді. 

Американ ғалымы Мак-Коннел жа-

уын құрттарға тәжірибе жасай жүріп мы-

нандай қорытындыға келген. Бұлардың 

ес сақтайтын орны басында ғана емес, 

денедегі барлық клеткаларындағы 

рибонуклеин қышқылының (РНК) 

бөліктерінде де бар. Сөйтсе ғалымдар 

зерттеу үшін бөлшектеп кесіп тастаған 

өз тегінің өкілін жеп қойған құрт мұнан 

бұрын өзі білмейтін, бірақ жеп қойған 

туысы білетіндерді есіне түсіре бас-

тайды. Мүмкін осының өзінде бір 

шатасқан шежіре бар шығар, яғни 

неғұрлым анайы халықтар арасындағы 

қаныпезерлік, адам жегіштік, мысалы 

дұшпан жақтың батырының етін жесе, 

соның қасиеттері даруы мүмкін деген 

«салттар» осыған «негізделген» шығар?

Информацияны РНК көмегімен 

беретін «гастрономиялық» бұл тәсіл, 

әсіресе, әңгіме жоғарыда тұрған жақсы 

дамыған миы бар тіршілік жайлы бо-

лып отырса, ес ұрпақтан-ұрпаққа ауы-

суы мүмкін деп сендіреді. Магнитті 

пленкаға тек дауысты ғана емес, тұтас 

фильмді де жазып алатынымыз сияқты, 

ес РНК көмегімен хромосомаларға 

беріледі. 

Сөйлейтін «биологиялық ес» 

жөніндегі бұл жаңалықтың ашылуы 

«Рейнкарнация» теориясын бекерге 

шығармай-ақ, белгілі дәрежеде жануар-

лар сезім механизмін және көптеген 

тектес мәселелердің себебін түсіндіруге 

көмегі тиеді. Өйткені келешекте 

бабаларымыздың басынан өткендері 

мен естеріндегілерін біздер мүмкін 

өзіміздікіндей сезініп қабылдайтын 

да шығармыз... Қалай дегенде өмірдің 

ашылмаған қыр-сыры өте көп. Бұның 

бәрін жалғыз жаратушы Құдай ғана 



біледі. 

Салтанат ҚАЖыКеН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет