Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата11.01.2017
өлшемі2,73 Mb.
#1678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Айтуған ДӘУлеТ

жаңа кітап

Алаш тарихынан сыр шерткен 

кездесіп жатады. Оның себептері де түрлі. 

Мәселен, әлеуметтік жағдай бұл ретте 

басты орын алады. Екі жас қосылып, от-

басын құрған соң отбасының болашағы 

тікелей әлеуметтік жағдайға байланысты. 

Ең бірінші кезекте баспана мәселесі алды-

мыздан шығады. Сондықтан жас отбасылар 

қолдауға зәру. Қазір түрлі мемлекеттік 

бағдарламалар бар. Айталық, «Қолжетімді 

баспана» бағдарламасын сөз етсек, оны 

алу үшін кемінде 3 жыл ішінде баспана 

бағасының 50 пайызын құю қажет. Ал 

оған кез келген жас отбасының шамасы 

жетпейді. Жалақысы төмен болса, тіпті 

ілінбей де қалады. Баспана болмаған соң 

сол отбасында дүниеге келген баланың 

болашағы не болмақ? Міне, осыдан 

көптеген жастар балалы болуды кейінгі 

кезекке ысырып қоятыны жасырын 

емес. Қазір қаншама отбасы баспана алу 

жөнінде кезекте тұр. Ажырасудың тағы бір 

себептеріне келсек, ол кейбір жастардың 

артылған жауапкершілікті түсінбеуінен 

болады. Отбасын құрған азаматтардың 

өзінің ата-аналық міндетін атқара ал-

май, отбасына қамқор бола алмай жатқан 

жағдайлары да кездеседі. Ал ажырасу 

қоғамның ауруы іспеттес. Екі-үш рет ажы-

расып жатқандар қаншама. Міне, осыдан 

жалғызбасты ана, әкесіз бала, алимент 

төлеген әке пайда болады. Сондықтан от-

басы құндылығын дәріптеу жағы кемшін 

түсіп жатыр. Мәселен, Ресейдегі «материн-

ский капиталдың» өзі үлкен қамқорлық бо-

лып отыр. Демографиялық жағдайымызды 

жақсартуды, ажырасуды азайтуды ойласақ, 

бірінші кезекте, баспанамен қамтамасыз 

етуді қолға алған жөн» деді. Сондықтан 

мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен жас 

отбасыларға жеңілдікпен баспана беру 

ақсап тұрғанын жасырмады. Расында 

халық санын өсіруден бұрын, халықтың 

тұрмысын, жағдайын қалай жақсартамыз 

деген жайттар естен шықпаған абзал. 

«Үйі жОқтың 

кҮйі жОқ»... 

Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы 

Ұлттық экономика министрлігі Статисти-

ка комитетінің есебі бойынша Қазақстан 

халқы 17 млн 671,0 мың деңгейіне жетті. Қай 

мемлекет үшін адам – басты байлық екені 

айтпаса да түсінікті. Елбасының халыққа 

арнаған Жолдауында 2020 жылы Қазақстан 

халқының санын 20 миллионға жеткізу 

межесі қойылған. ҚР Денсаулық сақтау 

және әлеуметтік даму министрі Тамара 

Дүйсенова бұл межеге 2030 жылға қарай 

ғана жетуі міз мүмкін екенін мәлімдеген 

болатын. Министрдің болжамы бойынша, 

Қазақстан халқының саны 2030 жылға 

қарай 20,3 миллионға жетуі ықтимал. 

Ал демографтардың ресми зерттеулеріне 

сүйенсек, 2020 жылы халық саны 18 милли-

он шамасында ғана болады екен. Шынту-

айтына келгенде, халық санының көбеюіне 

кері әсерін тигізетін жайттар баршылық. 

Осыдан 10 жыл бұрын халық санын 

16 миллионға жеткізуге бағытталған түрлі 

бағдарламалар, іс-шаралар жоспары дайын-

далды. Олардың қатарында: бала тууды 

көбейту, адам өмірін ұзарту шаралары, 

өлімді, соның ішінде сәбилердің шетінеуін, 

ана өлімін азайту, отбасының берік болуына 

ықпал ету. Көші-қон мәселесімен жіті ай-

налысу сияқты күрделі мәселелер болғаны 

белгілі. Ал бүгінгі таңда демографиялық 

жағдайды жақсарту үшін әлдеқайда тиімді 



жолдарды ойлаған абзал. 

Ұзартылған күн мен бөбекжай балабақшалар жайлы ҚР Білім 

және ғылым министрлігіне хат жолдаған едік. Мектепке дейінгі және 

орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры 

Ж.ЖОНТАевАДАН мынадай жауап хат келді.

«1.Қазақстан мектептеріндегі «ұзартылған күн» бағдарламасы және 

оның жұмыс тәртібі бойынша:

Қазіргі уақытта, білім беру саласындағы заң нормаларында 

ұзартылған күн тәртібінде жұмыс істейтін орта білім беру ұйымдарының 

қызметі айқындалмаған.

Алайда,  «Білім туралы»  ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 37-бабының 

1-тармағына сәйкес оқушыларға қосымша бiлiм беру бағдарламасы бойын-

ша қызмет көрсетулер бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің 

жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдарымен келісілген түрде жүзеге асырылады.

Заңның 41-бабының 1-тармағына сәйкес, ақылы қызметтер 

көрсетудің тәртібі мен тізімі білім беру ұйымының жарғысында көзделген.

Ұзартылған күн тәртібінде жұмыс жасайтын мектептердің стати-

стикасы Министрліктің тарапынан жүргізілмейді.

2. Еліміз бойынша мемлекеттік балабақшаларда бөбек топтарының 

саны және оған қабылдану тәртібі бойынша:

Қазіргі таңда республикада 8 834 (4241 – балабақша, оның ішінде 

1553-і жекеменшік, 4 593 – шағын орталық, оның ішінде 230-ы 

жекеменшік) мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 758,7 мың бала 

қамтылған, оның ішінде 3-6 жастағы балалар саны – 658,3 мың (81,6%).

Елімізде мемлекеттік бөбекжай балабақшалар саны 1137(4770 топ), 

ондағы бала саны 71560. 

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне 

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан 

Респуб ликасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы17 наурыздағы 

№ 217 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес бөбек 

жасындағы топтарға: ерте жастағы топ (1 жастан 2 жасқа дейін) 

және бірінші кіші топ (2 жастан 3 жасқа дейін)жатады.Ерте жастағы 

топтарға 10 баладан, бірінші кіші топтарға 20 баладан артық емес бала 

қабылданады.

Балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау «Мектепке дейінгі 

тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін 

мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 

Респуб ликасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі 

№172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 

құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі».

түрде ажырасқандары жайында шешім 

қабылданды. Олар бірін-бірі шын сүйіп 

қосылған еді. Екі ғашықтың шешімін ата-

аналары қуана қабыл алып, оларға ақ бата-

ларын берген-ді. Араларынан қандай қара 

мысықтың өткенін кім білсін?! Кәмилланың 

айтуынша, күйеуінің жұмыссыз қалуы 

кикілжің туғызған екен. Бұған қоса ай 

сайын жалдаған пәтердің ақшасы бар. 

Екеуі отбасын құрғанда жас отбасы ретінде 

баспана алуға ниеттенген екен. Күйеуінде 

орта білім ғана болған. Банктің несие 

беру талаптарына сай болмағандықтан, 

ешқандай бағдарламаға іліне алмапты. 

Сөйтіп, Кәмилла жағдай жөнделмейінше 

бала көтермеймін деген шешімге келіпті. 

Екеуі екі жақтан жұмыс істеп, баспаналы 

болуға қанша талпынса да баға шарықтап 

тұрған уақытта бұл орындалмас арманға 

айналған. Бұл бір ғана отбасының тағдыры. 

Ал еліміз бойынша баспанаға зәру 

болған қаншама отбасылар бар. Түптің 

түбінде олардың ажырасу себептері де 

ұқсас. Қазақстан Республикасының 

Ұлттық экономика министрлігі Статисти-

ка комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 

2015 жылы елімізде 148 769 жұп некелесуге 

өтініш білдірсе, ажырасушы отбасы саны 

53 293-ке жетті. Көбіне жұптардың 27%-ы 

5-9 жыл, ал 15,1%-ы 20 жыл бірге тұрғаннан 

кейін ажырасады. Ауыл тұрғындарының 

арасында ажырасу, қала тұрғындарымен 

салыстырғанда 2-3 есе төмен екенін де 

аңғардық. 

Ажырасу бүгіндері бүкіл әлемдегі өзекті 

мәселе. Әлемдік зерттеулерге сүйенсек әлем 

бойынша маскүнемдікпен 41%, баспананың 

жоқтығынан 26%, бала көтере алмаудан 

8%, ата-аналардың араласуынан 14%, 

бас бостандығынан айырылғандықтан 

балабақшаларында 1 млн 16 мың бала 

тәрбиеленсе, ал 68 мың тұрақты бөбекжай 

топтарда 2 млн 228 мың бала болған. Жалпы 

саны 102 мың балабақшалар мен бөбекжай 

балабақшаларда 11 млн. бала тәрбиеленген 

екен. 

Еуропа елдерін мысал етсек, қазір бала-



ны бөбекжай балабақшасына беру олардың 

өмірінде қалыптасқан дағдыға айналған. 

Мәселен, Англияда анасы баласын үш айы-

нан бастап бөбекжай балабақшасына беруге 

міндетті. Себебі, бұл елде декреттік демалыс 

3 ай ғана. Бөбекжай бақшаларында (ясли) 

балаға барлық жағдай жасалынған, апта 

сайын арнайы дәрігерлер тексеріп тұрады. 

Сонымен бірге қосымша гимнастика жа-

салып, логопед мамандар баламен жұмыс 

істейді. 

Егер мемлекеттік тұрғыда бөбекжай 

бақшаларды көптеп ашу қолға алын-

са, бірден бірнеше мәселе өз шешімін 

табатыны анық. Біріншіден, баланың 

денсаулығы үнемі бақылауда болады. Ал 

бұл баланың денесінің дұрыс қалыптасып, 

дұрыс өсуіне септігін тигізеді. Екіншіден, 

аналарға денсаулығын қалпына келтіріп, 

қайта жұмысқа шығуға мүмкіндік туа-

ды. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау 

және әлеуметтік даму министрлігі Пе-

диатрия және бала хирургиясы ғылыми 

орталығының жоғары санатты педиатр-

дәрігері, медицина ғылымының кандидаты 

Шамшагүл Наурызалиевамен тілдескен 

едік. «Ана баланы бір жасқа дейін міндетті 

түрде емізу қажет. Баланың денесі 12 жасқа 

дейін қалыптасып, бекиді. Алайда ата-ана 

баламен бір жасқа дейін айналысу қажет. 

Рахит немесе мешел ауруына шалдыққан 

балалар бар. Яғни, уқалаудың екі-үш курсы-

нан өтіп, баланың денсаулығына мән берсе, 

көптеген аурудың алдын алуға болады. 

Бұл тұрғыдан келгенде арнайы бөбекжай 

балабақшасын көбейту қажет. Себебі, ба-

ламен бір жасынан бастап арнайы дәрігер-

мамандар, тәрбиешілер айналысады. 

Кеңестік заманда бөбекжай балабақшалар 

болды. Алайда қазір заман өзгерген соң, 

мемлекеттік балабақшаларда бөбекжай 

топтар өте аз. Ал жекеменшік бөбекжайлар 

бар десек те, кез келген ананың баласын 

жекеменшік бөбекжай балабақшасына 

апаруға жағдайы келмейді. Бұған қоса 

жекеменшік бөбекжайдан гөрі мемлекеттік 

бөбекжайларға ата-ананың сенімі көбірек 

болады. Тағы бір айтатыным, бөбекжай 

балабақшаларда өскен бала қоғамға, ортаға 

тез бейімделеді. Дамуы жағынан да ілгері 

болатыны анық. Бала жасқаншақ болып 

өспейді. Сонымен бірге жас ана үшін бұл 

тиімді. Өз денсаулығын қалпына келтіріп, 

қайта жұмысқа шығуына мүмкіндік береді» 

деді Ш.Наурызалиева. Сонымен қоса 

дәрігер-педиатр қазіргі таңда балалардың 

аурушаң болып дүниеге келетінін жасыр-

мады. XXI ғасырдың дерті деп аллергия-

ны сөз етті. Бұл туралы ол «Балалардың 

көпшілігінде анемия бар. Мұның барлығы 

табиғи тағам мен ананың денсаулығына 

байланысты. Ананың денсаулығы мықты 

болса, ол дүниеге сау ұрпақ әкеледі. 

Сондықтан бала денсаулығы бұл тек қана 

жеке адамның емес, барша қоғамның, 

мемлекеттің мәселесі болуы қажет» деді. 

Ата-аналардың көпшілігі бөбекжай 

балабақшалардың бала үшін қаншалықты 

пайдасының зор екенін біле бермейді. Бұл 

турасында білу үшін Алматы қаласы «Тау 

самалы» ықшам ауданындағы «Нұрбөпе» 

жекеменшік балабақшасының меңгерушісі 

Гүлмира Апаеваны әңгімеге тартқан едік. 

Ол мемлекеттік балабақшаларда бөбекжай 

топтардың аз екенін, ал жекеменшік 

балабақшаларда бағасы қымбат екенін тілге 

тиек етті. «Біздің балабақшада бөбекжай 

топ бар. Онда 10 бала бар. Бөбекжай 

Жолы даңғыл журналист 

Ол кезде мен КазМУ-де, журфак-

та төртінші курста оқитын едім. 1976 

жылдың көктемінде курстасым, ГДР-

де әскерде азаматтық борышын өтеп, 

оқуға түскен Мақұлбек Малдарбек бірде 

бір жақтан келді. Жатақханада оның 

бөлмесінде кездесіп қалдым.  «Ораз, 

саған бір нәрсе айтайын. Д.Қонаев 

облыстардың санын 20-ға жеткізіп, 

Қазақстанды БҰҰ-ға мүше етуге ниет-

теніп жатыр екен»  деп үш ұйықтасам 

түсіме кірмейтін жаңалығымен мені 

қатты қуантты. Үстіндегі сары плащын 

шешіп, сәндік мойынорағышын іліп жа-

тып, оның айтқан тосын хабары жадым-

да әлі тұр. Неге екенін білмеймін, ұмыту 

мүмкін емес. Тәуелсіздікті армандаған 

Димекеңе қатысты Мақұлбек айтқан 

бұл жаңалықты кейін біраз партия 

қайраткерлерінің аузынан естідім. 

Кремльде Саяси бюрода одақтас ре-

спубликаларды БҰҰ-мүше ету жөнінде 

құпия әңгіме болғанын кейін дәлелдеп 

жаздым. Бұған курстасым Мақұлбектің 

әлгі айтқан жаңалық хабары себеп 

болған еді.

Еуропаның бір елінде әскерде 

болған, сол кездегі әлемдік саясат-

ты бізден жақсы білетін, үздіктер 

қатарында оқыған Мақұлбек қазір 

Қазақстанға белгілі журналист, 

бірнеше кітаптың авторы. Қазақ-

с т а н н ы ң   қ ұ р м е т т і   ж у р н а л и с і , 

«Қазақстан-Тараз» радиосына бас-

шылық ететін ол баспасөзде өз қол-

таңбасы қалыптасқан қаламгер. 

Оқып жүргенде ақындығын сыртқа 

ш ы ғ а р м а й   ж ү р г е н .   А й т п а қ ш ы , 

алғаш қы курста біздің жігіттердің 

тең жартысы ақын болатын. Мақаңа 

а қ ы н д ы қ   б і р   б ө л м е д е   ж а т қ а н , 

«Мұқағалимен мұңдасатын», «Бала 

махаббат» балладасының авторы 

Батық Мәжитұлынан жұқса керек. 

Соңғы шыққан «Ізгілік ілімі» атты 

кітабының «Жүрекжарды ақ тілектер» 

атты тарауы өлең, толғаулардан, ой-

те біреністерден тұрады. Сондықтан 

Мақаңның жаңа кітабы туралы пікір 

айтуды, ой бөлісіп, түйгендерімді 

ортаға салуды жөн көрдім.

Қаламгер кітабының беташар та-

рауы қазыналы қарттардан бастала-

ды. Автор қарттар туралы толғанып, 

ақсақалдар жайында ағынан жары-

лады. Біз журналистердің қамқоры, 

ж а с т а р д ы ң   ж а н а ш ы р ы ,   о б л ы с 

журналистерінің абызы атанған Бат-

тал Жаңабайұлы туралы біліп қана 

қоймай, ол кісінің бойындағы асыл 

қасиеттерге қанығамыз. Тоқсанға 

келген қарияның еңбегі мен кісілік 

қасиеті «қара сөзбен» мадақталып, 

жыр жолдары арқылы айшықталады. 

Сондай-ақ Батекеңнің құрдасы, 

Сауырық батыр қорының төрағасы 

Әкім Садақбекұлы туралы да журна-

лист жұртқа өнеге болатын нәрселерді 

сездіреді.

Қаламгер қарттардан кейін әжелер 

туралы толғанып, ана-кейуаналардың 

ерекше кие-қасиеттері жөнінде ай-

тады. Әжелер жайындағы Мақұл-

бектің әңгіме, сыр-сұхбаттары оқыр-

мандарды баурайды. Әсіресе, 103 

жасқа келген, сұрапыл соғыс кезінде 

тылда жан аямай еңбек еткен Тәжігүл 

Ысқақовамен әңгіме-сырласу әсерлі 

әрі қызықты. Мұнда ұлттық өнеге, 

тәрбие және кейуананың ұрпаққа 

өсиеті бей-жай қалдырмайды.

Ж у р н а л и с т і ң   б е л г і л і   а қ ы н -

жазушылармен сырласып, ой бөлісу, 

мәселе көтеруі – өз алдына бір төбе. 

Автор әрқашан ізгілік пен имандылық 

жөнінде әңгіме қозғайды. Әріптесім 

әрі курстасым Мақұлбектің жазушы 

Несіпбек Дәутайұлымен және Күләш 

Ахметовамен жүргізген сұхбатында 

ел тағдыры, тіл тағдыры және қазіргі 

жаһандық мәселелерге байланысты 

неше түрлі ойлар мен болжамдар ай-

тылады. 


Атам қазақтың «Атың барда жер 

таны желіп жүріп, асың барда ел таны 

беріп жүріп» деген даналығын қанша 

айтсаң да артық емес және мәнін 

ешқашан жоғалтпайды. Журналис-

тер үшін ел көру, жер көру, саяхат-

сапарларға шығу – бұл өте қажет және 

аса пайдалы нәрсе. Кейде кітаптан 

оқымаған, теледидардан, радиодан 

естімеген ақпаратты, тіпті жаңалықты 

саяхат сапарлары кезінде тосын жер 

шарының бір қиырынан аласыз. Мен 

өзім 1994 жылы Нью-Йоркте он күн 

және кейін Түркияда үш-төрт рет 

іссапарда болғанда әлемдік саясатқа 

қатысты талай нәрселерді естідім, 

білдім және көрдім. 

Кітап авторы біраз шартарапты 

шарлаған екен. Армияда жүргенде 

Еуропаны көрген Мақаң кейін жур-

налист болғанда Азияның бірнеше 

елінде болып, саяхат сапарлары 

жөнінде әсерлі очерктер мен мақала-

сапарнамалар жазған екен. Ма-

лай еліндегі алған әсерін қаламгер 

«Қайда барсақ та, шұғыла шашқан 

шуақты күндердің куәсі болдық» деп 

түйіндейді. 

Малай елінен кейін Мақаң Түркия-

ның Анталия, Перге, Аспендос, Ала-

ния туристік өңірлері жайын да әңгіме 

өрбітеді. Көргендерін әсерлі тілмен, 

қы зықты деректермен айшықтап, 

қара пайым қағидалар арқылы ойлан-

дырады. 

Мен Димекең өміріндегі 2 санына 

байланысты «Қонаевтың 12 қасиеті» 

деген зерттеу-эссе жазған едім. Енді 

8 саны жөнінде бір тұлға азаматтың 

өміріне байланысты ой түйіп, оның 

ізгілік жөніндегі кітабына пікір жа-

зып, ойымды осылай түйіндегенім 

ж ө н   б о л а р .   Т ү й і п   а й т қ а н д а , 

М.Малдарбековтың «Ізгілік ілімі» 

кітабы бізге қазір аса қажет имандылық 

пен кемелділікті дәріптейді. Бәрінен 

бұрын Тәуелсіздікті ту етеді. 

Ораз ҚАУҒАБАЙ,

қаламгер, ҚР Мәдениет 

қайраткері, Д.Қонаев 

атындағы еуразиялық 

заң академиясының профессоры

құраммен бірге «Гүлдерайым», «Тек қана 

қыздар», «Қамажай», «Қара көзайым», 

«Алматының алмасы», «Бәрінен де сен 

сұлу» сынды әдемі әндерді шарықтата 

ш ы р қ а д ы . Қ ы з д а р д ы ң   е с і м д е р і 

республикаға ғана емес, шетелдерде 

де таныла бастады. Галина әуелетіп ән 

шырқаса ансамбль құрамындағы Ағайша 

Исағұлова баян тартып, екеуі жұп болып, 

«Қос қарлығаш» деген атпен жұртшылық  

жүрегінен орын алды. 

Өнерімен қоса ұстаздық қырын 

тең алып жүрген Галина Жұма бекқызы 

ш ә к і р т т е р   т ә р б и е л е у д е   д е   о р н ы 

айрықша. Бүгінде көпші лікке таны-

мал Д.Хамзина, Т.Асар, Г.Өмірбаева, 

Ұ.Белғозиева, Ұ.Ай нақұлова тәрізді 

көптеген әншілерді қолдап, өнерге 

жолдама берді десек, асыра айтқандық 

емес. Алдымен аккордеоннан беретін 

педагог, кейін вокалдан беретін педагог, 

кафедра меңгерушісі, факультет деканы 

қызметтерін абыроймен атқарған ол, 

университеттегі хореография, мәдени 

тынығу жұмысы мамандықтарының 

ашылуына да себепкер болды.

Г.Қарамолдаеваның  театр дағы 

жұмысы Т.Жүргенов атын дағы Қазақ 

ұлттық өнер академиясы мен тығыз 

байланысты. Өткен 2015 жылы Гали-

на Жұма бекқызының класы бойын-

ша он төрт түлек, яғни  музыкалық  

драма артистері бітіріп шығып, өнер 

нарығынан сұранысқа ие қызметтерін 

тапқаны көз қуантады.



Айдана иБРАиМОвА

әңгімеледі. Т.Ахтанов атындағы 

облыстық драма театрдың актері, 

мәдениет саласының үздігі Әсет Ора-

залин Махамбеттің рухты өлеңдерін 

оқып, көпшілікті өнерімен тәнті етті. 

Оқушылар «Ереуіл атқа ер салмай», 

«Соғыс», «Махамбеттің соңғы сөзі» 

атты өлеңдерді мәнерлеп оқыды. 

Ал кітапхана директоры Г.Қалдина 

шараға белсене атсалысқан қо нақ-

тарға, тұрақты оқырмандарына 

алғыс айтып, «Махамбеттің моно-

логын» тарту етті. 



Б.иСАТАевА, 

Н.Байғанин атындағы облыстық 

балалар кітапханасының

бөлім меңгерушісі 

Ақтөбе облысы 

«айгүлдің» Галинасы 

Батырлық өнеге

М е р е к е л і к   і с - ш а р а ғ а   Қ ы з -

дар уни верситетінің ғылыми-педа-

гогикалық қызметкерлері мен Өнер 

және мәдениет факуль тетімен қатар, 

М.Әуезов атындағы академиялық дра-

ма театры артистері және Т.Жүргенов 

атындағы Қазақ ұлттық өнер академия-

сы студенттері-шәкірттері қатысып, 

өнерлерін ортаға салды.

Университет ұжымы бар саналы 

ғұмырын оқу-білімге арнаған, күш-

жігерін жастарды өнерге баулу жолына 

жұмсаған ардақты ұстазды құттықтап, 

зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, сый-

сияпат жасады.

Г а л и н а   Қ а р а м о л д а е в а   д е г е н -

де, ең әуелі 1968 жылдың 8 науры-

зында тек қана қыздардан құралған 

«Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблі нің 

талшыбықтай бұралған әнші қызы көз 

алдымызға елестейді... 

Өнегелі өмірін ұстаздық пен 

өнермен ұштастырған Галина Жұма-

бекқызы Жамбыл облысы, Қордай 

ауданында дүние есігін ашқан. Әже 

қолында өскен қыз гармон тартып, 

халық әндерін тыңдап өскен. Бала 

арманмен Қызылорда педагогикалық 

училищесінде оқып жүргенде музыкаға 

әуестігі арта түседі. Сосын білімін киелі 

шаңырақ Қыздар университетінің 

Өнер және мәдениет факультетінде 

жалғастырады. Дәл осы оқу орда-

сы Г.Жұмабекқызының жұлдызын 

жарқырата түскені аян.

«Айгүл» вокалды-аспаптық ансам-

блінің мүшесі Галина Қарамол даева 

Н.Байғанин атындағы облыстық 

балалар кітапханасында исатай 

Тайманұлының 225 жылдығына 

орай «Тарихи тұлға, қолбасшы 

и.Тайманұлы» атты тарихи-

танымдық кеш өтті. Шара Ақтөбе 

гуманитарлық колледжінің 

оқытушысы Айнұр Жүсіпованың 

орындауындағы Махамбеттің 

«Жұмыр қылыш» атты күйімен 

ашылды. 

Филология ғылымының кан-

дидаты, Қ.Жұбанов атындағы 

Ақтөбе мемлекеттік университеті-

нің доценті Болат Баймұханов, ҚР 

мәдениет қайраткері, профессор 

Еркін Құрманбеков, Қалиолла 

Сағындықов тарихи тұлға жөнінде 



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен ғасырдың 

жетпісінші жылдары аты дүркіреп шыққан «айгүл» вокалды-аспаптық 

ансамблінің әншісі, ұлағатты ұстаз Галина Қарамолдаеваның 70 жылдық 

мерейтойына арналған кеш өтті.

бізгЕ дЕмОгрАфиялық 

институт кЕрЕк

Жаугершілікті көп көріп, «Ақтабан 

ш ұ б ы р ы н д ы ,   А л қ а к ө л   с ұ л а м а » , 

ашаршылық, тәркілеу, репрессия, Ұлы 

Отан соғысы сияқты толып жатқан тарихи 

кезеңдердің нәубеттерін бастан өткізген 

қазақ халқы үшін отбасын құру мен ұрпақ 

жалғастырудың мәні аса зор. Соңғы 

жүргізілген халық санағына сүйенсек те, бұл 

демографиялық қажеттілік әлі күнге дейін 

өзекті болып отырғанын байқаймыз. Бүгінгі 

әлемде Қазақстан жер көлемі бойын-

ша 9-орын алса, халық саны жағынан 62 

орында. Жері – кең, халқы – аз. Ал бұл 

түптің түбінде ұлт қауіпсіздігіне үлкен қауіп 

төндіретінін ұғынған абзал. 

 Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі 

ерекше даму заңдылықтары болады. Ал 

бізде осы заңдылықтарды зерделейтін 

ешқандай ғылыми мекеме жоқ. Іздесеңіз 

жалаң статистика мен сандарға ғана 

тап боласыз. Сондықтан демография 

Әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеумет-

тік және саяси зерттеулер орталығы ның 

маманы Серік Бейсембаев демография 

ғылымының кенжелеп қалуы ел дамуы-

на кері әсерін тигізетінін айтты. «Бізде 

әлі күнге дейін демография ғылымына 

қ а ж е т т і   к ө ң і л   б ө л і н б е й д і .   М ұ н ы ң 

өзі демографиялық зерттеулерге деген 

сұраныстың жоқтығынан деп ұғынамыз. 

Ал шын мәнінде бұл қажет ғылым. Демо-

графия дегеніміз халық санының көбеюі, 

сандар мен статистиканы, болжамды 

білдірмейді. Бұл тікелей бір елдің, ұлттың 

даму заңдылықтары, өмір сүру деңгейі, 

туып-өсу ерекшеліктері, ішкі миграция 

мәселесі сияқты жайттарды қамтиды. Осы-

ны түсінетін уақыт жетті. Тіпті 2020 жылға 

дейін 20 миллионға жету деген мақсаттың 

өзі жан-жақты тұжырымдалуы керек. 

Сондықтан ғылымды дамытуымыз қажет. 

Бұл орайда урбанистика, антропология 

сынды ғылымдарымыз да кенжелеп келеді» 

деді С.Бейсембаев. Әлеуметтанушы зерттеу 

орталықтарында әлі де тәжірибе мәселесі 

Ал халық санының көбеюіне кедергі 

келтіріп отырған салдарларға тоқталсақ, 

ең басты мәселе ретінде әлеуметтік жағдай 

алдымыздан шығады. Қазіргі дағдарыс 

жағдайында бұл мәселе өзекті болып отыр. 

Жас отбасылар әлі де қамқорлыққа зәру. 

Күнделікті тапқан нәпақасы жалдаған 

пәтері мен тамағынан аспайтындар 

көпбалалы болуды қалай ойласын... Бұған 

қоса екі қолға бір күрек таба алмай жүрген 

жастардың отбасын құрып, бала тәрбиелеп, 

демографиялық ахуалды жақсартуға үлес 

қосуға талпыныс білдірмейтіні белгілі. 

Әлеуметтік жағдай нашар болған жағдайда, 

бала туу көрсеткішінің өспейтіндігі айты-

лып та, жазылып та жүр. Осы себептер-

ден ажырасу саны да артып келеді. Бұл 

қуантарлық жайт емес. Сондықтан жас 

отбасыларға қамқорлық көрсету бірінші 

кезекте тұр. 

Аршын пен Кәмилланың отау тігіп, 

шаңырақ көтергендеріне небәрі үш жыл 

болды. Алайда, тағдырдың жазуы болар, 

міне, жақында сот залында екеуінің заңды 

2%, ұзақ уақыт бөлек тұру себептерінен 

отбасылардың 6% ажырасып тынады. 

Өкініштісі, біздің еліміздегі ажырасудың 

себеп-салдарлары хақында зерттеулер 

некен-саяқ. Десек те, бүгінгі экономикалық 

тұрақсыздық жағдайында баспана мәселесі 

бірінші орынға шығатыны айдай анық. 

Зерттеу нәтижесіне сай, бірінші орында 5,3 

көрсеткішімен АҚШ иелігіндегі Гуам аралы 

тұр. Ал көршіміз Ресей 4,7 көрсеткішімен 

екінші, 4,1 көрсеткішімен Беларусь 

мемлекеті үшінші орында. Біз де алғашқы 

ондықтамыз. Қазақстанның көршісі Қыр-

ғызстан бұл тізімде 48-орыннан көрінген. 

Бұл елде мың адамға шаққандағы ажырасу – 

1,7 болса, Қытайдыкі – 1,8 екен. Халқының 

саны жөнінен бізді он орап алатын елдің де 

алдына түсіп алғанымызға қарап ажырасу-

дан қаншалықты алға шығып кеткенімізді 

пайымдауға болатын секілді.

А ж ы р а с у д ы ң   с е б е п - с а л д а р л а р ы 

хақында «Өскемен қаласының Аза мат-

тық хал-актілерін тіркеу бөлімі» мем-

лекеттік мекемесінің басшысы Дәмеш 

Мейірмановамен тілдескен едік. Дәмеш 

Әукәрімқызы Өскемен қаласы бойынша 

2015 жылы 3503 неке тіркелсе, 1704 неке 

бұзылғанын сөз ете отырып, ажырасудың 

өзі демографиялық саясаттың алға баспа-

уына кері әсерін тигізетінін жасырмады. 

Бұдан бөлек қазір азаматтық неке көбейіп 

бара жатқанына да тоқталды. «Жастар 



арасында ажырасу соңғы жылдары жиі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет