Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін


Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон тұрғындарды



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата11.01.2017
өлшемі2,73 Mb.
#1678
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон тұрғындарды 

биыл құрғақшылық болу қаупі барын ескертіп, суды 

үнемдеуге және азық-түлік қорымен қамдануға шақырды.

Э.Рахмон Тәжікстанда қыста қар болмағандықтан, 

алдағы уақытта елде су тасқыны болатындығын ескертті. 

Тәжікстан үшін судың негізгі көзі –  Әмудария өзені. 

Тәжікстандағы 8,5 миллион халық егістік алқаптарын 

суғару және электр қуатын өндіру үшін осы өзен 

суын пайдаланады. Өзен ағысының төменгі жағында 

орналасқан Өзбекстан мен Түркіменстан бұған дейін 

талай рет өзен суын жеткілікті пайдалана алмайтынына 

шағымданған. 



иракта теңіз жағасында көз жұмған үш жасар балаға 

ескерткіш орнатылды. 

Ирактың Сулеймания қаласының Түркия 

жағалауында қаза тапқан босқын Айлан Курді есімді 

балаға ескерткіш орнатылды. Мүсін баланың денесі 

табылған кейпінде бейнеленген. Еске сала кетейік, 

сириялық Айлан Курді есімді үш жастағы бала анасымен 

және бауырымен осыдан жеті ай бұрын, яғни 2 тамыз-

да суға кеткен еді. Талайларға қасірет әкеліп жатқан 

Сириядағы соғыстан бас сауғалап, Грекияға бет алған 

қайықтағы сириялық отбасының бұлай опат болғаны 

миллиондаған адамның қабырғасын қайыстырды. Үш 

жастағы баланың мәйіті түрік жағалауынан табылды. Үш 

жастағы Айлан мен оның бес жастағы ағасы және анасы 

мінген қайықта 17 адам болған. Қайық аударылған. Тек 

әкесі Абдулла Күрді ғана аман қалған.

Нобель сыйлығына ұсынылған 

кандидаттар саны 376 адамға жетті. 

2014 жылмен салыстырғанда жүзге 

жуық адамға артық. 

Нобель сыйлығына 228 адам 

және 148 ұйым үмітті. Алайда 

әзірге олардың толық тізімі 

жария етілмейді. Ал жеңімпаз 

алдағы уақытта белгілі болады. 

Алдын ала болжам бойынша, 

Нобельге ұсынылғандар ара-

сында Пентагон құпияларын әшкерелеген Даниэль 

Эллсберг, Рим папасы Франциск және т.б. бар. Нобель 

– жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық 

жаңалықтар, қоғам, мәдениет дамуына зор үлес қосқан 

еңбектері үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың 

ішіндегі ең танымалдарының бірі. 1895 жылы құрылған 

және Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес 

жеңімпаздарды анықтайды.



Жаңа Зеландияда мемлекеттік туды ауыстыру туралы 

референдум басталды. 

Оның қатысушыларына бюллетеньдер пошта 

арқылы жіберілген. Жұрт 21 наурыздан кешіктірмей, 

жауабын қайтару керек. Халық елдің қазіргі жалауы мен 

жаңа байрақ арасында таңдау жасайтын болады. Дауыс 

берудің нақты қорытындылары 30 наурызда жария 

етіледі деп күтілуде. Жалпы, Жаңа Зеландияның қазіргі 

туы 1902 жылы бекітілген болатын. Алайда жергілікті 

жұрт арасында мемлекеттік рәміздің Австралия жалауы-

мен ұқсастығы жайлы пікір жиі айтылып келген еді.

заМанДас

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Ж

аһанның жүрек лүпілі



Ж

аһанның жүрек лүпілі



АҚШ-та президентке үміт-

кер лер арасында сайлау өткізілді. 

Сайлау қорытындысы бойынша До-

нальд Трамп пен Хиллари Клинтон 

сайлауалды жарыста өзгелерден оқ 

бойы озық шықты. 

Он екі штат пен Американың 

Самоа еліндегі алдын ала пар-

тия лық сайлау қорытындысы 

бо йынша президенттік жарыста 

кімдердің топ жарып шығатыны 

соңғы дауыс санаудан бұрын-ақ белгілі болған еді. Де-

мократтар лагерінде әрі бұрынғы мемлекеттік хатшы 

Х.Клинтон жеті штатта дауыс берушілердің қолдауына ие 

болып, көшбасшылығын нақтылап алды. Х.Клинтонды 

бұл бәйгеде Вирджиния, Джорджия және Техас 

штаттарындағы сайлаушылар да қолдап отыр.  

орта азИя

араБ әлеМі

Бақ пен Бап

МұХИттар аралы

солтүстік аМерИка 

Сақтықта қорлық жоқ 

Босқынға ескерткіш орнатылды

Нобель сыйлығын кім алады?

Мемлекеттік ту ауыспақ

Үміткерлер арасындағы бәсеке 

ең...ең...



Ең қымбат метро 

зерДе


шара

құптарлық іс!

Сонымен, біз Қаратөбе ауда-

ны, Егіндікөл ауылдық округіне 

қарасты Жігерлен елді мекеніндегі 

«Дәуқара қауымында» жатқан Дәуқара  

Қарақожаұлының  1751 жылы 64 

жасында қайтыс болғанын білдік. 

Сонда Дәуқара 1687 жылы туған деп 

айта аламыз.

Дәуқараның басына түнеушілердің 

үзілмейтіндігін, оның құлпытасына 

байланған ақтықтар мен темір жәшікке 

салынған теңгелердің көптігін көруге 

болады. Кезінде балшықтан соғылған 

тастан қалаған үйі құлап қалған екен. 

Құлпытасы да жыл өткен сайын жерге 

шөгіп, құлайын деп тұр. 

Дәуқара жайлы әңгіме болғанда 

тыңдаушысын елең еткізер нәрсе 

– Дәуқара батырдың дулығасы, 

сауыты, қылышы болғандығы. 

«Қандай қиыншылық болса да, 

батыр бабамыздың сауытын көздің 

қарашығындай сақтайық» деген 

Дәуқараның үлкен баласы Мырза-

болаттан бастау алған аманат-өсиет 

күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғасын тауып келеді екен.

Сонымен журналистік тынымсыз 

ізденудің арқасында Дәуқараның 

жауға киген сауыты табылды. 

Ол мемлекеттік мұражайда емес, 

б а т ы р д ы ң   ұ р п а ғ ы н ы ң   ү й і н д е , 

анасының аманаты бойынша оның 

сандығында, ақ орамалға оралып 

сақталған.

Дәуқараның дулығасы да қолда 

болған. Оны Тайпақ өңірінде тұрған 

әлтекенің бір жігіті бабамыздың 

аруағын  ардақтаймыз деп алып, 

артынан ол кісі Ақтөбе жаққа көшіп 

кеткен. Сол кісінің ұрпағы қазір қайда 

тұрады? Дулыға бар ма екен? Ол жағы 

белгісіз болып тұр.

Тәуелсіздікті аңсап, елін жаудан 

қорғаған Дәуқарадай батырдың 

есімін ұлықтау мақсатында Байбақты 

руының бір топ азаматтары Дәуқара ба-

тыр мен Науша батыр Қаржауұлының 

зиратының басын қарайтуда. 

Батыр бабамыз Дәуқараның 

ұрпақтары  Әбітұлы Қуаныштың 

балалары Серік пен Сәуленің 

көмегінің арқасында көп жылдан 

бері атадан балаға қасиетті мұра бо-

лып келе жатқан, Ұмсындық әженің 

сандығында сақталған Дәуқара 

батырдың сауытын өткен жылдың 

күзінде бірінші болып мен көрдім.

Серік Қуанышұлының айтуынша, 

Ұмсындық әже қанша өжет, қайсар 

болса да, асыра сілтеу жылдарының 

қыспағынан қорқып, Дәуқара 

атасының сауыты мен қылышын өзі 

білетін жерге көміп сақтаған. Бұл 

сауыттың тарихы тереңде жатыр. 

Әлі баласы Әбіт  1903  жылы  

Тайпақ  ауданының  Өлеңті  елді  

мекенінде  дүниеге  келген. Руы – 

Байұлының  Байбақтысы, оның 

Әлтекесі, оның   Дәуқара  бөлімі. 

Әбіт 1942 жылы соғысқа алынып, 

1943 жылдың қаңтар айында Ста-

линград майданында ерлікпен қаза 

тапқан. Әбіттің бәйбішесі Ұмсындық 

Қаналықызы Әлиева 1912  жылы  

Тайпақ  ауданының   Жыланды  елді  

мекенінде  дүниеге  келген.  Әбіт 

1942 жылы соғысқа кетер алдында 

Ұмсындыққа «Батыр бабамыздың 

сауыты саған аманат. Атаның атын 

ардақтап, тәу етіңдер. Қиналған кезде 

атадан көмек сұраңдар, ол көмегін 

береді. Жұртқа жаймай, Қаратөбедегі 

Қалдығайты өзені жанындағы Дәуқара 

атамыздың зиратына барып тұрыңдар. 

Мен соғыстан аман келсем сөз жоқ, 

бұл сауыт-сайманға өзім қамқоршы 

боламын. Батыр бабам елін, жерін 

қорғаймын деп шейіт болған. Менің 

өзгелерден нем артық?! Отан қорғауда 

опат болсам – ұрпағыма мақтаныш. 

Ал сен өмірден өтеріңде шаңырақ иесі 

балаңа аманатта» деген Әбіт соғыстан 

оралмаған. 

Заман жақсарды-ау дегенде, 

Ұмсындық әже қарулар тыққан жерді 

ашса, қылыш тоттанып, шіріген. 

Қолға ұстауға келмей, ортасынан қақ 

бөлініпті. Сауыт аздап тоттанғаны 

болмаса, баяғы күйін жоғалтпаған.

Сол күннен бастап Ұмсындық 

әже батыр бабасының сауытын 

жұрт көзіне көрсетпей, өзінің үлкен 

сандығында сақтапты. Балаларына, 

тамыр-танысқа, көрші-көлемге сауыт 

жайлы айтуға тыйым салыпты. 

Өмірден өтер шағында Ұмсындық 

сауытты баласы Қуанышқа тапсырған. 

Ол кісі 1986 жылы 74 жасында қайтып, 

Аңқатыдағы қауымға жерленді.  

Қуаныш болса қасиетті дүниені 

баласының үлкені  Серікке тапсырған. 

С е р і к   е к і н ш і   б ө л м е д е н   а қ 

шүберекке оралған көлемді нәрсені 

алып келіп, менің алдыма қойды. 

«Дәуқара атамыздың баяғыдан бері 

жұрттан жасырып жүрген сауыты 

мынау» деп орамал байламын шешіп,  

сауытты көрсетті. 

Дәуқара батырдың сауытын  

үлкен толғаныс үстінде қолыма 

алып, қарап отырмын.  Аздап тот 

басқан, торланған, кішкене шынжыр 

көз сауытқа зер салып қарағанда 

байқағаным - кіндіктен сәл жоғары 

жағында тесіктің барлығы. Ал басқа 

жерлері бүтін. 

 Сонымен, Жігерлен ауылы 

қасындағы биік төбеден мәңгілік 

мекенін тапқан Дәуқара батырдың 

сауыты табылды. Енді, батырдың 

дулығасы табылса, сонау 1998 жыл-

дан бергі журналистік ізденісімнің 

жетістігі болар еді деп ойлаймын. 

Әйтеуір, ұзын жіптің екінші ұшын 

ұстағалы отырмыз, сәтті болғай!



Қайыржан ХАСАНОв,

Қазақстанның Құрметті 

журналисі 

ОРАЛ


С

а л а с ы   к ө п ,   т ү р - т ү с і , 

бағыт-бағдары сан алуан 

мамандық ішінен қарым-

қабілетіңе сай келетінін таңдап, оның 

алғашқы баспалдағына шығарар 

оқуды көз майыңды тауысып бітірген 

соң игеруге тырысасың. Жан-жағыңа 

қарайсың, ізденесің, көзің көргенді 

көңіліңе түйіп зерделейсің. Осы-

лайша мамандығыңды меңгеру 

сабағы «жарғақ құлағыңды жастыққа 

тигізбей» жалғаса береді. Өрнегін 

өреді, ізін қалдырады, жетелей 

отырып, мұратыңа жеткізеді. Иә, 

мамандық таңдау – өмір таңдау. Бұл 

– заңдылық.

Ал ол  қоғамның тыныс-тіршілігін, 

жүрек лүпілін, бағыт-бағдарын, 

әлеуметтің әлеуетін зерттеп, уақыт 

шежіресін тізбелейтін мәртебелі 

мамандық иесі журналист болса ше... 

Оның  жөні бөлек.

Уақыттың жылдамдығына шек 

табылмас, бұл ретте әркімнің өз теңеуі 

мен анықтауышы бар, бәрі де дұрыс. 

Осыдан жарты ғасыр бұрын алғашқы 

мақаласы Алматы облыстық «Жетісу» 

газетінің бетінде жарық көрген шақта 

балауса көңілі  теңіз толқынындай 

тулаған бозбаланы  журналистика 

әлемінің тылсымы ақ қағаз бен 

қаламды серік етіп өзіне тарта берді. 

Күн ойланып, түн толғанып жазғаны 

тасқа басылып, мыңдаған адам бетін 

ашып, көз салатын, тіпті туған-туысы, 

әке-шешесі тұратын үйдің есігінен күн 

сайын енетін газеттен орын алғаны 

қандай керемет. Енді оны бәрі – 

достары, кластасы, ағайын-туғаны 

оқиды. «Жақыпжанның мақаласы 

шығыпты» деп бір-біріне айтады. 

Әсіресе, кіндік қаны тамған Алматы-

дан шалғайда жатқан Кегенге үлкен 

жаңалықтай әсер ететіні сөзсіз. 

«Келіннің бетін кім ашса, сол 

ыстық» дегендейін, бұл күндері Әл-

Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті деп аталатын жоғары оқу 

орнының журналистика факультетін 

бітірген соң қауырсын қаламына 

қанат бітірген өзі туған облыстың бас 

басылымының хатшылығында журна-

листерге ғана мәлім газеттің «майын» 

ішуден, яғни қара жұмысқа жегілуден 

еңбек жолын бастады. Өткен ғасырдағы 

«ақ» дегені алғыс, «қара» дегені қарғыс 

болған коммунистік  жүйенің қасаң 

тәртібі, қатал түзетуі, бір сөзді елексіз 

жібермейтін жүйелі бақылауы белең 

алып тұрған шақ. Жүрек оты лаулаған 

жас буынның саясаты сықиған, 

тәртібі қатал партиялық газеттен гөрі 

қаламыңды еркінірек сілтеуге, сұлу 

сезімге сүңгіп, қиялға ерік беріп жазуға 

мүмкіндігі мол сол уақыттағы жастарға 

арналған жалғыз басылым «Ленжасқа» 

ұмтылуы табиғи заңдылық еді. Газет 

жұмысының  әліппесін облыстық га-

зетте таныған Жақыпжан Нұрғожаев 

та сол ауылдың мөлдір бұлағынан су 

ішіп, өмірмен бетпе-бет араласты, 

тәжірибе жинақтап, қаламы ұшталды. 

Қазақ журналистикасының тарихына 

аты алтын әріппен жазылған Сейдах-

мет Бердіқұлов сияқты редактордың 

алдын көрді, бұл күнде алты Алашқа 

аты мәлім небір отты ауыз, орақ 

тілді қаламгерлермен иық тірестіріп 

қатар жүрді, дәмдес-тұздас, сырлас-

мұңдас болды. Республиканың  түкпір-

түкпіріне арнайы іссапармен барып, 

журналистік зерттеулер жүргізді, 

оқырман хатын тексерді, шалғайда 

еңбек көрігін қыздырып жатқан 

алдыңғы қатардағы қыз-жігіттер, 

жалынды жастар туралы табақтай-

табақтай очерк жазды. Оның бәрі 

өзінше өмір атты мектептің ұлағаты 

мен үлгісі, өнеге-өрнегі мол естен 

кетпес, алға бастаған керемет сабағы 

болатын.


«Өздеріңізге ұсынған мынау 

шығармалардың дені жиырма мен 

отыздың аралығында жазылған 

дүниелер. Ол бойымызды үміт пен 

арман, шабыт пен шаттық билеп 

алған әсершіл кез еді. Дүниенің 

әрбір сәтіне кіршіксіз таза көңілмен 

тебірене көз салғанбыз. Махаббатшыл  

жас жүрек күндіз-түні жыр төккен 

сыршыл әуенінен жаңылмайтын. Сол 

ырғақтың бәрін ақ қағазға түсіріп, 

оның теңдессіз қуанышына  кенелу 

дегеніңіз бақыт құшағына ену екен 

ғой. Қаламымыз жүрдек еді» деп 

жазыпты автор 2006 жылы жарық 

көрген  «Көксеңгір – Қайыңдының 

бойтұмары» деген кітабының кіріспе 

сөзінде. Иә, шынымен де оқыған 

жанның жан дүниесіне әсер етпей 

қоймайтын адал махаббат, мейірімділік 

пен қайырымдылық,  берік достықты 

сақтай білген, ақиқатты жақтай 

білген замандастарының бейнесін 

көркемсөзбен өре білген қаламгердің 

әр шығармасында жастыққа тән 

тазалық, сұлу сезімге тән мөлдірлік 

бар. Бір кітаптың арқауы болған бұл 

шығармалар – «ақырын-ақырын 

жылыстап, көрінбей кеткен» «Лен-

ДӘУҚара БатЫр 

сауыты табылды

жетелеген жол

жеткізуге асыққан оның мүшкіл халі тым 

аянышты. Әңгімеде: «...Әлгіндегі жайнаған 

гүл мен жайқалған жапырақ кінәлі жандар-

дай бастарын төмен иіп, біріне-бірі тығыла 

түседі. Бүгілген бүкір жоталарындағы 

мөлтек тамшылар бір сәт мөлие қарап 

тұрады да сорғалай жөнеледі. Әнебір 

екі-үш шоңайна етекке қарап елеңдей 

қалысқан. Бауырын жауын сабалаған төбе 

де қасіреттен қалжырап, езіліп жатыр» деп 

жансызға жан бітіріп, керемет сурет береді. 

Бұл автордың суреткерлігі, шеберлігі дер 

едім.

Жуырда  қазақ   журналистика сы н  да 



өзіндік орны бар тұлға Темірбек Қожекеев -

тің есімі Меркідегі №39 мектепке берілді. 

О с ы н а у   р ә с і м г е   с а т и р а н ы ң   н а ғ ы з 

саңлақтары Ғаббас Қабышев, Мыңбай 

Рәш, Үм бетбай Уайдин, Көпен Әмірбеков, 

Толым бек Әлімбеков және тағы басқалар 

келді. Мен оларға Құланнан «Басқар 

Битанов атындағы сатира театрының 

ашылып жатқанын жеткіздім. Сол жерде 

Битановтың «Социалистік Қазақстан» 

газетінде жүргенде «Мүйіз тұмсық», «Халық 

кеңесі» газетінде «Қандауыр», «Дала дида-

ры» газетінде «Әптішу! Жәрекемалла!» де-

ген сатиралық беттер ашқанын, «Тамаша» 

ойын-сауық отауының белсенді авторы әрі 

ұйымдастырушысы болғанын еске алдық.

Қ.Қойтай «Халық кеңесінде» Басқар-

мен бірге жауапты хатшының орынбасары 

болып, бір бөлмеде жұмыс істегенін, бірде 

редактордың орынбасары болған Жұмабек 

Кенжалинге Басқардың Т.Қожекеев бо-

лып, әзілдеп телефон соққанын айтқаны 

есімде. Сонда Басқар аман-саулықтан 

соң: «Өзі болған қыз төркінін танымай-

ды деуші еді. Сен бізден бес жыл білім 

алғаныңды, біздің арамызда Лениндік 

стипендиат атанып, депутат болғаныңды 

ұмытайын деген екенсің. Әйтпесе, менің 

мақаламның жатқанына екі ай болды, 

соны неге шығармайсың?» деп дүрсе қоя 

манда жанталаса қарулану мен «жұлдызды 

соғыс» өршіп тұрған болатын. Автор өзінің 

шығармасының негізгі арқауы етіп осынау 

қайнауы шегіне жеткен мәселені алып 

қана қоймай, қанқұйлы соғысты көксеген 

АҚШ-тың сұрқия саясатын шегіне жеткізе 

әшкерелейді.

Егер бұл газеттегі халықаралық сын 

болса, онда мен оны усойқыдай уытты 

жанр памфлетке теңер едім. Битановтың 

тілі тым ащы емес, бірақ адамға мақтамен 

бауыздағандай әсер қалдырады. Теңеулері 

де терең, сом-сом десе болады. Автор 

шығармасында нәсілшілдік пен адам құқын 

қорлауға ашықтан-ашық қарсы шығады, 

томардай түйін айтады. Повестің мына 

бір тұсында автор калифорниялық қара 

бермей ме. Алғашында Қожекеевпен шын 

сөйлесіп отырмын деп ойлаған Жұмекең 

Басекеңнің осындай «ойыны» бар екенін 

есіне түсіп: «аға, сәл қоя тұрыңызшы» 

деп, телефон тұтқасын қоя салып көрші 

бөлмеге жеткенде «Қожекеев» болып 

отырған Басқар екенін біледі.

« Ж е ң і л   б у ы ң м е н ! » ,   « Ә п т і ш у ! » , 

«Қожанасырдың көк есегі», тағы басқа 

сахналық көріністерін белгілі сахна 

саңлақтары Тоқсын Құлыбеков, Уайс 

Сұлтан ғазин, Мейірман Нұрекеев, 

тағы бас қалардың айызыңды қандыра 

орындағанын әлі ұмыта қойған жоқпыз. 

1994 жылы Басқар Битановтың 

автор лық кеші төрт ауылда өтті. Ауданға 

Лұқпан Есенов, Кеңес Дүйсе кеев, Жарас-

қан Әбдірашев келді. Сол жылдары 

Басқардың араласуымен ауданға Тұрар 

Рысқұловтың есімі берілген болатын. Ол 

өзі білім алған Шоқан Уәлиханов атындағы 

орта мектебінде болып, өзі еңбек жо-

лын бастаған аудандық мәдениет Үйінің 

өнер паздарымен жүздесіп, өткен күн-

дердегі естен кетпес шақтарын еске алды. 

Кейін осы кеш Алматыдағы Рес пуб  лика 

сарайын да жалғасын тапты.

Басқардың жүріп өткен өмір жолы әлі 

көз алдымда. Ол ҚазГУ-де оқып жүріп-ақ, 

факультеттің көркемөнерпаздар үйірмесін 

басқарып, комсомолға жетекшілік етті. 

Оқу біткен соң Алматыда қалып, «Жетісу», 

«Социалистік Қазақстан», «Халық кеңесі», 

«Ауыл» газеттерінде жауапты хатшы, 

редактордың орынбасары, саяси шолушы 

болды. Желтоқсан оқиғасы кезінде СХИ-

дің студенттеріне араша түсіп, оларды 

жаладан алып қалды.

Иә, ол асылдың сынығы, адамның 

тұнығы еді. Жайдары күлкісімен, сым-

батты жүрісімен айналасын шуаққа шо-

мылдырып жүретін. Бізге оның өмірмен 

қоштасу жыры кейін жетті. Арманда кеткен 

дидарғайып өзінің «Шер» атты өлеңінде:

Бұл фәнидің мен де бір үзіндісі,

Көріп пе екен о дүниежүзін кісі.

Бәріміз де пендеміз жұмыр басты,

Айырмасы бірі – ұзын, бірі – кіші.

Я алпыс, я жетпіс өткел едің,

Бұл қалай сол ғұмырға жетпегенім.

Өмір-ай, сен не деген қатал едің,

Мен де саған сырт беріп өкпеледім.

Жасымнан мұратыма жеткен едім,

Тіл-көзден сақтан шырақ, тек демедің,

Ескертсең менде де ес бар, ұғар едім,

Қидың ғой, қу желкемді текке менің.

Басқар бауырымыз бұл өлеңін 1993 

жылы 23 желтоқсанда жазыпты. Арада 

бір апта өткенде ол жалған дүниемен 

мәңгілікке қоштасты. Алайда асқан талант 

иесі артында мол мұра қалдырып кетті. 

Оның газеттерде жарияланған фельетон-

дары мен проблемалық мақалалары өзінше 

бір төбе. Оның атымен аталатын туған 

ауылы Көкдөненде көше бар. 



Сейсен ҚОЖеКе,

журналист, Қазақстан 

Журналистер одағы 

сыйлығының лауреаты

Жамбыл облысы

Тұрар Рысқұлов ауданы

Құлан ауылы

құрМет

Б.Момышұлы есімі



 дәрісханаға берілді

алғысқа толы күн

табиғатқа пайдасы 

мол келісім

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университетінде ректор Серік Пірәлиевтің 

тікелей бастамасымен, жас ұрпақты тұлға 

ретінде қалыптастыру, олардың бойына 

отаншылдық, патриоттық сезім ұялату, 

осы арқылы «Мәңгілік елдің» болашақ 

қайраткерлерін тәрбиелеуге айрықша на-

зар аударылуда. Осы мақсатпен универси-

тетте қазақтан шыққан батырлар, көрнекті 

мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы 

ашық дәрістер, дөңгелек үстелдер, ғылыми-

практикалық конференциялар өткізіп тұру 

дәстүрге айналған.

Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, 

аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының 

есімін әскери кафедрадағы дәрісханаға беру тура-

лы бастама осындай өнегелі іс-шаралардың бірі 

болды. Б.Момышұлы атындағы дәрісхананың 

ашылу салтанатына Алматы қаласы Медеу 

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, әскери 

ғылым докторы, профессор, полковник Ким 

Серікбайұлы Серікбаев, Б.Момышұлының 

келіні, жазушы Зейнеп Ахметова, немересі Ер-

жан Момышұлы, әскери қызметкерлер, белгілі 

ғалымдар қатысты.

Дәрісхана  қабырғалары Б.Момышұлының 

отаншылдық рухындағы даналық сөздері, мақал-

мәтелдері, өмірбаяны жазылған тақталармен 

безендірілген, жаңа жиһаздармен, компью-

терлермен, интерактивті тақтамен жабдық талған.

Кафедра меңгерушісі Сайлаубек Тәукейұлы 

дәрісхананы жабдықтауға қамқорлық жасаған 

ректор С.Ж.Пірәлиевке, «Өнер, мәдениет 

ж ә н е   с п о р т »   и н с т и т у т ы н ы ң   д и р е к т о р ы 

Б.Әлмұханбетовке алғыс айтты.

Полковник Ким Серікбайұлы Б.Момышұлы-

ның көрнекті әскери тактик және стратег ретін-

дегі қырларына тоқталды. Батырдың келіні 

Зейнеп Ахметова Баукеңнің отбасындағы 

атаның өнегесі туралы сыр шертті. ҚР ҰҒА ака-

демигі Көпжасар Нәрібаев Б.Момышұлының 

азамат және патриот ретіндегі қайталанбас 

ерекшеліктерін өнеге етті.

           



Мырзахан АХМеТ,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Ақпарат орталығының жетекшісі

Жуырда Қостанай облысының 

Қарабалық ауданында Алғыс айту күні 

аясында «Алғыс айту – парызым» ша-

расы өтті. «Отан отбасынан басталады» 

демекші, бұл күні ел болып бәрі де ата-

аналарын, туған-туыстарын, ағайын-

бауырларын құттықтады. 

Елімізде аталмыш мереке құрметіне 

көптеген игі шаралар өткізіліп жатса, соның 

бірі – «Қарабалық ауданы әкімдігінің 

тілдерді оқыту орталығы» КММ жанынан 

аудан жастарынан құралған «Насихат» клу-

бы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен 

«Алғыс айту – парызым» шарасы болды. 

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс кел-

ген бұл мереке  көпшілікке жақсы көңіл-күй 

сыйлады. Аудан тұрғындарының айтуын-

ша, құптарлық бастаманың мейірімділік 

пен қайырымдылыққа бағытталған 

тәрбиелік мәні бар. Ауданда тұрып жатқан 

бірнеше ұлт өкілдері бір-біріне алғыс 

айтып, шараны өткізіп жатқан жастарға 

ризашылықтарын білдірді. Аталмыш клуб 

ағымдағы жылдың басынан  жұмыс істей 

бастаған болатын. Топтың құрамына 

аудандық және облыстық  байқаулардың 

жеңімпаздары, мемлекеттік тіл мен 

ағылшын тіліне қызығушылық танытқан   

Қарабалық ауданының белсенді жаста-

ры енді. Жастардың басын біріктірудегі 

мақсат – тілдердің қолдану аясын кеңейту, 

мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, 

Қазақстандағы тілдік әралуандылықты 

сақтау. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет