ерлан ӘБІлев
Алматыда қала әкімдігі мен «Хэмко» ЖШС,
«Кумпулан Қазақстан» ЖШС және «Кәрім»
ЖШС арасында бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі аясында ынтымақтастық
туралы Меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған келісімге сәйкес, қалада 3
балабақша құрылысы мен бір гүлбағын қайта
құру жобалары жүзеге асырылады. «Кәрім»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен
жасалған Меморандум аясында Алмалы ау-
данында 2016-2017 жылдары аралығында 150
орындық 2 балабақша салу жоспарланған. Жо-
баларды жүзеге асыруға жұмсалатын инвести-
ция көлемі 440 млн теңге. Бұдан басқа, «Хэм-
ко» компаниясымен арадағы келісімге сәйкес,
Наурызбай ауданында 320 орындық жаңа
балабақша пайдалануға беріледі. Инвестиция
көлемі – 300 млн теңге. Бұл балабақшада 20
орын әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың
балаларына беріледі.
Аталмыш компания Меморандум аясында
биыл қаладағы Сәбит Мұқанов гүлбағын қайта
қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі. Оған
200 млн теңге жұмсалмақ.
Уәсила ШАЙМАРДАНОвА
АЛМАТЫ
Қалам
жаста» өткен мөлдірлігі мен сұлулығы
басым жастық шақтағы «жүрдек
қалам» шабысының жиынтығы.
Қаламгердің қолынан шыққан басқа
кітабы жетерлік, бірақ «тоғыз ұлым
бір төбе, Ертөстігім бір төбе» де-
ген сияқты жас жүректің лүпілі де
басқаша, таным-талғамы да ерекше
болатындығымен бағалы бұл кітап.
...Өз сөзімен айтар болсақ, «сол
кездегі балаң махаббатының ақ
желкені жетелеп» «Қарапайымдылық,
жақсылық және ақиқат жоқ жерде
ұлылық та жоқ» деген қағиданы өткен
ғасырдың басында алғаш нөмірі
шыққан күннен бастап, бойтұмарына
айналдырған, Темірқазықтай сол
ұстанымнан айнымай келе жатқан,
талай майталман қаламгер қаламының
ізі қалған «Жетісуға» басылым сексен
деген мерейлі жасқа толатын 1998
жылдың қаңтарында қайтып келді.
«Жетісу» газетінің бір ерекшелігі
қазақ журналистерін тәрбиелеп,
даярлауға да елеулі үлес қосып
келе жатқандығы. Оның маңайына
топтасқан қаламгерлер «Жетісудың»
шеберлік мектебінен өтеді.
О
с ы т ұ р ғ ы д а н а л ғ а н д а ,
« Ж е т і с у » г а з е т і қ а з а қ
ж у р н а л и с т и к а с ы н ы ң
қаншама қаламы жүйрік көрнекті
өкілін тәрбиелеп шығарды десеңізші.
Аталмыш басылымда қанат қағып,
шыққандар аға газеттер мен жур-
налдарда жемісті жұмыс істеп жүр.
Демек, Алматы облыстық «Жетісу»
газетін қазақ басылымдары үшін
кадрлар даярлап шығаратын шы-
найы ұстахана десе де болғандай.
Көптеген әдебиетшінің де ұшқан
ұясы осы «Жетісу». Бұл – басылымның
бұрынғы редакторы Баймолда Мұсаның
жүрегінен шыққан шын пікірі, талас ту-
дырмайтын тұжырымы. Міне, осындай
бет-бейнесі мен беделі басым, тарихы
мен тағдыры тереңнен бастау алатын,
қадір-қасиетін ел бағалаған, журналис-
тер ұстаханасы атанған алып кемеге
«капитан» болып, Алматы облысы
ғана емес республикадағы бұқаралық
ақпарат құралдары ортасында орны мен
салмағы ерекше басылымға үйренуші
емес, жол көрсетуші, көшбасшы – Бас
редактор болып оралды. Бұл еліміз
егемендігін алып, тәуелсіздік тұғырына
қонғанымен көз үйреніп, санаға әлі
қона қоймаған нарықтық қарым-
қатынастың әліппесін түсініп үлгере ал-
май жатқан құпиялары қадам аштырмай
тәй-тәйлеген, әсіресе, көп қиындықтың
арасында баспасөз де баспақшылдаған
тұс болатын. «Ораза-намаз тоқтықта»
дегендейін, халықтың басым бөлігіне
түстік тамақ табу тауқыметке айналған
шақта рухани азық іздеу, газет оқу,
оған жазылу екінің бірінің ойына да
кірмей қалың «жоқтың» ең астында
қалғаны жасырын емес. Алмағайып
уақытта оқырман тартамыз, селт
еткізіп елдің назарын аударамыз де-
ген алдамшы үміттің жетегіне ерген
басылымдар бірінші беттен жалаңаш
қыздардың суреттерін түсірмеуді,
ұлттық дәстүр, құндылықтарға қайшы
келетін желбуаз әңгіме, жел сөз, өсек-
аяң... жариялағанын бәріміздің көзіміз
көрді: ұялдық, «бетті бастық, тұра
қаштық», үңілдік, түңілдік... түсінбедік.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздіктің
тәтті дәмін сезіне бастаған шақта
«төртінші биліктің» тұтқасы санала-
тын бұқаралық ақпарат құралдары да
бұрынғы таптаурын болған жолдан
шығып кең тақырыпқа, ауқымды
мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан
қалам сермей бастады. Шығармашылық
еркіндік, пікір тайталасы осы екен
деп «артық қылудың орнына тыртық
жасағандар» да болды. Тәуелсіздікті бет
перде жасаған басылымдар жауыннан
кейінгі саңырауқұлақтай қаптады.
Олардың қолтығына су бүркіп, бағыт-
бағдар, тек өзінің ғана қалтасының
қамын ойлайтын қолдаушы, қор-
ғаушыларының болғаны да жасырын
емес. Міне, осындай мезгілдің тұтас
қоғамға келтірген аласапыранынан,
саяси шудан, алып-қашпа сан түрлі
әңгіме туғызып жатқан тұрақсыздықтан
шаршаған, екі қолға бір күрек таба
алмай нан тауып жеу қаракетінің
күйбеңінен екі иіні иілуге айналған
қауымның рухына сүйеу болар шақ еді.
Жұрттың жүйкесін жұқартатын «өлтірді,
ұрлады, тонады, қорлады, зорлады...»
тағы басқадан гөрі сананы сергітетін,
ой салып, үмітіңді жетелейтін,
тарихыңа үңілтіп жігер-намысыңды
қайрайтын, ауылың мен аяулыңды
аңсатып, сезіміңді оятатын мақалалар
қажеттігіне ұжымдағы әр журналистің
көзін жеткізуден бастаған Жақаң әуелі
шығармашылық еркіндікке, ізденіспен
із салуға ұмтылды. Әрине, жылнамасы
өткен ғасырдың он сегізінші жылынан
бастау алатын, тарихтың сан алуан
сынағында сүріндірмеген алдыңғы
буын сүрлеуінен, қалыптасқан дәстүр
үрдісінен жаңылмай өз жолыңды
айшықты ету айтқанға ғана оңай.
Газет – дәуір үні, заман жылна-
масы. Қоғам дамуымен бірге оның да
бет-бейнесі түлеп, уақыт ағымымен,
оның жаңаша ескен лебімен біте
қайнасуы қажет. Алайда газет пен
уақыттың байланысы біржақты болмақ
емес. Газеттің уақытқа көрсетер өз
ықпалы да бар. Оның жарқын да
маңызды істерінің ізі ұзақ уақыт
сақталып, келешекке деген сенімді
ояту арқылы жарқын күндердің шамын
жағары хақ. Оның өзі журналистерді
жаңалыққа жетелейді. «Газет–бір
күндік, сөзі мың күндік» деген тәмсіл
міне, осылайша оның күнде жаңа
болатындығын, замандастарының
санасы мен ісінде қалдырған ізінің
өрнегін, алдағы күні жас ұрпақтың
жадында жаңғырарын меңзесе керек.
Оның ізі, оның ықпалы деген сөз –
қоғамның алға жылжуына қатысты кез
келген жаңашылдық пен бастаманы,
барша қауымның, жалпы халықтың
игілігіне айналатын жаңалықты,
өмірдің шынайы шындығын қапысыз
қорғау, әділдікті табандылықпен
қорғау, өзіңнің емес өзгенің мүддесі
мен құқына деген ымырасыз күрес,
еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіне,
әлеуметтік-экономикалық даму жо-
лына кедергі келтірер кез келген
келеңсіздік, сүріндірер селкеулікке
қарсы тұру. Мұндай дәстүрлі жол сәл
ғана уақыттан соң, яғни екі жылдан
кейін ғасырлық тойын атап өтер
«Жетісу» газетіне де тән. Басылымның
алғашқы саны 1918 жылы 21 маусымда
«Жетісу ісші мұқбыры» деген атпен
жарық көрген. Ол жергілікті ұлт тілінде
келетініне сенді. «Қолы білген құм
үстінде де кеме жүргізеді» демекші,
Жақыпжан Мысабекұлы жаңа заман,
қоғам, уақыт талабын сезіне білді.
Оның үдесінен шығу үшін ұжымда
үлкенге де, кішіге де ортақ қарым-
қатынас, ізденемін, жазамын дегеннің
аяғына тұсау қоймай, бетінен қақпау,
қандай да болсын айтылған ойдың
жерде қалмауын назарда ұстады. Жылт
еткен жақсы тақырып пен тұщымды
тұжырымға мән беріп, оның авто-
рын көтермелеп-қолпаштау арқылы
жігіттерін жетелеп, қыздарын қуантып
отыруы журналистерді қанаттандырды,
ізденіске ұмтылдырды.
Ү
лкен ұжымның, шығарма-
шылық ұжымның жарты-
с ы н а н а с т а м ы қ ы з д а р
болды. Нәзік жандарға ерлермен
иық тірестіріп қатар жүрген ортада
ерекше ілтипат қажет. Бұл – сөзден
сарай салатын, сөз қадірін түсінетін,
орынсыз айтылған бірауыз сөздің тура
атылған оқтай әсері болатын орта.
Ойланбай орынсыз айтылған жалғыз
сөз ұнжырғаңды жерге түсіріп, әдемі
әзіл мен астары айшықты қазақы
қалжыңның көңіліңді көкке самғатуы
қас-қағымда. Сол себепті өзі де,
әріптестеріне де осыны үнемі жадында
ұстауды, бір-бірінің көңілінен су ішіп
үлкеннің үлкендей, кішінің кішідей
қалыпты сақтауын қалыптастырды.
Тіпті көзге көрініп, елене бермейтін
газеттің техникалық жұмыстарын
атқаратындардың да еңбегін елеп,
әрқайсысының жағдайын сұрап, зер
салатындығы жемісін бере бастады.
Газеттің түр-сипатында, мазмұн-
мәнінде, тақырып шеңберінде, жазу
мәнерінде жаңа үлгі, соны серпін
қалыптаса бастады. Газет аптасына
үш рет – 8, 16, 24 бет болып (А–3
форматта) шығатын халге жетті.
Жаңа айдарлар, тың тақырыптар
пайда болды. Беттерінің дизайны
өзгерді. Осы жылдары өмірге жолдама
алған айына бір рет тұрақты түрде
шығып тұрған жастардың «Замандас»,
ұстаздар қауымына арналған «Зерде»,
отбасылық «Шаңырақ» арнайы
беттері ұжым бірлігі, ынтымағы мен
шығармашылық тұтастығының жемісі
еді. Оның бәрі газетті оқырмандардың
ризашылығы мен ілтипатына бөледі.
Мұндай арнайы беттерге қоса ата-
бабаларымыздың өрлікке, ерлікке
толы өмір жолын өрнектейтін «Тарих
тағылымы», «Ерлік – елге мұра,
ұрпаққа – ұран», т.б. айдарлармен
берілетін мақалалармен қатар тәлім-
тәрбиелік мәні зор нақыл сөздер
мен қазақы қалыпты қанға сіңіретін
«Саф ойдың саябағынан» әр адам
өз қажетін тапты, көңіл көкжиегін
кеңейтті. Бұған бұл ретте редакцияға
күн сайын келіп жататын хаттардағы
алғыс, ризашылықтар легі куә еді.
Іс нақтылығын, ар тазалығын,
білім кеңділігі мен қиял ұшқырлығын
жас ұрпақ бойына сіңіру арқылы
оқырман қатарының қалың ормандай
көбеюін редакция ұжымы осылай-
ша жұмыла қолға алды. Небір тың
тақырыптар, қазақ баспасөзінде алғаш
болып авторлық жобалар жарық көрді.
Жыл бойы жүргізілген мұндай жоба-
лар тіпті кітап болып та басылғанын
көз көрді. Алматы облысы әкімінің
қолдауымен қаншама журналист жыл-
дар бойы қаламынан туған әңгіме, но-
велла, суреттеме, ақындар өлеңдерін
жинақтап бір-бірден, кейін тіпті жыл
аралатып кітап шығаратын халге
жетті. Шығармашылық өрлеу, жаңару,
қалам қарымының артуының шынайы
көрінісі болар кітаптар кітапханалар
қорын арттырып, өз оқырмандарының
көзайымына айналуда. Олардың
қатарында газеттің бүгінгі бас редакто-
ры Әміре Әрін, оның орынбасарлары
Нүсіп Әбдірахым, Жұматай Әміреев,
отыз жылдан астам уақыт «Жетісудың»
ыстығына күйіп, суығына тоңған
Жанкүміс Жәмеңке, Нұржамал
Әлішева, Шолпан Жұмаділова, Бо-
лат Абаған, Қажет Андас және басқа
журналистердің шығармалары бар.
...Барша халықтың сүйіспенші-
лігіне бөленген, жалпақ жұртының
жүрегіне ұя салған, қазақтың қара
өлеңінің Хантәңіріндей биік шыңына
айналған Мұқағали Мақатаевпен бір
топырақтан жаралған Жақыпжан
Нұрғожаевтың қаламгер, болашақ
ұрпаққа қажетті бұлақ көзін ашқан
азамат, баспа ісінің білгірі ретінде
айтпай кетуге болмайтын бір ісі
– республикалық «Мұқағали» жур-
налын жарыққа шығаруы. Өмір
бар жерде өлімнің ере жүретінін
ерте мойындаған, тал бесік пен жер
бесіктің аралығында адам баласын
ішкенге мәз, жегенге тоқтықтан
жиіркентіп, парасат патшалығы
– ізгілік ізі, имандылық жолы
екендігін өрнектеумен өткен шай-
ыр шығармаларының ұлағаты мен
мазмұн-мағынасын ашуда бұл
басылымның он жылдан бері атқарып
келе жатқан ісі ұланғайыр.
Бәрін де қойшы...
Бәрі де өтер тоқтаусыз,
өмір ме өмір?
өнбей де өспей жоқ-барсыз?
Кезегім келіп, кеткенде келмес
сапарға,
Хабарсыз, ізсіз қалмасам
екен жоқтаусыз...
Міне, иненің көзіндей сәулесі бар
санаға ой тастар жетелі сөздің жөні.
Бұл күнде биліктегілер нұсқау айтып,
жырын жаттаңдар, кеш өткізіңдер,
тағысын-тағы деп тапсырма бер-
месе де туған халқының тарихын,
елдік ерекшелігі – салт-дәстүрі, тілі
мен ділін, иманы мен дінін ерекше
бағалаған Мұқағали ұлтымен күнде
бірге, ұрпағының ой-санасын билеп
алған. Тамыры өзі сүйген халқымен
мәңгі бірге қосақталған шайыр әр
жүректің түкпіріне құндақталған
қазына сырына ортақтасып жырлары
арқылы ХХІ ғасыр өренімен сыйлас,
сырлас болуда. Осы жолда, яғни
ақынның «хабарсыз, ізсіз қалмасам
екен жоқтаусыз...» деп келешекке
қалдырған аманатының жүзеге
асуында Жақаң бастамашыл болып
отырған «Мұқағали» журналының,
«Мұқағалитану бастауы» жобасының
шоқтығы биік. Бұл бағытта қаламгер
өзі де арнасын тапқан ағын судай
екпінмен қалам тартуда. Оған соңғы
екі-үш айдың ішінде ғана «Жас Алаш»
газетіндегі «Бала – ғашық», «Егемен
Қазақстандағы» «Мұқағали, Әбіш
және Асқар Сүлейменов», «Прези-
дент және халық» оқырмандарымен
қауышқан «Ақынды ақын оятпаса
болмайды» деген шығармалары куә.
...Жетпіс жас. Бұл уақытта ол
талай өткелектен өтті. Басын қырау
шалғанымен жүрекке әжім түсірмеуге,
қаламның қарымын төмендетпеуге
тырысу – басты мұраты.
«Ең бірінші бақытым –
халқым менің,
Соған берем ойымның
алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын,
қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан
нарқым менің!» деп,
Мұқағали ақын жырлағандай өмір
мектебінен алған сабақтарын, жур-
налистика талаптарын, көрген-
білгенін таным-талғам таразысынан
өткізіп халқына, қалың оқырманына
жеткізуге ұмтылуда. Азамат болып,
ат жалын тартып мінген соң адам
өмір жолында үлкенді-кішілі талай
жанмен жолығады: оның бірімен дос,
екіншісімен әріптес, енді бірімен тума-
са да туғандай бауыр боласың. Менің
өмір жолымда да небір ғажайып:
ақыл айтса телегей-теңіздей, жөн
сілтесе шамшырақтай, жол көрсетсе
бағдаршамдай жандар жолықты.
Солардан үлгі-өнеге алуға, болма-
сам да ұқсап бағуға, көңілдерінен
шығып шеберлігімді, білім-білігімді
арттыруға тырыстым. «Үлкенді сен
сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші
сені сыйласа, кісі сені сыйлайды»
деп халқымыз ежелден ұрпақ буыны
арасындағы жарасымдылыққа жете
мән беріп, қоғамдағы тұрақты ахуал
мен тату тұрмыстың, бұлжымас тәртіп
пен бұра-жармас тәлім-тәрбиенің
кепіліне санағаны белгілі. Міне,
осындай жарасымдылық пен өзара
сыйласым, түсінушілік үлгісін қазақ
баспасөзінде ерекше орны бар Алматы
облыстық «Жетісу» газетіне он алты
жыл басшылық жасаған Жақыпжан
Нұрғожаев арқылы сезіндім. Оның
біз таныған, өзгеге жеткізуге асыққан
біліктілігі мен ұйымдастырушылығы
осындай. Енді қадірлі оқырман, оны
сіз де білетін болдыңыз.
Нұрперзент ДОМБАЙ
шыққан тұңғыш өлкелік газет болып
саналады. Кейін «Көмек», «Ұшқын»,
«Кедей еркі», «Сталин жолы», «Тілші»,
«Коммунизм таңы» деп аты өзгерсе
де мазмұн-мәні, мақсат-мұраты
ұлт мүддесінің қорғаушысы, жа-
нашыры ретінде жалғасын тапты.
Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертеңнің
болмайтындығының айқын бір дәлелі.
Басылымның өткен жолы ең алды-
мен газетті жасаған адамдардың, оны
дайындауға атсалысқан авторлардың
ісімен бедерленетіні ақиқат. Бұл рет-
те айтар болсақ, өмірі елсүйгіштігі,
ұлтжандылығымен бағалы Т.Бокин,
С.Аббасов, О.Жандосов, Ғ.Мұратбаев,
М.Әуезов, І.Жансүгіров, С.Мұқанов
сынды Алаштың ардақтыларының
қаламынан туған жүрек сөзі, көңіл
терезесі, сана сәулесі басылым арқылы
көзі ашық оқырманның ойына ой
қосты, жолына нұрын төкті. Абыздар
бастаған осынау жолды жүз жылға
жуық тарихта өз ерекшелігімен есте
қалғандар тізімін жалғастырар болсақ,
қанша болатынын елестетудің өзі қиын.
Міне, осындай бір кездері есігін имене
ашып, табалдырығын жүрексіне аттай-
тын қазақ баспасөзі қарашаңырағының
төрінде отырудың салмағы ауыр,
жауапкершілігі зор екендігі белгілі.
Тәуекел түбі – желқайық.Та-
лай жақсы мен жайсаңның, қалам
ұстаған журналист пен жазушының,
ұлағаты мол ұстаздың алдын көрген,
көргені мен оқығанын көңіліне түйген
Жақаң енді соның бәрі өзіне көмекке
11
№10 (1320)
10 – 16 наурыз
2016 жыл
АНА ТІЛІ
10
№10 (1320)
10 – 16 наурыз
2016 жыл
АНА ТІЛІ
Бұдан 100-150 жыл бұрын
астрономдар әлем жалғыз Құс
жолы галактикасынан ғана
тұрады деп есептеген. Сөйтсек
ғалымдар қатты қателескен екен.
К е й і н 1 0 0 м и л л и а р д -
тан аса галактикалардың бар
екені анықталды. Жалғыз
Құс жолының өзінде ғана
Күн сияқты 100 миллиардтан
астам жұлдыздар бар. Біздің
ғаламшарымыз Жер Күнге тәуелді. Ал Жер Күн
жүйесіндегі 8 планетаны серіктерімен қоса өзіне қарай
тартып тұр. Осы 8 планетаның ортасында тұрған Күн
бір орында тұрмай, Құс жолы галактикасын айналып
жүр. Құс жолы галактикасының ішінде Күн және Күн
жүйесіндегі барлық планеталар елеусіз бір нүкте бо-
лып қалады. Күн галактиканың ішінде қалыңдығы 1
миллиметр, көлденеңі 80 метр және ұзындығы 10 метр
жағалаудағы құмның жалғыз бір данасындай ғана.
Көзімізге өте үлкен болып көрінетін Жеріміз болса
Күннен 1 миллион есе кіші. Сағатына 100 шақырым
жылдамдықпен жүретін көлікпен Күнге 170 жылда
жетуге болады екен. Себебі Жер мен Күннің орташа
қашықтығы 149 миллион шақырымды құрайды. Ал Құс
жолының ішіндегі Күнге ең жақын жұлдыз Альфаға сол
көлікпен 3 740000 жылда жетуге болады екен. Осыған
қарап енді қалған жұлдыздардың арақашықтығы қандай
алыс екенін байқауға болады.
азақстан жері б.з.д. І-ші мыңжылдықтың екінші жартысында
аса күрделі саяси-әлеуметтік оқиғалардың куәсі болды. алтай,
Жетісуды үйсін мәдениетіне жататын мемлекеттік дәрежеде
өмір сүрген тайпалар мекен етсе, Қаратаудан Сырдарияның
шығыс жағалауына дейін қаңлылар, ал Сырдың батысы мен арал
теңізіне дейінгі кең алқапты массагеттер мекендеген. аралдан
бастап Каспийдің шығысынан орал тауларына дейінгі кең далада
сарматтар, Сарыарқада исседондар өмір сүрген. Біз атап отырған
тайпалар атауын сол кездегі мемлекеттік одақ деп түсінуіміз керек.
Өйткені бұл тайпалар ішінде әртүрлі атпен аталған. ондаған рулық
құрамдар болған.
Жақында ғана қолымызға тиген жазушы
тынымбай төлепбайұлының астанадағы
«Фолиант» баспасынан жарық көрген
«шырғалаң» атты романының бас
кейіпкері – Жасжан деген жігіт екен. Жас-
жан десе, бір жас жан; жоғары оқу ор-
нын жаңадан бітіріп келген жас маман...
роман үлкен өмір жолына жаңа қадам
басқан осындай бір жас адамның (сонау
тоқырау жылдарында еңбекке енді ғана
араласқан жас маманның) басынан кеш-
кен шырғалаңдарын арқау етіпті. Мұндай
шырғалаң оқиғалар, шынына келгенде,
бір ғана Жасжан басынан өткен жайттар
емес, сол кездегі оның талай тұрғыластары
бастарынан өткерген типтік жағдайлар
болатын.
Бүгінде жасыратын ештеңесі жоқ, тоқырау
жылдарында ірі-ірі өндіріс орында-
рын былай қойғанда, орта деңгейдегі
өнеркәсіп орындарының өзінің басшы
кадрлары көбіне-көп «аға ұлт» өкілдерінен
қойылатын да, олардан қалғанына
саланың сауатты маманы болмаса да,
«тәжірибесі мол», «ұйымдастырушылық
қабілеті жоғары» деген секілді желеулер-
мен әртүрлі адамдар тағайындалатын.
Қажығали МҰХаНБЕтҚалИҰлЫ
бәбіш мОлла
қаласы
Биік өнерімен
тамсандырған
музей – тарихтың көзі
еңбектері еленді
Қазақтың
атын шығарған
балуан еді
қуанышты күндеріміз
көп болсын
Тайқазан – тарихымыздың
бір парағы
сахара шаһарЛары
Қ
Қ
ұрақ көрпе
Қ
ұрақ көрпе
Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР
ғарыш
Ағайынды бәрі:
Шықса – көк, Түссе – сары.
Тоғайға шаптық,
Тораңғы таптық.
Тоңып кеткесін,
Томарды жақтық.
(Жапырақтар)
Бір жолы белгілі физик Аль-
берт Эйнштейн трамваймен
Германияның лейпцигке келе
жатыпты. Жол ақысын алып
тұрып кондуктор бес пфеннинг
жетпейтінін айтады.
– Мүмкін емес, – дейді
А.Эйнштейн, – мен дұрыс есеп-
теген сияқты едім.
Кондуктор ақшаны қай-
тарып береді. Шынымен бес
пфеннинг жетпейді екен.
– Жиырмаға дейін санауды да үйрене алма ғаныңыз
ба? – дейді кондуктор басын шайқап. Сөйтсе кондуктор
жолаушы атақты физик екенін білмепті.
Киттер бұдан 300 жыл
бұрын ғана сүтқоректілер то-
бына жатқызылды. Кит сүті өте
майлы болады. Оның сүтінің
майлылығы 50 пайыз, яғни сиыр
сүтінен 10 есе майлы да, 3 есе
белокты.
Бұл кит баласының тез
жетілуіне мүмкіншілік береді.
Сондықтан ол туған нан кейін
анасына ілесіп, суда жүзіп
кетеді. Алғашқы күндері бір емгенде 90-100 литр
сүтті бірақ сіміреді. Сөйтіп, күніне 100 келі салмақ
қосады. Киттер баласын бір жылдан артық мерзімге
дейін сүтпен қоректендіреді.
Кит аузының үлкендігі жағынан да дүниежүзіндегі
жануарлардың ішінде бірінші орынды алады. Грен-
ландия киті аузының ұзындығы 6,5 метр, көлденеңі
4 метр болады. Ол аузын 4 метрге дейін, яғни екі
қабатты үйдің биіктігіндей аша алады. Сырт көзге
қарағанда бұл киттің аузына бәрі сыйып кететіндей
әсерде қалдырады. Алайда киттердің өңеші өте тар.
Өңешінің көлемі тура сиырдікіндей болғандықтан,
алып киттер ұсақ жәндіктермен, мәселен, планктон,
шаян, моллюскіні жұтып, қоректенгенді жөн көреді.
Қанша жерден аш болса да алып киттер адамды
жұтпайды. Өйткені адам оның өңешіне сыймай-
ды, екіншіден киттер де сана бар сияқты. Бұл да
бір ашылмаған жұмбақ болып отыр. Ересек китте
тіс жоқ. Тіс оның іштегі ұрығында ғана сақталады.
Бұл – киттердің арғы тегінде тістің болғандығын
дәлелдейді.
жасырДыМ жұМБақ
қайталап көріңіз
ұлық кісі – қызық кісі
ең...ең...
Достарыңызбен бөлісу: |