Жұлынның құрылымдық үйлесуі. Жұлынның қызметтері


Адамның жарты шарларының қызметтік ассиметриясы



бет13/22
Дата20.10.2022
өлшемі9,29 Mb.
#44401
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Физ рк барлығы

20. Адамның жарты шарларының қызметтік ассиметриясы.
Асимметрийяның пайда болуына қарай 3 түрі бар: моторлы, сенсорлы және психикалық.
Моторлы асимметрия дененің оң және сол жақ бөлігінде қимыл-қозғалыстың бірдей болмауынан пайда болады. Сондықтан қолдарының қимылының бірдей болмауынан адамдарды оңқай және солақай деп ажыратамыз.
Сенсорлы асимметрия жұп сезгіш ағзалардың қызметінің бірдей болмауымен түсіндіріледі. Мысалы, оң және сол коздің рөлі бинокулярлық көруде әр түрлі. Бағыттаушы көз затқа бірінші болып орнап, оның бейнесі бағынышты көздің бейнесін басып тастайды. Бұл заңдылық есту мүшелеріне де тән, яғни бағыттаушы
құлақтың өткірлігі жоғары болатыны анықталған. Жалпы сезімталдық барлық адамда бірдей емес. Басым көпшілігінде (70%) оң жақта, сол жақта 13%, қалғандарында симметриялы. Жартышарлар басымдылығының моторлы және сенсорлы сферасын бағалай келе, асимметриялық қызметінің мәнін, яғни
адамның қол, аяқ, көз және құлақтарының бағыттаушысын анықтауға болады.
Психикалық асимметрия
• Сол жақ жартышарларының артықшылығы бар адамдардың сөздік қоры мол және оны жоғары деңгейде қолданады, қимыл-қозғалысы белсенді болып, алдына қойған мақсатына қол жеткізгіш, болған оқиғаны тез пайымдағыш болып келеді. 2сигналдық жүйе, «ойшыл» тип.
• Оң жақ жарты шарда адам жан –жақты емес, жылдамдылығы төмен, көпшілікпен жақсы араласпайды, тұйық, өткеніне бағынышты болады. 1сигналдық жүйе, «көркемпаз» тип.

Асимметрия және ЖЖІӘ типтері


• Адамның мінез-құлқы мен психикасының жеке дара ерекшеліктері ЖЖІӘ-н немесе темпераментті құрайды. И.П.Павлов
адамның ЖЖІӘ-ң екі типін ажыратты: сол жақ жартышарлары, 2-сигналдық жүйесі басым болатын «ойшыл» типі және оң жақ жартышарлары,1 сигналдық жүйесі басым болатын «көркемпаз» типі.
• Дененің оң жақ жартысы –сол жақ жартышарда проекцияланады.
• Дененің сол жақ жартысы – оң жақ жартышарда проекцияланады.


26. Иіс сезу рецепторларының аномалиясы
Иіс сезу – заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының кілегейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа (15–20 мкм) өсінділер мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі кілегейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10–12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының кілегейлі қабығының беткі жағында болады.Бұл молекулалар мұрынның кілегейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысында болатын мидың иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет