Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата11.01.2017
өлшемі2,73 Mb.
#1678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Айман  БорАнБАевА,

әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың аға оқытушысы 

Академик Р.Сыздық: «Қазақ емлесі 

мен сөзді дұрыс дыбыстауға қатысты 

күні бүгінге дейін орын алып келген 

қиындықтардың түптөркіні 1929 жылы 

араб  жазуынан  латынға,  1940  жылы 

латыннан  криллицаға  көшкен  кезде 

әрі қауырттықтан (екі сәттің де сая-

сат  тоқпағынан  «от  ала  келгендей» 

тездікпен орындалғанын білеміз), әрі 

сол кезде тіл, жазу, сөзді дұрыс айту 

мәдениеті дегендердің ғылыми таным-

дары қалыптаса қоймағандығынан туған 

жайттарда жатқанын айту керек. Тіпті 

бұл күндердің өзінде тіл мәдениетінің 

оның өзекті проблемасы – норма дегеннің 

теориялық  негіздері  түгел  қаланып, 

практикалық шешімдері түгел жүзеге 

асып  болған  дей  алмаймыз»  деп 

жазғанында үлкен мән бар. 

Бұл  мәселеге  орай  тілші  ғалым 

С.Аманжоловтың да салиқалы пікірін 

келтірсек  артық  болмас  деген  ойда-

мыз.  Ол  «Араб  әліппесін  жамаудан 

түк шықпайтынын, латынға көшудің 

керектігін ХІХ ғасырда Персияда бірінші 

рет  қойған  Малкомхан  болса,  түрік 

системалы  тілі  бар  халықтар  ішінен 

әзербайжандық жазушы-драматург Мир-

за Фетх-Али Ахундов (1863) деген адам 

болды. Бірақ олардың заманында бұл 

сияқты ірі реформаға жол берілмейтіні 

мәлім ғой. Араб әліппесі қанша кесірі 

болса да, көп заман қолданылып келді. 

1922 жылы Октябрь революциясының 

артынан-ақ,  Әзербайжанда  араб 

әліппесіне қарсы қозғалыс қайта баста-

лады. Мұны бастау шы революционер, 

большевик Ағамалы оғлы деген адам 

болды. Мұның идеясы бүкіл Советтер 

Союзындағы елдерге оның ішінде біздің 

қазақ еңбекшілеріне келіп жетеді... 1926 

жылы Бакуда бүкіл түрік системалы тілі 

бар елдердің бүкілодақтық съезі болды. 

Мұндағы күрделі мәселесінің бірі – ла-

тын әліппесіне көшу мәселесі еді. Съез-

ге қатынасушы ұлтшылдар мейлінше 

қарсылық пікірлерін айтты. Бірақ Совет 

оқымыстыларының көпшілігі болып, 

латын әліппесін қуаттап, қарсы алды. 

Қаулыда: «латын әліппесі прогрессивтік 

нәрсе, оның алынуы, оның іске асу жағы 

жергілікті  жерлерде  қарастырылып, 

баспалардың  тәжірибелері  пайдала-

нылсын...» деген еді. Ұлтшылдар ла-

тын әліппесін алдыртпау жағын ерекше 

қадағалады. Осының салдарынан да біз 

латын әліппесіне басқалардың көбінен 

кейін  көштік  (1929  жыл,  январь)... 

Араб  әліппесінің  қиыншылықтары, 

ауырлықтары,  азаптары  арқасына 

батқанның бірі болған қазақ еңбекшілері, 

1929 жылы латынға көшіп, көзі жарқ етіп 

ашылғандай болды. Бірақ та, бұл көшудің 

өзінде де кемшіліксіз болғанымыз жоқ» 

ніндегі  жаңа  логикалық  ой  азат  жол 

арқылы бөлініп отырған. Ал журналдың 

№11-12 нөмірлерінде кісі аттары, жер-су 

аттары, жалпы жалқы есімдер бас әріппен 

беріліп отырған.

1929  жылы  қабылданған  латын 

әліпбиінде сөздердің жуан не жіңішке 

айтылуына байланысты қабылданған ij, 

ьj, uv, yv қос дыбыстар біраз дау тудырған. 

Кейінірек бұл қос дыбыстарды бір ғана 

«i», «u» таңбаларына ауыстырылды. 

«Әйел теңдігі» журналында ij, ьj, uv, 



yvқос дыбыстармен жазылған антропо-

ним, топонимдер кездеседі: nurim kelini 



qazьjna,  Qanapьja  ǝjeli  Bǝʙic,  ijbano 

basnesen, ʙǝkyv.

Журналдың  аталған  нөмірінде 

Çetpispaj qьzь және Çetpisʙaj qьzь деп екі 

түрлі жазылған, яғни алғашқысында «р» 



(п) таңбасымен берілсе, соңғысында «в» 

(б) таңбасымен берілген.

Берілген кісі аттарының тізімінен 

байқағанымыз, 1931 жылы кісі есімдерін 

жазуда ер кісі есімін жазғанда ulь-ұлы 

(өtep ulь, toqtaʙaj ulь, Çangeldi ulь, Aqьmet 

ulь) деп көрсеткен, ал әйел адамның есімін 

1940 жылғы «Социалистік Алтай» 

газетіндегі  мақалаларда  кездесетін 

кісі есімдері 1931 жылғы мақалаларда 

кездесетін кісі есімдерінен қарағанда 

айтарлықтай айырмашылықтар бар. 1940 

жылғы  мақалаларда  орыс  тілінен  ен-

ген -ov, -ev, - ovа,- eva (-ов, -ев, -ова, 



-ева) фамилия жасаушы аффикстер жап-

пай қолданыла бастаған. 1931 жылғы 

мақалаларда  мұндай  фамилия  жасау-

шы аффикстер мүлдем кездеспейді. Бұл 

факт  орыс  тілінің  фамилия  жасаушы 

аффикстері қазақ есімдер жүйесіне 1940 

жылы «мықтап еніп» алғанын көрсетеді. 

Бұл кезеңде орыс тіліндегі әке атын жаса-

ушы -ович, -евич, -овна, -евна аффикстері 

мақалада кездеспейді. Қазіргі кезде қазақ 

азаматтары КСРО кезінде ата-анасының, 

өзінің құжаттарында тегі (фамилиясы) 

мен әкесінің аты -ов, -ев, -ова, -ева,-

ович, -евич, -овна, -евна аффикстерімен 

жазыл ғандықтан, осы аффикстерден өз 

еріктерімен бас тартып, тегі мен әкесінің 

атын қазақ ұлттық есімдер жүйесінде 

қалып тасқан  дәстүр  бойынша  қайта 

рәсімдетіп жүр.

1940 жылғы «Социалистік Алтай» 

газетіндегі мақалаларда кездесетін жер-

су аттарының транскрипциясы қазақ 

тіліндегі жер-су аттарының қазіргі кездегі 

таңбалануымен сәйкес келеді. Дегенмен, 

1940 жылғы мақалаларда жер-су атта-

рын латынша таңбалауда орыс тілінің 

ықпалы көрініп тұр. Күні бүгінге дейін 

орыс тілінде бұрмаланып жүрген қазақ 

тіліндегі  тарихи  жер-су  аттарының 

бұрмалану үдерісі сол кезден бастау ала 

бастағанға ұқсайды. Мақалаларда Alma-



ata qalasь, Bolce-Narьn, Sarь-өzek сияқты 

атаулардың таңбалануында орыс тілінің 

ықпалы сезіледі. Жалпы қазақ тілінің 

емле ережелеріне қатысты сол кезде 

С.Аманжолов жер-су аттарына байла-

нысты дұрыс жазу ережелерін ұсынған. 

«Қазақстанның географиялық атаулары 

транскрипциясының негізгі ережелері» 

жобасында: «Составные нерусские назва-

ния географических объектов Казахстана 

(казахские, узбекские, киргизские, уйгур-

ские, туркменские, татарские, башкир-

ские, калмыцкие, дунгансике, корейские, 

немецкий и др.) во всех случаях пишутся 

слитно. Например: Всегда пишется Атба-

сар, Тарбагатай, а не Ат-Басар, Тарбага-

Тай. Соответсвенно нужно писать Актау 

(Ақтау), Каракум (Қарақұм), Сарысу, 

а не Ак-Тау, Кара-Кум, Сары-Су (и не 

Ак-тау, Кара-кум, Сары-су)» [2, 317] деп 

көрсеткен. 

Қорыта келгенде, кісі есімдерін, жер-

су атауларын жазуда 1931 жылғы латын 

әліпбиі мен 1940 жылғы латын әліпбиінің 

арасында едәуір айырмашылықтар бар. 

1931 жылғы латын әліпбиінің кемшіл 

тұстары көп болғанымен, қазақ ұлттық 

есімдер жүйесіндегі дәстүр жалғастығы 

сақталған. Яғни кісі аттарын жазғанда 

ulь-ұлы (өtep ulь, toqtaʙaj ulь, Çangeldi 



ulь, Aqьmet ulь), қызы, әйелі, не келіні 

(Çetpispaj qьzь, Çumaƣul qьzь, Әʙeken 



qьzь,  Çolman  qьzь,  Çyrgenʙaj  ǝjeli 

ʙǝdece, Çoldaʙaq ǝjeli, Sǝrsemʙaj ǝjeli, 

Bajmaƣamʙet ǝjeli, ǝʙdikǝrim kelini. q., 

naƣaj kelini, Qalaʙaj kelinі, Cajmardan 

kelini Zaƣьjla) деп көрсетіп отырған. 

Топонимдерді  де  жазуда  тарихи 

қалыптасқан жер-су аттары бұрмаланбай, 

сол  күйінде  жазылған.  1940  жылғы 

мақалаларда латын әліпбиіне негізделген 

қазақ жазуы анағұрлым жетілдірілгендігі, 

толықтырылғандығы көрініп тұр. Де-

генмен, осы тұста мақалаларда қазақ 

азаматтарының аты-жөндерінде орыс 

тілінен енген -ov, -ev, - ovа,- eva (-ов, -ев, 



-ова, -ева) фамилия жасаушы аффик-

стер жаппай қолданыс тапқан. Жер-су 

аттары орыс тілінің әсерінен бұрмалана 

бастаған, екі сөзден бірігіп жасалған 

топонимдерді дефис арқылы жазу белең 

алған.  1940  жылдағы  латын  әліпбиі 

1931 жылғы латын әліпбиіне қарағанда 

қолданылу жағынан қолайлы екендігі 

байқалады. 

А.СеРІКБАевА,

А.Байтұрсынұлы атындағы 

Тіл білімі институтының кіші 

ғылыми 

қызметкері

Антропоним

Кирилл жазуы бойынша

транскрипциясы

Қазіргі Кирилл 

жазуы бойынша 

транскрипциясы

Aqьmet ulь

Ақымет ұлы

Ахметұлы


Bajmaƣamʙet ǝjeli

Баймағамбет әйелі

Баймағамбет әйелі

Cajmardan kelini Zaƣьjla Шаймардан келіні Зағыйла Шаймардан келіні Зағила

Cajsultan qьzь

Жайсұлтан қызы

Жайсұлтанқызы

Çangeldi ulь

Жангелді ұлы

Жангелдіұлы

Çetpisʙaj qьzь

Жетпісбай қызы

Жетпісбайқызы

Çetpispaj qьzь

Жетпіспай қызы

Жетпісбайқызы

Çoldaʙaq ǝjeli

Жолдабақ әйелі

Жолдабақ әйелі

Çolman qьzь

Жолман қызы

Жолманқызы

Çumaƣul qьzь

Жұмағұл қызы

Жұмағұлқызы

Çyrgenʙaj ǝjeli ʙǝdece

Жүргенбай әйелі Бәдесе

 Жүргенбай әйелі Бәдесе

Egir

Егір


Егір

Kençeʙek ǝjeli

Кенжебек әйелі

Кенжебек әйелі

Mǝrjam

Мәриам


Мәриам

Qalaʙaj kelini

Қалабай келіні

Қалабай келіні

Qanapьja ǝjeli Bǝʙic

Қанапыйа әйелі Бәбіш

Қанапия әйелі Бәбіш

Qultajǝjeli Turьmca

Құлтай әйелі Тұрымша

Құлтай әйелі Тұрымша

Qьrçigit kelini Sylkylke

Қыржігіт келіні Сүлкүлке

Қыржігіт келіні Сүлкүлке

Sǝrsemʙaj ǝjeli

Сәрсембай әйелі

Сәрсенбай әйелі

Tөlegen ǝjeli Beʙarap

Төлеген әйелі Бебарап

Төлеген әйелі Бебарап

Tөlek ulь

Төлек ұлы

Төлекұлы


Әʙeken qьzь

Әбекен қызы

Әбекенқызы

Әsem kyl


Әсемкүл

Әсемкүл


Өteʙaj

Өтебай


Өтебай

Өtep qьzь

Өтеп қызы

Өтепқызы


Өtep qьzь

Өтеп қызы

Өтепқызы

Ьjsaulь Oraz

Ыйса ұлы Ораз

Исаұлы Ораз

тыныс белгілерінің жоқ болғандығы, 

бас әріп таңбасының жоқтығы мәтінді 

дұрыс  жазуға,  түсініп  оқуға  кедергі 

келтіретіндігі  сөз  болды.  Әсіресе 

«Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» 

газеттері жарық көре бастағанда, тыныс 

белгілерін қолдану әрекеті бас талды. 

«Синтаксистік тұтастық» (период) деп 

аталатын мәтін сегменттерін (бөліктерін) 

айырып азат жолдан (абзацтан, жаңа 

жолдан) бастап жазу да осы кезде көрінді. 

А.Байтұрсыновтың  оқулықтары  мен 

еңбектерінде,  ХХ  ғасырдың  басын-

да  шығып  тұрған  «Қазақ»,  «Айқап» 

газеттерінде кеңінен орын алды. Араб жа-

зуымен ұсынылған мәтінде орын алмаған 

(және орын алуы мүмкін де емес) мәселе 

– бас әріптің қолданылуы болып қала 

берді, сондай-ақ дефис пен сызықшаның 

қолданысы, оқшау сөздердің сөйлемдегі 

өзге  сөздерден  тыныс  белгілерімен, 

көбінесе үтірмен бөлектетіліп көрсетілуі 

сияқты пунктуацияның жеке тұстары 

да әлі айқындалып, тұрақталмағандығы 

көрінді».

Журналда барлық сөйлемдер кіші 

әріппен басталғанымен, мақала мәті-

жазуда қызы не әйелі, не келіні (Çetpispaj 



qьzь, Çumaƣul qьzь, Әʙeken qьzь, Çolman 

qьzь, Çyrgenʙaj ǝjeli ʙǝdece, Çoldaʙaq 

ǝjeli, Sǝrsemʙaj ǝjeli, Bajmaƣamʙet ǝjeli, 

ǝʙdikǝrim kelini. q., naƣaj kelini, Qalaʙaj 

kelinі, Cajmardan kelini Zaƣьjla)   деп 

көрсетіп отырған. Қазіргі кезде кісі ат-

тарында «ұлы», «қызы» бірге жазылып 

жүр. Ал «келіні» сөзі ресми сипаттан гөрі, 

ауызекі сөйлеу стилінде көп қолданылады.

1941 жылы шыққан «Социалистік 

Алтай» газетіндегі кісі аттарына келсек, 

бұл  жылы  шыққан  мақалаларда  кісі 

аттарының көбі қазіргі қазақ әдеби тілінің 

нормасына сай латын әліпбиі бойынша 

жазылған. 1940 жылғы латын әліпбиі 

1931 жылғы баспасөз беттеріндегі латын 

жазуына қарағанда едәуір жеңілдетілген. 

1940 жылғы латын жазуларында қос ды-

быстар мүлдем кездеспейді, оларды (қос 

дыбыстарды) «i», «u», «ū» таңбаларымен 

алмастырған.  Есесіне  қазіргі  таңда 

қолданыста  жүрген  «х»  (х),  «v»  (в) 

таңбалары енгізілген. 1931 жылы қазіргі 

қазақ тіліндегі «у» таң басының рөлін 

атқарған «v» 1940 жылы «в» таңбасының 

орнына қолданылған.



(Аманжолов С. Тіл және жазу. – Өскемен: 

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспа-

сы, 2005. – 404 б.)

Жұмысымыздың материалы ретінде 

1931  жылы  шыққан  «Әйел  теңдігі» 

журналынан және 1940 жылы шыққан 

«Социалистік Алтай» газетінен антропо-

нимдер мен топонимдердің латын әліпбиі 

бойынша жазылуын қарастырдық. 

1931 жылы шыққан «Әйел теңдігі» 

журналының  №1-3  нөмірлерінде 

пунктуацияға  аса  мән  берілмегенін 

байқаймыз. Журналдағы мақалаларда 

бас әріп мүлдем кездеспейді. Жалқы 

есімдердің  барлығы  кіші  әріппен 

жазылған. Бұлайша жазу үрдісі араб 

жазуының әсерінен болуы мүмкін. Араб 

жазуындағы тыныс белгілер жайында 

Р.Сыздық мынандай пікір айтады: «Жазба 

мәтіндерде тыныс белгілерінің ережелерін 

түзу (жасау) және оны пайдалану пробле-

масы қазақ мәтіндерінде ХІХ ғасырдың 

соңғы онжылдықтарында көтеріліп, ХХ 

ғасырдың басында дұрыс, сауатты жазу 

үшін пунктуация өте қажетті проблема 

екендігі орнықты. Араб таңбалы жазуда 



6

№10 (1320) 

10 – 16 наурыз

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

7

№10 (1320) 



10 – 16 наурыз

2016 жыл


немесе демографиялық ахуалымыз қалай?

ОтАн ОтбАсынАнбАстАлАды



хаЛыҚнама

Мәскеуден жеңіспен оралды

Әсем әуен құшағында 

Ақмола облысындағы Жақайың 

ауданының Тасты-Талды ауылында 

тұратын 5 сынып оқушысы Алина 

иватулина Мәскеудегі «Қазақстан-

Ресей: шекарасыз ғылым» 

халықаралық ғылыми-практи-

калық конференциясына қатысып, 

оқушылар мен студенттер ара-

сындағы байқауда жеңімпаз атанды. 

Қазақстан құрамасы қатарында 

Тасты-Талды орта мектебінің музыка 

пәні мұғалімі Татьяна Ким де «Жаңа 

техно логиялар және педагогтық тәжі-

рибе» аталымында «Бастауыш сынып-



Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 

жылдығы аясында «Оңтүстік-

Цирк» мекемесі 5 жылдық 

мерекесіне орай есеп беру 

концертін берді.  

Кәсіби музыка мамандарынан 

құралған оркестр ұжымының 5 жылда 

жеткен жетістіктері мен ізденістері 

қомақты екені сөзсіз. Халықаралық 

әйелдер күні мерекесінде өткізілген 

кешке Қазақстан Республикасының 

еңбек сіңірген қайраткері, дирижер 

Нұрлан Байгөзов жетекшілік етті. 

«Оңтүстік-Цирк» мекемесінің джаз 

тарда оқушыларды тәрбиелеудегі музы-

калық-дидактикалық ойындардың 

маңызы» тақырыбында баяндама жа-

сады. Ауыл мұғалімінің еңбегі үздік 

деп танылып, Ян Амос Каменский 

атын дағы халықаралық медальмен 

марапатталды. Бұған дейін Т.Ким мен 

оның оқушысы А.Иватулина «Зер-

де» жобасының облыстық байқауын-

да және Ақтөбе қаласында өткен 

халықаралық ғылыми-практикалық 

конференцияда жүлдегер атанған бо-

латын.

Әбілқасым АҚЖАН

оркестрі сүйемелдеуімен Ә.Бейсеуовтің 

«Мұңайма», С.Бәйтерековтің «Кездер-

ай», Е.Хасанғалиевтің «Жанарым» 

және де шетелдік танымал сазгерлер 

шабытын ұштаған әндер орындал-

ды. Сонымен қатар, ән падишасы 

Ш.Қалдаяқовтың «Әнім сен едің» 

әні цирк оркестрінің дарынды әншісі 

Диана Хашимханованың әуезді үнімен 

3 тілде орындалды. Ал Сергей мен 

Гузаль Мустафиндер оркестр әншісі 

Д.Хашимхановамен бірлесе өнер 

көрсетті. 



Жамал СӘРСеНОвА

топжарған

өнер

кеш


Ел болашағы, ұлт қауіпсіздігі хақында   ой өрбіткенде  халық санының өсуі, демографиялық саясатымыз ойға оралатыны 

анық. Ұлттың иммунитеті – демографиясының өсіміне тікелей тәуелді. Саны өскен жұрттың сапасы да артады. Әуелі 

демографиялық ахуалымыз қандай, жалпы демография ғылымы қалай дамып келеді деген сауалдарға  жауап іздедік. 

алайда елімізде демография тақырыбымен айналысатын ғалымдар некен-саяқ, ал ғылыми институт тіпті жоқ екеніне 

көзіміз жетті. Демография – ұлт тағдыры.  ал қазақ халқы үшін демография мәселесі ерекше орында, оған түрлі тарихи 

кезеңдердегі қиындықтар, ұлттық салт-дәстүр, рухани-мәдени құндылықтар сан ғасырлар бойы ықпал етіп отырған. 

«отан отбасынан басталады» деген аталы сөздің мәні терең. «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық», 

«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» және өзге де даналық сөздер өмірлік тәжірибеден туындаған.

ғылымының дамуы үшін арнайы ғылыми 

институт қажет. Өткен жылы Парла-

мент Мәжілісінің депутаты, Халықтың 

қоныстануы мен дамуы жөніндегі 

Азия парламентшілері филиалының 

в и ц е - т ө р а й ы м ы   А й т к ү л   С а м а қ о в а 

демографиялық институт ашуға қажеттілік 

туғанын нақты себеп-салдарларымен 

атап өткен болатын. Оның айтуын ша, 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігі басқа жұмыстармен, ал Ішкі 

істер министрлігі тек миграциялық саясат-

пен ғана айналысады. Ал демография мен 

кім айналысатыны беймәлім. Расында 

арнайы институт болмай, демографияның 

ғылым ретінде дамуы екіталай. Себебі, 

әлеуметтану ғылымдарының қатарына 

кіретін бұл салаға арнайы мамандық та 

жоқ. Тек «әлеуметтану» кафедраларындағы 

бір семестрлік кіріспе пәнді ғана айтпаса. 

Мамандардың тапшылығы да осы се-

бептерге байланысты екені айтпаса да 

түсінікті. 

Демография бұл бүкіл елдің, ұлттың 

тағдыры. Мәселен, көрші Ресейде Ұлттық 

зерттеу университетінің «Жоғары эконо-

мика мектебінің» негізінде Демография ин-

ституты жұмыс жасап, зерттеулер жүргізеді. 

Сондай-ақ, бұл тақырыпта «Демоскоп» 

және т.б. журналдар жарыққа шығады. 

Әлеуметтік зерттеулер Ресей Ғылым 

академиясының әлеуметтану институты-

мен бірлесе жасалады екен. Ал Украинада 

Ұлттық Ғылым академиясының М.В.Птуха 

атындағы Демография және әлеуметтік 

зерттеулер институты бар. Сондықтан бізге 

де қажетті демография институты ұлттық 

университеттер мен ғылыми мекемелердің 

негізінде құрылғаны жөн. Бұл бір жағынан 

студенттер, магистранттар мен ғалымдар 

арасында байланыс орнатуға септігін 

тигізетіні анық. 

 Ең маңызды мәселе халықтың өсуі 

екенін түсінбейінше, Қазақстанның 

дамыған 30 елдің қатарына енуі екіталай. 

Орталық Азия елдері туралы мәліметтерді 

ақтарып отырып, бізбен бірге Тәуелсіздік 

алған өзге төрт ел – Қырғызстан, Өзбекстан, 

Түркіменстан,Тәжікстан елдерінің бәрінде 

демографиялық өсу барын аңғару қиын 

емес. Тіпті, өзбек ағайында демографиялық 

дүмпу бар. Олар 25 жылдың ішінде 30 

пайызға көбейген әрі негізгі ұлт – өзбек-

тердің саны жылдан-жылға артып келеді. 

2030 жылдары Өзбекстандағы халық саны 

40 миллионға жетеді деген болжам бар. 

Қазірдің өзінде 30 миллионнан асып 

үлгерген. Орталық Азия бойынша тек 

Қазақстанның ғана демографиялық өсімі 

баяу болып тұр. Осыдан 25 жыл бұрын 17 

миллион халқы бар біздің елдің қазіргі саны 

да сол межеге әзер жетті. Үңіліп қарасақ, 

Өзбекстан елінде де демография ғылым 

ретінде қалыптасқан. Бұл мәселелермен ол 

елде Болжамдар мен макроэкономикалық 

зерттеулер институты айналысады екен. 

А л   б і з д і ң   е л і м і з д е   д е м о г р а ф и я 

ғылымына жарты ғасырдан астам еңбек 

етіп, ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан 

ғалым Мақаш Тәтімовтің еңбектерін айтпай 

кетуге болмайды. Ғалымның зерттеулеріне 

сүйенсек, біздің Қазақстанның халық саны 

аз болғандықтан өзін-өзі демографиялық 

жағынан қамтамасыз етуі керек, ол 

демографиялық қауіпсіздік деп аталады. 

«Ертең мысалы, шығысыңнан қақпаңды 

ашып қой. Қытай қаптап кетеді. Мына, 

Орта Азияның халықтары да келіп 

қоныстануы мүмкін, себебі, олар бізден үш 

есе көп, бір жағдай болса Ресей мен Укра-

ина халықтарының да қайта келуі мүмкін. 

Міне, сондықтан дұрыс саясат жүргізіп, 

осының бәрін реттеп отыру керек» деп 

ғалым осы тұрғыда мұқият болуды атап 

көрсеткен. 

тағзыМ

Жазушы Бейбіт Қойшыбаев өткен 

ғасырдың 80-ші жылдарының орта-

сында, билік басындағы коммунистік 

партияның жариялылық және қайта 

құру саясаты өріс алған шақта 

тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында 

қалам тербей бастаған болатын. 

Ол саяси жазаға ұшыраған тарихи 

тұлғалар тағдырын зерттеп, олардың 

күрес жолдарын жаңғыр туға ерек ше 

көңіл бөлді. Зерттеуле рін  тереңдете 

келе, жекелеген қай раткерлер жайында 

деректі дербес кітаптар шығарды. Алаш 

қозғалысы жайында ауқымды рисәлә 

жазды. Қаламгер өткен ғасырдағы қазақ 

азаттық қозғалысының көш басында 

тұрған, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-

сүргін науқанының құрбандарына 

айналған Әлихан Бөкейханов, Бақытжан 

Қаратаев, Мұстафа Шоқаев, Жанша 

Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынов, 

Нәзір Төреқұлов, Смағұл Садуақасов, 

Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, 

Темірбек Жүргенов, Дінмұхамед 

Әділов сынды халқымыздың ондаған 

аяулы ұлдарының өмірі мен қызметі 

жайында әр жылдары жазған зерттеу 

еңбектерін «Түнектен оралған есімдер» 

деген  төрт кітапқа топтастырған еді. 

Бұларда қайраткер тұлғалардың ұлт 

мүддесі жолында атқарған қызметтері 

қарастырылып, зерделенеді. Атал-

мыш кітаптар тоталитаризм дәуірінде 

ұмыттырылған шынайы тарихымыздың 

көмескі беттерін ашуға жәрдемдеседі.

Жақында осы төрт томдықтың «Төрт 

күлік» атты алғашқы кітабы «Рух БГ» 

баспасынан жарық көрді (Бейбіт 

Қойшыбаев. Түнектен оралған есімдер: 

тұлға және тарих. 1-кітап.– Төрт күлік. 

– Алматы: «Рух БГ» баспасы, 2016. – 240 

бет + 4 жапсырма бет).

Кітапқа автордың ұлт көсемі, 

Алаш автономиясы үкіметінің тұңғыш 

басшысы Әлихан Бөкейханов, Алаш 

автономиясының Батыс бөлімшесіндегі 

үкімет басы Жанша Досмұхамедов, 

Түркістан автономиясы үкіметінің 

басшысы, халықаралық социалистік 

қозғалыс қайраткері Мұстафа Шоқаев 

және кеңес өкіметі платформасында 

езілген елді прогреске жеткізуді көздеген 

қайраткер, қазақтан шыққан тұңғыш 

советтік елші Нәзір Төреқұлов туралы 

жазған зерттеу мақалалары, баспасөз 

өкілдеріне берген сұхбаттары енген.  

Алаш қозғалысының 100  жылдығына, 

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына, 

тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай 

бүткіл азаттық күрескерлерінің  рухта-

рына арналып шығарылып отырған бұл 

кітап  Отан тарихымен әуестенетіндерге, 

зерттеушілерге, студенттерге, оқу-

шыларға, қалың көпшілікке арналған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет