интеллектуалды байқаудың финалы өтті.
Білімпаздардың сайысына Астана қаласының Білім
басқармасы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық
орталығы мұрындық болды. Бұл жолы байқау ұлы Абайдың
өмірі мен шығармашылығына арналды. Шараның ашылу
рәсімінде Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбер-
диева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқаудың
мақсаты – оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, Отан тарихына
қызығушылықтарын ояту, қазақ ойшылдарының философиялық
және ақындық мұрасының құндылықтарын түсіндіру, оқу
мәдениетін дамыту, балаларды сахна өнеріне баулу. Интеллек-
туалды жарыстың қорытындысында бас жүлде №40 орта мектеп
оқушыларының командасына бұйырды. Жеңімпаздарға сыйлық
ретінде Абайдың туған жеріне жолдама берілді. №76 және №64
мектеп оқушылары бірінші орынды өзара бөлісті. Байқауға
қатысушылардың барлығына М.Әуезовтың «Абай жолы» романы
мен дипломдар табыс етілді.
Ел келешегі – жастар
Шертпе күйдің шебері
«Ғасырдан – ғасырға»
руХанИят
өнер
БіліМ сайысы
президент шешімімен 1998 жыл Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы болып
жарияланды. зиялы қауым ел халқын осы екі маңызды рухани салаларға назар аударуға
шақырды. Кеңестік тоталитарлық жүйедегі интернационалдық тәрбие, кеңестік патриотизм
мен отаршылдық тарихи сана күн тәртібінен түсірілді. тәуелсіздіктің рухани факторларын
нығайтудың маңызы артты. Әсіресе, қазақ ұлтының өз тарихындағы нақты орнын ел халқына
түсіндіру керек болды.
Елімізде парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқаны жүріп
жатқан белгілі. осы орайда партиялар өз сайлаушыларымен кездесулер өткізуде. Солардың
бірқатарына тоқталсақ.
1998 жыл – халық бірлігі мен
ұлттық тарих жылы
Межелі күнге аз уақыт қалды
Әйелдің басты парызы – ана болу
ДӘСтүрлІ ӨНЕр ҚаҒаЖУ
КӨрМЕСІН ДЕСЕК...
Қазақстандағы екінші «алтын адамды» тапты.
Сақ дәуірінің патшаларының бірі болған «ал-
тын адам» қасында бірнеше жылқының сол
кездегі ертоқымы мен айыл-әбзелдеріне дейін
сақталған мүрделері табылды. Табытта мифтік,
таңғажайып құс-буфлонның мүсіні де жақсы
сақталған. Бұл археологиялық артефактілер
қазақ халқының тарихының тым тереңде
екендігін, өркениеттің ошағының бірі қазақ
жері болғандығын әлемге паш етіп дәлелдеді.
Қазақстанның тарих ғылымы мен қо-
ғамдық-саяси ойы кеңестік жүйе ұстанған
маркстік-лениндік теория мен коммунистік
идеологиядан бас тартты. Оның орнын
өркениеттілік теорияларына сүйенген мүлдем
жаңа көзқарастар жүйесі алмастыруы керек
болды. Бірақ та, қоғамда тарихты біржақты,
жекелеген адамдар мен топтардың мүдделеріне
бағындыру, жекелеген эгоистік мүдделерге,
мақтаныш пен дақпыртқа бағындыру
әрекеттері орын алды.
1998 жылы 6 шілдеде Ресеймен екі арада
«Мәңгілік достық және одақтастық туралы»
декларацияға қол қойылды. Қазақстан үшін
аса маңызды Каспий теңізінің солтүстік
бөлігінің табанын бөлісу туралы Ресеймен
келісім жасалды. 1998 жылдың 26 маусымын-
да «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі туралы
Заң» қабылданды. Аталған құжаттардың
заңдық күшіне еніп жұмыс істей бастауы
Қазақстанның шикізаттық әлеуетін едәуір
күшейтті, мемлекеттің қауіпсіз дамуына үлкен
игіліктер әкелді.
Елордаға айналған Ақмола қаласы зор
құрылыстар алаңына айналды. Бұл қаланың
қарыштап дамуы елдің құрлыс материал-
дары өндірісінің кеңеюіне, жол-көліктік
қуатының жақсаруына игі әсер етті. 1998
жылдың 6-шы мамырында Президент Ақмола
қаласын Астана деп атау туралы Жарлыққа
қол қойды. Әлем картасында Қазақстанның
жаңа Астанасы пайда болды. 1998 жылы
Астананың тұсаукесер рәсімі өтті. Алыс және
жақын шетелдерден келген қонақтар Евразия
континентінің кіндігінде пайда болған жаңа
Астанаға ерекше қызығушылық танытты.
Қаланың қарыштап дамуы бүкіл елді алдыға
тартатын локомотивке айналды. Осы жыл-
дан бастап Қазақстан қоғамында тәуелсіз
мемлекет болу экономикалық тұрғыдан және
саяси-әлеуметтік тұрғыдан орнықты даму
жолына түсті. Реформалар арқылы орнықты
эволюциялық даму Қазақстанның жалпы
өсуін тездетіп ел әлемдегі даму динамикасы
ең жоғары 10 елдің қатарынан көріне алды.
Бұл сапалық өзгеріс елдің әлемдік қаржылық-
экономикалық дағдарыстың қайталана беруіне
төтеп беруге қабілеттілігін қалыптастырды. ХХ
ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ ғасыр басындағы
дағдарыс циклдары Қазақстанның іргетасын
шайқалта алмады.
«Араларыңызда көпбалалы аналар,
бизнес өкілдері, әскерилер, ғалымдар,
дәрігерлер, педагогтар, мәдениет пен
спорт қайраткерлері, журналистер бар.
Әйелдер Тәуелсіздік жылдарының бәрінде
менің ең сенімді тірегім болды. 25 жылдағы
барлық жетістіктеріміз сіздердің белсе-
не атсалысуларыңыздың арқасында ғана
мүмкін болды. Сіздер біздің қоғам дағы
бірліктің, жасампаздық пен тұрақты лықтың
бейнесіне айналдыңыздар» деп, елі міздің
дамуындағы әйел-ананың атқарған қыз-
метіне, қоғамдағы рөліне жоғары баға берді.
Ару қыздардың, әйелдің басты парызы,
міндеті – ана болу, аналық парызын өтеп,
бала тәрбиесімен айналысу екендігін тілге
тиек етті.
Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Қазақ-
стан Президенті жанындағы Әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы
Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Сена-
Жуырда «Нұр Отан» партиясы республи-
калық сайлауалды штабы Алматы қаласындағы
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясында «Ал-
маты көпір құрылғылары зауыты» ЖШС-нің
еңбек ұжымымен, ғылыми-шығармашылық,
зиялы қауым, қайырымдылық және әлеуметтік
жобалармен айналысатын қоғамдық бірлес-
тіктердің өкілдерімен кездесіп, «Нұр Отан»
партиясы жақтастарының форумына қатысты.
Кездесуге 500-ге жуық зиялы қауым өкілдері
қатысты.
Ал Көкшетау қаласында Қазақстан Респуб-
ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына
«Ақжол» демократиялық партиясынан
ұсынылған үміткер үміткер Меруерт Қазбекова
ардагерлердің арнайы емханасында болып,
ТәуЕлСіздіК
КүндЕлігі
ТәуЕлСіздіК
КүндЕлігі
25
жыл
А
пта айшықтары
А
пта айшықтары
Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР
8 (727) 394-41-30
елБасы
парлаМент
Байланыс
елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті «100 нақты қадам»
Ұлт Жоспарында белгіленген тетіктерді енгізу құқық қорғау орган-
дарына өз функцияларын барынша тиімді іске асыруға мүмкіндік
беретінін айтты. Сонымен қатар Президент Мәжіліс пен барлық
деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына дайындық пен оны өткізу
барысында құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсыр-
ды. Ішкі істер министрі Елбасына құқық қорғау жүйесін рефор-
малау аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар мен жергілікті
полиция қызметінің алғашқы қорытындылары туралы, сондай-ақ
қылмыспен күресті күшейту және елдегі құқық тәртібін қамтамасыз
ету жұмыстары жөнінде баяндады. Қ.Қасымов пенитенциарлық
инфрақұрылымды мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту
аясында жаңғырту және т.б. мәселелер туралы бірқатар нақты тап-
сырма берді.
Құқық тәртібі – өзекті мәселе
елбасы даңқты палуан, еркін күрестің майталманы Әбілсейіт
Айхановтың қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен
туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Елбасы аты аңызға айналған палуан Әбілсейіт Айхановтың
Қазақстан халқының мақтанышы болғанын атай отырып, көңіл
айтты. Әбілсейіт Айхановтың есімі мен еңбегін қазақстандықтар
ұмытпайтынын атап өтті.
елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат
Мыңбаевты қабылдады.
Кездесу барысында өндірістік-қаржы қызметі мәселелері
қозғалып, компанияны дамытудың негізгі бағыттары бойын-
ша дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. С.Мыңбаев ұлттық
компанияның 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен таяу
келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады.
Президент кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тап-
сырма берді.
Көңіл айту жеделхатын жолдады
нақты тапсырма берді
әңгіме арқауы – бюджет жобасы
Тәжірибесін бөлісуге ниетті
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық
әйелдер күні мерекесіне орай «ҚазТехЭкспо» сауда-өндірістік
кешенінде болып, студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуге Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетов, Инвес-
тициялар және даму вице-министрі А.Рау, Астана қаласы әкімінің
орынбасары Е.Аманшаев, сонымен қатар, өзге де мемлекеттік
органдар мен білім саласының өкілдері қатысты. Г.Әбдіқалықова
2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық
дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканың
алты негізгі саласы үшін 10 жетекші колледж және 10 жоғары
оқу орны білікті кадрларды даярлап, кейіннен осы тәжірибенің
еліміздің басқа да оқу орындарына таратылатыны жөнінде ай-
тып өтті. Кездесу аясында Мемлекеттік хатшы компанияның
өндірістік-техникалық базасымен танысып, олардың жұмыла
атқарған жұмысы ел дамуына жасалған қарқынды қадам деп баға
берді.
серпін
Жоғары баға берді
Биыл алматы қаласының мыңжылдығы
тойланбақ. тарихы терең қаланың
руханияттың орталығы болуға толық
құқығы бар. Бүгінде алматы қаласы
еліміздің озық үлгідегі мәдениет пен білім
орталығына айналуды мақсат тұтып отыр.
Жөн-ақ. расында, халқының саны басым
қалада еліміздің ең беделді оқу орында-
ры шоғырланған, түрлі мәдени ошақтар
да жетерлік. Бірақ, мұнда қазақ халқының
терең тарихы мен қазыналы мәдениетін
көрсете алатын орталықтар әлі күнге «өз
тынысын» аша алмай келеді...
Саналы ғұмырдың біраз жылдарын қызмет
ретімен өткізгендіктен Әйтеке би ауданының
тыныс-тіршілігіне құлағымызды түріп,
көзімізді тігетініміз рас. 1936 жылы Ырғыз
ауданынан Қарабұтақ ауданы енші алып
шықты. арада отыз жыл өткен соң аталған
соңғы аймақтың бір бөлігінде Комсо-
мол ауданы шаңырақ көтерді.1993 жылы
Қарабұтақтың атауын Әйтеке биге өзгертудің
басы-қасында жүргеніміз және бар. төрт
жылдан кейін көршілес екі аудан біріктіріліп,
ұлы бидің есімін алды.
жалақысы болған емес. Әкім болып Бауыр-
жан Байбек келгенге дейін ұсынылған
ұлттық жобаларға тек жалтарма жауап
хаттар ғана келіп отырды» дейді «Адыр-
на» ұлттық-этнографиялық бірлестігі»
қоғамдық қорының көркемдік жетекшісі
Жоламан Құжиманов. «Адырна» ұлттық-
этнографиялық бірлестігі» қоғамдық
қоры Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу
Мұса,Үкілі Ыбырай тәрізді тұлғаларға
арнап концерттер ұйымдастырған бо-
латын. Азаттық жолында қуғын-сүргін
көрген шығармашылық тұлғаларға арнап
«Азат рухтың алдаспандары» атты лек-
ция-концерт өткізген еді. Демеушілік
жоқ болған соң бүгінде жұмыс саябыр-
сып қалды. Алдыңғы жылы әрі балуан,
әрі сері Балуан Шолақтың 150 жылдығы
Алматы қаласында аталып өтпеді, ал был-
тыр дәулескер күйші Тәттімбеттің 200
жылдығы еліміздің Астана мен Алматыдай
орталықтарында ескерусіз қалды. Ұлттық
өнерге, оның ұлы тұлғаларына деген наси-
хат жоқтың қасы екенін осыдан-ақ аңғаруға
болады.
1990-шы жылдардан бастап ақпарат
кеңістігі ашылды. Пайдалысы бар, зия-
ны бар, жан-жақтан ақпараттық тасқын
елімізге лап қойды. Кеңес өкіметі ұлттық
иммунитетімізді әлсіретіп тастағандықтан,
әлгі ақпараттарды талғамай «жұттық».
К е з к е л г е н д і н и а ғ ы м д а р д ы ң , ж а т
идеологиялық топтың артында үлкен
қаржылық күштер тұр. Біз сондай теріс
ағымдардан мүлде қорғалмаған болып
шықтық. Оған қарсы күресу – қару алып,
соғысу емес, ұлттық құндылықтарымызды
байытып, өз қорғаныштық қабілетімізді
арттыру. Шеттен келген ағымдар ең әуелі
салт-дәстүрімізді жоққа шығаруға тырыса-
ды. Неге? Салт-дәстүр біздің ұлт ретіндегі
ерекшелігіміз. Одан айыру арқылы өз тамы-
Еліміздің егемендігі нәтижесінде өңірдің
сипаты мүлде өзгерді. Хромтау-Алтынсарин
темір жолы пайдалануға берілген соң аудан
орталығының іргесіндегі Әйтеке би стансасында
әрі-бері жолаушылар пойыздарының аялдауы-
мен жан-жаққа тұрақты қатынас орнықты.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық
дәлізі аймаққа жаңаша серпін берді. Қарабұтақ
ауылының тұсында Астанаға қарай айнадай тас
жолы жарқырап жатыр. Оның үстіне ауылдар
үстімен табиғи газ желісінің тартылуы келешекке
сенімді нығайта түсті.
Біз келген тұста айналадағы қар әлі
сіресіп жатыр екен. Аудан әкімдігінің қолда
бар техниканы жұмылдыруымен көшелер
мен орталық алаңдар тазартылып, алаңсыз
қозғалыс қамтамасыз етілген. Осы ретте және бір
қуанышымыз – Елбасы жариялаған Алғыс айту
күнінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
ұйымдастырылған «Мәңгілік ел» пойызының
Әйтеке би стансасына ат басын тіреуі болды.
Жиырмадан астам ұлт өкілдері қоныс тепкен
аймақта ауа райы да жұмсақтық танытып,
шаттық лебі есіп тұрды.
15 ақпанда жолға шыққан пойыз осымен
жетінші облысқа ат басын тірепті, жалпы са-
пар наурыздың 18-інде Алматы қаласында
аяқталады екен. Министрліктер мен қоғамдық
Жуырда Алматы облысының Білім
саласындағы бақылау департаменті және
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы
облысы бойынша педагог қызметкер-
лердің біліктілігін арттыру институтының
ұйымдастыруымен Алматы мемлекеттік
полиграфия колледжінде білім беру ұйымы
қызметінің сапасын бағалауға арналған
семинар өтті.
Алматы облысының Білім саласындағы
бақылау департаментінің басшысы Сал-
танат Досматова семинардың басты
мақсаты – білім беру ұйымдары қызметін
критериалды бағалау жүйесін пайдала-
ну негізінде білім беру сапасын арттыру
үшін жағдай жасау екенін айтты. Білім
сапасын арттыру мәселелері төңірегінде
ой бөлісіп, баяндама жасады. «Өрлеу» АҚ
филиалы Алматы облысы бойынша педа-
гог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының директоры Ханат Дюсебаев
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында пе-
дагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндама-
сында семинарға қатысушыларды институт
қызметімен таныстыра отырып, педагог
кадрларды даярлаудың жауапкершілігін
тілге тиек етті.
Семинар барысында ішкі бақылау
шараларының нәтижелері бойынша білім
сапасын арттыру мәселелерінің талдау
қорытындылары көрсетіліп, білім беру
ұйымдарының өзін-өзі бағалау мен
мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде
білім беру қызметінің сапасын бағалаудағы
бірқатар жайттарға қатысты ұсыныстар
әзірленді.
Д.МАСАКОвА
рымыздан үзілеміз, ұлттық келбетімізден
айрыламыз.
Ресей патшасы 1856 жылы арнайы
ж а р л ы қ ш ы ғ а р ы п , қ а з а қ ж е р і н д е
медреселер ашып, дүмше молдаларын
жіберді. Мақсаты – жат елдің идеясымен
қаруланған молдалар арқылы ұлттың рухани
іргесін ыдырату. Бұл туралы әйгілі ғұлама
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «Қазақтың
санасы ақ парақтай аппақ балаларын
милары нашаға кепкен, қарындары палауға
тойған сарт сауан дүмше молдалары келіп
былғап жатыр» дейді. Сол айтқандай,
ауылдан періште көңілмен арман қуып,
ерлан ТӨлеУТАЙ, әнші, өнертанушы, кинодраматург:
– Қазір жер-көк эстрада әншілерінің даңғаза шуына толып кетті. Егер
таза эстрада болса арман жоқ қой, қазіргі эстрада әншілерінің барлығы тек
қана фонограммамен «өнер көрсетеді». Осының салдарынан жастарымыздың
ұлттық құндылықтарымызды өгейсу үрдісі күннен-күнге асқынып келеді.
Еліміздегі басқа қалалардай Алматы шаһарында да өнер проблемасы шаш
етектен. Енді бұл мәселелерді біртіндеп шешпей, қол қусырып қарап отырар
болсақ, мемлекет мүддесіне, ел келешегіне айтарлықтай қауіп төндірмек.
Осы тұрғыда бірнеше ұсынысым бар. Біріншіден, жақында ғана 80 жылдық та-
рихы бар «Қазақконцерт» бірлестігі жабылды. Әрине, ұлт мәдениеті мен ру-
ханияты үшін айтарлықтай ауыр соққы. Осы орайда, даңқты өнер ордасының
ғимаратын талан-таражға түсіп кетуден сақтап, оны Қазақ ұлттық
өнерінің ордасына айналдырса екен. Сахнасында халық өнерпаздарының
шығармашылық кеші тұрақты өтіп тұратын болуы тиіс.
Екіншіден, Алматы еліміздегі ең ірі мегополис. Егер, Бауыржан Байбек мырза
өз тарапынан заңдық-құқықтық негізде фонограммаға тосқауыл қоятын бол-
са, Алматыдан бастау алған бұл іске басқа қалалар да үн қосар еді.
Үшіншіден, өнерсүйер қауымды қынжылтатын тағы бір келеңсіздік, ол
– Алматыда ұлттық классикалық музыкаға арналған музыка байқауларының,
фестивальдердің жоқтығы. Қала әкімі Алматыда, Алатау баурайында ұлтық
музыка фестивальдері мен конкурстар, концерттер, т.б. мәдени шаралар
ұйымдастырып, ұлттық өнерді қайта түлетуге серпін берсе, өзінің қажыр-
қайратын, білімі мен білігін қоса жұмсап, қазақ мәдениетінің өрлеуіне үлес
қосса мемлекеттік идеология үшін баға жетпес еңбек болар еді.
ұйымдар өкілдері, ғалымдар, Қазақстан халқы
Ассамблеясының мүшелері – жүзден астам адам-
ды біріктірген топтың жетекшісі – Л.Гумилев
атындағы Ұлттық университеттің кафедра
меңгерушісі Әміржан Әлпейісов пен аудан әкімі
Аманғали Бердалиннің құттықтау сөздерінен
кейін қонақтар алдын ала жасалған кесте бойын-
ша бірнеше топқа бөлініп, өз бағыттары бойынша
жұмыс істеді.Дәрігерлердің,заңгерлердің, «Даму»
қоры мен Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің,
білім және ғылым саласы мамандарының
қабылдауларында болған тұрғындар өздерін
толғантып жүрген сауалдарға тұшымды жауап
алды, келешекте атқарылар шаруалар жөнінде
ой бөлісті.
«Халықтар достығы» тарихи-өлкетану
мұражайында ұйымдастырылған дөңгелек үстел,
аудан әкімдігінің мәжіліс залындағы кездесу
қатысушыларды тың деректермен байытты.
Ғалым Әміржан Әлпейісов қазақ және орыс
тілдерінде көсіле сөйлеп, ұлтымыздың көрнекті
тұлғалары жайлы соңғы деректерді жайып
салды.Қонақтарды аудан экономикасы мен
мәдениетіндегі оң өзгерістер, адамдардың өзара
ынтымағы тәнті етті. Былтыр Қазақ хандығының
550 жылдығына орай «Хан моласы» қорымында
Әбілхайыр хан кесенесі салтанатты түрде ашыл-
тап-таза жүректері жақсылық пен ізгілікке
құштар болып тұрған жастарға әртүрлі
ағымдар өз идеологияларын жүргізе
бастайды. Өкініштісі, Құрбан айт, Мәуліт,
Ораза мерекелерінде жатақханаларда аста-
төк дастарқан жайып, уағыздарын айтып,
жақсылыққа жаны құштар жастардың
санасын улап жатқанын оқу орнының
басшылары да аңдай бермейді. Бұлардан
өзге әртүрлі секталардың тарататын
кітапша, деректі фильмдерін, ақпараттық
парақшаларын айтпай-ақ қоялық. Ауылдан
келген жас еркіндік деген осы екен деп түнгі
клуб аралап, жеңіл жүріске түсуі мүмкін
ды, Толыбай ауылында мұражай пайдалануға
берілді. Шағын және орта бизнесті дамыту
нәтижесінде 6207 миллион теңгенің өнімдері
шығарылды. Аудан экономикасына 6351 милли-
он теңге инвестиция бағытталды. Кәсіпкерлер
С.Керуенбаев, Г.Нұржанова, А.Ідірісов,
А.Төлепов және басқалары банк арқылы несие
алып, қолға алған шаруаны өрістетуде. Халықты
жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 750
адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз
етілген. Жағымды жаңалық – Ақтөбе қаласынан
ауылға оралып, шаруамен шұғылдануға тілек
білдірушілердің артуы.
Алаңда және мәдениет үйінде болған кон-
церттерде алуан ұлттардың әндері шырқалып,
билер биленді. Астаналық меймандар аудандық
мәслихат хатшысы Ақансері Ермағанбет
нақышына келтіріп, жатқа айтқан жырларға
сүйсіне қол соқты.
Аудандағы кәсіпкерлер аз қамтылған 29 от-
басына материалдық көмек ретінде 5 тонна ұнды,
60 келі шәйді, 300 литр күнбағыс майын, 150 келі
қантты, 400 келі макарон тағамдарын тегін берді.
Жанғабыл ҚАБАҚБАев,
журналист
Ақтөбе облысы
немесе одан бас тартып діни ағымдардың
жетегіне еріп кетуі ықтимал. Ал ұлтын сүйер
патриот болып қалыптасатындары некен-
саяқ. Өйткені, ондай орта жоқ. Рухани
тәрбиемен айналыса алатын тұлғалар
жеке басының проблемаларымен басы
қатып жүр. Тарихшыларға, этнографтарға,
д ә с т ү р л і ә н ш і л е р м е н к ү й ш і л е р г е ,
өнертанушыларға, кәсіби педагогтарға
жалақы төлеп, ұлттық тәрбие мәселесімен
айналысуға мүмкіндік беру керек. Жоғары
о қ у о р ы н д а р ы н д а т а р и х ш ы л а р м е н ,
этнографтармен кездесулер өтіп, салт-
дәстүр, ұлттық құндылықтар, тарихымыз
туралы әңгімелер қозғалғаны қажет. Бұл
ескерусіз жүрген салмақты тұлғаларды
жастарға таныстыру тұрғысынан да
пайдалы. Ұлттық мәдениетті насихаттауға
бағытталған орталықтар әрбір балабақшада,
әрбір мектепте, әрбір жоғары оқу орнында
ашылмайынша, жастардың діни ағымдар
мен азғындық жолға түсуіне ешқандай
тосқауыл болмасы анық. Одан бұрын
әлгі орталықтарды әдістемелік құрал-
жабдықтармен, қажетті материалдармен
қамтамасыз етіп, жұмыс бағдарламасының
б а ғ ы т - б а ғ д а р ы н а й қ ы н д а у – к е з е к
күттірмейтін мәселе.
Өткен жылдың аяғында Алматы қала-
сының әкімі Бауыржан Байбек жоғары
деңгейде «Ұлы дала жыршылары» атты
халықаралық конференция және фести-
валь өткізді. Мұндай игі бастама бәрімізді
де қуантады. Дегенмен, әкім назарына
жыл сайын оқу ордасын бітірген қаншама
жастар өмірден өз орындарын таба алмай
қара жұмысқа жегілетіндігін жеткізгіміз
к е л е д і . Ж а н б а ғ у ү ш і н қ ұ р ы л ы с қ а ,
қарауылдық және т.б. ауыр жұмыстарға
баруға мәжбүр болады. Тек домбыра ғана
емес, қобыз, жетіген, сыбызғы, дәстүрлі
ән мамандықтары бойынша оқу бітірген
кәсіби мамандардың барар жері, басар
тауы жоқ. Телеарналардан тек эстрадалық
жеңіл дүниелер берілетіндіктен, ол жақта
да оларға есік тарс жабылған. Насихаты
да жоқ. Осы күндері Алматы қаласында
өзге ұлттық аспаптарды айтпағанда, тек
домбыраның өзінен үйірмелер сирек
кездеседі. Ұлттық музыкадан ашылған
үйірмелер бір жағынан балаларға руха-
ни нәр берсе, екіншіден, ұлттық өнер
өкілдерін жұмыспен қамтуға көмектесер
еді. Сол себепті, әрбір мектепте ұлттық
музыка үйірмелері болуын әкімдік талап
етсе дейміз.
Ұлттық тәрбиенің маңызы өте зор. Ол
– баланың әр жастағы деңгейіне байланыс-
ты қолданылады. Бесік жырын тыңдап
ұйықтайтын баланың жүйкесі тыныш
болады. Ертегі арқылы сәбидің өз-өзіне,
болашағына сенім артады. Өйткені, ертегі
қаһарманы тәрізді түбі зұлымдықты жеңіп,
жақсылықтың салтанат орнайтындығына
сенеді. Қаһармандық жырлармен жас өрен
ұлтын сүюге тәрбиеленеді. Бүгінгі бала –
ертеңгі азамат, тіпті ата-ана. Қазір елімізде
тастанды балалардың көбеюі, суицид
ауруларының артуы және тағы басқа ұлттық
кеселдер – ата-бабалардан келе жатқан
сара жолымыздан айнуымыздан екенін
айту керек. Бізге жаңа ешнәрсе ойлап
табудың қажеті жоқ. Бізге ғасырлар бойы
әбден тәжірибеден өткен бабалардың сара
жолын жаңа заман технологияларының
жетістіктерін пайдалана отырып жас
ұрпақтың санасына сіңіре білу ғана керек.
Осындайда тағы да ұлы Мұхтар Әуезовтың
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген
сөзі ойға оралады.
Достарыңызбен бөлісу: |