Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата11.01.2017
өлшемі2,73 Mb.
#1678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әзімбай ҒАли, демограф-ғалым:  

– Бізде демографиялық үрдістердің мөлшері 2,6-2,7 балаға жетті. Демографиялық өсім болуы мүмкін. Кейіннен ол азаяды. Осыдан 

25 жыл бұрын туу жоғары болса, сол кезде туған балалар қазір 26-27-ге келді. Ал бұл қазір орташа неке құру жасы. Олар кем деген-

де екі баланы дүниеге әкеледі. Бірақ ол көп өзгеріс жасай қоймас. Жалпы халық санын көбейтудің үш жолы бар. Бірінші, тууды түрлі 

жолдармен көбейту: материалдық ынталандыру. Дегенмен, отбасылардың 10 пайызы ғана ынталандыруға келісер. Екінші жолы 

– оралмандарды қайтару. Соңғы 4-5 жылда оралмандардың елге оралуы төмендеді. Оралмандарды қазір елге қайтармасақ, кейін 

онсыз да өз еліне сыймай жатқан үндістер мен пәкістандықтардан арыла алмай қалуымыз ғажап емес.  Мысалы, Үндістандағы 

туу көрсеткіші мұсылман елдерінен жоғары. Сондықтан мұсылмандар баланы көп туады деген ұғымдар көп жағдайда шындыққа 

жанаспайды. Үшінші жолы – ассимиляция. Бізде өзге ұлттарды сіңіру жоқ. Мәселен, Еуропада өзге ұлттарды сіңіру жақсы үрдіс. 

Яғни, әр азаматтың қазақ болуына мүмкіндік беруіміз қажет. Ал біз өз кезегімізде өзге ұлттардың қазақ болып жазылуына ықпал 

еткеніміз жөн. 

Бізге демографиялық ұлттық саясат қажет. Ол интеграцияға негізделсе, прогрессивті болады. Егер өзге ұлттар қазақ боламын деп 

шешсе, біз бұған мүмкіндік беруіміз қажет. Өкінішке орай, бізде нақты демография ғылымымен  айналысатын ғалым кемде-кем. 

Осы орайда бұл мәселе назардан тыс қалып отырғаны жасырын емес. Ресейде кезінде демографияны зерттейтін екі ғылыми инсти-

тут, Украинада екі институт болған. Ал бізде Ғылыми топтар мен лабораториялар болды. Сондықтан арнайы ғылыми зерттеу 

институты қажет-ақ. Бұл мәселені қазір қолға алмасақ, ертең біз үндістер мен пәкістандықтарды қабылдауға мәжбүр боламыз. 

Мысалы, Еуропаның солтүстік африкалықтарды қабылдамауға құқығы жоқ. 

Жарас СеЙІТНҰР, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, 

жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, 

психология ғылымының кандидаты:

– Соңғы 20 жыл ішінде ұлттық психологиямыз өзгеріске ұшырады. Ал психологиялық тұрғыдан келсек, адамдардың санасы өзгерді. 

Кезінде көпбалалы отбасылар көп болды. Күміс алқа, алтын алқа иегерлері көп еді. Оларға көрсетілетін құрмет те жақсы еді. Ал 

қазір шыны керек, көпбалалы аналарға деген құрмет қажет-ақ. Қазір бала туу мәселесі жеке адамның шаруасы сияқты. Шын 

мәнінде осындай алып аумағымызды сақтап қалу үшін, халық санын көбейту қажет. Сондықтан халықтың санын көбейтуді 

қолдайтын демографиялық саясат жүргізілуі керек. Қолдау болмаса, өсім болмайды. Мәселен, көрші Ресей «материнский капи-

тал» арқылы өсімін жақсартты. Сонымен бірге біз қазір өзіміздің дәстүрімізден айырылып қаламыз ба деген қауіп бар. Қазақта 

«Бір бала дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады» деген аталы сөз бар. Алайда қазір экономикалық құндылықтар алдыға 

шығып кетті. Жастар отбасын құрмас бұрын өз-өзін қамтамасыз етуді, материалдық жағдайды дұрыстауды ойлап, кеш үйленіп 

жатады. Бұған Батыстың индивидуализмі, жалпы батыстық мәдениет әсер етіп отыр.  Тіпті қазіргі голливудтық фильмдердің 

өзі осыны дәріптейді. Көрші Қытайдың өзін алсақ, олардың халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзіндік әлеуметтік 

саясаты бар. Миллиард халық болып отырған Қытай қазір 2 балаға рұқсат берді. Ал бізде бұл әркімнің жеке шаруасы іспеттес. 

Сондықтан жастарға арналған арнайы бағдарламалар қажет. Тұрғын үйге байланысты бағдарламалардың көпшілігіне барлық 

жастар іліне бермейді. Ресейдің «материнский капитал» бағдарламасындай істі бізге енгізсек, мұның өзі үлкен қолдау. Аналармен 

сөйлескенімде, көп мәселе әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға тірелетінін аңғардым. Көпшілігі бір баланы мектепте оқытудың өзі 

қаншама қаражатты қажет ететінін сөз етеді. Қатарынан қалдырмай оқытып, өсіруге кез келген отбасының жағдайы келмейді. 

Сондықтан көпшілігі бір баланы өсіріп алсақ та жетеді деп жатады. 

Адам капиталын дамытатын екі фактор – білім беру мен денсаулық.  Мемлекет осыны назардан тыс қалдырмауы қажет. Осы 

тұрғыдан алғанда мектептерде ұзартылған күн бағдарламасын қолға алып, оны көпшілікке қолжетімді еткен дұрыс-ақ. Сол 

сияқты мемлекеттік бөбекжайларды көбейтсе, мұның өзі аналарды қолдаудың бір түрі. 

топқа 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар 

қабылданады.Бөбекжай топтың да өзіндік 

айырмашылығы бар. Яғни, балалармен 

тәрбиешілер көбірек айналысады. Әр 

баланың денсаулығы жіті назарда. Сондай-

ақ тамақтану мәзірі де үлкен топтағы 

балаларға қарағанда өзгеше, арнайы 

талаптарға сай болып келеді. Балалардың 

интеллектуалдық, физиологиялық дамуы-

на мән беріледі. Бөбекжай топқа барған 

баланың денсаулығы мықты болады. Себебі 

мұнда сауықтыру-шынықтыру шаралары 

да бар. Яғни баланың дұрыс өсуіне қажетті 

барлық шаралар жасалады» деді ол.

Бүгінгі қоғам әйел адамның үздіксіз 

дамып, өз білімін жетілдіруге, қызметінен 

қол үзбеуге мол мүмкіндіктер қарастыру 

қажет. Сондықтан мемлекеттік тұрғыда 

бөбекжай балабақшаларын көбейтуді 

қолға алған жөн. Сонымен бірге бөбекжай 

балабақшалардың бағасы да қарапайым 

жұртшылыққа қолжетімді болғаны абзал. 

Ел болашағы осы балалар десек, Үкімет 

тарапынан субсидия бөлу, мектепке дейінгі 

ұйымдарға жеңілдіктер жасалуы қажет. 

АнАның көңілі 

нЕгЕ АлАң?

Қазір шын мәнінде әр отбасында орташа 

есеппен 1-2 баладан аспайды. Оның негізгі 

себептері ретінде аналар әлеуметтік жағдай 

мәселесін алға тартады. Демографиялық 

зерттеулерге жүгінсек, аналар баланы мек-

тепке апару, оқытудың өзі үлкен қиындық 

туғызатынын жасырмайды. Көптеген аналар 

баланы мектепте оқыту үшін өз қызметінен 

кетуге мәжбүр. Себебі бүгінгі орта мек-

тептер екі ауысыммен жұмыс істейді. Ал 

жаңа мектеп табалдырығын аттаған баланы 

жалғыз үйде қалдыру аса қауіпті екені айт-

паса да түсінікті. Бұған қоса заң бойынша да 

жауапқа тартыласыз. Күні кеше ғана Жам-

был облысындағы 6 жасар балаға қатысты 

қанды оқиғадан кейін мұның қаншалықты 

маңызды екенін аңғару қиын емес. 

Жуықта Әсем есімді көршіммен 

сөйлесіп отырып, оның екі баласын мек-

тепке апарып әкелу үшін ақшасын төлеп 

тәрбиеші жалдағанын естідім. Бұл ата-ана 

үшін өте тиімсіз. Десек те, басқа амалы 

болмағасын балаларының қауіпсіздігі 

үшін ата-ана бәріне дайын. Ал тағы бір 

танысым айына 30 мың төлеп, баласын 

ұзартылған күн бағдарламасы бойынша 

оқытады екен. Осы орайда ұзартылған күн 

бағдарламасының қанша мектептерде бар 

екенін білуге тырыстық. Алайда мемлекеттік 

мектептерде бұл жайлы нақты ақпарат жоқ. 

Ал жекеменшік мектептерде бағасы 15 

мыңнан 60-80 мыңға дейін барады. Сонда 

орта табысты ата-ана айталық екі баласын 

осындай жекеменшік мектептерге берсе, 

бұған әрбір балаға жұмсалатын күнделікті 

қаражатын қосыңыз, түптің түбінде ата-

ананың қаржысы жетпейді. Міне, осыдан 

ана жұмысын тастап, үйде отыруға мәжбүр 

болады. Сондықтан мемлекеттік мектеп-

терде ұзартылған күн бағдарламасы заң 

жүзінде енгізіліп, көпшілікке қолжетімді 

болуын ойлаған абзал. Бағдарлама бой-

ынша сабағынан шыққан бала түскі асын 

ішіп, сабағын оқып, қосымша факульта-

тивтерге де қатысса құба-құп болар еді. Бұл 

ең әуелі ата-ананың алаңсыз жұмыс істеуіне 

мүмкіндік туғызады. Бір ойы балада, бір 

ойы жұмыста отырған ата-ананың еңбек 

өнімділігі де көңіл көншітпейтіні анық. 

Демографиялық мәселелер мемлекет-

тік тұрғыда бірнеше рет қарастырылған. 

Мәселен, 2000 жылы «Қазақстан Республи-

касының мемлекеттік демографиялық 

саясаты» жөнінде концепция қабылданса, 

2 0 0 1   ж ы л ы   « 2 0 0 1 - 2 0 0 5   ж ы л д а р ғ а 

арналған Қазақстан Республикасының 

демографиялық дамуы» атты бағдарлама 

қабылданған болатын. Одан кейін 2010-

2020 жылдарға арналған демографиялық 

саясат тұжырымдамасы қолға алынды. 

Мұнда басты мәселе отбасы институтына 

қалыптастыруға мән берілді. Ол уақыттан 

бері қаншама өзгерістер болды. Алайда 

«Аталмыш бағдарламалардың іске асу 

қарқыны қандай?» деген сұрақ туады. 

Мәселен, көрші Ресейде 2025 жылға дейін 

қабылданған демографиялық концепция 

бар. Соның аясында нақты мақсаттар 

мен міндеттер қойылған. Ол міндеттер 

қатарында, ана мен балаға қамқорлық 

мәселесі алдыңғы қатарда тұр. 

Жуықта Елбасы Нұрсұлтан Назар-

баев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер 

күні мерекесіне орай Қазақстан әйелдері 

қауымының бір топ өкілдерімен жүздесті. 

Жүздесу барысында Мемлекет басшысы 

әйелдің басты парызы ана болу екенін атап 

өтті. «Ананың тәрбиесі мен махаббатын, 

әсіресе, бала кезінде көрген адам аман-есен 

өсіп, жақсы азамат болады. 25 жылда 7 мил-

лиондай кішкентай қазақстандық дүниеге 

келді. Елімізде әрбір сағат сайын 45 немесе 

жылына 400 мың бала жарық дүние есігін 

ашады. Осының бәрі береке мен ертеңгі 

күнге деген сенімнің арқасында болып отыр. 

Қазақстанның болашағы – жаңа ұрпақ. 

Биыл мен баланы қорғаудың кепілі ретінде 

Қазақстандағы бала құқығы жөніндегі уәкіл 

туралы Жарлыққа қол қойдым. Отбасы 

күнін мерекелеу және «Мерейлі отбасы» 

жалпыұлттық конкурсын өткізу дәстүрге 

айналды» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Со-

нымен бірге Мемлекет басшысы соңғы 10 

жылда бала туғанда берілетін жәрдемақы 

– 6,3 есе, бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін 

жәрдемақы 4 есе өскеніне назар аударды. 

Қазақтың даласы кең. Жер көлемі 

бойын ша тоғызыншы орын алып отыр. 

Ал енді осы ата-бабамыз аманат еткен кең 

жерді сақтап қалу үшін ең әуелі халық са-

нын көбейтуді ойлау қажет. Демек, баланы 

асырап-өсіру – тек ата-ананың ғана емес, 

мемлекеттің де басты міндеті болуы керек. 

Ақбота иСлӘМБеК

жөнінде бағдарлама қабылдаса құба-

құп. Үстемақысыз жеңілдікпен арнайы 

бағдарлама қажет. Себебі, үйге төленетін 

алғашқы жарна мөлшері болмаған 

жағдайда, көп банктер үстемақысын 

көбейтеді. Сонда жас отбасы өмір бойы 

сол үйдің ақшасын бірнеше есе қылып 

қайтаруы керек болып жатады. 

Түркия елін мысалға алсақ, олар отау 

көтерген жас отбасыға 10 мың дол ларға 

төрт бөлмелі үй береді екен. Бұл мемле-

кет тің демографиялық саясатты ынта-

ландыру әдістерінің бірі болып саналса 

керек. Ал халқының саны небәрі 17 мил-

лионнан аспаған Қазақстан халқы үшін 

мұндай демографиялық саясат қажет-ақ. 

Сондықтан жас отбасыларға бірінші ке-

зекте пәтер беру жөнінде жаңа заңға деген 

қажеттілік туып отыр. Мәселен, жергілікті 

АХАТ бөлімшесі некеге тіркеу кезінде жас 

отбасылардан пәтерге деген қажеттілік 

жөнінде анкета толтырса, ал ол анкетада 

екі жастың отбасылық, әлеуметтік жағдайы 

– барлығы ескерілуі керек. Міне, осы-

дан АХАТ алынған мәліметтер бойынша 

пәтерге зәру, тұрмыстық жағдайы төмен 

отбасылар жайлы мәліметті жергілікті 

әкімдікке жіберсе, ал әкімдік арнайы ко-

миссия шешімімен пәтерге расында мұқтаж 

деген отбасыларға пайыздық үстемақысыз 

пәтер берудің жаңа жолдарын ұсынса 

қанекей. Тұрмыстық жағдайы нашар, 

жалақысы төмен отбасыларға осындай 

жеңілдіктер аса қажет. Бір жағынан АХАТ 

пен жергілікті әкімдік арасында байланыс 

та күшейе түседі. Отбасылардың берік болу-

ына, демографиялық жағдайдың күшеюіне 

бұл да әсер етері сөзсіз. Бір несиені бөліп 

төлеген отбасының ажырасуы да екіталай. 

 Халқымыз «Отан отбасынан басталады» 

деп бекер айтпаған. Бір отбасының өмірі – 

бұл бүтіндей бір мемлекеттің тағдыры болуы 

керек. Байқап қарасақ, жер көлемі бойын-

ша 9-шы орынды ала тұра, халқымыздың 

саны 17 миллион ғана. Мәскеу сынды 

мегаполистердің тұрғындар санымен пара-

пар халқымыздың жағдайын жақсарту, 

санын көбейту үлкен міндет болуы керек. 

бөбЕкжАйғА (яслигЕ) 

көңіл бөлінбЕй жҮр

Жақында Назым есімді танысымды 

кездестірдім. Химия факультетін үздік 

бітірген, шетелде ғылыми тағылымдамадан 

өткен. Оның дайындаған жобалары 

біраз ғалымдардың көңілінен шығып, 

еліміздегі жетекші мұнай компанияла-

рынан да жұмысқа шақырту алған еді. 

Бір сөзбен айтқанда, болашағынан үлкен 

үміт күттіретін ғалым. Алайда тұрмыс 

құрып, біраз жыл баламен отырып 

ғылымнан қол үзіп қалған екен. Қазір екі 

кішкентай сәбиімен декреттік демалыста 

отыр. Жақынырақ тілдесіп, хал жағдайын 

сұрасам, отандық ғылымды дамыту хақында 

ой өрбітті. Тек әттеген-айы, балалары әлі 

кішкентай, балабақшаға қабылданбайды 

екен. Осы сәтте, екі жасқа дейінгі балаларға 

арналған мемлекеттік бөбекжай топтарды 

немесе бөбекжай балабақшаларды (ясли-

сад) неге көбейтпеске деген сұрақ туын-

дады. Расында қаншама анаға бұл үлкен 

жеңілдік болары анық. 

Балабақшалар ең алғаш рет 1837 жылы 

Германияда ашылған екен. Ал 1959 жылдан 

бастап бөбекжай балабақшалар КСРО-

да ашылды. Мұнда балалар екі айынан 3 

жасқа дейін қабылданған. Мәселен, 1976 

жылдың соңына қарай 15 мың бөбекжай 

әріптес туралы сөз



8

№10 (1320) 

10 – 16 наурыз

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

9

№10 (1320) 



10 – 16 наурыз

2016 жыл


Нью-Йорк қаласындағы 

Төменгі Манхэттен ауданында 

Дүниежүзілік сауда орталығының 

жанында орналасқан әлемдегі ең 

қымбат метро стансасы ашылды.

Стансаның құрылысына 4 

миллиард доллар жұмсалған. 

Ол бастапқыда қарастырылған 

сомадан екі есе дерлік көп. Бұл 

әлемде осындай құрылыстар 

үшін рекордтық сома болып 

табылады. Шыны мен бетоннан жасалған ескерткіш 

құрылысының сәулетшісі – Испанияның  суретші-

футуристі Сантьяго Калатрава. Оның идеясы жаңа 

транзиттік тораптың үстіндегі ғимараттың шатырын 

үлкен ақ құстың қанатына ұқсас ету болған. Жаңа 

көлік торабы метрополитеннің 11 желісін, қала 

маңындағы пойыз стансасын және Бэттери-саябақтың 

паромдық өткелін қосып отыр. Онда күніне 250 мыңға 

жуық жолаушыға қызмет көрсетілетіні шамалануда. 

Қала билігінің жоспары бойынша ол Америкадағы 

ең қолайлы және қауіпсіз стансалардың біріне әрі 

Манхэттеннің жаңа және өзіндік ерекшелігі бар әдемі 

орнына айналады. 



ЖӘДіГер

мереЙ

«Ар үкімі» повесі де қазақ прозасы-

на қосылған шым-шытырық оқиғалы, 

дәлірек айтқанда, біздің жазушылары-

мыз қалам сілтей бермейтін детектив 

жанрына келеді. Академияның жауапты 

қызметкері Нұртасты азғырып, Отанына 

сатқындық жасау амалдарын жасамақшы 

болған шпиондық топ туралы әңгіменің 

яғни повестің аяқталмай қалғаны қандай 

өкінішті десеңізші. Басқардың әр туын-

дысын оқыған сайын оның оқырманға 

айта алмай қалған ойларын байқайсыз. 

Байқайсыз да қыршынынан кеткен 

біртума таланттың өмірден ерте өткеніне 

өкініш білдіресің.

Оның қазақ әдебиетінің алтын қорына 

қосылмай қалған әңгімелері қаншама. 

Дегенмен, оқырман қауым «Нұрғиса 

туралы әлқисса» атты естелік-әңгімесін 

оқыған да шығар. Бұл өзі жүрекпен 

жазылған әңгіме дер едім. Басқар өзі де 

ауруханаға түсіп, палатада Нұрғиса сынды 

Қаламдас журналист Қыдыралы Қойтай 

Басқардың тұңғыш кітабын жарыққа 

шығарып, оның алғы сөзінде былай 

дейді: «...Басқар Битанов қыршын кетті. 

Небәрі 35 жыл ғана ғұмыр кешті. 1 

қаңтарда дүниеге келіп, 1 қаңтар күні 

фәниден өтті. талантты еді. Сан қырлы 

өнерпаз болатын. Әуелетіп ән салатын, 

музыкалық аспаптардың кез келгенінің 

құлағында ойнайтын. Сонымен бірге 

кез келген адамның дауысын айнытпай 

салатын. Жігіттің сұлтаны, жампозы 

десе де болғандай еді. ол өзінің 

қамшының сабындай ғұмырында 

қарымды қаламгер, ақберен 

журналист, өз замандастарының 

алдыңғы легінен табылатын азамат 

екенін танытып үлгерді. Әсіресе, сатира 

саласында өзінің орнын ойып алып, 

қаламының қытығының қаншалықты 

қуатты, ал күлкісінің қаншалықты 

шуақты екенін аңғартып үлгерді». 

Биік төбенің қақ ортасында тұрған Дәуқараның құлпытасындағы арабша жазуды журналист Қазыбек Қабжанов  оқып, 

суретке түсірген еді. 

«Батыс Қазақстан құлпытастары» кітабында  «Дана. Каz» журналының Бас редакторы Қазыбек  Құттымұратұлы былай деп 

жазыпты: «БҚо, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округіне қарасты Жігерлен елді мекенінің күнбатыс жағында 2-3 км 

қашықтықта биік төбе басына орналасқан көне, жаңа зираттар араласқан қорым. Мұнда Кіші жүз, Байұлы құрамына кіретін 

Байбақты руының ұранына айналған Дәуқара батырдың моласы бар. Ел-жұрт басына тәу етіп, ақтық (шүберек) байлайтын 

зиярат орыны саналады. Құлпытас шағын, биіктігі 110 см шамасындай. Ешқандай ою-өрнек салынбаған. Ескерткіш тастың 

кей жері сыртқы әсер салдарынан (бәлкім май құйғаннан ?!) қарайған. Құлпытас мәтіні 5 бөлікке бөлініп жазылған, астына 

ру таңбасы қашалған.

Жақыпжан НҰрҒоЖаЕВ – 

Қазақстанның Құрметті журналисі, 

Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі, Елбасының алғыс хатын 

иеленген, «Құрмет» орденінің иегері, 

Қазақстан Журналистер одағы 

сыйлығының лауреаты, Қазақстан 

республикасы ұлттық кеңесінің 

және Қазақстан Журналистер 

Конгресі атқару комитетінің мүшесі 

болған,  «Ең таңдаулы редактор» 

сыйлығының иегері.

Д

идарғайып



Иә, оқырман қауымға публицисти-

ка лық мақалалары мен уытты сатиралық 

шығармаларымен танымал болған Басқар 

Битанов көзден кетсе де көңілден кетпей 

жүрген дидарғайыптың нақ өзі. Басқардың 

«Құнсыз адам» атты сатиралық повесі 

Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің 

Баубек Бұлқышев атындағы жастар сый-

лығына ие болғанын бәріміз де білеміз. 

Қыдыралы Қойтай құрастырған «Суре-

тінен ғана таниды» атты кітабына Битанов-

тың екі повесі, жеті әңгімесі, 68 сықақ 

әңгімесі, 30 сахналық көрінісі, 41 әзілі 

мен әжуә-шымшымалары еніпті. Енді 

осы «Құнсыз адам» повесіне шұқшиып 

көрейікші...

Шынымды айтайын, бұл повесть 

түріктің сатиригі Әзиз Несиннің «Футбол 

короліне» де, поляк жазушысы Ярослав 

Гашектің «Сайыпқыран солдат Швейгіне» 

де ұқсамайды. Бірақ шетел классикасынан 

сусындағандай әсерде боласың. Басқар 

Американың Огасту қаласының байырғы 

тұрғыны іспетті оның ром мен виски 

мүңкіген көшелерін кезіп, қоқысын ара-

лап жүргендей өзін еркін сезінеді, тіпті 

хемфрилік Қаңғыбас Майклдың басынан 

кешкендерін Бальзакша байыптап, Валь-

тер Скотша жұптап, әйткенмен, қазақ 

тілінде саптағанына қарағанда шетел 

классикасын көп оқыған-ау деп қаласың. 

Басқар сол кездегі қазақ оқырманына Ай-

дан түскендей әсер қалдырды десем асыра 

айтқандық болмас деп ойлаймын. Ол өзінің 

сатиралық шығармасында жалпақ жұртқа 

орны мен оябы бөлек сөз тастап отыр. 

Повесте оқиғаның баян далуы, сюжеттің 

америкалық салт-тұрмысқа сай нанымды 

етіп қарапайым лексиконмен жеткізілуі 

оқушыны өзіне сәт сайын ынтықтырып 

отырады. Автор қаламы төселген жа-

зушылардан кем түспей сәуегей соқыр 

Бэнстің саясат дегенде қамшы салдыр-

майтынын, ақша табуға келгенде адамды 

қырып-жоятын қаруды ойлап табуға бүкіл 

өмірін сарп етуге даяр Лоренстің образын 

да айнытпай айшықтайды. Қаламгердің 

идеясы да осы тұсқа келгенде айқындала 

түседі. «Қызылдардан» өлердей зәрезап 

болған Пентагонға Лоренс ойлап тапқан 

күн сәулесінен қуат алатын дыбыссыз 

атылатын қару оларды түн ұйқысынан 

шошытып оятқаны айдан анық. Иә, сол за-

нәсілді конгрессмен Рональд Деллемстің 

Парламент шешіміне қарсы болып, соның 

дәлелі ретінде Үкіметтен алған бүкіл награ-

даларынан бас тартқаны былай тұрсын, 

онысын Жоғарғы Сот Маршалға қойылған 

ескерткіштің етегіне лақтырып тастағанын 

айтып былай дейді: «...Содан бері амери-

кан зиялыларының кеудесіне негрлерге 

сенуге болмайды деген шұбар шымшық 

тәрізді қитұрқы ой ұя салған» деген ойды 

қаймықпай оқырманға ұсынады.

Сонымен саясаттың күбісіне күмп 

етіп түсіп кеткен Лоренс губернатордың 

сал танатты сауық кешінде айтылған жаңа 

қаруды сынауға қажетті «жанды» нысананы 

алыстан емес, өзінің жанынан тапқанына 

қуанды. Лоренске адам жанын қия салу 

түк те емес екенін, Пентагонның да жаппай 

қырып-жоюға шімірікпей қарайтынын 

шығарманың шарықтау шегіне жеткен-

де айнытпай байқайсыз. Байқайсыз да, 

Қаңғыбас Майкл байғұстың осынау сәулелі 

қарудың құрбаны болғанына қынжыласыз.

Бұл өзі түймедей ғана түйін болға ны мен 

екі ұлы державаның қырғи қа бақ соғысқа 

деген пиғылын қозғаған уытты шығарма 

дер едім. Автордың осынау ауқымды 

тақырыпты тайсалмай таңдағанына қайран 

қаласың. Сатириктің тілі де жатық, ойы 

да жүйрік, ұғынықты оқылады. «Құнсыз 

адамды» оқып отырып қазақы ауыл да 

өскен қара домалақ жігіттің қарымы мен 

шалымына, ойының ұшқырлығына тәнті 

боласың.

Алайда «мен мықтымын» дегендер 

бара алмаған тақырыпқа қалам тартуына 

қарап, жас қыранның көксеңгір көкке 

зымыран құстай көтеріліп алып, содан 

шыңырауға құлдилап құлап кеткеніне 

өкінесің. Өкінесің де толайым таланттың 

аққан жұлдыздай көзден ғайып болғанын 

көріп, қараптан-қарап отырып осыған 

көңілің құлазиды. Өкініш пен қайғы 

өзегіңді өртейді.

күй пайғамбарымен қатар жатады. Сонда 

журналист бауырымыз өзінің жай-күйін 

ұмытып: «Нұр ағам аман болса екен» деген 

сөзін аузынан тастамай, ағасына аз күн 

болса да қамқор болып, сазгердің ішкі 

жан дүниесін ұғуға талаптанады. УЗИ-ден 

шалқар шабыт иесінің жүрек соғысын өз 

көзімен көріп, әңгімесінде оны: «Көзім 

мониторға түскенде жүрегім тас төбеме 

шықты. Экранда солғындау көрінсе де 

әлдене бүлк-бүлк етеді. Міне, Нұрағаңның 

жүрегі. Бүлк-бүлк. Қабырғаны соғып 

атша тулап тұр. Соқ, соқ, соға түс. Қайран 

жүрек. Нұрекеңнің, Нұрағаңның жүрегі. 

Жүрек емес, бүкіл қазақ даласының бүлкілі 

ғой мынау» деп тамсанады. Одан әрі 

Дариға жеңгейге арнап шығарған «Куә 

бол» және «Аққұсым» әндерінің шығу 

тарихы да кереметтей. Басқар «Нұрғиса 

туралы әлқиссасын» бейне бір ару қызға 

ғашық болғандай тұмаша тұнық оймен 

тебірене жазған. 

Сатира саңлағының «Бектұр», «Ал-

тынай», «Суретінен ғана таниды», 

«Жалғыз ұл», «Мен кісі атанған күн» және 

«Бала шал» атты әңгімелерінің де әдеби 

қорымызға қосылған құнды туындылар 

екенінде дау жоқ. Автордың 2012 жылы 

Алматыдағы «Алуа» баспасынан жарыққа 

шыққан «Суретінен ғана таниды» атты 

кітабына арқау болған әңгіме де дәп осы-

лай аталады екен. Әңгімені оқып отырып, 

балдырған Көзәйім мен оның дәу ағасының 

Маңғазтөбеге барғандағы уақиғасынан 

мөлтілдеген көріністерді көз алдыңа еріксіз 

әкелесің. Басқардың: «Қаптап қонған 

қалың ой дүр етіп ұша жөнелді» деген 

теңеуіне сүйсіне елти бергеніңде, кенет 

шырылдап жылаған Көзәйімнің жан да-

уысы естіледі. Маңғазтөбеде Көзәйімді 

жыланның азуынан құтқарып қалған 

Дәуреннің жанкештілігі, өз қолын жылан 

шақса да ес-түссіз қалған балдырғанды 

жандәрмен ақ жауынның астында ауылға 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет